kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ойлан тап» ойыны Мектепалды даярлық сыныбның оқушыларын зерттеу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ойлан тап» ойыны

Мектепалды даярлық сыныбның оқушыларын зерттеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ойлан тап» ойыны Мектепалды даярлық сыныбның оқушыларын зерттеу.»



Зайсан ауданының әкімдігінің

«М.Дауленов атындағы мектеп интернаты» КММ















«Ойлан тап» ойыны

Мектепалды даярлық сыныбның оқушыларын зерттеу.















Мектеп психологы: Ерланова Айгүл















Геометриялық пішіндерді топтау

Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің түрі: «Сенсорлық тәрбие»

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндерді топтау»

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды топтай білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Методикалық әдіс: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топтау.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер, үлестірмелі текшелер, күн, үй, доп, гүл, пирамидалар.
Пәнаралық байланыс: Айналамен таныстыру, құрастыру, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырушы, ынталандырушы кезең
Шаттық шеңбері
Біздер тату боламыз,
Гүлдей жайнап аламыз.
Шаттық құрып шеңберден,
Бір қуанып қаламыз.
Тәрбиеші: Балалардың назарын тақтадағы суретке аударып жыл мезгілі туралы және өткен оқу іс-әрекеті туралы қайталайды.
«Көңілді қыс»
Балалар: Жылдың қай мезгілі екенін айтады. Сурет бойынша әңгіме құрайды.

Ұйымдастырушы, ізденуші кезең
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз өзіміз білетін геометриялық пішіндерді және пішіні бір-біріне ұқсас заттарды топтауды үйренеміз. Ол үшін біздер «сыйқырлы пішіндер» еліне саяхатқа барамыз. Барғыларың келе ме?
Балалар: Иә, барғымыз келеді.
Тәрбиеші: Ол жақын жерде мектеп үйінің жанында, сондықтан біз оған жаяу барамыз. Тоңып қалмас үшін тез киінеміз
Балалар: Тез киіну қимылын жасайды.
Тәрбиеші: Ой, балалар! Жолда кедергілер қар үйінділері көп екен. Одан әрі қарай өту үшін қар үйінділерінің жанындағы пішіндердің атын атап өтуіміз керек. Бұл «Аттамақ» деген ойын. Осы үйінділерден шыға аламыз.
Балалар: Балалар кезекпен қардың жанындағы пішіндерді айтып (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша), қардан аттап өтеді.
Тәрбиеші: Міне керемет! Мынау алдымызда тұрған «Дөңгелектер әлемі». Сендер бұл жерден нені көріп тұрсыңдар?
Балалар Күнді, гүлді, допты, шарды.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Бұның бәрі қандай пішінге ұқсайды?
Балалар: Дөңгелекке.
Тәрбиеші: Мынау келесі «Үшбұрыштар әлемі» мұнда нені көріп тұрсыңдар?
Балалар: Таулар,пирамидалар,үйдің төбесі.
Тәрбиеші: Осы көріп тұрған таулар, пирамидалар, үйлердің төбесі қандай пішінге ұқсайды?
Балалар: Үшбұрышты пішінге ұқсайды.
Тәрбиеші: Ал енді балалар мынау «төрт бұрыштар әлемі» Бұнда нелер бар екен?
Балалар: Үйлер, есік, терезе, кітап, дәптер, текшелер, кірпіштер.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Біз енді осы сиқырлы пішіндер әлеміне келіп тұрып қалайша бір ойын ойнамай кетеміз?Қане, балалар! «Жоғалған пішінді тап» ойынын ойнайық!

Ойын: «Жоғалған пішінді тап!».
Мазмұны: тақтада үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша пішіндер ілулі тұрады. Балаларға көзін жұмғызып, бір пішінді алып тастаймын. Балалар көзін ашып қай пішін жоқ екенін айтады.
Ойын аяқталған соң «Достық» әнін айтып, бақшамызға қайтамыз. Келген соң тағы бір ойын ойнаймыз.

Ойын: «Пішіндерді топтау».
Мазмұны: Әр түрлі пішіндердің, заттардың ішінен бір бала дөңгелек пішіндерді, екінші бала үшбұрышты, үшінші бала төртбұрышты жинайды. Осылайшы іс-әрекеттің мақсатына жетеміз.

Қорытындылаушы, түзетуші кезең
Тәрбиеші: Балалар біз қайда саяхатқа бардық?
Балалар: Сиқырлы пішіндер әлеміне.
Тәрбиеші: Онда қандай пішіндер бар екен?
Балалар: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Тәрбиеші: Топтау деген не? Сендер пішіндерді топтай аласыңдарма?
Балалар: Ұқсас заттарды жинаймыз.

Пішіндерді дұрыс айтып, дұрыс топтай білген балаларды мадақтау. Күтілетін нәтиже:
Білуі: Пішіндерді ажыратып атауы.
Түсінуі: заттардың бір-біріне ұқсас болуы.
Қолдануы: Әр түрлі заттармен, ойыншықтардан топ құрай алуы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Ойлан тап» ойыны Мектепалды даярлық сыныбның оқушыларын зерттеу.

Автор: Ерланова Айгүл Ерланқызы

Дата: 17.05.2018

Номер свидетельства: 469921


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства