Просмотр содержимого документа
«Не д?мді? Ашы? саба? »
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ «Айгөлек» тобы
Аудандық семинарға арналған
Тақырыбы: «Не дәмді?»
Орындаған: Айтжанова Р.А.
2012 – 2013 оқу жылы
12.04.13ж.
«Айгөлек» тобы
Білім облысы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Не дәмді?
Мақсаты: Балаларға ертегіні түсініп, тыңдай білуге үйрету.
Қызығушылығын арттыру: көрсету, сұрақ-жауап, мақтау әдісі қолданылады.
Тауық, ит, қоян, ешкі, мысық және ертегі ханшасының мағынасы түсіндіріледі.
Тәрбиеші алдын ала ертегі кейіпкерлерімен таныстырады, олардың аттарын дұрыс айтуды үйретеді.
Сабақ үш бөлімнен тұрады:
І Ұйымдастыру: әңгімелеу.
ІІ Қызықтыру техникасын пайдалану: сұрақ жауап, сахналау.
ІІІ Сабақты қорытындылау.
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше сабақ біріктірілген тіл дамыту және жапсыру сабағы. Көңіл күйіміз жақсы болсын деп біз бір-бірімізге жылы лебіздерімізді қол ұстасу арқылы алақанымыздың жылуын сеземіз.
Ендеше балалар Дөңгеленіп тұрамыз
Керегені құрамыз
Уық болып иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрамыз.
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші: Балалар сендерге не дәмді (ең дәмді тамақтарың не)?
Кәне кім айтады?
Балалардың жауабы: ...
Тәрбиеші: Иә балалар сендер сияқтықұстар мен хайуанаттар да
Бір бас қосқанда нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты.
Сонда тауық: қыт-қыттап
- Ең дәмді тамақ - тары, депті.
- Жоқ ең дәмді тамақ, кеміріп жейтін сүйек! – дейді ит абалап.
- Бәрің де білмейсіңдер. Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ – дейді қоян екі құлағы тікірейіп.
- Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді! – деп ешкі маңырапты.
- Шіркін қою сүтті айтсаңдаршы! –деп мысық тамсанады.
Сөйтіп әрқайсысы өздері сүйетін тағамды мақтап келісе алмайды.
Тәрбиеші: «Не дәмді?» ертегісін мұқият тыңдап, тамашаладық. Ертегі не туралы?
Балалар: дәмді тамақ туралы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ондағы кейіпкерлерді атаңдар? Кәне кім айтады?
Балалар: тауық, ит, қоян, мысық, ешкі.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: Тауыққа не дәмді болды?
Балалар: Тары дәмді.
Тауық тарыны қалай жиді?
Балалар: Тауық тарыны шоқып жиді.
Тәрбиеші: Итке не дәмді болды?
Балалар: Сүйек дәмді.
Ит сүйекті қалай жиді?
Балалар: Кеміріп жейді.
Тәрбиеші: Қоянға не дәмді екен?
Балалар: Сәбіз дәмді
Қоян сәбізді қалай жиді?
Балалар: күтірлетіп жейді.
Тәрбиеші: Мысыққа не дәмді?
Балалар: Сүт дәмді.
Тәрбиеші: Мысық сүтті қалай ішеді?
Балалар: Жалап ішеді.
Қалай жалайды? Кәне көрсетеміз (тілімен жалағанын көрсету).
Тәрбиеші: Ешкіге не дәмді?
Балалар: Жапырақ дәмді.
Ешкі жапырақты қалай жиді?
Балалар: шайнап жейді.
Өлең жұмбақ: Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады,
Бойын жазып керіліп,
Беті қолын жуады.
Ол не? (Мысық)
Балалар ендеше біз осы ертегіні өзіміз сахналайық.
Бекзат(тауық): Ең дәмді тамақ тары ғой! Қыт -қыт –қыт. Деп тарының суретін қолына алады.
Ғ.Диас(ит): Тапқан екенсің, ең дәмді тамақ кеміріп жейтін сүйекке не жетсін. Аф-аф. Деп сүйектің суретін қолына алады.
Диана(қоян): Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ. Деп сәбіздің суретін қолына алады.
Ерасыл(ешкі,серке): Жас шыбықтың жапырағынан артық не болушы еді.мә мә-ә-ә. Деп жапырақтың суретін қолына алады.
Сара(мысық): шіркін қою сүтті айтсаңшы! Мияу. Деп тарелкедегі сүтті қолына алады.
Тәрбиеші: Кәне балалар бәріміз бірге - тауық, ит, қоян, мысық, ешкі – дәмді тамақтарыңыз ас болсын!
Балалар: Рақымет.
Балалар қорқақ қоянға арнап өлең тақпақ айтамыз ба?
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы, қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Енді осы өткен сабағымызды қорытындылау үшін мына суреттердің дәмді тамақтарын тауып жапсырып береміз.