kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Менің балабақшам"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша тақырыбы балаларға өзе ұнайды.Ұйымдастыру іс-әрекеті арқылы  балалбар өз ойларын жеткізе алды.Ойын,әнгіме,сұрақ-жауап арқылы тақырыпты менгеріп алды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Менің балабақшам"»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:04.09.2017

Білім беру саласы:

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Қуыршақ бізге қонаққа келді

Мақсаты:Ортанғы топ: Балабақшадағы қуыршақтарды күтіп ұстауға дағдыландыру,әңгіме құрастыруға үйрету.

Ересек топ: Қуыршаққа балабақшаны таныстыру, бөлмелерін ажырата білуге үйрету.

Міндеттері:Ортанғы: Балабақша туралы түсінік беру

Ересек топ: Байланыстырып сөйлеуге дағдыларын жетілдіру

Билингвальді компонент:Қуыршақ-кукла;қонақ-гость,a;

Полингвальді компонент: Қуыршақ-кукла,doll;қонақ-гость,a quest;

Көрнекі құралдар:Ұлттық көйлек киген қуыршақ,

Әдіс-тәсілдері:Әнгімелесу,сұрақ-жауап.

Кіріспе

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілейміз біз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

-Балалар, енді «жақсы сөз жарым ырыс» дегендей жақсы тілекпен бүгінгі іс-әрекетімізді бастайық.

(Есік тоқылдататы).

-Ой, балалар, тыңдаңдаршы бұл не дыбыс, көрейікші кім екен?

Ұлттық көйлек киген қуыршақтың қонаққа келуі.

Қуыршақпен сәлемдесу.

Негізгі бөлім

Балалар, бұл қуыршақтың есімін сендер білесіңдер ме?

-Олай болса, қуыршақтың өзінен сұрап көрейікші.

-Балалар, қуыршақ есімін айтқысы келмесе, онда бәріміз бірге оның есімін қояйық.

-Кәне, кімнің қандай есім қойғысы келеді?

-Қуыршақтың есімін қойғанда оның есімі де атына заты сай әдемі есім болуы керек. Мысалы: «Сұлушаш», «Кәмшат», «Қарашаш»

-Қуыршақтың есімін қойдық. Енді қонаққа келген қуыршағымызды жоғары шығарайық.

-Кәне, бәріміз бірге: Төрлетіңіз.

-Енді Сұлушаш қуыршағымызға тоқталайық.

-Сұлушаш сендерге ұнады ма? Несі ұнады?

(Шашы, көйлегі, сырғасы, бөркі, камзолы, үкісі).

-Сұлушаштың шашы қандай?

(Қою қара шашты)

-«Қою қара шашты» деген «шашы қалың» дегенді білдіреді.

-Ол шашын қалай жинап алыпты?

(Қос бұрымды).

-Көздері қандай?

(«Қарақат көзді» қарақат көзді деген қарақат жидегіндей мөлдіреп тұр дегенді білдіреді).

-Ал Сұлушаштың көйлегі қандай?

(Бүрмелі, қазақтың ұлттық көйлегі)

Сұлушаштың бөркіне тоқталу.

-Бөрік киімнің қай түріне жатады?

Бөріктің төбесінде үлпілдеп тұрған несі?

-Бөріктің төбесіндегі үкісі неден жасалады?

Дидактикалық ойын: «Өз орнына орналастыр».

Мақсаты: Балаларды суретке қарап әңгімелей білуге үйрету.

Шарты: Үкі туралы әңгімелейді және үкінің қауырсынын керекті затқа орналастырады.

Үкі-орман құсы.

Үкінің жүні үлпілдек.

-Енді бәріміз үкінің дыбысын салайықшы.

«Қуыршақ» өлеңін оқып беру.

Сөйлемейсің сен неге,

Тілің жоқ па, қуыршақ?

Жуынбайсың сен неге,

Кірің жоқпа қуыршақ?

Аяғың бар ма, сен неге,

Жүре алмайсың, қуыршақ?

Жұмсағанда сен неге,

Тіл алмайсың, қуыршақ?

Біз күлгенде күлмейсің,

Аңқаусың ба, қуыршақ?

Бізбен бірге жүрмейсің,

Жалқаусың ба, қуыршақ?

(Р. Тышқанбаев)

Қортынды

Балалар, Сұлушаш қуыршағымыз бізден біраз нәрсе үйренген сияқты. Өйткені ол күлімсіреді. Енді ол үйренген жаңа, ізгі сөздерді достарына айтсын! Қонағымызды шығарып салайық. Қонаққа қоштасарда қандай ізгі сөз айтамыз?

+

-




































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:11.09.2017

Білім беру саласы:

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Менің достарым

Мақсаты:Ортанғы топ: Өзінің достары туралы әңгімелеуге үйрету.Сұраққа толық жауап беруге

Ересек топ: Сөйлемді толық құруға,етістік сөздерді қолдана білуге үйрету.Достар тақырыбына әңгіме құрастыру.

Міндеттері:Ортанғы: Сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру

Ересек топ: Тілдік дыбыстық компонентін жетілдір. Сөздік қорларын, мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту.

Билингвальді компонент:Дос-друг,достық-дружба

Полингвальді компонент: Дос-друг-friend,достық-дружба-frindship

Көрнекі құралдар:Кітап, көрнекі суреттер

Әдіс-тәсілдері:Әнгіме,түсіндіру,ойын,сұрақ-жауап.

Кіріспе

Ал балалар сендер өмірдегі сырды, бөлісетін, әркез қасымызда бірге ойнайтын, көмектесетін, қиын кезде қастарыңнан табылатын кім?

Досымыз

Жарайсыңдар, ол- «ДОС». Дос дегеніміз- арқа сүйер адамың. Балалар айтыңдаршы сендердің достарың бар ма? Мадина айта қойш қандай достарың бар? Рауана сенде ше?

(балалардың жауабы)

Демек досты ешқашан сатпау керек, бірге күліп, бірге ойнау керек, сыйлап қадірлей білу керек. Балалар сендерге ертегі ұнайма?

Иа

Негізгі бөлім

Ендеше сендерге «Дос іздеген Бота» деген ертегіні айтып берейін.

«Ерте, ерте, ертеде боталы Түйе болыпты.» (ертегі айтылады) Балалар ертегі ұнады ма?

Иа

Сонда достық адамның кейіпінен емес, түсінен емес, жүрек қалауымен болады екен.

Не түсіндіңдер ертегіден?

(балалардың жауабы)

Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

«Жүз ақшаң болғанша,

Жүз досың болсын»

«Доссыз адам,

Тұзсыз тағам» дейді. Сол себепті дос өмірдегі керек адам.

Ересек топ:Ойын: «Досыңа көмектес»

Шарты: кубиктерді бірінен соң бірі жерге койып арасы 30 см, екі топқа бөлініп, кубиктердің үстімен жүріп өту керек. Кубиктерден өтіп келе жатқан екі жақтың балалары бір- бірін құлатпай қолдарынан ұстап өтеді. Ойын 2-3 рет ойналады.

Сергіту сәті:

Досым, досым жан досым,

Неге сонша шаршадың.

Кане ұста қолымнан,

Секір, секір, секірші,

Бір серігіп аларсың!

Қортынды

Балалар біздер бүгін кім туралы өттік?

Достық керек пе?

(балалардың жауаптары)

+

-



















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:18.09.2017

Білім беру саласы:

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі.

Мақсаты:Ортанғы топ: Үлгі бойынша балалардың ойыншығын сипаттай білуге үйрету.

Ересек топ: Ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету. Қандай? Сұрағына жауап беруге және жалғау, жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға үйрету.

Міндеттері:Ортанғы:. Балаларды ойыншық түрлерімен таныстыру

Ересек топ: Балалардың тілін дамыту, сөздік қорын кеңейту. Ойыншықтарды күтіп, сақтауға тәрбиелеу

Билингвальді компонент:ойыншықтар-игрушки;доп-мяч;қуыршақ-кукла

Полингвальді компонент: ойыншықтар-игрушки,a toy;доп-мяч,ball;қуыршақ-кукла,doll

Көрнекі құралдар:Ойыншықтар.

Әдіс-тәсілдері:Әнгіме,сұрақ-жауап,ойын

Кіріспе

Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Балалар мынау қандай ойыншық?

- Доптың пішіні қандай?

- Түсі қандай?

- Доптың қимылы қандай?

- Қане бәріміз допша секірейікші?

Кім доп туралы тақпақ біледі?

Доп.

Добым менің домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің.

Тарелканы сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмыз сені тепкілеп.

Негізгі бөлім

Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?

- Дұрыс айтасыңдар. Қуыршақпен

Ал мына қуыршақ бізбен амандасқысы келіп тұр. Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен.

Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай? Қуыршақ қалай жүреді?

- Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді?

- Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?

Машинамен ойнайды.

- Ал машинаның түсі қандай?

Кім машина туралы тақпақ біледі?

Машина.

Үлкенмін ғой міне мен,

Ойыншықтарды жинаймын.

Машинаға мінер ем,

Кабинаға сыймаймын. Сендердің үйлеріңде қандай ойыншықтарың бар? (Балалардың жауабы).

- Ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Жұмсақ, қатты, резиналы. Көрмеге темірден, ағаштан, пластмассадан және матадан жасалған ойыншықтар қойылады. Бір ойыншықты біз ойыншық дейміз. Ал, көп ойыншықты қалай атаймыз? (Балалардың жауабы).

Балалар біз бұл ойыншықтарды қолымызбен ұстап, сипау арқылы оларды қандай екенін білеміз. Балалар қане есімізге түсірейікші, ойыншықтар қандай заттардан жасалады.

Тосын сәт:

Ән әуенмен күлдірген топқа кіріп балалармен амандасады. Балалар мен сендердің ойыншықтар туралы айтып жатқандарыңды естіп келдім. Менің сендерге тапсырмаларым бар, егер де сендер сол тапсырмаларды орындасаңдар, мен сиқырлы таяғыммен сендердің тілектеріңді орындаймын. Ал ендеше тапсырмамды орындауға дайынсыңдар ма?

Балалар сендердің алдарында үш арал жатыр. Мына ойыншықтарды сол аралдарға орналастырамыз. Бүл аралдар жәй аралдар емес, сиқырлы аралдар. Осы аралдан басқа ортада көп ойыншықтар бар, олар өз аралдарын таба алмай жүр екен, сендер осы ойыншықтарды сапалары бойынша әр аралға орналастырасыңдар

1 - Матадан жасалған

2 - пластмассадан

3 - Резинадан жасалған ойыншықтар. Сипаттама беру.

Өте жақсы балалар сендердің көмектеріңмен барлық ойыншықтар өз аралдарын тапты.

Күлдірген: Балалар қандай керемет сендер барлық ойыншықтарды өз аралдарына орналастырдыңдар.

Балалар сендер тапқыр, білімді екенсіңдер, мен сендермен ойын алып келдім,

Ойын: «Ғажайып қоржын» атты ойын ойнаймыз. Ойынның шарты бойынша көздеріңді жұмып қоржыннан кез - келген ойыншықты аласыңдар. Алған ойыншықтарыңның атын, неден жасалғанын, түсін, қатты, жұмсақ екенін айтып, жақсы мейірімді тілек білдіресіңдер. Мысалы, мен ойыншықты сындырмай таза ұстаймын. Ол менің сүйікті ойыншығым болады.

Қортынды

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.Балалар біз бүгін не жайында айттық?топтағы ойыншықтарды атап беріңдерші?Олар қандай заттардан жасалынады екен?

+

-

























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:25.09.2017

Білім беру саласы:

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Қуыршақтың бөлмесі

Мақсаты:Ортанғы топ: Балаларды жиһаздардың атауын дұрыс атай білуге жаттықтыру

Ересек топ: Сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру

Міндеттері:Ортанғы: Жиһаздар жайлы мәлімет беру.

Ересек топ: Естте сақтау қабілеттерін арттыру

Билингвальді компонент:Үстел-стол,орындық-стул,керует-кравать,шкаф-шкаф.

Полингвальді компонент: Үстел-стол,орындық-стул,керует-кравать,шкаф-шкаф.

Көрнекі құралдар:қуыршақ жиһаздары,Қуыршақ

Әдіс-тәсілдері:Әнгіме,сұрақ-жауап,ойын

Кіріспе

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінің қай айы?

-Балалар күз мезгілінде ауа райы қандай болады?

Дұрыс айтасыңдар!

-Балалар , назарымызды мына тақтадағы суреттерге қарайықшы.

-Ненің суретін көріп тұрсыңдар.

-Балалар бұл заттар әрқайсымыздың үйімізде бар ма?

-Дұрыс айтасыңдар , бұл заттар барлық үйде болады.

-Мысалы: Шкаф-киім жинау үшін керек

Диван, төсек- жату үшін керек.

Үстел,орындық – тамақ ,шәй ішу үшін керек.

-Балалар көрдіңдер ме әр заттың өзіне тән қызметі болады екен.

-Балалар бұл зхаттарды жалпы айтқанда жиһаз дейміз.

-Ал орысша баламасын мебель деп атаймыз.

-Қанекей бәріміз бірге қайталайықшы.

(Осы кезде есікті ашып мұңайған қуыршақ келеді)

-Балалар бізге қонаққа қуыршақ келді ,қанекей бәріміз бірге амандасайықшы!

-Қуыршақ сен неге мұңайып тұрсың?

-Қуыршақ сен мұңайма біз саған көмектесеміз.

-Балалар қуыршаққа көмектесеміз бе?

-Қуыршақ сен қоян мен қонжықтың үйіне қонаққа барып кел жарай ма?

-Балалар қуыршаққа өдемі бөлме жасап беру үшін жиһазды қайдан аламыз.

Негізгі бөлім

Балалар сендердің ата-аналарың жиһазды қайдан сатып өкеледі?

-Олай болса бәріміз дүкенге барамыз ба?

-Олай болса балалар жүріңдер.

-Балалар мынау дүкен, біз осы жерден жиһаздар сатып аламыз.

-Сәламетсіз бе,сатушы апай.

-Балалар қуыршаққа арнап бөлме жасамақшы, соған әдемі жиһаз сатып алуға келді.

Сатушы апай сізге көп рахымет.Сау болыңыз, саудаңыз жүрсін.

-Балалар қуыршақтың бөлмесіне жиһаздарды орналастырайықшы.

-Балалар бөлмелерің өте әдемі болды.

-Енді қуыршақты бәріміз бірге шақырайықшы.

-Иә, балалар саған арнап жиһаз өкеліп әдемі бөлме жасап қойды.

-Балалар қуыршаққа бөлмесін көрсетеміз бе?

-Қуыршақ саған бөлме ұнады ма?

Сергіту сәті

Оңға қарай бір қадам ,

Солға қарай бір қадам.

Отырамыз , тұрамыз,

Жәй жүгіріп аламыз.

Қортынды

«Кубизм»

Шарты:Шаршыны лақтырып түскен суретті айтып береді.:

Қуыршақ рахмет саған балалар риза болдып қалды

Балалар қуыршақпен қоштасайықшы.

+

-













































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:2.10.2017

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: "Отбасы"(әңгіме т/д,ә/қ.ар 26 бет

Мақсаты:Ортанғы топ: Сөздерді септік жалғаулы, көпше және жекеше түрде дұрыс айта білуге үйрету

Ересек топ: Отбасы, отбасы мүшелерінің туыстық қатынасы туралы әңгімемелеуге үйрету.

Міндеттері:Ортанғы: Әңгімелеу арқылы жалғауларды дұрыс қолдану икемділігін арттыру

Ересек топ: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Отбасы мүшелеріне сүйіспеншілік сезімдерін ояту, сыйластыққа тәрбиелеу

Билингвальді компонент:Отбасы-семья ;ана-мама ;әке-папа ;

Полингвальді компонент: Отбасы-семья-a family;ана-мама-mother;әке-папа-fater;

Көрнекі құралдар: Отбасы суреттері, қуыршақтың киімдері.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ - жауап, сергіту.

Кіріспе

Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.

Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.

Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?

- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.

- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.

Жұмбақ: Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.

Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар? (отбасы)

Негізгі бөлім

Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен

- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.

Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?

- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

Отбасы туралы әңгімелеу.

Ойын: " Мынау кім?"

Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.

Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.

Сергіту жаттығуы: Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң - тозаңды қуамын.

Ойын сұрақ: " Көңілді доп"

- Отбасы мүшесін ата.

- Отбасында кімді жақсы көресің?

- Отбасында кімге сыйлық жасайсың?

- Анаңа қалай көмектесесің?

- Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба?

- Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың?

- Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?

- Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы

Билингвальді компонент:Отбасы-семья ;ана-мама ;әке-папа ;

Полингвальді компонент: Отбасы-семья-a family;ана-мама-mother;әке-папа-fater;

Үстел үсті ойыны:

"Қуыршақты киіндіреміз"

Мақсаты: балаларды адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Шарты: қатты қағаздан қиылған қуыршақ макетін киім үлгісімен киіндіру.

Балалардың жұмысын мадақтау.

- Балалар, қуыршаққа өте жақсы киімдерін киіндіре білдіңіздер, адамгершілік, мейірімділік қасиеттеріңізді көрсете білдіңіздер.

- Өте жақсы балалар.

Қортынды

Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Бәріміз бірге отбасымызға тілек сөздер айтып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!

+

-



































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:09.10.2017

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Бағдаршам

Мақсаты:Ортанғы топ: Жаттау арқылы дыбыстардың нақты артикуляциясын дұрыс айта білуге үйрету

Ересек топ: Мнемотехника арқылы шағын өленді жатқа айтуға үйрету.

Міндеттері:Ортанғы: Бағдаршам туралы түсініктерін дамыту.

Ересек топ: Балалардың сөздік қорын кеңейту.Жол қауіпсіздік ересжесін сақтай білуге тәрбиелеу

Билингвальді компонент:Бағдаршам-светафор;жасыл-зеленый;сары-жолтый;қызыл-красный;

Полингвальді компонент: Бағдаршам-светафор-traffic light;жасыл-зеленый-green;сары-жолтый-yellow;қызыл-красный-red;

Көрнекі құралдар:Көрнекі суреттер,муляж бағдаршаммның,бинетаспа

Әдіс-тәсілдері:сұрақ жауап,әнгімелесу,ойын

Кіріспе

«Көшеге» саяхат. Балабақша маңындағы көшеге серуенге шығып , ондағы жолдарды, көліктерді адамдарды көрсетіп, балалармен әңгімелеседі.

Негізгі бөлім

Тақтадағы суреттерді көрсете отырып, көшедегі жолдар ұзын, қысқа, кең және өте әдемі болатынын түсіндіреді.

- Көліктер қайда жүреді?

-Жолдар қандай болды?

- Көшеде тағы нелер бар?

- Қандай көлік түрлерін көріп тұрсыңдар?

- Жұмбақ жасыру:

Жасыл көзі жүр дейді,

Қызыл көзі тұр дейді.

Сары көзі дайын бол дейді

-Қимылдық ойын: «Түрлі-түсті автомобильдер»

Шарты: балалар үш топқа бөлініп (қызыл,көк,жасыл), оларды түрлі шеңберге орналастырады. Олар машина жүргізушілер. Тәрбиеші қолына қағаздан жасалған бағдаршам көздері сынды картонды алады. Жасыл түсті дөңгелекті көтергенде, балалар бөлме ішінде бірін-бірі қақпай-соқпай машина болып гүрілдеп, әрлі-берлі қозғалады. Ал , қызыл картон дөңгелекті көтергенде машиналар оқтайды. Сары түсті көрсеткенде айналасына қарап, жүруге дайындалады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Біздер жолға шығайық.

Ұзын,қысқа жолдарды

Біліп біздер алайық.

Оң жақта да, сол жақта да,

Биік үйлер бар екен.

Ересек топ:Дидактикалық ойын: «Бағдаршам».

-Тәрбиеші «қызыл» түсті көрсеткенде,

-«сары» түсті көрсеткенде,

-«жасыл» түсті көрсеткенде

Билингвальді компонент:Бағдаршам-светафор;жасыл-зеленый;сары-жолтый;қызыл-красный;

Полингвальді компонент: Бағдаршам-светафор-traffic light;жасыл-зеленый-green;сары-жолтый-yellow;қызыл-красный-red;

Ортанғы топ:Ойын: «Дұрыс-бұрыс» ойыны

Балалар дұрыс жауапқа қолдарын шапалақтайды.

Көшеден өткенде солға оңға қараймын.

Көшенің ортасында доп ойнаймын.

Жол ережесін сақтаймын.

Бағдаршамның сары көзі жанғанда дайындаламын.

Жасыл көзі жанғанда жүремін

Дид. Ойын:

«Бағдаршам көздерін ретімен қой»

Қортынды

Табылдиевтің «Бағдаршам» өлеңін жаттау.

Қызыл көзін ашқанда, аяғынды баспа алға.

Сары көзін ашқанда, қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда, жүре бергін жасқанба.

Ұйымдастырған оқу іс-әрекетіне араласқан балаларды мақтап, мадақтау

+

-








































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:16.10.2017

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Мен үйдемін.«Асханадағы ереже»

Мақсаты:Ортанғы топ: Шағын шығарманы жаттап алуға үйрету. Қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін қалыптастыру

Ересек топ: Балаларға үйдегі қауіпсіздік іс шараларын түсіндіру.

Міндеттері:Ортанғы: Қауіпсіпсіздік ережелерін балалардың естеріне салып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ересек топ: Үйдегі қауіпсіздікті түсіндіру. Қауіпсіздік ересжесін сақтай білуге тәрбиелеу

Билингвальді компонент:Асхана-сталовая,ереже-правила.

Полингвальді компонент: Асхана-столовая-canteen,ереже-правила-rules.

Көрнекі құралдар:Суреттер

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ жауап,әнгіме.

I. Кіріспе

«Тік жүрсең,тоқ жүресің»Балаларға қауіпсіздік ережелері жөнінде тақпақ оқуды ұсынады

Бала үйде жалғыз қалғанда не істейтіндіктері туралы айтады.

Қалған балалар оның іс-әрекетінің дұрыс,бұрыс екеніне баға беріп өзінің бұл жағдайларда не істейтінін айтады.

-Ал,балалар келіңдер

Бой жазайық біріміз

Мойнымызды бұрамыз

Қолымызды созамыз

Аяқтармен топ-топ басып

Орнымызға барамыз.

-Балаларға сіріңке жағу қауіпті!

II Негізгі бөлім

Газ-өте қауіпті!

-Есікті бөтен адамдарға ашуға болмайды!

-Электор приборларын балаларға іске қосу –қауіпті!

Мақалды талдап, мағынасын түсіндіреді,өз ойларын ортаға салады.

-Үйде қолға өткір пышақ ұстама

Орнына қой кездескенде жай ғана

Инені де ұстағанда лақтырмай

Сөреге қой лақтырмай сол қалпында

Билингвальді компонент:Асхана-сталовая,ереже-правила.

Полингвальді компонент: Асхана-столовая-canteen,ереже-правила-rules.

Қайшыны да алсаң,қой сен орнына

Сонда ғана қолдарыңды жарақаттап

алмайсыңдар

Кенеттен ыңғайсыз жағдайда қалмайсыңдар


III Қортынды

Д/о «Нені білдім,нені көрдім?»

Тәрбиеші ұйымдастырылған іс-әрекет бойынша сұрақ –жауап жүргізеді.

Оқу іс-әрекеті барысында белсенді болған балаларды мадақтайды.

Балалар пышақтың,иненің, қайшының,шанышқының,кнопканың ұштарын бақылап көреді,неге ұстауға болмайтынын дәлелдейді.

-Шанышқыны абайлап,тілге, ауыз қуысына тигізіп алмай қолдану керек.

-Қайшыны дұрыс ұстамасаң көзге кіріп кетуі ықтимал...

-Балалар сұрақтарға жауап береді.

+

-








































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:23.10.2017

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Алтын күз(Сурет боынша әнгіме)

Мақсаты:Ортанғы топ: Сөздік қорларын күз туралы көркем сөздермен байыту; диалогтік сөйлеуін дамыту.Ересек топ: Сурет бойынша әңгімелей білуге үйрету.

Міндеттері:Ортанғы: Сөздік қорды байыту және дамыту

Ересек топ: Тілдің дыбысталу мәдениетін жетілдіру.Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Билингвальді компонент:Алтын күз- золотая осень,көкеніс-овощи,жеміс-фрукты.

Полингвальді компонент: Алтын күз- золотая осень-golden autumn,көкеніс-овощи-vegetables,жеміс-фрукты-fruit

Көрнекі құралдар: Күз көрінісі бейнеленген суреттер, жеміс-көкөністер, үнтаспа.

Әдіс-тәсілдері:Үсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын,сұрақ- жауап.

Кіріспе

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?

- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.

Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)

-Күз мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға келе жатырсыз.

Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір кезде жаңбыр жауып кетеді. Адамдардың кейбіреуі қолшатыр ұстап барады.

-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.

Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.

Негізгі бөлім

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалардың тақпақтарын тыңдау.

Суреттер бойынша әңгіме құрастыру( сұрақ-жауап арқылы)

Ғажайып сәт: - Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?

Есікті қағып «Алтын күз» кіреді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Сәлеметсіз бе, балалар бізге «Алтын күз» келіп қалыпты.

-«Алтын күз»: - Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар

Билингвальді компонент:Алтын күз- золотая осень,көкеніс-овощи,жеміс-фрукты.

Полингвальді компонент:

Алтын күз- золотая осень-golden autumn,көкеніс-овощи-vegetables,жеміс-фрукты-fruit

- Күзде құстардың бәрі бірдей ұшып кетеді ме?

-Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық.

( Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру)

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа.

Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Қортынды

Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина»

Ойынның шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау.

+

-



































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:30.10.2017

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Өзім туралы

Мақсаты:Ортанғы топ: Балаға өзі туралы мәлімет айтуға, шағын әңгімені тәрбиешінің көмегімен құрастыруға үйрету.

Ересек топ: Сұрақтарға жауап беру арқылы тілдегі дыбыстарды дұрыс айту біліктерін жетілдіру. Сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Міндеттері:Ортанғы:Өзінің дене бөліктерін(көз, қол, бас, аяқ,ауыз,құлақ

және т.б.) ажыратып атауға және оларға қатысты қимылды білдіретін сөздерді айтуға үйрету. Өз-өзіне қызмет ету машықтарын дамыту

Ересек топ: Тілдің дыбысталу мәдениетін жетілдіру.Сөздік қорды байыту және дамыту

Билингвальді компонент:. Ұл-мальчик, қыз –девочка, қол-рука, аяқ-нога

Полингвальді компонент: Ұл-мальчик-boi, қыз –девочка-girl, қол-рука-arn, аяқ-нога-leg

Көрнекі құралдар: денемүшелерінің суреттері, слайд.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

I.Кіріспе

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз

Сәлемет пе! Міне мен!

Доспын енді сенімен.

Балаларды шеңбер бойында тұрғанда сұрақтар қойылып әңгіме

жүргізіледі. Кімнің жанында кім тұрғанын сұрау, ұл немесе қыз екендерін айту.

II.Негізгі бөлім

Балалар, ұл, қыз бала туралы біледі

екенсіңдер. Ал өздеріңнің дене мүшелерің туралы білесіңдер ме?Бүгін  біз өзіміз және өзіміздің дене мүшелеріміз

туралы толықтай ақпарат аламыз.

- Балалар, алдарында тұрған айнаны алыңдар, не байқадыңдар?

Кімді көрдіңдер?

- Ал, енді бастарыңды алдыға, артқа, оңға, солға қозғалтып

көріңдерші, қозғала ма?

- Демек, басты не қозғалтып тұр?

Яғни біздің басымыз мойында орналасқан екен.

- Енді мен қазір допты

лақтырамын,

сендер қағып алуға тырысыңдар. (педагог допты жоғарыға лақтырғандай қимыл жасайды,

бірақ лақтырмайды).

- Сендер допты қағып

алу үшін не

істедіңдер?

- Яғни қол бізге не үшін керек екен?

- Енді үстелдің үстінде тұрған дәптерді

Серггту сәті:

Екі бала қатар тұрса да,

Бірін –бірі көрмейді.(Көз)

-Алқапта бар биiк тау,

Алды тiк жар қиық тау.

Қос үңгiрi желдетiп,

Ауа жұтар селдетiп.    (Мұрын)

-Бір нәрсе жегеніне  тіпті қоймас

-Адамның ол нәрсесіз күні болмас

Жіберсе қарап қалар жердің бәрі

Кішкене болса-дағы кемдік қылмас (Ауыз)

III.Қортынды

Балалардан

бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін

сұрайды. Өздеріне дене мүшелері не үшін қажет екендігін сұрап

қорытындылайды


+

-










































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Менің балабақшам"

Автор: Жунусова Ляйлым Жанаевна

Дата: 06.12.2017

Номер свидетельства: 442469

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(207) "Білім беру саласы: «Коммуникация» Пәні: Көркем әдебиет Өтпелі тақырып: «Балабақша» Тақырыбы: Сүйікті Балабақшам!"
    ["seo_title"] => string(80) "bilim_beru_salasy_kommunikatsiia_p_ni_korkem_debiet_otpeli_takyryp_balabaksha_ta"
    ["file_id"] => string(6) "546273"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1586687753"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Балабақшам - менің екінші үйім."
    ["seo_title"] => string(33) "balabak_sham_mienin_iekinshi_uiim"
    ["file_id"] => string(6) "435919"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509520831"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Сценарий детского праздника "Қош бол, Балабақшам!""
    ["seo_title"] => string(49) "stsenarii_detskogo_prazdnika_kosh_bol_balabaksham"
    ["file_id"] => string(6) "482875"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1540963968"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Қош бол сүйікті балабақшам!"
    ["seo_title"] => string(30) "k_osh_bol_suiikti_balabak_sham"
    ["file_id"] => string(6) "403865"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1490630763"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Ерте?гілік "?ош бол, с?йікті балаба?шам""
    ["seo_title"] => string(38) "iertienghilikkoshbolsuiiktibalabaksham"
    ["file_id"] => string(6) "310433"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459014962"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства