kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен ж?не мені ?орша?ан орта

Нажмите, чтобы узнать подробности

мен Бугенбаева Тажида Асанбаевна осы мектепте біраздан ж?мыс істеймін. ма?ан т?рбиеші болып ж?мыс істеген ?те ?найды. Себебі балалармен ?ткен к?нім ?ызы?ты ?рі к??ілді ?теді. мен осылай сайттар?а саба? жібергенді ?натамын. Себебі жан-жа?тан хабардар болып, ?діс алмасу?а к?п м?мкіндіктер болады. мен отбасымда ?ш бала т?рбиелеп келемін. Ба?ытты анамын десемде болады. Жолдасым да мені? ж?мыстарыма т?сіністікпен ?арайды. Сонды?тан мен ?з ж?мысымды жа?сы ба?алаймын. Мен ?ріптестеріме де осы сайт туралы ескерттім. Енді осы сайттан да керек ??жаттар алуымыз?а к?п пайдасы тиетін болды. Сіздерге рахмет! Мен тематика, зият, инфоурок сайттарыменде ж?мыс жасаймын. Сайттарды? берер к?мегі к?п.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен ж?не мені ?орша?ан орта»

Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы.

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: «Валеология негіздері»

Тақырыбы:Мен және мені қоршаған орта.

Мақсаты:Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру.

Өсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және қорғау қарым-қатынасын қалыптастыру.Күн және ауа тіршілік иелерінің өмір нәрі екені жөнінде мәлімет беру.

Міндеттері: Балаларға қоршаған ортаны күтіп-баптауға дағдыландыру. Суды, ауаны ластамауға тәрбиелеу. Ағаштың адам өміріне пайдасын ұғындыру.

Қостілдік құрам: табиғат-природа,күн-сольнце, аспан-небо.

Мотивациялық қозғаушылық кезең: Балалар шаттық щеңберге тұрамыз

Арайлап таң атты

Алтын шуақ таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.


Аспанымыз қандай?

Аспанның түсі қандай? Аспанымыз ашық болсын деп неге айтамыз?


-Табиғат сенің денсаулығыңа қандай әсерін тигізеді?

Балалармен табиғат дегеніміз не және оның адамның денсаулығына қалай әсер ететіні жөнінде әңгіме өткізу.

Табиғат-адамдарды қоршаған әлем. Бұл-аспан, ай, жұлдыздар, өзен-көл-теңіздер, ағаштар, шөптер, жануарлар әлемі. Жел, жауын-шашын, боран, су тасқыны, қар еруі-бұның бәрі табиғаттың құбылыстары. Таулар, тастар, ағаштар, шөптер-табиғаттың денелері.

Табиғат-бүкіл қоршаған әлем, ал адам-өмірдегі ең керемет жаратылыс.

Табиғаттың адамға ғажайып сыйлығының бірі – таза ауа. Таза ауа ағзаға өте пайдалы. Адамдар оттегімен тыныс алып, көмірқышқыл газын сыртқа шығарады.

Ағаш – ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оны оттегіне айналдыру қызметінің қайнар көзі. Бұл да адам денсаулығына жағымды әсер етеді.

Күн – табиғат сыйының бірі. Халық: «Күн қай жерге аз түссе, сол жерде адамдар жиі ауырады» дейді. Күн шуағы көптеген аурулардың алдын алады.

Өмір шырыны – су – табиғаттың тағы бір сыйы. Адам ағзасының жартысынан көбі судан құралады. Сусыз адамдар да, өсімдіктер де, жануарлар да өмір сүре алмайды.

  • -Флора және фауна дегеніміз не?

-Флора - өсімдік әлемі.

-Фауна – жануарлар әлемі.

Өсімдіктер мен жануарлар өміріндегі арнайы тәртіп туралы әңгімелеу.

  • Суретпен жұмыс (ұжымдық) өсімдіктер мен жануарларды ажыратады және дала ,үй етіп тағыда ажыратады.



  • Сергіту сәтін орындау (телдедидардан)

  • Тақтаға суреттер ілінеді, интерактивті тақтадан слайдтар көрсетіледі.

Өсімдіктер мен гүлдерді жұлма! Сүйсініп қара, басқа адамдардың да қарауына мүмкіндік бер.

Бөтен итті сипама, жақындама. Абай бол, ол оны өзіне төнген қауіп санап, қауып алуы мүмкін.

Егер жұмыртқасы немесе балапаны бар ұяны көрсең тиіспе. Құстар өз балапандарын қорғаймын деп, шоқып тастауы мүмкін.

Жануарларды таяқпен соғып, аяқпен теуіп, құйрығынан тартып жәбірлеуге болмайды. Олар өзін қорғау үшін, сенің өміріңе қауіп төндіруі мүмкін.


  • Табиғатқа қайсысы зиян әкеледі ? (интерактивті тақтада)



  • Табиғаттпен дос бол! (интерактивті тақтада)


Рефлексивті түзету

Сүйіспеншілік гүлі : балалар бір-біріне жылы сөздерді айтады.

-Табиғат – тіршілік нәрі.

-Адам флора мен фаунаны қорғап, күтеді, ал олар адамға өмір сүруге пайдасын тигізеді.

-Адам табиғаттың бір бөлігі. Жер бетінде ауа, су, күн болмаса не болар еді?

Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: табиғат туралы ойларын, түсінігін жүйелейді.

Қолданады: табиғат бұрышында өз еңбектері мен түсінігін қолданады.

Түсінеді: табиғатты қорғау керек екенін түсінеді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мен ж?не мені ?орша?ан орта

Автор: Бугенбаева Тажида Асанбаевна

Дата: 26.01.2016

Номер свидетельства: 283385


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства