kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М?сіндеу п?нінен ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні :    07.09.15

№  1    ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы

Білім беру саласы:  «Шы?армашылы?».

Б?лімі:  М?сіндеу.

Та?ырыбы:  «Алма мен алм?рт».

Ма?саты: к?зде пісетін жемістер туралы т?сінік беру; алма мен алм?ртты салыстыру ар?ылы пішініндегі айырмашылы?ты аны?тау; ермексазды домала?тау, созу т?сілдерін ?айталау. Тілдерін дамыту. Сауса?ты? ?са? б?лшы? еттеріні? ?оз?алысын жетілдіру. Таби?атты аялау?а т?рбиелеу.

?олданылатын к?рнекі ??ралдар:  ермексаз, та?тайшалар, сулы?тар, жемістер бейнелегнен натюрморт, к?дімгі алма мен алм?рт, ?лестірмелі матеиал.

Алдын-ала орындалатын ж?мыс: жемістерді? пайдасы, жемістерді жинау нау?аны туралы ??гімелеу.

С?здік ж?мысы:  сопа?ша.

Билингвальді компонент: алма –яблоко, алм?рт – груша, сары – желтый, ?ызыл – красный.

?діс – т?сілі: с?ра?-жауап, к?рнекілік, т?сіндіру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М?сіндеу п?нінен ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы»

Күні : 07.09.15


1 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Алма мен алмұрт».

Мақсаты: күзде пісетін жемістер туралы түсінік беру; алма мен алмұртты салыстыру арқылы пішініндегі айырмашылықты анықтау; ермексазды домалақтау, созу тәсілдерін қайталау. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ермексаз, тақтайшалар, сулықтар, жемістер бейнелегнен натюрморт, кәдімгі алма мен алмұрт, үлестірмелі матеиал.

Алдын-ала орындалатын жұмыс: жемістердің пайдасы, жемістерді жинау науқаны туралы әңгімелеу.

Сөздік жұмысы: сопақша.

Билингвальді компонент: алма –яблоко, алмұрт – груша, сары – желтый, қызыл – красный.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Магниттік тақтаға натюрморттар ілінеді /»Алмаалар мен жапырақтар», «Себеттегі алмалар» ж/е т.б./.

  • Суреттерде не бейнеленген?

  • Осы суреттер сендерге қандай көңіл күй сыйлады?


Бұл суреттер ашық түсті және көңілді бояулармен салынған, сондықтан оларға қарағанда бізде қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй пайда болады.

Балалардың жауаптары:


  • Суреттерде алмалар бейнеленген.

  • Суреттер өте әдемі, нағыз алмаға ұқсайды.

  • Түстері ашық, көңілді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

  • Суретші неге алмаларды қызыл дастарханның үстіне бейнелеген?

  • Әрине, сары мен жасыл алмалар дастарқан үстінде әдемі көрініп тұруы үшін ойластырылған.

  • Тағы бір суретте алмалар үстелдің үстінде жатыр, олар – қызыл және жасыл түсті жылтыр алмалар. Суретші олардың әртүрлі түсіне, көлеміне, дөңгелек пішініне, тәттілігіне қызығып бейнелген болуы керек.

  • Сендерге қандай алма ұнады?


  • Ал енді үлкен жапырақтың үстінде жатқан алмаларға қараңдаршы. Осы суреттерді бір-бірімен салыстырыңдар. Суретпен жұмыс аяқталғаннан кейін педагог алма мен алмұртты қолына ұстап көрсетіп, пішінін салыстыруды сұрайды.


  • Бізде алма мен алмұрттың бірнеше түрі, түсі бар. әртүрлі жемістерді суретшілердің картинасындағыдай сауытқа әдемілеп орналастырайық.


  • Бүгін біз осы алм мен алмұртты ермексаздан жасап үйренеміз. Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Сурет бойынша әңгіме жүргізеді.


Қазір күз мезгілі. Бақтарда піскен жемістерді жинайды. Марат та бүгін атасына көмектесіп, бақтағы алма мен алмұртты жинап жатыр. Біз оған жәшіктерді толтыруға көмектесейік. Бір жәшікке жасаған алмаларымызды саламыз, екіншісіне алмұрттымызды саламыз. Біздің де жасайтын жемістеріміз ағашта өсіп тұрғандай әдемі, жылтыр болсын.


Сергіту сәті:

  • Саусағым қайда болдың?

  • Балалармен не істедің?

  • Бір баламен жүгірдім.

  • Бір баламен биледім.

  • Бір баламен қыдырдым.

  • Бір баламен ойнадым

  • Бір баламен секірдім.

  • Достарымды жинаймын.

  • Мүсіндеуді бастаймын!

/Г.Бектұров/.

Балаларға мүсіндеу тәсілін көрсету.

  • Бұрыннан білетін домалақтау тәсілімен алманы жасаймыз.

  • Алманың сабағын орналастыратын жерді саусағымызбен шұңқырлаймыз. Алмұртты жасау үшін, алмадан үлкендеу дөңгелек жасап, жоғарғы жағын сопақша пішінге келтіріп созамыз. Сыртын тегістейміз.

Жасаған жемістеріңді жәшікке салыңдар.

Сөздік жұмыс: сопақша.


Балалармен жеке жұмыс жүргізу.






Билигвальді компонент: алма –яблоко, алмұрт – груша, сары – желтый, қызыл – красный.

  • Алмалар жақсы көрініуі үшін.









  • Ең әдемілері – қызыл, қызғылт түстері.


  • Алманың пішіні дөңгелек, кішкентай сабағы бар, оған жапырақ орналасқан.


Алмұрттың пішіні сопақшалау болып келеді.



Суретке қарайды, әңгімені тыңдайды.






Ынталарын білдіреді.









Балалар педагогтың көрсетуі бойынша саусақ жаттығуларын жасайды.







Ермексазды домалақтаймыз, содан кейін кішкене шұңқырлап оған таяқшаны немесе жұқа сымтемірді тығып қоямыз.

Қажетті ермексаз түстерін таңдап алады. Оны алақанына салып жұмсартады. Балалар педагогтың көрсетуімен ілесе отырып, алма мен алмұртты жасайды.



Қайталайды: сопақша.


Жәшікке дайын жемістерді салып, оның айналасына басқа да заттарды орналастырып, композиция құрастырады.


Қайталайды: алма –яблоко, алмұрт – груша, сары – желтый, қызыл – красный.

Рефлексиялық-түзетушілік.

- Балалар, Марат сендерге жәшікті толтыруға көмектескендерің үшін алғысын білдіріп жатыр. Ол өзінің ауласындағы бақта пісіп тұрған жемістерінен сендерге беріп жіберіпті. Педагог балаларға алма, алмұрт үлестіреді.

Қуаныштарын білдіреді.


Маратқа беріп жіберген жемістері үшін алғыс айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: домалақтау, созу тәсілімен жемістер жасайды;

Игереді: әртүрлі жемістерден үйлесімді натюрморт құрастыруды; күзгі жиын-терін туралы.

Меңгереді: домалақтау, созу дағдыларын.

Күні : 21.09.15

2 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Бақшадағы қызанақ пен қияр».

Мақсаты: көкөністің адам ағзасына пайдасы туралы мағлұмат беру; көкөніс түрлері туралы білімдерін дамыту; ермексазды алақан арасына салып есу, домалақтау тәсілдерін меңгеру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Көкөністі жуып жеуге, тазалық сақтауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ермексаз, тақтайшалар, сулықтар, көкөніс түрлерінің суреті, үлестірмелі материал.

Алдын-ала орындалатын жұмыс: көкөністер туралы суретті кітапшаларды қарау.

Сөздік жұмысы: көкөніс.

Билингвальді компонент: бақша – огород, қызанақ – помидор, қияр – огурец.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларға бақшаның суретін көрсетіп, бақша туралы өлең оқып беру:


Бақша біздің жаман емес,

Бұршақ және сәбіз бар,

Пияз бенен қызылша.

Қызанақ пен қияр бар,

Балалар, бізге келіңдер,

Дәмін татып көріңдер!

(Г.Бектұрова).

Балалар суретті қарап, тәрбиешіні тыңдады, сұрақтарға жауап берді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

  • Күзде бақшада нелер піседі?

  • Көкөністерді не үшін пісіреді?

  • Көкөністердің адам ағзасына қандай пайдасы бар№

  • Қандай көкөністерді бірден жеуге болады, қайсысынан салат жасауға болады?

  • Көкөністерді көп жеу керек.

Көкөністі күнделікті пайдаланатын адамның денсаулығы мықты болады. Иммуниттеті жоғары болады. Тәттінің орнына көкөністі көбірек жеу керек.



Сөздік жұмыс: көкөністер


Дидактикалық ойын. «Сиқырлы қапшық».

Қапшықтың ішіне қияр мен қызанақ салынады. Балаларға қапшықтың сыртынан, ұстап, қияр мен қызанақты ажыратып, сипаттама берулерін сұрайды.

  • Қызанақ пен қиярды көрмей-ақ қалай ажыраттыңдар?

  • Олардың түсі қандай?

  • Екеуін қосып, не жасауға болады?

  • Көкөністерді қай кезде жинайды?

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

  • Атайдың бақшасындағы көкөністердің бәрі пісіпті. Біз де атайға көкөніс жинауға көмектесейік.

  • Жинаған қиярымызды бір, қызанақты екінші жәшікке саламыз. Қияр мен қызанақ жасау үшін қандай түсті таңдаймыз?

  • Қызанақты қалай мүсіндейміз?

  • Осы домалақтың сабағы тұратын орнын саусақ ұшын батырып, сәл шұңқырлаймыз. Шұңқырға кішкентай сабағы мен жапырағын орналастырамыз.

  • Қиярды өзіміз білетін қандай тәсілмен жасаймыз?

Қиярдың кішкентай сабақшасын жасаймыз. Енді атайға жәшіктің ішін толтыруға көмектесуіміз керек. Сондықтан бірнеше қияр мен қызанақ жасаймыз. Жасаған көкөністерді жәшікке саламыз. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


Билингвальді компонент: бақша – огород, қызанақ – помидор, қияр – огурец.

  • Қияр, қызанақ, сәбіз, орамжапырақ, картоп.

  • Тамаққа қосады, салат жасайды.

  • Көкөністің пайдасы көп, оның құрамында дәрумендер бар.

  • Қияр, қызанақ, сәбізден.



Қайталайды: көкөністер.


Ойынға кіріседі, жауап береді.

  • Қызанақтың пішіні домалақ, ал қиярдың пішіні сопақша болады.

  • Қияр жасыл, қызанақ қызыл.

  • Екеуін қосып салат жасауға болады.

  • Күзде

  • Үлестірмелі материалды қарайды.

  • Ынталарын білдіреді.

  • қызыл және жасыл.


  • Ермексаз бөлігін алақан арасына салып, айналдыра домалақтаймыз.



  • Ермексаз бөлігін алақан арасына салып есіп, сопақша пішінге келтіреміз.


Жасаған көкөністерін жәшікке салады.

Қайталайды: бақша – огород, қызанақ – помидор, қияр – огурец.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Балаларды мадақтау.

- Балалар, қараңдаршы, қандай көп көкөніс жинадық! Бізге ғана емес, бүкіл балабақша балаларына жетеді. Атай да сендерге алғысын білдіріп жатыр.


Қуаныштарын білдіреді. Бір-бірінің жұмыстарын қарайды.





Күтілетін нәтиже:

жасайды: ермексазды алақан арасына салып есу, домалақтау тәсілдерімен қызанақ пен қиярды мүсіндейді;

түсінеді: ұқыпты жұмыс істеуді; көкөністің адам ағзасына пайдасын.

қолданады: домалақ және сопақ пішіндер жасауды.




















Күні : 05.10.15

3 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Жолдағы кірпі».

Мақсаты: балаларға кірпі туралы мағлұматтар беру; ермексаз бен шырша қылқандарын пайдаланып, кірпі пішінін жасауды меңгерту; ермексазды алақан арасына салып домалақтай алу тәсілін үйретуді жалғастыру; тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ермексаз, тақтайшалар, сулықтар, кірпінің суреттері, шырша қылқандары, үлестірмелі материал.

Алдын-ала орындалатын жұмыс: кірпінің күзгі тіршілігі туралы әңгімелеу.

Сөздік жұмысы: ғажайып.

Билингвальді компонент: жол – дорога, кірпі – ежик..

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Ғажайып сәт:

Балаларға орманнан ақылды қоян келгендігін, ол өзінің досы туралы балаларға жұмбақ жасырғысы келіп тұрғанын айтады:

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,

Доп-домалақ, арқасы мың тікенді.

Ашуланса аяғын көрсетпейді,

Көресің көз салсаң бір ғажайыпты.

Балалар қоянмен сәлемдеседі. Балалар да өздерінің достары жайлы әңгімелейді.


Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жауабы: кірпі.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сөздік жұмысы: ғажайып.


Қоян шынымен кірпімен дос екенін айтады.

Балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып, кірпі туралы мағлұмат береді.

Кірпі – жабайы, ол орманда өмір сүреді.

Қыс бойы жерге түскен қалың жапырақ астында ұйықтап жатады. Кірпінің денесі тікенекті болады, төрт аяғы, екі көзі мен құлағы бар. Жауын көрсе, аяқ-қолын жинап, домалана қалады.


Кірпі денесінің сипатына талдау жасалынады.






  • Балалар, кірпіні мүсіндесек қайтеді?


  • Кірпіні мүсіндеу үшін ермексаздың қандай түсін аламыз?


Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


  • Алдымен ермексазды алып, оны домалақтаймыз. Домалақ бөлшекті сопақша пішінге келтіреміз. Созу арқылы тұмсығын шығарамыз. Кішкентай дөңгелектер жасап, тұмсығының үстіне, көзінің орнына жапсырамыз. Тікенектерін шырша қылқанынан жасаймыз. Тікенектер ермексазға оңай қадалады.


  • Шырша қылқандарымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек?




  • Кірпі көбіне қай жерлерде болады?


Балалардың назарларын қолдарына үлестіріп берген сюжетті суретке аударады.


  • Суретте не бейнеленген?

  • Орманның ішіндегі жолды көрдіңдер ме?

Жасаған кірпілеріңді осы жолға орналастырыңдар.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


Билингвальді компонент: жол – дорога, кірпі – ежик..

Қайталайды: кірпі.


Балалар кірпі суреттерін тамашалап, ол туралы өздерінің білгендерін баяндап береді.


Балалар тәрбиешіні тыңдайды, жауап береді.


- Кірпінің денесі сопақша болады.

Денесінен кішкентай тұмсығы шығып тұрады. Аяқтары кішкентай.

Қалың тікенінен аяқтары көрінбейді.

Мүсіндеуге ынта білдіреді.


  • Сұр немесе қара түсті ермексазды аламыз.

Балалар тәрбиешімен бірге іс-қимылдар жасайды, қайталайды.







Тәрбиешінің көрсеткенін қайталай отырып, кірпіні жасау жұмысына кіріседі.






-- Үшкір затты өзіңнің, басқа да адамдардың көзіне жақындатуға болмайды. Ауызға салмайды. Жерге тастауға болмайды.

  • Орманда болады.


Үлестірмелі материалға қарап, жауап береді.


- Орман көрінісі бейнеленген.


Балалар жасаған кірпілерін жолдың үстіне қояды.

Қайталайды: жол – дорога, кірпі – ежик..

Рефлексиялық-түзетушілік.

  • Балалар, кірпі бұл жолмен қайда бара жатыр деп ойлайсыңдар?

  • Ормандағы кірпі туралы өздерің шағын әңгіме құрастырып көріңдер.


Қоян балаларға ризашылығын білдіреді.

Балалармен қоштасады.

- Кірпі орманға бара жатыр.

Балалар өздері құрастырған әңгімелерін айтады.

Қуаныштарын білдіреді.

Қоянмен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: ермексазды алақан арасына салып домалақтайды; сопақша пішінге келтіреді, созып тұмсығын шығару арқылы кірпіні мүсіндейді;

түсінеді: қауіпсіз жұмыс істеуді; кірпінің тіршілігі туралы мәліметті;

қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.















Күні : 19.10.15

4 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Кірпінің жанұясы».

Мақсаты: жануарлардың жанұясы туралы мағлұмат беру; ермексазды алақан арасына және жазықтықта домалақтау арқылы кірпіні мүсіндеуді үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ермексаз, тақтайшалар, сулықтар, кірпінің суреттері, қуыршақ аңдар, үлестірмелі материал.

Алдын-ала орындалатын жұмыс: кірпінің тіршілігі туралы әңгіме жүргізу.

Сөздік жұмысы: орманды мекендеушілер.

Билингвальді компонент: жанұя – семья, орманды мекендеушілер – лесные жители.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Балаларға бір-бірімен қол ұстасып тұруды ұсынады.

Армысың, алтын Күн!

Армысың, асыл жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Балалардан: «Бір-біріңнің қолдарыңның жылуын сезіндіңдер ме?» - деп сұрау.

Балалар қол ұстасып тұрады, шеңбер жасайды.

Тәрбиешімен бірге сөздерді қайталайды.




Балалар жауап береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші кез келген отбасының суретін көрсетеді.

  • балалар, ос отырған адамдарды бір сөзбен қалай атауға болады?

  • Отбасында кімдер бар?

  • Сен анаң мен әкеңе кім боласың?

  • Сен атаң мен әжеңе кім боласың?

  • Сен әпкеңе және ағаңа кім боласың?

  • Мен сендерге тағы да бір сурет әкелдім.

  • Мұнда не бейнеленген?

  • Кірпінің бәрі бірдей ме?

  • Қайсысы үлкен?

  • Қайсысы кішкентай?

  • Қайсысы әкесі?

  • Қайсысы анасы?

  • Қайсысы баласы?

  • Кірпілер – орманды мекендеушілер.




Сөздік жұмыс: орманды мекендеушілер.


Билингвальді компонент: жанұя – семья, орманды мекендеушілер – лесные жители.





  • Балалар, мен сендерге ертегі оқып берейін.

Педагог қуыршақ ойыншықтарды пайдаланады.

  • Ерте, ерте, ертеде, бір орманда кірпі өмір

сүріпті. Жыл сайын ол күз бойы ата- анасымен бірге саңырауқұлақ жинап, ал қыста бәрі ұйқыға кетеді екен. Бір күні ол өзінің ата- ансынан адасып қалады. Оларды іздей бастайды.

Педагог музыка қояды.

Осы кезде аб келеді.

  • Сәлеметсің бе, кірпі!

  • Сәлеметсің бе, аю!

  • Аю, аю маған ата- анамды тауып берші!

  • Егер маған бал берсең, мен саған ата- анаңды тауып берм!

  • Менің балым жоқ!

  • Онда мен саған ата- анаңды тауып бермеймін, - деп аю кетіп қалады.

Педагог музыка қояды.

Топқа түлкі келеді.

  • Сәлеметсің бе, кірпі!

  • Сәлеметсің бе, түлкі!

  • Түлкі, түлкі, маған ата- анамды тауып берші!

  • Егер маған қаймақ берсең, мен саған ата- анаңды тауып берейін.

  • Менің қаймағым жоқ.

  • Онда тауып бермеймін, - деп түлкі кетіп қалады.

Педагог музыка қояды.

Топқа қоян келеді.

  • Сәлеметсіңбе, кірпі!

  • Сәлеметсің бе, қоян!

  • Қоян, қоян, маған ата-анмды тауып берші!

  • Егер сәбіз берсең, мен ата-анаңды тауып беремін.

  • Менде сәбіз жоқ, саңырауқұлақ бар. Саңырауқұлақ жемеймін, сәбіз жоқ болса, көмектеспеймін! – деп қоян кетіп қалады.

Кірпі мұңайып:

  • Балалар, менің ата- анамды кім тауып береді?

  • Мұңайма, кірпі, біз саған көмектесеміз!

  • Балалар, кірпіге қандай аңдар келді?


Дидактикалық ойын: «Дұрыс ата».

Педагог балалар атаған суреттерді фланелеграфқа іліп отырады. Үлестірмелі материалдарға назарларын аударады.

Педагог кірпіні жасау техникасын естеріне түсіруін срайды.

  • Біз алдыңғы сабақта кірпі жасап үйренгенбіз /үлкеніреі, орташа, кіші/ кірпілерді жасап, оларды бір жанұяға біріктіреміз. Кірпінің тікенектерін әртүрлі материалдардан жасаймыз.


  • Жұмысты екі топқа бөлініп жасаймыз.


Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.








Сергіту сәті:

Қолды алға созамыз,

Қоды артқа созамыз.

Саусақтарды ойнатып,

Бір тынығып аламыз.

Педагог музыка қояды.

  • балалар, кірпілерің дайын ба? Енді орман ішіне жібереміз, кішкентай кірпінің қасына. Біз кірпінің ата- анасын тауып беруге көмектестік.

Кірпі балаларға рахмет айтып, ата- анасымен үйіне қайтады.

Суретке қарап, жауап береді.

  • отбасы.

  • Отбасында ата, әже, әке, ана, бала бар.

  • Бала.

  • Немере.

  • Сіңлі /қарындас/, іні.

  • Кірпілер.бірдей емес.

  • Біреуі – үлкен, екіншісі –кішірек, үшіншісі-кішкентай.

  • Үлкені -әкесі, кішрегі – анасы, кішкентайы – баласы.

Қайталайды: орманды мекендеушілер.

Қайталайды: жанұя – семья, орманды мекендеушілер – лесные жители.



Қарайды, тыңдайды.






































Көмектесуге ынталарын білдіреді.



- Аю, түлкі, қоян.


Балалар суреттерді қарап, аттарын атайды.


Қарайды.









Балалар екі топқа бөлінеді.

1 топ. Кірпінің алмұртқа ұқсас пішінін келтіріп, шемішкелерді қадап, тікенегін жасайды.

2 топ. Кірпінің алмұртқа ұқсас пішінін жасап, тікенегі үшін шыршаның қылқандарын пайдаланады


Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша саусақ жаттығуларын жасайды.





Дайын кірпілерді орман ішіне, кішкентай кірпінің қасына орналастырады.

Рефлексиялық-түзетушілік.

  • Балалар, қандай жануарларды көрдіңдер?

Қонақтар балалармен қоштасады.

Балалар жауап береді.

Балалар қонақтармен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: ермексазды алақан арасында және жазықтықта домалақтау арқылы кірпіні.

түсінеді: топта жұмыс істеуді; кірпінің тіршілігі туралы.

қолданады: ермексазбен мүсіндеуді.


























Күні : 02.11.15

5 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Әдемі торғай».

Мақсаты: құстың бөлшектерін дайындап, бөлшектерді бір-бірімен біріктіре алуды үйрету; құстар туралы білімдерін дамыту; саусақ икемділіктерін арттыру. тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ермексаз, тақтайшалар, сулықтар, құстар суреті, үлестірмелі материал.

Алдын-ала орындалатын жұмыс: құстар туралы әңгіме жүргізу.

Сөздік жұмысы: шырылдайды, гуілдейді, қаңқылдайды.

Билингвальді компонент: әдемі – красивый, торғай – воробей, қанат – крыло, ұя – гнездо.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Біз бақшаға ризамыз,

Апайларға ризамыз.

Асыр салып ойнаймыз,

Өмірге де ризамыз!

/Г.Бектұрова/.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Өлеңді қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балаларға тақпақ оқып беру:

Торғай, торғай, тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі бұлтиып,

Шық-шық етіп отырмақ.



  • Балалар, құстың дене құрылысына сипаттама беріңдерші.

  • Ол қалай қоректенеді?




Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»

Әртүрлі құстардың суреті көрсетіледі.

Сөздік жұмыс: шырылдайды, гуілдейді, қаңқылдайды, қарқылдайды, шықылықтайды.






Сергіту сәті:

Кәне, қанат жазайық.

Құс боп желмен ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық,

Ұямызға қонайық.


Үлестірмелі материалдарға назарларын аударады.

Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін еске түсіреді. Торғай туралы мәлімет беріледі. Оның дене құрылысына талдау жасалады.


  • Балалар, біз бүгін торғайды мүсіндесек қайтеді?

  • Торғайды мүсіндеп, суреттегі торғай қонып отырған ағаштың бір бұтағына орналастырамыз.

  • Алдымен денсін жасаймыз, ол үшін екі домалақ дайындап аламыз, үлкені – денесі, кішірегі – басы болады. Үлкен домалақты сопақша пішінге келтіріп, екі саусақпен қысып құйрығын шығарып, құйрығының ұшын жалпақтаймыз. Кішкентай домалақ бөлшек құстың тұмсығы болады, екіншісінің де құйрығын солай созамыз. Енді екеуін қосамыз. Құстың аяғын жасаймыз. Дайын құсты ағаштың бір бұтағына орналастырамыз.


Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


Блингвальді компонент: әдемі – красивый, торғай – воробей, қанат – крыло, ұя – гнездо.

Тақпақты тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.





  • Басы, тұмсығы, екі қанаты, денесі, құйрығы, екі көзі мен аяқтары бар.

  • Ол түрлі дәндерді , жәндіктерді жейді.

Балалар қандай дыбыс шығаратынын айтады, қажет жерінде тәрбиеші көмек көрсетеді.

Қайталайды:

Торғай шырылдайды,

Көгершін гуілдейді,

Қаз қаңқылдайды.

Қарға қарқылдайды.

Қарлығаш шықылықтайды.


Балалар қолдарын жазып, құс болып ұшады.




Үлестірмелі материалдарды қарайды.

Тыңдайды.





Торғайды мүсіндеуге ынталарын білдіреді.







Балалар тәрбиешінің түсіндіруі бойынша үлестірмелі материалдағы жұмыстың орындалу барысын қарай отырып, мүсіндеу жұмысын жасайды. Мүсінделген торғайды ағаштың бір бұтағына орналастырады.


Қайталайды: әдемі – красивый, торғай – воробей, қанат – крыло, ұя – гнездо.


Рефлексиялық-түзетушілік.

Балалармен «Жапалақ» ойынын ойнайды. «Күн» деген де балалар «ұшады», жапалақ ұйықтайды, «түн» дегенде құстар ұйықтайды, жапалақ ұшады.

Ұйықтамаған «құсты»ұясына алып кетеді.

Ойынға кіріседі, тәрбиешінің айтуы бойынша қимылдар жасайды.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: бөлшектерді дайындап алып, оны біріктіре отырып құстың бейнесін мүсіндейді;

түсінеді: құстардың пайдасын, оларды қорғау қажеттігін;

қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.















Күні : 16.11.15

6 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Балық».

Мақсаты: балық туралы мағлұмат беру; балықтың дене құрылысы туралы білімдерін кеңейту; ермексаз кесектерінен үзу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып балықты мүіндей алуға үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті ермексаз, ермексаз кесуге арналған құрал, тақтайшалар, сулықтар, жұмыстың дайын үлгісі., үлестірмелі материал.

Алдын-ала орындалатын жұмыс: балық туралы әңгіме жүргізу.

Сөздік жұмысы: қалып жатқан ізі жоқ.

Билингвальді компонент: балық - рыба, су – вода.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!

Орман, көлге, шыңға біз

Саяхатқа шығамыз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз!

Әрқашан тілектес

Досыңа көмектес.


Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиешімен бірге сөздерді қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балаларға жұмбақ жасыру:

Шаңқ-шаңқ еткен үні жоқ,

Сусыз оның күні жоқ.

Жүріп кетсе соңында,

Қалып жатқан ізі жоқ.

  • Бұл не, балалар?

Сөздік жұмыс: қалып жатқан ізі жоқ.


Дидактикалық ойын: «Балық қайда өмір сүреді?»

Мына сөздерді айту: үйде, суда, көлде, жерде, теңізде, жағада, бөлмеде, өзенде, қорада, орманда, далада, ...


  • Балалар, балық жануарлардан несімен ерекшеленеді?

  • Балық – суда тіршілік етуге бейімделген. Құрғақта өмір сүре алмайды. Балықта өкпе жоқ, олар желбезегі арқылы демалады. Балық түрі өте көп.




Блингвальді компонент: балық-рыба, су-вода.


  • Балықтарды үйде қалай өсіреміз?

  • Оған қандай жағжай жасау керек?




Балаларға балықтың суретін көрсетіп, дене құрылысына талдауц жасайды. Суреттен балықтың желбезегін, жүзбеқанатын, құйрығын, қабыршақтарын көрсету. Олардың қандай қызмет атқаратынын сұрау.





  • Балалар, балықтарды адамдар не үшін аулайды? Оның қандай пайдасы бар?

  • Балықтар азайып кетпеуі үшін оған қандай жағдай жасау керек?







Үлестірмелі материалға назарын аудару.



  • Адамдардың дұрыс қарамауынан өзен түбіндегі балықтардың бірі қашып кетіпті.

Біз осы өзен түбіне балықтарды жасап жіберіп, өз қамқорлығымызға алайық. Алдымен бойымызды сергітіп алайық.


Сергіту сәтін өткізу:

Балық суда жүзеді,

Жып-жылтыр боп бүйірі.

Қолға түспей қашады,

Ұстағым кеп шаршадым.

/Г.Бектұрова/.


Балаларға балықтың жасалу тәсілін көрсете отырып түсіндіру.

  • Жұмысты топтарға бөліп жасау.

Домалақтанған ермексазды созу арқылы сопақша пішінге келтіреміз /сәбізді жасау тәсілін еске түсіру/.

Ұш жағы сүйірленіп келген сопақша пішінді тақтайша бетіне қойып, алақанмен жаншу арқылы жалпақтаймыз. Енді балықтың жүзбеқанатын, құйрығын жасап аламыз. Оларды денесіне біріктіреміз. Кішкентай көз жасап, басына орналастырамыз. Аузын ермексаз кескішпен белгілеп көрсетеміз. Кешкішпен денесіне қабыршақтың суретін салып шығамыз. Енді әр топ өздері жасаған балықтарын судың ішіне орналастырады.


Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Жұмбақты тыңдайды, ойланады, жауап береді.



  • Балық.

Қайталайды: қалып жатқан ізі жоқ.



Ойынға кіріседі, дұрыс болса, қолдарын шапалақтайды, дұрыс болмаса, аяқтарын топылдатады.


- Суда жүзетін құйрықтарымен, жүзбеқанаттарымен, қоректену түрімен, дыбыс шығара алмайтынымен ерекшеленді.


Қайталайды: қалып жатқан ізі жоқ.

Үйде аквариумда өседі.

Суын тазартып, қоректендіріп отыру керек. Суға оттегі жіберіледі.


Балықтың денесі сопақша пішінді, кішкентай көзі, аузы бар, желбезегімен демалады, жүзбеқанатымен жүзеді, құйрығы рульдің қызметін атқарады.




Тамақ ретінде пайдаланады. Оның құрамында Д дәрумені бар.


Өзен көлдерді ластамау керек. Кейбір азайып бара жатқан балықтарды аулауға тыйым салады.



Үлестірмелі матеиалдарды қарйды.



Балық жасауға ынталарын білдіреді.




Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.





Балалар үлестірмелі материалдағы балықтың жасалу жолымен танысады, тәрбиешіні тыңдайды.


4-5 баладан топқа бірігеді. әр топ мүшесі тәрбиешінің көрсетуіне ілесе отырып, балықты жасап шығады. Топта жасаған балықтарын бір-біріне көрсетіп, дұрыс емес жерлерін түзетуге көмектеседі. әр топ жасаған балықтарын қолдарындағы көлдің суретіне орналастырады. Балықтардың дұрыс орналасуына назар аударады.

Рефлексиялық-түзетушілік.

  • Біз бүгін не істедік?

  • Балық несімен дем алады?

  • Балықтың несі жоқ?

  • Балықтың денесін не жауып тұрады?

  • Жарайсыңдар, балалар, жасаған балықтарың әдемі шығыпты!

Балық жасадық.

Денесінде желбезегі болады.

Балықтың өкпесі жоқ.

Денесін қабыршақ жауып тұрады.


Күтілетін нәтиже:

жасайды: ермексаз кесектерінен үзу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып, балықты мүсіндейді;

түсінеді: балықтың пайдасын, оны қорғау қажеттігін;

қолданады: балықтың ерекшеліктерін мүсіндеу кезінде көрсете алады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
М?сіндеу п?нінен ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы

Автор: Арынова Бота Еренгалиевна

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 319128


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства