kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? с?йікті ойыншы?тарым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балалар?а ойыншы?ты к?тіп ?стай білуге ?йрету. Ойыншы?тарды? атын, т?сін ж?не ?андай заттын жасал?анын ме?герту. Сурет сала білуге ?йрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мені? с?йікті ойыншы?тарым»

Білім беру саласы : Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті : Сурет

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің тақырыбы : Менің сүйікті ойыншықтарым.

Мақсаты: Балаларға ойыншықты күтіп ұстай білуге үйрету. Ойыншықтардың атын , түсін және қандай заттын жасалғанын меңгерту. Сурет сала білуге үйрету.

Мотивациялық кезең.

  • Балалар , бүгін ерекше күн 

  • Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық .

Қоңақтар: Сәлематсыздар ма қонақтар!

Балалар: Здравствуйте, гости!

Балалар: Гуд монинг гестс!

  • Балалар шаттық жеңбері арқылы қонақтарға деген құрметімізді білдірейік.

Балалар:   Үлкенгеде сіз,

                    Кішіге де сіз.

                    Баршаңызды құрметтеп ,

                     Бас  иеміз  біз!

- Балалар орнымызға орналасып , оқу іс – әрекетімізді бастаймыз.

- Балар бүгінгі ашық оқу іс – әрекетіміз: Сурет.

- Білім беру саламыз шығармашылық, тақырыбымыз : «Менің сүйікті ойыншықтарым» деп аталады.

Сұрақ  -  жауап

-  Сүйікті  ойыншықтарың  бар  ма ?    

- Қандай   ойыншықтарың    бар ?  Қандай   ойыншықты  жақсы   көресіңдер ?

- Ойыншықтарды  қалай   ұстау   керек?                           

Балалар   жауап   береді.  

  •     Балалар , мына үстел   үстінде  жатқан  заттар  не?.

  •   Ойыншықтармен    не    істейді?                                                      

  • Балалар қараңдаршы  біздің  тобымызда  ойыншықтар  өте  көп,олар   қандай 

әсем , әдемі  ойыншықтар . Балалар  мынау  қандай ойыншық?     

Балалар:  Доп.                                                                                                                                 -  доптың  пішіні  , түсі   қандай ?              

Балалар   жауап  береді .                                                                                                        

  • Доптың  қимылы қандай ? Қане бәріміз  допша  секірейікші ? Кім доп туралы тақпақ біледі?

Нұртас :    Топ –топ добым  домала

Қайда  кеттің   домалап

Бір ,екі  деп екі  ұрдым ,                                                    

Шатырға  сен  секірдің .      

-Қыз  балалар  көбіне қандай  ойыншықпен  ойнайды ?

Балалар :  Қуыршақпен .

- Дұрыс    айтасыңдар,балалар қуыршақтың әдемі   шашы  ,   әдемі   көйлегі   бар  екен.

- Қуыршақтың   көйлегінің     түс қандай? 

- Кім  қуыршақты  қалай  ұйықтайтынын   көрсетеді ? Бәріміз бірге көрсетейікші.

- Ал , ұлдар көбінесе  қандай ойыншықпен   ойнайды ?

Балалар :   Машинамен  ойнайды. Ал , біздің машинамен ойнайтын балақайлар ол туралы тақпақ біледі ма ?Қане кім біледі?

Асылан: Үлкенмін ғой міне мен ,

Ойыншықтарды жинаймын.

Машинаға мінер ем ,

Кабинаға сыймаймын.

  • Ой рахмет жарайсың.

  • Балалар  ойыншықтар  жасалуына  байланысты  бірнеше түрге   бөлінеді .Олар :

  1. Матадан жасалған .

  2. Пластмассадан .

  3. Резинадан жасалған ойыншықтар . (Балаларға ұстап көрсетіледі).

  • Балалар біз бүгін осы ойыншықтардың суретін салатын боламыз. Балалар қазір мен сендерге қалай салатынымызды көрсетемін. Балалар суретті салмас бұрын мен сендерге немен салатынымызды айтып кетемін: бұл губка және бастырмаға арналған суртеттер яғни түрлі ойыншықтардың суреттері.



Мұқият қарап отырындар. (мұғалімнің рет – ретімен салғаның көрсетеді)

  • Қане енді бәріміз сурет салуды бастайық. (Тәрбиешінің көмегімен балалар суреттерді бастырып , кейіннен гупкалар арқылы бояйды).

  • Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар, ендеше бәріміз жаттығу жасайық! Жаттығуды әрине бейне ролик арқылы көру арқылы жасаймыз және ойыншықтармен танысамыз. Біздің Қазақстан Республикасында да сапалы ойыншықтар жасайтын Қыдырәлі Болманов ағамыздың бастамасымен ашылған «Бал - бала» ойыншықтар орталығы ашылды . Сол «Бал - баланың» ойыншықтарымен бірге билеп бойымызды сергітіп алайық.

Рефлексивті корреуциялау.

Дидақтикалық ойын: «Көбелек»

  • Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіміз аяқталуға жақын. Сол себепті сендермен «Көбелек» ойынын ойнау арқылы ұйымдастырылған оқу іс – әрекетімді қорытындылағым келеді. Келісеміз ғой.

  • Ойынның шарты сендер гүлдерсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады. Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.
    - Қазір жылдың қай мезгілі?
    - Балалар, сендер балабақшада, үйде не істейсіңдер?

- Немен ойнайсыңдар?
- Қараңдаршы, біздің тобымызда ойыншықтар көп екен.
Мұндай түрлі ойыншықтар бізге ойнау үшін керек. Қане, мына ойыншықты ұстап көрейікші, қандай екен.
- Ойыншықтарды ұстап сипап көру арқылы біз олардың қандай екенін білеміз. Ойыншықтар қатты пластмассадан, бостау резинадан, жұмсақ мақтадан жасалады. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады. Сондықтан оларды ұқыпты ұстау керек.

- Біз не салдық?

- Немен салдық?

- Қандай түстерді қолдандық?

- Балалар бүгінгі сабағымызға рахмет!

- Сауболыңдар балалар,қонақтар!


Нені білуі керек: Ойыншықтарды.

Нені игерді:Ойыншықтарды , оларды топтастыруды.

Нені үйренді: Ойыншықтарды сала білуді





















Ашық ұйымдастырылған

оқу іс – әрекеті



Білім беру саласы : Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті : Сурет

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің тақырыбы : Менің сүйікті ойыншықтарым.

Өткізген: Бегімсал Гүлдана













2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мені? с?йікті ойыншы?тарым

Автор: Серикбаева Айсауле Уразовна

Дата: 06.06.2016

Номер свидетельства: 332912


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства