Ұйымдастырушы- лық – ізденістік | -Балалар біз қай елде тұрамыз? -Жарайсыңдар балалар, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз,ол -біздің Отанымыз. Суретпен жұмыс Тақтаға қаланың балаларға таныс жерлері мен ғимараттардың суреттерін іліп,балалардың назарларын суретке аударып, сұрақтар қояды: -Мына суреттер сендерге таныс па? -Біз тұратын қала қалай аталады? Балалардың жауаптарын мұқият тыңдайды,толықтырады. Ө.Тұрманжановтың «Туған өлке» өлеңін оқиды. Туған өлке Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу,неткен көркем, Осы менің туған өлкем! Шығарманы талдайды: -Балалар,өлең ұнады ма? Не туралы жазылған? Мазмұнына байланысты суреттерді көрсетіп,өлеңді қайта оқиды. Сөздік жұмысы:көгінде, жұпар деген сөздердің мағынасын түсіндіреді. Қостілділік компонент:қала-город,суреттер-картинки,ғимарат-здание. «Бөлшектерді құрастыр» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Қиынды суреттерден біртұтас сурет құрастырып,қандай сурет болып шыққанын айтып беру керектігін түсіндіреді. Мақал: Туған жердің ауасы да шипа. Мақалдың мағынасын түсіндіреді. Сергіту сәтін ұйымдастырады. Орнымыздан тұрамыз, Алақанды соғамыз. Жоғары – төмен қараймыз Топылдатып басамыз. «Қала көшелерін аралайық» ойынын ұйымдастырады. Балаларға жасырған жұмбағын шешіп,сұрақтарына жауап беру арқылы фотосуреттерден тиісті көшені,ғимаратты тауып,жанына баруды ұсынады. Онда барып ән тыңдаймыз, Спектакль көреміз. (Театр) Таңертен ерте тұрасың, Тәрбиеші апайға барасың. (Балабақша) | - Қазақстан Республикасында. Суретті тамашалайды. Сұрақтарға жауап беріп, туған қаласының атын айтып,ғимараттарды атайды. Шығарманы тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Шығармадағы жаңа сөздердің мағынасын түсініп,қайталайды. Қиынды суреттерден қаланың біртұтас суретін құрастырады. Мақалды тыңдайды, қайталайды. Сергіту сәтінің мазмұнына сай қимылдар жасайды. Жұмбақты шешіп, Суреттердің арасынан тиісті ғимаратты тауып жанына барып, тұрады. |
Рефлексиялық - түзетушілік | Сұрақтар қойып, тақырыпты бекітеді. -Балалар,біз бүгін не істедік? -Қандай шығарма тыңдадық? -Шығармада не туралы білдіңдер? Туған жер дегеніміз не? -Біздің қаламыз қалай аталады? Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды. | Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. |