Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің
«Айгөлек»шағын орталық тобының тәрбиешісі
Тебенова Гүлден Мырзағалиқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ойыншықтар қайдан келген?»
Білім беру саласы: (Тіл дамыту )
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ойыншықтар қайдан келген?»
Ұ.О.І.Ә-нің мақсаты: Балаларға ойыншықтар туралы мәлімет беру
Ұ.О.І.Ә-нің міндеттері : а) Балаларға ойыншықтар туралы мәлімет бере
отырып,ойыншықтардың неден,қандай заттардан жасалатыны қайдан келетіні жайында ұғым беру
ә) Балалардың ойлау қабілеттерін,зейінін,тілін,сөздік қорын дамыту
б) Балаларды ұқыптылыққа,кішіпейілділікке,достыққа тәрбиелеу.
Ұ.О.І.Ә түрі : Саяхат
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,баяндау,психологиялық ойын жаттығу
Ұ.О.І.Ә-нің барысы:
Ұйымдастыру
Балаларды даярлау
2 Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Қайырлы күн,қайырлы күн!
Сәтті болсын бүгінгі күн!
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі
-
-Қыста немен ойнаймыз?
-Шанамен,шаңғымен,конькимен
-Өте дұрыс! Ал енді балалар қазір күн суық сондықтан үйде,топқа
келгенде нелермен ойнайсыңдар?
-Ойыншықтармен ойнаймыз.
-Ал,балалар өзіміздің сүйікті ойыншығымызды атайықшы.
-Ойыншықтарды ұқыпты,таза ұстау керек.Ал енді балалар,осы ойыншықтар
бізге қайдан келетінін білеміз бе? Бүгін біздер «Ойыншықтар дүкеніне »
саяхатқа шығамыз.
-Дүкен алыс.Саяхатқа шығу үшін немен,қандай көлік түрімен барамыз?
-Автобуспен барамыз.
-Дұрыс,ал автобусқа міну үшін бізге билет қажет.Ендеше,менің
алдымдағы билеттерді алып,
әркім өз орынын табуы керек.( Ойыншықтар суреті бойынша)
-Балалар,саяхатымыз көңілді болуы үшін ән салып,жолды қысқартайық.
«Ойыншықтар» әні хор
«Ғажайып сәт»
Жолда жатқан сиқырлы сандық.
-Ой,балалар,қараңдаршы, жолда сандық жатыр екен. Бұл жай сандық емес,
сиқырлы сандық екен. Суф-суф,суф,ақ сандығым ашылшы!
-Мәссаған,балалар,сандықтың ішінде сендердің сүйікті заттарың жатыр екен.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер дұрыс тапсаңдар,
сандық ішінен сол зат пайда болады.
1.Үрлесең жеп-жеңіл
Ұшырсаң, көк теңбіл
Елпілдеп кетеді
Бұлтқа да жетеді?
Балалар: -Шар
Тәрбиеші:-Өте дұрыс. Сандықтан шарды алып,сыйлаймын.
2.Қалқиған ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
Б:-Қоян
3.Ыссы пешті сүйеді
Аңдап басып жүреді
Б:-Бұл-мысық
Т:-Өте жақсы балалар,енді сиқырлы сандықты өзімізбен бірге алып жүреміз
Жол жүрмес бұрын бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті :
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
-Міне,балалар біздер дүкенге де келіп жеткен сияқтымыз.
Балалар дүкеншімен сәлемдеседі
Дүкенші: -Сәлеметсіңдер ме,балалар! Сендер сондай сүйкімді балалар
екенсіңдер.Дүкенге не үшін келдіңдер?
Б:-Ойыншықтар алу үшін келдік
Тәрбиеші: -Балалар,мен сендерге қазір ойыншықтар туралы мәлімет
айтып берейін.Естеріңе сақтап алыңдар:Мына керемет ойыншықтардың
барлығы сендер үшін жасалған.Олар үлкендердің еңбегі арқылы жасалып
дүкенге келген.Бұл ойыншықтардың мынадай түрлері бар: Пластмассалы,
резиналы,матадан,ағаштан,темірден жасалады екен.
«Менің ойыншықтарым» аудио-видео тамашалау.
Дүкенші:-Ал енді балалар,сендер маған өздеріңнің сүйікті ойыншықтарың
туралы айта қойыңдаршы! Олар туралы тақпақ,жұмбақ,санамақ айта білсеңдер,мен сендерге өздерің қалаған ойыншықтарыңды тегін беруге уәде беремін.
Айназ: - Менің сүйікті ойыншығым-қуыршақ.
Сөйлемейсің қуыршақ
Тілің жоқ па қуыршақ
Жуынбайсың сен неге
Кірің жоқ па қуыршақ
Аяғың бар сен неге
Жүре алмайсың қуыршақ
Данияр:- Менің сүйікті ойыншығым-машина.
Үлкенмін ғой міне мен
Ойыншықтарды жинаймын
Машинаға мінер ем
Кабинаға сыймаймын
Кәусар: -Менің сүйікті ойыншығым-доп.
Добым,добым домалақ
Қайда кеттің домалап
Секіртейін келе ғой
Қолыма кеп қона ғой
Нұрдәулет: -Менің сүйікті ойыншығым-қонжық
Ойыншығым қонжығым
Анасын да білмейді
Қорбаңдаған аюды
Түсінде де көрмейді
Наз: Менің сүйікті ойыншығым-көжек
Ойыншығым көжегім
Қорықпайды қашпайды
Тәтті сәбіз ұсынсам
Ұстай алмай тастайды
Ақерке: -Іші толы бөлменің
Ойыншығым көп менің
Босқа тізіп қоймаймын
Достарыммен ойнаймын
Кенжеғали: Менің сүйікті ойыншығым-құрастырғыш
Ойыншығым құрастырғыш
Көрсетеді көмегін
Кімге көлік,кімге үй
Құрастырам керегін
Інжу:- Бақшаға жақсы аға
Көп-көп ойыншық әкелді
1 балық,1аю,1 бүркіт
Шатасып қалма бірақта
Бақшаға жақсы аға
Қанша ойыншық әкелді?
Кенжеғали :
Суға салсаң батпайды
Түскен жерде жатпайды?
-Доп
Айназ:- Аузы бар күлмейді
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді
-Қуыршақ
Д:- Жарайсыңдар балалар,енді сендерге тапсырма берейін
Дидактикалық ойын «Кім жылдам?» Балалар ойыншық суреттерінің бір бөлігін тауып,орналастырады.
Д:-өте жақсы балалар,сендерге риза болдым.Енді мына ойыншықтарды сыйлаймын.Бұларды таза,ұқыпты ұстай біліңдер!
Тәрбиеші: -Рахмет сізге.балалар,білеміз бе елімізде өзі әнші,продюссер, «бал-бала»компаниясының директоры Қыдырәлі ағаларың
Ұлттық нақыштағы,халық ертегілерінің кейіпкерлерінің нақышына ойыншықтар жасауда.Бүгінде бұл ойыншықтар әлем бойынша сатылуда.Жақында «Қарақат» қуыршағы 20000 теңгеге бағаланып,сатылымға шықты.
Енді балалар,автобусқа отырып,қайтайық. Үйімізге қайтайық Саяхаттан қайту