Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық» Оқу қызметі: Жаратылыстану, Сурет салу
Тақырыбы: «Мені қызықтыратын жануар және үй құстары»
Мақсаты: Үй құстарының тіршілігі туралы түсінік беру. Олардың көбеюі, адамға әкелетін пайдасы туралы айта отырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд арқылы көрсету.
Қажетті құрал-жабдықтар: Жұмыс дәптері, акварельді бояу, қылқалам, қарындаш.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Мені қызықтыратын жануар және үй құстары»»
МКҚК «Болашақ» бөбекжай-балабақшасы
Танымдық ащық оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: «Мені қызықтыратын жануар және үй құстары»
Ортаңғы «Шаңырақ» тобының тәрбиешісі:Азаматова Айдана Серікқызы
Мақат 2017ж
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық» Оқу қызметі: Жаратылыстану, Сурет салу Тақырыбы: «Мені қызықтыратын жануар және үй құстары» Мақсаты: Үй құстарының тіршілігі туралы түсінік беру. Олардың көбеюі, адамға әкелетін пайдасы туралы айта отырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Слайд арқылы көрсету. Қажетті құрал-жабдықтар: Жұмыс дәптері, акварельді бояу, қылқалам, қарындаш.
Шаттық шеңбері:
Біздер жақсы баламыз, Өсті ақыл санамыз. Қонақтармен ең алғаш, Амандасып аламыз. Сәлеметсіздер ме?
-Балаларға қораз бен тауықтың суретін көрсетіп, олардың дене бітімі, ұқсастықтары мен ерекшілігі туралы сұрақтар қоямын. -Балалар тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.
-Балалардың жауабын тыңдап болғаннан кейін қосымша ақпарат беремін.
-Балалар, сендер білесіңдер ме, қораз бен тауық бірнеше жылдар бұрын жабайы құс деп аталған. Адамдар олардан өнім алу үшін асырап, үй құстарына айналдырып алған. Қораз бен тауықтың өзінің бірнеше түрі болады. Олардың көпшілігін адамдар етін, жұмыртқасын жеу үшін және мамықтарынан жастық т.б. тұрмысқа қажетті заттар жасау үшін өсіреді. Сол себепті оларға жемін беріп, қорасын жасап, өнімді көп беру үшін жағдай жасайды.Дегенмен де олар суыққа төзімді болып келеді.
-Олар жемді қалай жейді? -Жем, тары, бидайды шоқып жейді.
-Қораз бен тауықтар басқа құстар сияқты дыбыс шығарады.
Кәне, есімізге түсірейікші, қораз қалай дыбыстайды? -«Ку-ка-ре-ку» дейді.
-Ал, тауық ше? -Қыт – қыттайды.
-Тауықтың өзі он шақты дыбыс шығарады екен. Олар өздеріне қауіп төнгенін сездіру үшін, балапандарын қорғау үшін, балапандарын өздеріне шақыру үшін де дыбыс шығарады. Оларды дауыстарының қатты, бәсең шығуынан байқауға болады. -Балалар, балапан қандай дыбыс шығарады екен? -«Шиқ-шиқ» дейді.
-Балапанды басқа жыртқыш құстар мен ит, мысық жеп кетпеу үшін оны қорғау қажет екен.
-Сонымен балалар, үй құстарынан бөлек, қандай үй жануарларын білесіңдер? -Балалар жауап береді.
-Енді алдымыздағы жұмыс дәптерімізге назар аударайық.
-Не көріп тұрмыз?
-Қойдың төлін қалай атаймыз? -Қошақан. -Енді сол қошақанның бөліктерін келесі бетке бейнелейік. -Балалар кіріседі.
-Біздің салып жатқан қошақанның пішіні қандай ? -Сопақша.
Сергіту сәті (слайд бойынша) -Балалар қимылмен жасайды.
-Балалар енді бүгінгі ұйымдастырылған оқу-қызметімізді қорытындылай келе, біз бүгін қандай үй құстары мен үй жануарларына тоқталдық? –Қане айтайықшы? –Біз бүгін ненің суретін салдық? Балалардың жұмыстарын мадақтау.
Біледі: Үй құстары мен үй жануарлары туралы, сипаттап беруді;
Игереді: Қораз, тауық, балапан және қошақанды танып, тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы;
Меңгереді: Қораз, тауық, балапан және қошақанның адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды және қамқорлық жасауды.