Просмотр содержимого документа
««Мені дұрыс тәрбиеле!» - М.Монтессори педагогикасы.»
Спандияр Көбеев атындағы Ақсуат бастауыш мектебінің тәрбиешісі Атымтаева Айгүл Нұрланқызы
Тақырыбы: «Мені дұрыс тәрбиеле!» - М.Монтессори педагогикасы.
Өзін-өзі сенімді тәуелсіз, өзін сыйлайтын тұлға тәрбиелеу М.Монтессоридің алға қойған мақсаты. Монтессори педагогикасының ерекшелігі балаға деген көзқарас пен қарым-қатынас. Қайталанбайтын өзіңдік көзқарасы, алға қойған мақсаты - мүддесі бар тұлға ретінде қарау. Монтессори өзінің педагогикалық жүйесін бала табиғатына байланысты құрды. Баланың өсіліп жетілуіне не қажет? Оның қажеттілігі өзіне қызмет атқаруға деген ұмтылыс екендігінде екені өзі ашқан мектептеріне дәлелдеп берген. Әрбір ата-ана, білім ұйымдары, балаларға саналы тәрбие сапалы білім бергісі келеді. Осы орайда бұдан 100 жылдан астам пайда болған италян гуманист педагогы Мария Монтессори падагогикасын ендірудің маңызы зор екендігі дәлелденді. Педагог - психолог, әрі дәрігер - гуманист М.Монтессори 1870 - 1952 жылдары өмір сүрген. Өзі ойлап тапқан материалдарды бірінші психикалық дамуында ауытқуы бар балаларға қолданып, ол жерде оның оң көрсеткішін көре отырып дені сау балаларға сезім тәрбиесін және баланы өзіне қызмет етуге, тәртіпке тәрбиелеу мақсатында қолданылады. Бүгінгі таңда Монтессори педагогикасы неге негізделіп құрылды деп айтатын болсақ, оның негізгі әрбір баланың қажеттілігінің, оның жекелік қабілеттерін есептей келе қолдану болып табылады. Монтессори педагогикасының пайда болуы, балалардың ойынға деген қажеттілігі. Монтессори бөлімесі 5 аймаққа бөлінген. Сенсорлық аймақ, математикалық аймақ, күнделікті өмір жаттығулары аймағы, тілдік аймақ, ғарыштық аймақ.
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.
Баланың алғашқы екі-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.
Кеңес дәуіріндегі педагогика сенсорлық тәрбиемәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлықтәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан принципиалды материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагагтың қатысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Кеңес педагогикасы сенсорлық тәрбиені іс-әрекеттің әр түрі: бейнелеу, құрастыру, музыкалық-қимыл үдерісінде, балаларды қоршаған ортамен таныстырғанда жүзеге асыру керек деп есептейді. Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кез-келген түсініктер, келешекте кейіп мәніне айналуы қажет. Бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі, әртүрлі заттардың әртүрлі ерекшеліктерінің ішінен салыстыра отырып, ортақ белгілеріне сәйкес заттардың қасиеттерінің негізгілерінің айқындай білуі керек. Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол бланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді, заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. «Сенсор» сөзі латынның «Sensus» -«сезім», «түйсік», «қабылдау», «түйсіну қабілеті» деген сөздерінен шыққан. Дүниені тану түйсінуден, қабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады. Сенсорлық тәрбиеге екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері. Сенсорлық даму - бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелілік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекеттерінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Сенсорлық тәрбие - балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауы, оларды жүйелеп отыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.
Сенсорлық тәрбие - адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім - тәрбиенің негізгі бір саласы. Сенсорлық тәрбие арқылы балалардың оқып білім алуына іс-әрекеттің бағыттау - сана сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт - бағдар бере отырып жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан - жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі.
Сенсорлық тәрбие - тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Сенсорлық даму еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Қорыта айтқанда, сенсорлық тәрбие - адам зиялылығының негізі.