kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мерекелік іс-шара : «Аналар мерекесі!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мерекелік іс-шара :    «Аналар мерекесі!»

       ?сем безендірілген зал?а жинал?ан аналарды, ?ыз-келіншектерді т?рбиеші

            8-Наурыз мерекесімен ??тты?тайды.

                         Ана деген ?мірдегі ?лы есім.

                        Ба? тілесе анадай-а? тілесін.

                       Ана деген арда?ты ат, сен оны

                       Ана жайлы ?н ты?даса? білесі?.

                      Дей отырып «А??у» тобыны? дайында?ан

«Ана-?мірді? г?лі» - атты 8-Наурыз  кешімізді бастаймыз

1-бала:        ??ша?ына кіргенде,

                   Жылынамын бірдемде.

                   Не жетеді к?зі?е,

                  Мейірімді к?нненде.

                                                                                       2-бала:         ?н ?атасы? бал тілмен,

                                                                                                             Еркелеймін ?р к?н мен.

                                                                                                            ??тты?таймын, анашым,

                                                                                                            8-марты?мен.

3-бала:     ?лпештеген, аяла?ан,

                  А? с?т берген анатайым.

                  Та?па? айтып б?гін са?ан,

                  Мейрамы?мен, ??тты?таймын!

                                                              

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мерекелік іс-шара : «Аналар мерекесі!» »


Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосы ,

«Шұғыла» балабақшасы МКҚК












М е р е к е л і к ш а р а

Тақырыбы: «Өнерлі өрендер»





Дайындаған:

«Шұғыла»балабақшасының әдіскері:

Т.Джанизақова















Сенек-2015ж

Мерекелік іс-шара : «Аналар мерекесі!»

Әсем безендірілген залға жиналған аналарды, қыз-келіншектерді тәрбиеші


8-Наурыз мерекесімен құттықтайды.

Ана деген өмірдегі ұлы есім.

Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.

Ана деген ардақты ат, сен оны

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.

Дей отырып «Аққу» тобының дайындаған

«Ана-өмірдің гүлі» - атты 8-Наурыз кешімізді бастаймыз


1-бала: Құшағына кіргенде,

Жылынамын бірдемде.

Не жетеді көзіңе,

Мейірімді күнненде.


2-бала: Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын, анашым,

8-мартыңмен.

3-бала: Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген анатайым.

Тақпақ айтып бүгін саған,

Мейрамыңмен, құттықтаймын!


Ән: «Құттықтаймын,мама,туған күніңмен».


4-бала: Жарқын жүзді жан-анам,

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.


5-бала: Ана-өмір жарығы,

Ана -өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні,

Жүрегімде тұрады.

6-бала: Өзің мені өсірген,

Айналайын, ақ әжем.

Тентек болсам кешірген,

Ауырмашы, ай әжем.


Көрініс: «Әжесі мен Бағлан» К. Ыдырысов.

Қазақша киінген әже іс тігіп отырады немересі ойнап жүреді.

-Жүрегім кім менің?

-Мен!

-Тірегім кім менің?

-Мен!

-Жаным кім менің?

-Мен!

-Ботақаным, Бағлан қозым. Не деген, бала, тәттісі өзің!

Ой қарғам, менің!

-Жоқ, әже, қарғаң мен емес!

-Жоқ, қарға болмаймын,

Керегі жоқ ондайдың.

Қарға қарқ-қарқ етеді,

Алысқа ұшып кетеді

Қасыңда боп әрдайым

Мен ешқайда бармаймын

Би: «Қуыршақ биі»


Тәрбиеші: Дүниеде ең қымбат кім?

Балалар: Ол-ана.

Дүниеде ең жұмсақ не?

Ол-ананың алақаны.

Дүниеде ең тәтті не?

Ол-ананың ақ сүті.


7-бала: Біз досбыз гүлдермен,

Тек оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Анаға сыйлаймыз.

8-бала: Жанымызды жайнатқан,

Сіздерді ғой, аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар


Ән : « Апам үшін күнде де».

Би: «Вальс».

Енді «Кім жылдам» ойыны ойналады.

Ойынның шарты бойынша кішкентай екі бүлдіршін ортаға шығып, шашылған

гүлдерді жарыса жинайды. Кім көп жинаса, сол жеңіске жетеді.

Ертеңгілік ата-аналарға және бүлдіршіндерге алғыс сезімді білдірумен аяқталады

Жүргізуші: Құрметті аналар, әріптестер, сіздерді 8-Наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Балалардың сіздерге арнаған жылы лебізін қабыл алыңыздар.

Қазіргі де,бұрынғы өткен замандарда,

Ананы қадірлемес адам бар ма?

Аналар- ардақтылар жасай берсін,

Әрқашан бақыттысың анаң барда.


1-бала: Ана-өмірдің қуанышы тірегі.

Бала –оның жұбанышы,тірегі.

Ана алдында ел жауы да бас иген.

Олар дәйім тыныштықты тілейді.


2-бала: Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат анамыз.


3-бала: Той пердесін ашайық,

Әнге шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Ән: «Құттықтаймын ана»

Жүргізуші: Таңдай қағар тамсана,

Тіршіліктің басы-Ана.

Қыздырайық тойды біз,

Тақпақ айтып бәріміз.

4-бала: Ақ сүтімен жаралған,

Ақ сүтімен нәр алған,

Анаға бас иеміз.

5-бала: Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз баланың.

Анаға айтар лебізі.


6-Бала: Айналайын анашым,

Асқар таудай пансың.

Күн көзіндей күлімдеп,

Құшағыңа аласың.

Би: «Матрос биі»

Жүргізуші: Дүниеде ең қымбат кім?

Балалар: Ол-ана.

Дүниеде ең жұмсақ не?

Ол-ананың алақаны.

Дүниеде ең тәтті не?

Ол-ананың ақ сүті.

7-бала: Бейнеме де қарайды,

Жейдеме де қарайды.

Әуелден –ақ ақылшым

Әжем менің қарайды.


Құрметті, қонақтар,балалар осы мерекеге арнап дайындаған шағын көріністі ұсынамыз.

Көрініс: Сахнада анасы үйде киім үтіктеп отырады.

Ана, бала, әже.

Бала анасына жүгіріп келіп:- Анашым ,мен, далаға шығып ойнап келсем бола ма?- деп сұрайды.

Анасы: Жарайды, балам, ойнап келе ғой.

Аулаға шығып топырақты шашып ойнай бастайды, осы кезде оның қасынан өтіп бара жатқан Әже келіп былай дейді:- «Әй, балам, сен неге жерді мұнша қорласың? Қайта қадірлеп күтпейсің бе, ол сенің асыраушы анаң ғой»

Бала (таңырқыап):- Менің анам үйде. Жүгіріп анасына келеді- ана маған әже келіп, жерді менің анам деп айты. Жер менің анам емес қой.

Анасы: Әже дұрыс айтты балам. Жер-ана бәріміздің анамыз. Ол бәрімізді көтереді. Асырайды. Тамақтың барлығы жерден шығады, жерде өседі. Сондықтан жер Ананы сыйлау керек, сүю керек, қорғау керек деп түсіндіреді. Енді, жүре ғой, балам, балабақшаңа барайық.


Ән: «Ақ әжем»

Жүргізуші: Есік қағылып, ішке Көктем аруы келеді. Құшағында бір құшақ гүлі бар. Саламат па ару Көктем. Сені асыға күттік көптен.

Көктем: Сәлем, сәлем балақайлар

Әзиз әже, назды апайлар

Қуаныңдар алақайлап

Құстар әнін ала келдім.

Жерге кілем жаба келдім

Жан бітірткен табиғатқа,

Гүлдерімді ала келдім.

Жүргізуші:- Ал ару Көктем, біздің балаларымыздың дайындаған биін қабыл алыңыз.

Би: «Балапан биі»


Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші: Өмірге бізді келтіріп,

Жарық дүние сыилаған.

Жамандыққа баласын,

Ешқашанда қимаған.

Көрмесін қайғы балалар,

Аман болсын аналар, дей отырып бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мерекелік іс-шара : «Аналар мерекесі!»

Автор: Джанизакова Тлектес Туркестановна

Дата: 13.05.2015

Номер свидетельства: 211062


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства