kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ойнайықта,ойлайық!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок игра. для развития логического мышления детей дошкольного возраста

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ойнайықта,ойлайық!»»

Ашық оқу іс-әрекеті.

Білім беру саласы: Таным,Қатынас,Шығармашылық

Бөлімі: Математика,Көркем әдебиет,Сурет

Тақырыбы:«Ойнайықта,ойлайық!»

Мақсаты: Балаларға ертегі арқылы танымдық қабілеттерін арттыру. Қарапайым математикалық ұғымдарды ойлау арқылы балаға үйрету. Балалардың есту,көру, сөйлеу,ойлау қабілетін дамыту. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке,бірлікке,достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: «Шалқан»ертегі кейіпкерлерінің қуыршақтары, Шалқан, Геометриялық пішіндер.

Құрал-жабдықтар: Ақ қағаз,желім, боялған жарма,матадан қиылған геометриялық пішіндер,Жарма терапиясы.

Билингвалдық компонент: Репка-шалқан,моншақ-бусы,сандар-цифры

Инклюзивті әлеумет: Аслан мен Жансаяға көмектесу.



Мотивациялық қозғаушы:

Тәрбиеші:

«Балауса» атты бақшаның

Тәрбиелі баласы

Алдыменен қонақпен

Сәлемдесіп алады.

Шаттық шеңбер!

Балалар:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық

Жүрекке жылу сыйлайық,

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық

Танымдық сұрақтар: «Тәулік бөліктері»


Іздену ұйымдастырушы

Ғажайып сәт:

-Балалар қараңдаршы атайдың бақшасында шалқандар өсіпті.Қане санайықшы .Неше шалқан екен?

-Шалқанның барлығы бірдей ме?

-Қараңдаршы шалқандарды атай бақшадан жинай бастады. Атай төрт шалқанды жинап соңғысына келгенде жұла алмады.Ары тартты, бері тартты шамасы келмеді.Сөйтіп ол кемпірін шақырады.

Кемпір:

-Мен мына балапандарымды түгендеп санай алмай жатырмын.

Тәрбиеші:

-Балалар апаға көмек береміз бе? Қане балапандарды санайықшы.


(Ары тартады бері тартады шалқан жұлынбайды. )Апасы Қызын шақырады .

–Қызым келші көмектесші.

Қызы: Сабақтан берілген танымдық есептерді шығара алмай отырмын. Тәрбиеші: -Балалар қызға көмек берейік.

Танымдық есептер:

1.Үстел үстінде 4 алма,

Оның біреуін ағам жеп қойды,

Сонда қалды неше алма?

2.Күн шуақта 1 күшік

Отыр еді жанына

Келді тағы бір күшік

Нешеу болды сен сана?

Ары тартады бері тартады болмайды.

Қызы күшігін шақырады

-Күшігім, келші көмектесші

Күшік:

-Мен үйшігімді сындырып алдым .

Тәрбиеші:

-Балалар күшіктің үйшігін құрастырып берейікші.

Ары тартады бері тартады болмайды.Күшік болса досы мысықты шақырады. Күшік:

-Мысық досым келші көмектесші

Тәрбиеші :

-Балалар мысық ұйқысын аша алмай жатыр екен Қане мысық оятып сергітіп алайықшы ол үшін орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық

Сергіту сәті:

(Музыка ырғағымен)


Ары тартады бері тартады болмайды.

Мысық: тышқан келші көмектесші.

Тышқан: байқамай кілемді кеміріп тастаппын .Маған ұрысатын болды . Тәрбиеші:

-Балалар тышқанға көмек беремізбе кілемнің жамауын табайықшы.

Сөйтіп ары тартып бері тартып шалқанды жұлып алады.

–Мінекей балалар ынтымақтың, біріккеннің , достықтың арқасында шалқанды тартып алды. Жарайсыңдар балалар сендердің де көмектерің тиді.

–Балалар достық туралы мақал-мәтелді кім айтып береді?

Атасы: Балалар міне достықтың,ынтымақтың және сендердің арқаларыңда шалқанды тартып алдық.Енді сендерге қызықты шығармашылық тапсырма беремін .Сендерге ұнайды деп ойлаймын. Ал енді сау болыңдар!

Тәрбиеші:

-Орындаймызба ?

-Ол үшін үш орталыққа бөлінеміз

1.орталық тапсырмасы: «Шалқан» ертегісіндегі шалқанды дәстүрден тыс жармамен салу. 2.орталық тапсырмасы:

Матадан қиылған геометриялық пішіндерден моншақ жасау.

3.орталық тапсырма:

Жарма арқылы геометриялық пішідерді салып,неше түрлі бейнелер салу.

Саусақ жаттығуы

Санайық жаңаша,
Бір, екі, үш!
Желбірежалауша,
Достықтабіздіңкүш.

Рефлексивті Түзету

-Балалар қараңдаршы тақтада ненің бейнесі тұр? Оның пішіні қандай? -Оның шуақтары менде тұр.Егерде сендер мына шуақтағы қорытынды сұрақтарға жауап берсеңдер күннің шуағы шығады.

1.Сендер қай ертегі кейіпкерлеріне көмектестіңдер?

2.Шалқанды орыс тілінде не дейміз? Оның пішіні қандай? 3.Моншақтарды қандай пішіндерден жасадыңдар? 4.Балалар күшікке үйшікті қандай пішіндерден салдыңдар?

5. Шалқанды атасы көргенде қалай таңғалды?шаршағанда қайтті?



Балаларды күн бейнесімен бағалау.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Ойнайықта,ойлайық!»

Автор: Дарханбаева Мадина Шархановна

Дата: 20.10.2017

Номер свидетельства: 433502


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства