kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқу қызмет тақырыбы:«Бәйтерек жайлы аңыз»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқу қызмет   тақырыбы:«Бәйтерек жайлы аңыз»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқу қызмет тақырыбы:«Бәйтерек жайлы аңыз»»

Талапкер ауылы

«Әсем-Ай» экологиялық балабақшасы

Әдіскер: Сулейменова Айнагуль Усербаевна




Оқу қызмет тақырыбы:«Бәйтерек жайлы аңыз»

Мақсаты:

1.Түрлі заттардың сапасы, қасиеті, сандық ерекшелігі туралытүсініктерін кеңейту. Салыстырмалы заттар және геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту.

2. Балалардың логикалық қабілеттерін бейімдеу,ой еңбегін кеңейту,қиялымен зейінінің дамуына әсер ету.

3. Балаларды өзара қарым-қатынас мәдениетіне, достыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: 10-ға дейінгі кеспе сандар.Бәйтерек ағашы үш бөліктен тұратын, төбесінде самұрық құсы жұмыртқа салып ұшып бара жатқан бейнесі;

Тапсырма берілген 3-конверт таяқшалар, сусымалы зат,күріш,фасоль, өлшеуіш, 4-банка, 4-стақан,су, геометриялық пішіндер салынған конверт,Бәйтерек монументі.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі;

Әнұран. Қимылды ойын «Өз жұбыңды тап»

Мақсаты: сандарды көрсету,есту және қимыл арқылы қабылдау қабілетін пысықтау.

Балалар бізге қонақтар келіпті, қане амандасып алайық.

Жақсы балалар бізде ерекше есеп сабағы болады.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қандай ай?

Бір жылда неше ай бар?

Бір жылда неше мезгіл бар?

Төрт мезгілде неше ай бар?

Аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның қай күні?

«Апта күндері »тақпақтар

Дүйсенбіде доп ойнадық аулада,

Сейсенбіде серуен құрдық далада,

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп ,

Бейсенбіде би биледік әндетіп,

Сенбі күні серуендедік думанда,

Жексенбіде үйде болдық демалдық,

Осылайша өте шықты бір апта.


Балалар біз қай Республикада тұрамыз?

Қай қалада тұрамыз?

Астана күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан әсем қала.

Астананың қандай көрікті жерлерін білесіңдер?

Ал бүгін біз Бәйтерекке ерекше тоқталып өтейік.

Бәйтерек ол не?

Бәйтерек – биліктің, еркіндіктің, ынтымақтың символы.

Мен сендерге «Бәйтерек» жайлы аңыз айтып берейін.

Самұрық құс өзінің жұмыртқасын жыланнан қорғап, бәйтеректің биігіне ұя салады. Бәйтеректің биігіне жылан өрмелеп шыға алмай, Самұрық құстың жұмыртқасы аман қалған дейді.

Бұл жерде балалар біз, Самұрық құсының еркіндігіне,батылдығына ,ақылдығына көз жеткіземіз.

Біз қазақ халқы еркін, батыл екендігіміздің дәлелі ретінде Бәйтерек тұрғызылған.(Бәйтерек ағашының бейнесін ашу).

-Ал енді Бәйтерек ағашының өзін көрейік.

Ағаштың тамыры-ол ең негізгі, өйткені тамыры терең деңгейленіп, мықты болғандықтан, ағаш та мықты биік болып өседі, діңгегі жуан, бұталары мен жапырақтары биіктеп өседі екен. Балалар қараңдаршы ең биігіне самұрық құсы жұмыртқасын салып, ұшып барады.

Қараңдаршы Бәйтерек ағашының тамыры,діңгегі, бұталарымен жапырақтарында тапсырмалар берілген, егер де біз осы тапсырмаларды орындасақ, біздің тобымызда да өз символымыз «Бәйтерек» болады.

-Қане орындаймыз ба?

Ал енді тамырдың тапсырмаларын ашып көрейік.

1-ші тапсырма «Тура және кері санау», санамақ айту;

Кері санамақ:

Бөрік тіктім

Он ойланып,

Тоғыз толғанып,

Сегіз рет сызып,

Жеті рет бұзып,

Алты рет қарап

Бес рет санап,

Төрт түйме қадап,

Үш тал үкі тағып

Екі қолым талып

Бір бөрікті тіктім,

Әзер біттім.

-Жақсы балалар, сендер тура және екрі санап, тура және кері санамақты да жақсы айтып бердіңдер, енді кеңістікті қалай бағдарлайды екенсіңдер соны көрейік.

-Жақсы, кеңістіктіде жақсы бағдарлай алады екненсіңдер, енді жұмбаққа жүйріксіңдер ме, соны білгім келіп тұр.

Жұмбақтар.

1. түнде аяз күшейіп,

Күндіз тамшы тамады.

Күн білінбей ұзару

Бұл қай кезде болады? (Ақпан)

2. жеті бауыр туыспыз,

Атымыз өзге демесең,

Жұмған жұдырық уыспыз (аптаның жеті күні)

3. қандай қонақ?

Түнді қуалап

Жібереді аулақ. (Таң)

4.12 ағайын бірінен соң бірі жүреді,

Бірақ таппайтынын біледі. (айлар)

Жақсы балалар жұмбаққа жүйрік екендеріңді көрсеттіңдер,осымен біз тамырдың тапсырмаларын орындап болдық. Келесі діңгегінің тапсырмасын алып көрейік.

Логикалық есептер:

1. мұз айдында үш бала,

Асыр сап жүр сырғанап,

Сырғанамай 2- бала,жағалауда тұр қарап,

Енді осы бар баланың , саның айтсан жарадың? (5)

2. орандақта көмкердім,

Оны бестен кем көрдім? (4)

3. портфелімде әдемі,

Алты жаңғақ бар еді,

Науат пен маратқа

Самат пен сағатқа

Бір-бірден тараттым.

Қанша жаңғақ қалғанын

Айта қойшы ал жаным? (2)

4. Үйге жұмсап Жарқынды ,

Алдырдық біз 3- түйе,

Қос қап , бидай артылды ,

Әр түйенің үстіне.

Тапқыр болсаң , ал санап,

Бидай алдық қанша қап? (6)

Өте жақсы есепке жаңылмайды екенсіндер. Ал , келесі тапсырма сусымалы сұйық заттарды өлшеу. Зерттеу жұмысы : тақырыбы : «сусымалы - сұйық заттың құбылыстары.

Мақсаты: сұйық зат пен сусымалы заттың қалай өлшенеті ерекшеліктерін ажыратып, өлшей алуларына жағдай тудыру. Көрнекіліктер :күріш ,фасол, сүт, су ,таразы, 1-л банка,

2- стакан. Ойынның шарты: заттың ерекшелігіне , айналадаға еркше сипаттамаларға ден қойып, балалардың ой – қиялдарын, қызығушылықтаран арттыру.

Ьалалар , қарандаршы, күріш пен фасолды өлшейік, салмағы бірдей, ал енді екеуін қайтадан ыдысқа салып көрейікші: қандай өзгерістер байқайсындар?

Балалардың жауабы : - күріш аз, ал фасоль күріштен көп .

-дұрыс айтасындар ,яғни екеуінің салмағы тең болғанымен көз мөлшерінде күріш фасольдан аз көрінеді . Неліктен ?- қалай ойлайсындар?

- Өйткені фасоль ірі, ал күріш ұсақ болғандықтан .

Салмақтары бірдей болғанменен, көлемдері әр түрлі екен.

Ал енді 2- бірдей стаканға су және сүтті құйып көрелік.

Су мен сүттің мөлшері бірдей. Енді қайтадан алдынғы ыдысқа құялық:

Қандай өзгерісті байқадындар?

Су да, сүт те қандай мөлшерде болса, көлемі еш өзгерген жоқ.

Сергіту сәті : Сағаттың тіліндей ,иіліп оңға бір,

Иіліп солға бір, сағатқа қарап ап , жаттығу оңай-ақ.

Теп допты оң аяқ, теп допты сол аяқ,

Оң аяқ , сол аяқ жаттығу оңай – ақ .

Балалар , жақсы: - ең соңғы тапсырмаға да жетіп қалыппыз , тапсырманы орындау үшін : сендерге мына хат ішіндегі геометриялақ пішіндерді алып , сол пішінге ұқсас зат тұрған үстелге отыруларын қажет екен. Тапсырма : «Танграм» ойының ойнау.

Ойынның шарты: геометриялақ пішіндерден, санағыш таяқшаларынан өз қиялындағы затты құрастару. Ойын барысында әуезді әуен қойылады.

Қортынды : балалар , сендерге тапсырмалар ұнады ма ? қай тапсырмалар сендерге қиан болды ? сендер ешбір тапсырмаға қиналған жоқсындар. Сабақтың басында тапсырмаларды ақылмен шешіп, тапқарлақтарынды, білімділіктерінді көрсетіп, еңбектеніп, өз іс- әрекеттерінмен батылдылықтарынды көрсете білдіңдер. Осы озаттылықтарын үшін «Бәйтерек» ағашы сендерге топтарына «бәйтерек» монументің сыйға тартады. Монументтін бет пердесін ашып көрсету. Қарандаршы , қандай әдемі, әсем, жарқырап тұр. Күн жылынғанда міндетті түрде «Бәйтерекке» саяхатқа барамыз. Балалар сендер өздерін туған жерлерінді жақсы көресіндер ме? --

-Балалардың жауабы :- ия, жақсы көреміз.

Олай болса, балалар, осы туған жеріміз –«астана» жайлы ән шырқап,

Қонақтармен қоштасайық.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Оқу қызмет тақырыбы:«Бәйтерек жайлы аңыз»

Автор: Сулейменова Айнагуль Усербаевна

Дата: 12.02.2018

Номер свидетельства: 456762


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства