Тақырыбы: «Н» дыбысымен әріпімен таныстыру
Мақсаты: «Н» дыбысын дұрыс дыбыстау, «н» әріпімен таныстыру.
Білімділік міндет: «Н» дыбысын дұрыс дыбыстату буындарды оқу дағдысын дамыту.
Дамытушылық: Ой қабілетін дамыту.Буындарды оқу дағдысын дамыту
Тәрбиелік: Балаларды мейрімділікке ұқыптылыққа ойының ұшқыр болуына тәрбиелеу.
Билингвальді компонент: таспа жазбалары, кроссворд.
Сөздік жұмыс: нан- хлеб, балапан- цыпленок, арыстан- лев
Педагогтің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Жылулық шеңбері
Біздер жақсы боламыз.
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтар мен алды мен.
Амандасып аламыз.
Тарту етіп оларға.
Сезімді біз жүрек қып.
Балалардың жүрегінен
шыққан сөздер.
Мейірімді,тәртіптті. Т.б
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Енді тақтадағы суретке қараңдар, ненің
суретін көріп отырсындар?
Ендеше «нан» деп бірнеше рет
қайталайық.
-Бірінші қандай дыбыс құлағымызға естіліп тұр?
-Бүгінгі өтетін жаңа дыбысымыз-«н».
Балаларға нанның суреті бойынша
әнгіме құрауға тапсырма беру.Нанның
пайдасы айтылып, «обал»,сөздеріне түсінік береді.
Балаларға дыбыстарды қайталату.
На-на-на, Ян-ян-ян, Ан-ан –ан, Он-он-он
Тыйым сөздер.
Нанды бір қолымен үзбе!
Нан уағын тастама!
Жұмбақ.
Өзі үлкен жануар,
Үстінде бір тауы бар.
-Бірінші тұрған қандай дыбыс?
Кірш-кірш етеді,
Ішіне кіріп кетеді.
-«Н» дыбысы қай жерде тұр?
-«Н»дыбысының дұрыс айтылуы артикуляциясы мынандай: ерін сәл ашылып,жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де,үстінгі тістің үстіне тиеді,тілдің алдыңғы екі шеті үстінгі тістерге қатты жабысады.Тілдің төмен түсуінен «н» дыбысы жасалады. «Н» дауыссыз дыбыс. «Н» дыбысын ауада жазып көрейік.
Сөз жұмбақ шешу.
Сергіту сәті:
Тереңдетіп ойыңды
Тік ұста бойыңды
Құстарға ұқсайық
Қалықтап ұшайық
Шық алға оң қанат
Шық алға сол қанат
Шаршаған кездерде
Қонамыз жорғалап.
Сұлбаны тап
Кеспе әріптермен тақтаға буындар жазу:НА,НҰ,НО,НЫ.А-на,нан сөздерін салыстыра оқыту арқылы буынға бөлгізіп, «нан» сөзінің бір буын екенін түсіндіру.
Билингвалды компонент.
Нан-хлеб,буын-слог,дыбыс-звук.
-Нанның
-Нан
-«Н» дыбысы.
Балалар суретке қарап
әңгіме құрайды.
Шана
Жүгіріп шықты қоян
Тастама сен нан
Киіп ал сен тон
Тыйым сөздерінің
мағынасын түсініп, қайталайды.
-Нар
-«Н»
-Ине
-Сөздің ортасында
-Астана
-Ана
-Құс
-Шахтер
-Нан
-Қолшатыр
Балалар өлең мазмұнына байланысты қимыл -қозғалыс жасайды
Арыстан, Балапан
Балалар буындарды оқиды.Ана сөзін шапалақтау арқылы буынға бөледі.Сызба бойынша буынға бөледі.
Рефлексиялық- түзетушілік
-Қандай дыбыспен таныстық?
- «Н» дыбысы дауысты ма,дауысыз ба?
Сонымен балалар, нан қоқымын көргенде басуға болмайды екен.Осыны өздеріңнің іні-қарындастарыңа да үйретулерің керек.
Балалар өткен дыбыс туралы түсінгенін айтады.
Біледі:Суретке қарап әнгіме құрауды, жұмбақ шешуді, жаңа дыбыстыауада жазуды,әріптер мен тақтаға буындар жазуды біледі
Түсінеді:Тыйым сөздің мағынасын ажырата алады.
Қолданды:Сөздерді буынға бөле білу дағдыларын.