kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Музыкалық қабілеттерді дамыту жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

жол журу ережелері. көшеде калай журіп-тұру ережелері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Музыкалық қабілеттерді дамыту жолдары»

Жиенбаева Анар Ахылбергенқызы

«Жанұя» балабақшасы



«Музыкалық қабілеттілікті қалыптастырудың негізгі жолы»

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың музыкалық қабілетін жан - жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың музыкалық қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол. Ғалымдардың пікірінше табиғи жаратылысында музыкалық қабілетінің алғашқы шарттары 50 - 60% байқалған. Баланың музыкалық ерекшеліктері жаратылысынан шығармашылық, ізденімпаздық сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл - ой қабілетін дамыту, оның нақты бағыттарын айқындау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Балалардың толыққанды музыкалық тәрбиесін қарапайым музыкалық түсініктерді қалыптастырудан бастау қажет.
Баланың музыкалық даму процесі музыкалық қызметтерді ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Сәбилік шақтан бастап музыкалық қызығушылықтарын дамыту – тәрбиешінің міндеті.
1 - 2 жаста бала ересек адамның әнін тыңдай отырып дауыс интонациясына уілдейді, былдырлайды.
2 жаста бала қарама - қарсы сипаттағы әндерге шаттанып қуанады, немесе сабырлы күй танытады. Алақандарын шапалақтап, аяқтарын топылдатады. Кейде әннің жеңіл буындарын «әй - әй», «топ - топ» буындарын қайталайды.
3 - 4 жаста шағын әндерді ересектердің көмегімен орындай алады. Дербес әрекет етуге ұмтыла отырып билеуге, ойнауға талпынады.

5 жас – баланың көп білуге құштар кезеңі. «Неге?», «неліктен?», деген сұрақтарды көп қояды. Бала жетекшінің қойған талаптарын, ән, пьесалардың көңілді, қуанышты, сабырлы сипаттарын сезіне отырып, пьесадағы қарама - қарсы екі бөлімді, музыкалық аспаптар тембрін, қол ұстасып ән айту, жеңіл би қимылдарын орындай алады.
6 жас – балаларды мектепке дайындау кезеңі. Балалар музыкалық шығармаға сипаттама бере отырып, эстетикалық көзқарасын қалыптастырады. Ән, би, ойындарды орындауда шығармашылығы дамып, музыкаға деген ынта - ықыласы айқын көріне бастайды.

Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты – музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз халқының өнерін, салт - дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу.
Білім берудің ең төменгі сатысы – мектепке дейінгі кезең және тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен білуге құштарлығы зор болады.
Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.
Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;
- Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;
- Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;
- Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату;
- Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;
- Ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиясында қарапайымдылық, кішіпейілділік, өзара түсінушілік сезімдерін баулиды.
- Оқытудың ақпараттық технологиялары арқылы мультимедиялық құралдарды пайдалану.
Отбасында ата - аналарға педагогикалық білім өте қажет, себебі ата - ана бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерін айқын түсінбей бала тәрбиесінің жолдары мен амалдарын ойдағыдай іске асыра алмайды.
Ата - аналармен әңгіме кезінде өсіп келе жатқан сәбидің мүмкіндіктері зор, бірақ олар шексіз емес екендігін олармен бірге өткізілетін тренингтерде ескерту қажет.
Баланың мүмкіндіктерін ескермей дамуды жеделдетуге болмайды, сондай - ақ даму барысында кідірісте болмау қажет. Сондықтан ата - ана ерте сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық дамуының көрсеткішін білуі маңызды.

"Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және өзінің көркемдігі,нәзіктігімен адам жанын баурап,олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына септігін тигізеді.

Баланың бойында музыкалық қабілет жас кезінен басталады. Мектеп жасына жеткен бала психологиялық түйсіну мен музыканы көз алдына елестетуді біршама меңгеріп шығады. Оның бойында музыкаға деген өзіндік ой саналық және сезімдік тұрғыдағы қарым-қатынас қалыптасады. 

Сонымен бірге әуен-саз,өлшем-ырғақ жүйесін есіту тәжірибесі қалыптасып,есте сақтап қалу қабілеті де жинақталады.Өйткені ол баланың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.

Музыканы қабылдау – музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады, яғни музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты.

Балалардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам-сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.

Ән үйрену кезеңінде оны таза айтуды үйрену үшін алдымен айтылған дыбысты есте сақтай отырып қабылдап, сонан соң дыбысты дұрыс, дәл елестетуді қадағалау қажет.

Жеке қадағалау формалары:

  1. Фонитарлық бақылау (тексеру)

  2. Ән айтуын жеке тексеру

  3. Күйді не әнді тыңдау

  4. Әрбір топпен қосымша сабақтар өткізу

Балалардың сабақ кезеңінде дамытылған музыкалық қабілеттері сабақтан тыс

уақытта ұштастырылып, баланың жас ерекшеліктеріне қарай ән айту дағдылары қалыптастырылады. Көрнекті музыка әдіскері О.А.Апраксина: «Если уроки пения и внеклассные кружковые занятия составляют стержень,вокруг которого обьединяются и другие силы, то результаты получаются исключительно плодотворные»,-деп жазған. Ән айту шеберліктері жетілген өнерлі өрендер түрлі өнер сайыстарына қатысып,жүлделі орындарды иеленеді.

Музыка адам өмірінің жан серігі,музыканы сүймейтін адамды кездестіру мүмкін емес, өйткені ол баршаға қажет,оның тілі кім-кімге де түсінікті.
Міне, сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің міндеті-шәкірттерін музыка өнерінің сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала білуге тәрбиелеу.
Осы негізде айтылған академик А.Жұбановтың «Гимнастика денені қалай түзесе, музыка да адам жанын солай түзейді» деген нақыл сөзі балалардың

эстетикалық,рухани байлығын кеңейтіп,қанаттандыру керек екенін дәлелдейді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың жағдайлары:



Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі –музыкалық шығарманың сипатын, характерін сезіну, естігеніне бірге қуану, не күйіну, эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну, қабілеті. Музыка баланы толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады. Өмір құбылыстарымен таныстырады. Оларды бір-бірімен салыстыратын ой туғызады.

Музыкалық қабілеттің екінші белгісі тыңдау қабілеттілігі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап ести білу мәдениетін байқайды. Ең қарапайым қасиетін аспаптардың ең жоғары және ең төмен тембрлік дыбысын салыстырады.Шығармының ең қарапайым құрлымын әннің бастамасын, қайырмасы, бөлімдерін айқындайды.

Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі музыкаға творчестовалық қөзқарастың көрінісі. Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем образды әнді ойынды көз алдына елестете отырып, оның патриоттық адамгершілік сезімдерін қалыптастырады. Оның ықпалы үгіттеуден де нұсқаулардан да анағұрлым күштірек болады. Отан, Қазақстан ,батырлық әндерін айтқанда балалардың әндеріне өз елдеріне деген суйіспеншілікті көруге болады. Сондай -ақ Қазақстан азаматы болғандықтан әр бір бүлдіршін, еліміздің рәміздерін, әсіресе, мемлекетіміздің әнұранын есіне сақтап, жаттап алуын қамтамасыз еткен жөн. Әнұранның мазмұнын балаларға егжей тегжейлі түсіндіріп, мереке күндері топ болып айтқызу –Отансүйгіштік, еліне деген мақтаныш сезімін ұлттық рухын күшейтуде айрықша мәні бар іс. Түрлі халықтардың жеке және хормен айтылатын әндері мен билері достыққа тәрбиелейді. Ұжым болып ән салу, билеу,ойнау көп ретте тәрбиелік реттерді шешеді,ән айту бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді, әнді дәл айтпайтын бала жақсы айтатын балаға қарап үйренеді.

Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мәдениетіне себін тигізеді. Өнердің басқа түрлері сияқты музыканың танымдық маңызы бар. Музыка балардың эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандырады.

Музыкалық ырғақ сәтінде балалар рақаттана әндетіп, музыка ырғағына сай қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би, халықтың жеке билері, пантомимо, әсіресе музыкалық ойын түріндегі драма балаларды өмір көріністерін бейнелеуге бинелі қимыл, мимика, сөз арқылы персонаждарды сомдайды. Балалардың жас рекшеліктеріне байланысы музыкалық даму ерекшеліктері жылдан-жылға өсе береді. Баланың музыкалық қабілеті дамиды.

Музыкалық дамудың неғұрлым елеулі ерекшеліктері:есту сезімі, музыкалық есту қабілеті, ән айту, музыкалық ырғақ орындауындағы, қарапайым дағдылар қимылдар.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тәлім тәрбиенің негізгі бөлігі болып табылатын эстетикалық тәрбиенің жасөспірімдердің әсемдікті түсініп, ұға білуі және олардың дүниетанымының қалыптасып дамуы жолында атқарар маңызы зор.

Музыка мектептері және музыкалық студиялар, үйірмелер балалардың әсемдік әлеміне жетелеп оларға эстетикалық тәлім-тәрбие берудің бірден-бір тиіміді тәсілі болып табылады.

Жалпы, музыка өнеріне балаларды дұрыс таңдап алудың мәні зор. Ол үшін балалардың музыкалық қабілеттерін тексеріп дұрыс таңдап ала білу керек.

Музыкалық қабілеттің негізгі құрамына: ырғақты сезіне білу, есту және есте сақтау болып табылады. Балалардың есте сақтау қабілетін тексеруді олардың ырғақты сезіне білу қасиеттерінен бастау керек. Себебі, ырғақта сезіне білмейтін адамды музыкаға үйрету өте қиын іс. Тексеру барысында ең алдымен ырғақтың жеңілінен бастап, бірте-бірте мүдірмей қайталап беретін

болса, онда оның ырғақты сезіне білу қабілеті бар болғаны.

Музыкалық есту қабілетін тексеру кезінде бір аспапта (пианино, сырнай т.б.) әр түрлі дыбыстарды біртіндеп ойнап, баладан әр естіген дыбысын асықпай, дауыстап қайталап беруін сұрайды. Егер бала естіген дыбысты таза, дәл таба білсе, есту қабілетінің бар екені белгілі болады.

Музыкалық есте сақтау қабілетін тексергенде, бұрын естімеген түрлі әуендерден үзінділер ойналып, сол әуенді дауысымен өзгертпей айтып беру талап етіледі. Егер балаға бұл әуендер қиындық тудырса, оларға бұрыннан таныс, естіліп жүрген әуеннен үзінді ойнап, қайталап, айтқызуға болады. Бала дыбыстарды немесе әуенді дұрыс айтып берсе, онда, сөз жоқ, оның бұл талапты қанағаттандырғаны. Кейде балалар дауысы жоқтығын сылтау етіп, немесе көпшіліктен ұялып, қойылған талапқа дұрыс жауап бермеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда қабілеті жоқ екен деп бірден шешім қабылдау ағаттық болады. Керісінше, оны асықтырмай, дыбыстарды қайта-қайта ойнап, керек кезінде тексеруші өзі дауыстап көрсеткені дұрыс. Баланы тексеруден өткізіп, қабылдап алғаннан кейін оның табиғи дарынына қоса, оның музыкалық қабілетін дамытудың болашақ жас музыкантты тәрбиелеп шығару да маңызы өте зор. Жоғарыда атап өткендей ырғақтан бастайтын болсақ: музыкада күшті және әлсіз үлестердің алмасуларынан келіп басқа дыбыстардың түрлі ұзақтықтары туындап жатады.

Музыкалық қабілеттің тағы бір негізгі бөлігі- музыкалық есту қабілеті болып табылады.

Музыкалық есту қабілеттерінің негізгі құрамалары: дыбыс биіктігі, бояуы, реңін айыру. Дыбыс биіктігін айырудың сапалық сипаты:

А) нақтылы биіктікті есту, (абсолютті)

Б) салыстырмалы есту (относительді)

Музыкалық есту қабілетін дамытудың тәсілдеріне гармониялық есту және іштей есту (ішкі есту қабілеті) жатады.

Дыбыс биіктігі нақтыланбаған жағдайда әуендетудің орны ерекше. Әуенді есту қабілеті - музыкалық қабілеттің құрамаларының ішіндегі ең негізгілерінің бірі. Баланың тағы да бір музыкалық қабілеті- ол есте сақтау қабілеті. Есте сақтау қабілеті орындаушының зейінін, ерігін, қиялын тәрбиелейді, яғни ол комплексті құбылыс.

Есте сақтау қабілетінің түрлеріне мыналар жатады: есту арқылы, қимыл арқылы, моторлық түрі, тебірену арқылы, сөз-ой заңдылықтары арқылы.

Қорыта айтқанда, баланың музыкалық қабілетін және оны дамыту музыка жетекшісінің негізгі міндеттері болып келеді. Мамандыққа байланысты қабілеттер мен дағдыны ғана емес, сол сияқты жеке бастың бағалы қасиеттері- жауапкершілік, алға ұмтылушылық, жігерлілік, өзін-өзі билеушілік сезімдерін дамытудың жолы бір бөлек.

Қазақ халқы қай уақытта бол­ма­сын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын та­лап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке­рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа­уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» де­ген ғұлама ғалым Әбу На­сыр Әл-Фа­ра­би ой­ын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо­лар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алы­нып қаралмайтын күрделі про­цесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Музыкалық қабілеттерді дамыту жолдары

Автор: Жиенбаева Анар Ахылбергеновеа

Дата: 29.05.2019

Номер свидетельства: 512681


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства