kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Тазалықшының кеңестері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімдері: ҚМҚН

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Тазалықшының кеңестері.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Көзді күтуге, қажет болса көзілдірікті дұрыс пайдалануға үйрету. Балаларды көзілдірік киген үлкен-кішіге адамгершілік қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.Адамның сөздік қорын нақтылы жетілдірудегі есту қабілетінің рөлі және ол жайлы баланың білімін жетілдіру. Tic аурулары туралы мәлімет беру. Тісті күту ережелерін үйретуді жалғастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Тазалықшының кеңестері.»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімдері: ҚМҚН

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Тазалықшының кеңестері.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Көзді күтуге, қажет болса көзілдірікті дұрыс пайдалануға үйрету. Балаларды көзілдірік киген үлкен-кішіге адамгершілік қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.Адамның сөздік қорын нақтылы жетілдірудегі есту қабілетінің рөлі және ол жайлы баланың білімін жетілдіру. Tic аурулары туралы мәлімет беру. Тісті күту ережелерін үйретуді жалғастыру.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы


Шаттық шеңбері.

Балалар К. Чуковскийдің шығармасындағы ертегі кейіпкері Мойдодырдың қандай болғанын естеріне түсіреді.

Мойдодыр балаларға тазалық ережелерін орындауға кеңес береді.

Балалар қандай тазалық ережелерін білетінін сақтайтынын естеріне түсіреді.


Балалар К. Чуковскийдің шығармасындағы ертегі кейіпкері Мойдодырдың қандай болғанын естеріне түсіреді.

Балалар қандай тазалық ережелерін білетінін сақтайтынын естеріне түсіреді.


Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Жұмбақ

Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайналмай.

(Tic).

Айдын көлде алтын тас,

Ау салса да алынбас.

( Tic )

Педагог балаларға бір-біріне тістерін көрсетіп, өз тістерін қалай күтетіні туралы айтып берулерін ұсынады.

(Tic емханасына саяхатқа апаруға болады).

Педагог алманы немесе ірімшікті тістеп көріп, тіс таңбасына көңіл аударуды ұсынады. Тістерінің барлығының көлемі бірдей еместігін байқайды.

Балаларға бір-біріне қарап, өз күлкілерін көрсету ұсынылады.

Педагог балаларға айна беріп, өз тістеріне қарап, қандай екенін (ақ, тегіс, қатты) айтуды ұсынады.

Кейбір балалардың тістерінің бұзылғанына көңіл аударады. Кейбіреуіне тіс дәрігеріне қаралып, тістерін емдеу ұсынылады. (Бұл туралы ата-аналарға айтуды ұмытпау).

Тісжегі - тістегі ең жиі кездесетін ауру. Оны ауыртпай емдеуге болады. Егер емдемесе, тесігі тереңдеп, тістің түбірі де бұзылады. Ол кезде шыдатпай ауырады.

Tic - біздің денеміздегі ең қатты зат. Тістің негізгі қызметі - тамақты шайнау.Тіс жақ сүйектен өседі. Tic қабығын эмаль жауып тұрады. Тамақ шайнаған кезде ауыз қуысынан қышқыл бөлінеді, бұл эмальді бұзады.

Педагог дүниеге келген сәби тіссіз туылатынын, тістің алты ай болғанда шығатынын, оны «сүт тіс» деп атайтынын айтады.

Алты жасқа толғанда тістер түсе бастайды. Түскен тістің орнына «негізгі тістер» шығады. Олардың көлемі үлкендеу, барлық тіс сыйып тұруы үшін адамның жақтары да өседі. 12 жасқа толғанда барлық тіс жаңарып болады. Көпшілік үлкендерде 20 жасқа толғанда 32 тісі шығып болады.

Тазалық ережесі:

• Тісті күніне екі рет тазалау.

• Тамақтан кейін ауызды шаю.

• Ыстық тамақтан кейін суық ішпеу.

• Қатты заттарды тіспен шақпау.

• Тәттіні көп жемеу.

• Жиі тіс дәрігеріне көріну.

• Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.






Әңгімелесу.

Сезім мүшелері (құлақ, көз, мұрын, тіл, тері) - адамның ең негізгі көмекшілері.

Педагог балаларға мына жайларды көз алдарына елестетуді сұрайды.

- Таңертең сағат шырылдаса, орныңнан тұруың керек (сағаттың шырылын адам есту мүшесі - құлақтың көмегімен естиді).

- Төсектен тұрғанда бөлме суық болса, тез киін (бөлменің температурасын адам сезім мүшесі - тері арқылы сезеді).

- Анасы асүйде ертеңгілік ас әзірлеп жатыр. Бөлмеде кофенің иісі пайда болды (кофенің иісін сезім мүшесі - мұрын арқылы сезеді).

- Кофе тәтті емес, қант салу керек (кофенің дәмін адам тілдің көмегі арқылы ажыратады).

- Далада жаңбыр жауып түр, қолшатыр алу керек (ауа райының өзгергенін көру мүшесі - көз арқылы көреді).

Педагог біздің қайырымды көмекшіміз «Көз» аялдамасында көру мүшесі - көзбен терең танысатындарын айтады.Қоршаған ортаны көру қабілеті - адамның бағалы сезімдерінің бірі. Адам өміріндегі барлық жаңалықтар көздің көмегімен қабылданады. Қас, қабаң және кірпік көзді шаң-тозаңнан, тер тамшысынан сақтайды.

- Көздің көру қабілетін арттыруға А дәруменінің пайдасы зор, сондықтан тамаққа сәбізді көп пайдалану қажет.

- Үй тапсырмасын орындағанда, оқығанда, сурет салғанда, көз бен қағаз арасында 30 см қашықтықты сақтау керек.

- Қараңғыда немесе жарық жеткіліксіз жерде оңу көздің көру қабілетін төмендетеді.

- Теледидар көргенде қатты орындықты таңдап, оны экраннан 2 метр қашықтықта қою қажет.

- Жұмыс үстінде қайшы және басқа үшкір заттармен көзді жарақаттап алмас үшін, өте ұқыптылық қажет.

Егер адам алыстағы затты дұрыс көрмесе, онда ол жуықты көргіш. Егер жақын орналасқан затты дұрыс көрмесе, онда алысты көргіш. Көз дәрігері көздің қаншалықты дұрыс жұмыс істейтінін анықтап, қажетіне қарай көзілдірік киюге кеңес береді.

Кейбір адамдардың көздері мүлде көрмейді. Адам ауыр соққыдан, аурудан немесе туа соқыр болуы да мүмкін.

Дәрігер Салауат балаларға көзі көрмейтін, яғни соқыр (зағип) адамдарды сыйлауға және оларға құрметпен қарауға кеңес береді. Қиялдау ойын - «Ыммен айт».











Есту мүшесі адамда да, жануарда да бар. Жануарлар есту қабілеті арқылы бірін-бірі табады және тамағын тауып жейді.





Жұмбақ

Бір таудың екі жағынан,

Екі қалқан жабысқан.

Жаңын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбыстан.

(Екі құлақ)

Педагог балаларға құлақтарын қолдарымен жауып, тәжірибе жасауды ұсыну.











Балалардың қалай еститінін тексеру үшін «Затты дыбысына қарай таны» ойынын ойнау.

Құлақ-есту мүшесі,оның көмегімен адамдар дыбысты ажыратады, құстың әнін, желдің уілін, күннің күркіреуін естиді.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

• Аязды күні жылы баскиім кию керек.

• Құлақты қаламмен, шырпымен, т.с.с. үшкір, қатты заттармен шұқуға болмайды.

• Құлағыңа бөгде зат түссе, үлкен адамға немесе дәрігерге көрсету керек.

Балалардың жауабы.

Tic.


Tic.



Тістерінің барлығының көлемі бірдей еместігін байқайды.

Tic біздің сөйлеуімізге көмектеседі. Адамның тісі түзу әрі аппақ болса, онда ол күлген кезде әдемі болып көрінеді.

Балаларға бір-біріне қарап, өз күлкілерін көрсетеді. Балалар айнадан өз тістеріне қарап, қандай екенін (ақ, тегіс, қатты) айтады.





Сондықтан тісті тамақтан соң тазалап, жуып түру керек.














Тазалық ережесі:

• Тісті күніне екі рет тазалау.

• Тамақтан кейін ауызды шаю.

• Ыстық тамақтан кейін суық ішпеу.

• Қатты заттарды тіспен шақпау.

• Тәттіні көп жемеу.

• Жиі тіс дәрігеріне көріну.

• Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.












Балалар сезім мүшелері арқылы адам қоршаған ортаны бағдарлауға болатыны туралы қорытынды жасайды.




Көздерін жұмып, қараңғыда тұрғандай сезініп,күнді, аспанды,шөпті, гүлді,жақын адамдардың түрін көре алмау соқыр болудың өте ауыр екенін елестетеді.












Көзілдірікке ерекше күтім керек:- әйнегін таза ұста;- әйнегі сынған көзілдірікті қолданба.













Қиялдау ойын - «Ыммен айт».

Өзің пойыздың ішіндесің, ал әжең бекетте. Ол сені естімейді, бірақ сен оған міндетті түрде айтуың керек:

- Өзіңнің вагонға жақсы орналасқаныңды.

- Жеткен соң әжеңе телефон шалатыныңды.

- Әжеңнің орамалы шешіліп тұрғанын, қазір ол түсіп қалатынын.

Балалар пойыз жүргенше осы хабарды бет пішінмен ымдап жеткізеді.

Балалар ойынды талқылап, есту мүшесі құлақтың болғаны жақсы екеніне, сөзсіз ыммен түсіндіру қиын екендігін талқылайды.

Екі құлақ

Балалар ойынды талқылап, есту мүшесі құлақтың болғаны жақсы екеніне, сөзсіз ыммен түсіндіру қиын екендігін талқылайды.

Балалар дыбыстың жақсы естілмейтіні, бір-бірімен қарым-қатынастың қиындайтыны ту­ралы қорытынды жасайды.


«Затты дыбысына қарай таны» ойынын ойнайды..

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

•Аязды күні жылы баскиім кию керек.

• Құлақты қаламмен, шырпымен, т.с.с. үшкір, қатты заттармен шұқуға болмайды.

• Құлағыңа бөгде зат түссе, үлкен адамға немесе дәрігерге көрсету керек.

Рефлекстік -

үйлесімділік

Қорытынды.

• Құлақ, көз, мұрын, тері - адамның айнала қоршаған ортаны танып білуіне көмектеседі.

• Көзі көрмейтін, яғни соқыр (зағип) адамдарды сыйла және оларға құрметпен қара.

• Құлақ - есту мүшесі, оның көмегімен адам дыбысты ажы­ратады, құстың әнін, желдің уілін, күннің күркіреуін естиді.

• Тістің негізгі қызметі - тамақ шайнау.

• Тісжегі - ең жиі кездесетін тіс ауруы.

• Тісті күту ережесін сақтау керек.









Ережелерді естеріне түсіріп,қайталайды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Тазалықшының кеңестері.

Автор: Қожабергенова Бақытгүл Ердаулетовна

Дата: 06.02.2017

Номер свидетельства: 388702

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Урок по казахскому языку во 2 классе по теме "Тазалы?ты са?тайы?!" "
    ["seo_title"] => string(70) "urok-po-kazakhskomu-iazyku-vo-2-klassie-po-tiemie-tazalyk-ty-sak-taiyk"
    ["file_id"] => string(6) "134916"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416832579"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Ашы? саба? "Практикалы? ж?мыс (WORD PAD м?тіндік редакторы)" "
    ["seo_title"] => string(60) "ashyk-sabak-praktikalyk-zhu-mys-word-pad-m-tindik-riedaktory"
    ["file_id"] => string(6) "245044"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446048376"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства