Просмотр содержимого документа
«Нан ?айданшы?ады?»»
Сабақтың тақырыбы: «Нан қайдан шығады?»
Сабақтың мақсаты: Нанның дастарханға келгенге дейінгі адамдардың еңбегімен
таныстыру,балалардың нан туралы түсініктерін кеңейту.Адамгершілік қасиеттері қалыптастыру . Еңбекті бағалап , нанды қастерлей білуге тәрбиелеу. Сурет бойынша әңгіме құрап айтуға дағдыландыру, сөздік қорларын дамыту. Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Нан түрлері, егін, күз мезгілі.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық
Шаттық шеңберін құру
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық бәріміз,
Арайлап атқан күнге!
Балалардан өткен сабақтардағы ертегілерді сұрау, естеріне түсіру.
Жұмбақ жасыру: Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында дәні бар.
(бйдай)
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)
Иә,балалар дұрыс айтасыңдар ендеше біз бүгінгі сабағымызда «Нан»туралы айтамыз. Балалар сендер қандай нан түрлерін білесіңдер?
Бауырсақ, бөлке, батон,таба нан, бәліш.
Балалар нан түрлері өте көп біз оларды білеміз. Нан өте қасиетті тағам,адамдар
нанды қадірлейді, «Ас атасы-нан», «Нан тіршілік көзі», «Нан бар жерде ән бар»
деп бекер айтылмаған.
- Адамдар тамақ жасаған кезде дастарханға ең бірінші нанды қояды.
- Нанды шашпай,ысыраптамай жеу керек.
-Үйде дастархан басына жиналғанда ең алдымен асты үлкендер бастайды, содан кейін кішілер қол салады ,бұл үлкенге деген құрмет.
- Ас ішерде міндетті түрде қол жуу керек.
-Тамақ үстінде сөйлеуге, күлуге, керілуге ,кітап оқуға болмайды.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Балалар біз нанның қасиетті екенін білеміз, енді оның қалай пайда болатынын білеміз бе? Ендеше қазір мен сендерге «Нан қайдан шығады?»деген ертегіні оқып беремін, мұқият тыңдаңдар. Ертегіні 2-3рет оқып беру.
Балалар ертегіні тыңдатып ,мазмұнын сұрау.
--Тышқан қайда келді?
--Нелерді көрді?
--Ол не деп армандады?
--Нандардан не деп сұрады?
--Нан оны кімге жіберді?
-Наубайшы кімге жіберді?
-Дирменші кімге жіберді?
-Тышқанға бәрін кім түсіндірді?
Балалар тышқанның әрекеті дұрыспа?
Балалар ертегіні өз беттерінше айтып береді.
1-топ: Балалар сендер нан туралы тақпақ,мақал білесіңдер ме?
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарының тіленбей.
2-топ: Суретке қарап әңгіме құрайды.
Сонымен балалар нан үлкен еңбекпен келеді, олүшін көп адамдар тер төгеді. Біздің Қостанай облысы да егін шаруашылығы мен айналысады,егінді жер.
Сергіту сәтін жасату: Көңілді әуенге бейлейді
Сабақты қорытындылау: Сонымен балалар біз не жайлы әңгімеледік?