Саба?ты? ма?саты:Ойыншы?тарды тани білуге ?йрету. Ойыншы?тар ар?ылы тілдерін дамыту. Ойын ?стінде ?жымды? сезім ?рекеттерін т?рбиелеу. Саба??а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.
Занятие для средней группы "Магазин игрушек". Научить детей произношению названий игрушек. Развитие речи.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ойыншы?тар ?она?та »
«Ойыншықтар қонақта».
Ортаңғы топтын ашық сабақ.
Өткізген : Бегайдарова А.Н.
2015ж
Рудный қаласы
Сабақтың тақырыбы:Ойыншықтар қонақта.
Сабақтың мақсаты:Ойыншықтарды тани білуге үйрету. Ойыншықтар арқылы тілдерін дамыту. Ойын үстінде ұжымдық сезім әрекеттерін тәрбиелеу. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар:Ойыншықтар: аю, қоян, мысық.
Әдіс-тәсіл:Көрсету, түсіндіру, үйрету.
Жеке жұмыс:Әр баламен, топпен.
Сабақтың барысы:- Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі.
Қыс мезгілінде күн қандай болады?
Күн салқын болады.
Күн салқын болғандықтан біз бала бақшаға келе жатқанда тонамыз ия. Ендіше балалар бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап алақандағы жылуларымызды бір-бірімізге берейік. Енді осы алақандағы жылуымызды қонақтарымызға сыйлайық.
Қызықты сәт:- Есік қағып қонаққа аю, қоян, мысық келеді.
Балалар қарандаршы бізге қонаққа нелер келді?
Ойыншықтар келді.
Дұрыс балар олар немен келді?
Машинамен келді?
Ендеше алыстан келген ойыншықтарымызбен дұрыстап танысып алайық.
Ал балалар мынау қандай ойыншық?
Қоян.
Қоян қайда тұрады?
Орманда тұрады.
Ол не жейді?
Сәбіз жейді.
Дұрыс айтасындар балалар осы қоян туралы тақпақ білесіндер ме?
Артем: Ұзын, құлақ, сұр қоян.
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен.
Ықтып-ықтып секірді.
Балалар қане бәріміз қоян сияқты секірейік
Ал балалар мынау қандай ойыншық?
Аю.
Аю қайда тұрады?
Аю орманда тұрады.
Ол не жейді?
Ол бал жейді.
Аю жұмсақ па қаттыма?
Жұмсақ.
Аю туралы тақпақты кім айтады?
Лиза: Аю отыр партада.
Екі қолы қалтада.
«А» деді, «Б» деді, «Р» - ға
Тілі келмейді.
Ал мынау қандай ойыншық?
Мысық.
Мысық не жейді?
Мысық сүт ішеді.
Ол қайда тұрады?
Үйде тұрады.
Мысық жұмсақ па қаттыма?
Қатты.
Ол қалай дыбыстайды?
Мияу, мияу.
Анжелика :Тікірліп құлағы.
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп
Беті қолын жуады.
Балалар қарандаршы тағы қандай ойыншық бар?
Сылдырмақ.
Ендешесылдырмақтарынды алып сылдырмақ өленің айтып берейік.
Қолымызда сылдырмақ.
Сылдыр, сылдыр етеді.
Аяғымыз тымпылдап
Өзі билеп кетеді.
Қорытынды: Балалар бізге қонаққа кімдер келді?
Олар немен келді? Балалар аю, қоян, мысық, біздің топта
қаламыз дейді, қалдырамыз ба?
Ойыншықтарды лақтыруға, сындыруға болмайды, ұқыпты таза ұстау керек.