Просмотр содержимого документа
««Мені? Отаным-?аза?стан» »
Абильтаева Г.Ж.
Тәрбиеші, Қарағады қаласы
Тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан» Бағдарламалық мазмұны: Үйретушілік: Балалардың өзінің туған Отаны, елі, тұңғыш елбасын атай білуге үйрету
Дамытушылық: Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңбері»
- Армысың, қайырымды Аспан ата!
— Армысың, мейірімді Жер – ана!
— Армысың, шұғылалы Алтын күнім!
— Армысың, тәуелсіз елім менің!
— Біз аспаны ашық, сәулелі,кең,байтақ елде тұрамыз. Ол ел –Қазақстан.
Қазақстан қандай мемлекет?
— Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады ?
Ту, елтаңба, әнұран. — Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?
Тудың түсі көк, шетінде ою-өрнек, ортасында күн және қыран құс.
— Ел таңбамызда ненің бейнесі бар ?
Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар биік арманның қайраттың нышаны. Жұлдыз – жұлдызымыз жарық болсын дегенді білдіреді. -Қазақстан Республикасының Президенті кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
-Астана Қазақ халқы қандай халық?
-Ал, балалар Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? (слайд) — Балалар Отан туралы қандай тақпақ жаттадыңдар?
- Денис, сенің туған жерің қай жер? - Менің туған жерім Қазақстан Республикасы. - Дұрыс айтасың. Денис, сен қалада тудың? - Мен Қарағанды қаласында тудым. - Балалар, Қарағанды қаласы қандай? - Біздің туған жеріміз Қарағанды қаласы, ол біздің кіші Отанымыз. Адамның үлкен Отаныда, кіші Отаны да болады Біз кіші Отанымыз деп Қарағанды қаласын айтамыз. Мінекей, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Отан. (слайд) «Кім көп сөз біледі?» ойынын ойнайық! Әр бала «Отаным» деген сөзді қолданып, сөйлем айтады. Осы сөзден сөздер құрастыру керек. Балалар, сендер Отан туралы тақпақ білесіңдер ме? (Тақпақтар айтылады)
Отан – адамның туып-өскен жері. Қазақстан Республикасы. Балыққа – су, құсқа – ауа, жануарға – орман, дала, тау қажет. Ал адамға Отан керек. Табиғатты қорғау дегеніміз – Отанды қорғау. Адамның кіші Отаны да болады. Ол – тұрған үйі, ауласы, көшесі, ауылы, мектебі, достары, көршілері. Отанды сүйе білген адам бақытты. Отанды сүю отбасынан басталады. Сергіту сәті Биік, биік таулары бар, Орманы бар, көлі бар. Кең даласы құлпырған, Отанымыз Қазақстан! Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер. 1.Отан деген не? 2.Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны? 3.Қандай адам бақытты? 4.Отанды сүю неден басталады? Тәрбиеші: Балалар, сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтыңдаршы. Балалар бүгінгі сабақта не жайында әңгімелестік? Біздің Отанымыз. Біз Отанның бір мүшесіміз. Біз өте татумыз. Жүректен жүрекке шеңбері. Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам боп шығармыз. Бізді жақтап отырған, Сендерге де мың алғыс! Балалар орындарына отырады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Отан туралы түсініктері
Қандай түсініктерді игерді: Отаны жайлы өз ойымен, білгендерімен бөлісе алуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тапсырмаларды, ойын шартын нақты орындап, өз Отанын сүйе