Просмотр содержимого документа
««Ойнайы? та,ойлайы?!» ?ОІ? »
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп
Шағын орталық топ тәрбиешісі
Бақтыбаева Гүлмира Сәрсенбайқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ойнайық та,ойлайық!»
Ұйымдастырылған оқу іс-әркетінің мақсаты: Балалардың ойын арқылы ойлау қабілеттерін,тіл байлығын дамыту.Өздігінен жұмыс істеуге машықтандыру. «артық», «кем»ұғымын ажырата білуге үйрету.Қызықты ойындар арқылы балаларды тапқырлыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,ойын,түсіндіру
Көрнекіліктері: кеспе қағаздар,суреттер
ҰОІӘ барысы: 1.Ұйымдастыру
Тәрбиеші: –Сәлеметсіңдер ме,балалар,көңіл-күйлерің жақсы ма?
Шаттық шеңбері
«Үлкенге де»сіз»
Кішіге де «сіз»
Барша жұртты құрметтеп
Бас иеміз біз.
Тәрбиеші: –балалар,бүгін біздер «Ғажайып білім әлеміне»саяхатқа шығамыз.
-Саяхатқа немен барамыз?
-Көлікпен барамыз.
-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
-Автобус,машина,ұшақ,поезд,т.б.
«Ғажайып сәт» Осы кезде Буратино келеді.
Буратино:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Сендерге келеген себебім,менің алтын кілтім жоғалып кетті.Кілтімді табуға көмектесесіңдер ме?Егер сендер көмектессеңдер,мен сендермен бірге «Ғажайып білім еліне»саяхатқа жол бастап барамын.
Тәрбиеші: –Балалар,Буратиноның кілтін табуға көмектесеміз бе?Ендеше,оны бірге ала барайық.Алысқа жету үшін біз поездпен барамыз.Оған міну үшін бізге не қажет?
Балалар: –Билет керек.
Тәрбиеші;–Өте дұрыс,сендер поезға мініп көрдіңдер ме?Қане,өз билетіміз бойынша өз орнымызды тауып алайық.Балалар нөмірленген билеттерді алып,өз орындарына отырады.
-Балалар,поезд өздігінен жүре алмайды.Оны кім айдайды?
-Машинист айдайды.
Тәрбиеші: –балалар, «ғажайып білім әлемінде»ең алғыр,білімді балалар тұрады екен.Ол жерге жету үшін саяхат кезінде бізге түрлі қиындықтар кездеседі.Сол қиындықтарды жеңе білейік.Ол жерге жету үшін бінеше аялдамалардан өтуіміз керек.Әр аялдамаларда түрлі тапсырмалар кездеседі.Шешуге дайынбыз ба,балалар?
Хормен: Ойнайық та,ойлайық,
Қиындықтан қашпайық
Шешуін біз таппаған
Тапсырмалар қалмаған!
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар,балалар»Қане,поезд жүруге дайын.Ол қалай дыбыстайды?Гук-пыш,гук-пыш
1-аялдама «Тіл дамыту»
-балалар,бұл аялдамада сендердің осы уақытқа дейін тіл дамыту оқу іс-әрекетінен алған білімдерің сыналады.
«Кім тапқыр?»ойыны Жұмбақтар шешу
1-бала: Қолында қайшы,тарағы
Тәртіпке салар шашыңды?
Балалар: –Шашатараз
2-бала: Кірпіштен салар сарайды?
Балалар: –Құрылысшы
3-бала: Үйретуден балаға Жалықпаған ешқашан
Балалар: –Ұстаз
4-бала: –Ауырмаңдар балалар
Ауырсаңдар береді
Дәрі менен инені
Балалар:-дәрігер
5-бала:-Бармағынан бал тамған
Дәмді асын ел алған
Балалар: –Аспазшы
Тәрбиеші: Ал,балалар,бұлар кімдер екен?
Балалар –мамандық иелері
«Иесін тап»ойыны
-Балалар,енді сендер әр мамандық иелерінің құралдарын өз иелеріне дұрыс орналастыруларың қажет.
Балалар әр ертегі кейіпкерлерін дұрыс орналастыруы қажет.
4-аялдама «Жапсыру»
-Балалар,қандай мезгіл келе жатыр?
-көктем мезгілі
-Көктемнің ерекшелігі қандай?
-Күн жылынып,жер көгеріп,көктейді.
«Кім зейінді?»ойыны
-балалар,сендерге жұмбақ жасырамын.
Қанаты бар ұшады?
-Құс
Құстың дыбысын тыңдату
-Балалар,қандай құстарды білесіңдер?
-Қарлығаш,аққу,торғай т.б.
Тәрбиеші: –Құстар бізге қай мезгілде келеді.
Балалар: –Көктемде
-Ендеше,құстар-біздің досымыз.Біз оларға қамқор болуымыз керек.Менің қолымда қандай пішіндер тұр?
Балалар: –Үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек.
-Енді осы пішіндерден қане,құстарға ұя жасап берейік.
Буратино: –Алақай,алақай,балалар,менің кілтім табылды.
Қорытындылау
Тәрбиеші: –Балалар,қараңдаршы,біз алтын қақпаға да келіп жеткен сияқтымыз. «Ғажайып білім әлеміне»саяхаттадық.Бұл сапар бізге білім сыйлады.Бәріміз бірігіп тапсырмалар орындадық.
Буратино: –Сендер маған кілтімді табуға көмектестіңдер.Өмірде тек қана білімді ғана емес,қайырымды болып,достарыңа да көмектесе білдіңдер,балалар.Сендерге алғысым шексіз.Мен сендерге болашақта білімді азамат болыңдар деп алтын кілтті сыйлаймын.
Бағалау
-Балалар,мен сендерді болашақта білімді,алғыр тәуелсіз еліміздің іргесін қалар азамат болар деп мынадай алтын кілттермен бағалаймын.
Қонақтарға тілек айтып,қоштасу.
Бақтыбаева Гүлмира Сәрсенбайқызы
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің «Еркемай»шағын орталық тобының тәрбиешісі