Дамытушылы?:
Балаларды? бойында?ы ?намды ?намсыз ?ылы?тарды ажырата отырып ?деп ?ліппесін бойына дарыту, тіл байлы?ын, таным белсенділігін арттыру.
?дісі: Т?сіндіру, с?ра? - жауап.
К?рнекілігі: Мазм?нына байланысты т?рлі суреттер.
Барысы: І ?йымдастыру кезе?і: С?леметсі?дер ме, балалар!
?лкендерге сіз,
Кішіге де сіз.
С?лем беріп сіздерге,
Бас иеміз біз.
- Балалар, ?азір жылды? ?ай мезгілі?
- ?ыс мезгілі.
- ?ыс мезгілінде неше ай бар?
- ?ыс мезгілінде ?ш ай бар.
- Желто?сан, ?а?тар, а?пан.
- Бір аптада неше к?н бар?
- Бір аптада жеті к?н бар.
К?не, балалар апта туралы санама?ты айтайы?.
Апта деген а?айды?
Жеті бірдей ?лы бар.
Біріншісі – д?йсенбі,
Екіншісі – сейсенбі,
?шіншісі – с?рсенбі,
Т?ртіншісі – бейсенбі,
Бесіншісі – ж?ма,
Алтыншысы – сенбі,
Жетіншісі – жексенбі.
Жа?а та?ырып: “Мен т?ртіпті баламын”
М?нерлеп о?у.
Ой ?оз?ау: Т?ртіптілік деген не?
Т?ртіптілік – адамгершілік туралы ??гімелей отырып,
балалар?а мынадай с?ра?тар ?ою.
Т?ртіпті бала ?андай болу керек?
Т?ртіпсіз бала ?андай бала?
(балаларды с?йлете отырып с?ра?тар?а жауап алу)
Мен т?ртіпті баламын
М?нерлеп о?у.
Мен т?ртіпті баламын,
Айт?ан тілді аламын.
Анам нан?а кеткенде,
?йде ойнап ?аламын.
Шкафтарды ашпаймын,
Кітаптарды шашпаймын.
Текшелерден ?й жасап,
?ызы? ойын бастаймын.
Сонымен балалар, адам бойында жа?сы, жаман ?асиеттер болады екен. Бізге а?ылдылы?ты, адалды?ты, ?арапайымдылы? пен кішілікті, шынды?ты ?лкендер ?йретеді. Олар бізді? ата - аналарымыз, ?стаздарымыз.
Жа?сы бала болатын бала жа?сы ?асиеттерді ?йреніп, жаман мінез, т?ртіпсізден аула? болу?а тырысуы керек.
С?здік ж?мысы: Мен т?ртіпті баламын, Айт?ан тілді аламын.
Сергіту с?ті: Алдымнан жел еседі,
Тербеледі а?аштар.
Кіп - кішкентай балалар,
?лкен болып ?седі.
Та?та?а сурет ілінеді.
Сурет бойынша ??гіме ж?ргізу.
Т?ртіпті (а?ылды балаларды? ?андай болуы керек екенін мына та?па?тардан ты?дайы?, балалар кезекпен айтады)
1. Апа? сені? базардан,
Алма сатып ?келді.
Е? ?лкенін жа?сысын,
Са?ан та?дап ?перді,
Не деп барып жеу керек? (рахмет)
2. Балалар ?йге ?она?тар келгенде не деп айту керек? (келі?із, т?рлеті?із)
3. Дастархан басында отыр?ан кезде ?лкендерге не деп айтуымыз керек?
(д?м таты?ыз, ас болсын)
4. Т?ртіпсіздік жасап, досы?ды ренжітіп алса? не деу керек?
?орытындылау: Балалар б?гін к?ркем ?дебиет о?у іс - ?рекетінде т?ртіптілік
туралы ?йрендік.
О?у іс - ?рекетке ?те белсенді ?атыс?ан
балаларды мада?тау.
К?тілетін н?тиже:
Біледі:
Шы?арманы м?нерлеп айта білу;
Игереді: ?дептілікке ?йренуі;
?олданады: Ал?ан білімдерін ?мірде ?олдана біледі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мен т?ртіпті баламын»
Ойлай отырып, ойнайық!
Тақырыбы: «Ойлай отырып, ойнайық!» Мақсаты: мектеп алды дайындық тобы тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы дамыту. Сабақ түрі: ойын, тренинг сабағы Сабақ әдісі: ойын Қажетті құралдар: суреттер, слайд. Ұйымдастыру: Тренинг ережесі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл - күйлерің қалай, жақсы ма? Ендеше, бүгінгі ойын сабағымызды бастамас бұрын, әрбір ойынды ойнағанда мына ережелерді есімізге сақтап алайық, сонда ойынымыз сәтті өтеді. *Күлімсіреу; *Бір - біріне кедергі жасамау; *Өзгенің пікірін сыйлау; *Сөзді бөлмеу, тыңда; Барысы: І. Кіріспе сөз. ІІ. Танысу рәсімі: «Достық тренингі». Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Өз есімін теңеу сөздермен(өзін қалай атаған ұнайды?) таныстырады да, бір - бірінің қолдарынан ұстайды. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек. Соңында «достық шеңбері» пайда болады. ІІІ. «Шеңберді бұзып кір!». Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Олардың біреуі шеңбердің сыртына шығып, қалғандары қол ұстасады және бір - біріне тығыз тұрады. Басты ойыншы кез келген әдіспен, күшпен, айла - амалмен шеңбердің ішіне кіру керек. ІV. «Белсенді әріптер». Әр топқа әр түрлі әріптер көрсетіледі және 1 минуттан уақыт беріледі. Сол берілген уақыт ішінде тек тиесілі бір топ ғана көрсетілген әріптен сөз ойлап айтып, жарысады. Бұл ойында балалардың ойлау қабілетін арттыруға бағытталады. Талдау: 1. Балалар, ойын ұнады ма? 2. Жауап беру қиынға соқты ма? V. Түрлену. Шарты: берілген әр түрлі аңдарды, жеміс - жидектерді, мамандықтарды, т. б. ым - мимика, яғни пантомима әдісімен қимылдап бейнелеу, көрсету. Қалған балалар жасырылған бейнені табады. VІ. «Ертегі ойлап тап!». Суретке қарап қызықты ертегі, әңгімені ойдан құрастыру. Әңгіме, ертегілер кейіпкерлерінің суретін көрсете отырып, балалар сол сурет бойынша ретімен өз ойларынша ертегіні өзгертіп, қияли түрде құрастыру қажет. Бір оқушы басын бастаса, келесі оқушы жалғастырады. Талдау: 1. Ертегі ойлап шығару қиын болды ма? 2. Жан - жануарлардың бір - бірімен тату болғанын қалайсыңдар ма? VІІ. «Ойлан, тап!» 1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: кітап, доп, қарындаш (немесе т. б. нәрселер) қойылады.. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады? 2. Үстел үстінде 4 алма тұр (немесе т. б. нәрселер). 1 алманы алып, ортасынан бөліп қайтадан қояды. Үстел үстінде неше алма болды? VІІІ. «Ойлан, не болуы мүмкін?!» Егерде, «... ертегі кейіпкеріндегі бауырсақ болсаң,...» «... адамдар құстарша ұшуды үйренсе,...» «... иттер адамша сөйлесе бастаса,...» «... су құбыры кранынан шырын аға бастаса,...» ІХ. «Күлегештер»(смайликтер) салу. Балалар бүгінгі ойын - тренингтерден алған әсерлерін, көңіл - күйлерін ақ қағаз бетіне күлегештерді сала отырып, ол арқылы өзінің көңіл - күйін көрсетеді, салады, өз еркісімен әсемдеуге болады. Қорытынды. - Жақсы, балалар, бүгінгі ойын сабағымыз сендерге жақсы көңіл - күй сыйлаған екен, оны қолдарыңдағы күлегештердің көңіл - күйі арқылы байқап тұрмын. - Осылайша, сабақтарда ойындарды ойнағанда үнемі дұрыстап ойланып, белсенді ойнасаңдар, өздеріңнің ақылды бала екендеріңді дәлеледеп, көрсетесіңдер. Бақытты балалық шақтарыңда әрдайым өмірде күлімдеп, ақылды болып жүріңдер! - Сау болыңдар, балалар!
Ашық сабақ. Тақырыбы: «С дыбысы мен әрпі» мектепалды даярлық тобы
Сабақ тақырыбы: С дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1.Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілетін арттыру.
2.Жаңа С дыбысымен таныстыру, сөз, сөйлем құруға дағдыландыру.
3. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра, баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сәбіз - сөзін буынға бөлгізу, с дыбысы қай буында тұрғаның тапқызу.
Дидактикалық ойын. Өткен әріптермен және С әрпінен басталатын ребустарды сурет арқылы шешу, оларға сөйлем құрау.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Жинап алып күш.
Қолға қалам аламыз,
С дыбысын жазамыз.
Тіл ұстарту жаттығу.
Са-са-са
Ызыңдайды маса
Дәптермен жұмыс:
Асық,сандық,күнбағыс дыбыстық талдау жасату, ондағы с дыбысының орнын ажыратқызу. С дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлату.
- Ауада жазу.
Дәптерге таза, сауатты жазуын қадағалау.
Сөзжұмбақ шешкізу. «Сөйлем құра»
Сақинаны салғызды,
Сарымсақты, сәбізді.
Бастап тұрған қай әріп
Сапсыз ораз тәрізді? (С)
ІІІ. Қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы.
- Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- С дыбысы қандай дыбыс?
- С дыбысы кездесетін қандай сөздер білеміз?
- Дұрыс айтасыңдар. (сабақта жақсы қатысып, белсенділік танытқан балаларға жұлдызша беріп мадақтау). Сонымен балалар біздің бүгінгі сауат ашу сабағымыз аяқталды.
Білім беру саласы: « Қатынас» Оқу іс - әрекет түрі: «Тіл дамыту». Тақырыбы: Әдепті бала – арлы бала Мақсаты: Білімділігі:: Балалардың коммуникативтік әдетін қалыптастыру. Жақсы мен жаман әдет қалыптарын ажырату. Дамытушылығы: Тіл байлығын, логикалық ойлау, көру, сезіну қабілеттерін дамыту. Халқымыздың салт – дәстүріне деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, кішіпейілдікке, ұқыптылыққа баулу. Көрнекіліктер: Суреттер, шаңырақ. Дидактикалық ойын «Отбасы», сыйлықтар. Әдіс тәсілдері: Әңгімелеу, ойын ойнату, тапсырмалар, көрсету.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті - Сәлем сөздің анасы, адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы. Ал балалар алдымен бір бірімізбен сәлемдесіп, жақсы лебіздерімізді білдірейікші.
- Жарайсыңдар енді балалар киіз үйге кіріп отырайық. - Бұл не? Ғажайып сәт: Тазша баланың келуі: - Сәлеметсіз бе балалар! - Сәлеметсіз бе сіз кім боласыз? - Қайдан келесіз? - Балалар біз Тазша балаға көмектесеміз бе? Суреттерді ілу, әңгімелеу. - Балалар жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Балалар суретке қараңдаршы мына бала не істеп жатыр? Құстың ұясын бұзуға болама екен? Ол жақсы балама, жаман балама? - Енді мына суретке қарайықшы. Суретте бала не істеп жатыр? - Ол жаман балама жақсы балама? - Жарайсыңдар балалар. Жақсы жаман туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Сергіту сәті: «Бас бармағым ата үйдің данасы. Балалы үйрек әке үйдің панасы Ортан түйрек әже үйдің анасы, Шылдыр шүмек шеше шаңырақтың ажары, Кішкентай саусақ бала титтей барлығының баласы.
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: ҚМҰҚ Тақырыбы: 1- ден 5 ке дейінгі сандар . Мақсаты: 1 - ден 5 - ке дейін сандар қайталау . Геометриялық пішіндерді ажырата отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Әдіc – тәсілдері: Сұрақ - жауап, Мақта қыз бен мысық ертегісінің желісі бойынша, ойындар арқылы, үлестірмелі материалдармен жұмыс. Көрнекілігі: Мақта қыз бен мысық ертегісі кейіпкерлерінің суреттері, сандар, пішіндер, суреттер.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбер: Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті, Төріме міне еніпті. - Үлкенге де “Сіз”, - Кішіге де “Сіз”, - Баршаңызды құрметтеп, - Бас иеміз “ Біз”! - Сәлеметсіз бе? - Мен сендерге «бүгінгі күндерін сәтті болсын» деймін. - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілінде неше ай бар? - Қандай айлар? - Бір аптада неше күн бар? Жылулық шеңберге тұрады. Үлкенмен де, кішімен де бас иіп, амандасады. Жылы лебіздерін бір - біріне білдіреді.
Сәлеметсіңдер ме, апайлар!
Көктем мезгілі.
3 - ай. Наурыз, сәуір, мамыр. 7 - күн.
Ұйымдастырушылық - ізденіс Тосын сый: Есік қағылады. Мақта қыз бен мысық кіреді. Екеуі ренжісіп қалған, Мақта қыздың қолында мысықтың құйрығы, Мақта қыз бен мысық балалармен амандасады. - Сендерге не болған, неге ренжісіп жүрсіңдер?
- Балалар мысық менің айтқан тапсырмамды орындау керек, әйтпесе мен оның құйрығын бермеймін.
- Балалар мысыққа көмектесеміз бе, Мақтақыздың тапсырмасын орындаймыз ба?
- Ал, енді балалар, мысықтың тапсырмасын орындау үшін ертегіні есімізге түсірейік. Мен сендерге жұмбақ айтайын соны шешсеңдер, мысық кімге баратыны табылады. Екі найзасы бар, Екі айнасы бар. Төрт жылтырмағы бар, Бір шыбыртқысы бар. - Ал, енді сиырдың тапсырмасын тыңдайық. 1 - ден 5 - ке дейін сандарды тура және кері санау.
- Енді мысық сиырдан кейін неге барады? Жазда жатсаң, Көлеңкесіне алады. Қыста жақсаң, Жаның рахат табады. - Ағаштың тапсырмасын тыңдайық. Пішіндерді атаңдар, түстерін ажыратыңдар. Мысық енді кімге барады?
Қыздардың тапсырмасы: «Сұрақ - жауап» 1. Бағдаршамның неше көзі бар? 2. Қолғапта неше саусақ бар? 3. Адамда қанша көз бар? 4. Жұлдыздың неше көзі бар? 5. Аспанда неше күн бар? 6. Бір жылда неше мезгіл бар? 7. Бір аптада неше күн бар? 8. Адамда қанша қол бар?
Сергіту сәті: Ал балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп. Алақанды соғайық, Алға қарай бір адым. Атқа қарай бір адым. Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық.
Қыздардан кейін мысық қайда барады? Дүкеншінің тапсырмасы: «Тез ойлап тап!» Есеп: Менде 5 жұмыртқа болды, біреуін жарып алдым. Менде неше жұмыртқа қалды?
- Балалар мысық тауықтан соң, кімге барады? Мен жұмбақ айтамын, шешуін табындар. Өзі егін екпейді, Егістен ұзап кетпейді. Қарны ток, қайғысы жоқ, Мысық қуса жетпейді.
Тышқанның тапсырмасы: «Санды боя» - Балалар, мысық сендердің көмегімен Мақтақыздың барлық тапсырмасын орындады. Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтарып береді. Сөйтіп екеуі дос болыпты. Балалар қонақтармен амандасады.
Ия, көмектесеміз, орындаймыз.
Сиыр.
1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санайды.
Ағаш.
Пішіндерді атайды, түстерін ажыратады.
Дүкеншіге.
Ойын ойналады.
Тауыққа.
Балалар тапсырманы орындайды.
Тышқан.
Сандардың арасынан 5 санын бояйды. Рефлексивті - түзету. Балалар бүгін біз іс - әрекетімізде қандай сандарды қайталадық? Қандай геометриялық пішіндерді еске түсірдік?
Бізге қонаққа қандай ертегінің кейіпкерлері келді? Біз мысыққа көмектесіп түгел тапсырманы орындадық па? Іс - әрекетіміз аяқталды. Сау болыныздар! 1 - ден 5 - ке дейін. Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш.
Мақтақыз бен мысық.
Күтілетін нәтиже: Біледі:. 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санай білу. Геометриялық пішіндерді білу және түстерді ажырату. Игереді :Түстер туралы ұғымы, түсінігі қалыптасады. Меңгереді : Сандарды, геометриялық пішінді және түстерін ажыратады. Зейіні, есте сақтау қабілеттері артады, ой өрісі дамиды.