Балалар, барлы?ымыз жай?асып отырайы?. Б?гін мен си?ыршымын. ?азір біз ?ажайып ?лемге саяхат?а барамыз. Мен си?ырлы тая?шаммен белгі берген кезде, бізді? сапарымыз басталады.Бір, екі, ?ш (жа?ымды ?уен ж?реді де махаббат періштесіні? дауысы ?нтаспадан естіледі).
Махаббат періштесі:
Армысы?дар балалар! ?ош келіпсіндер мені? ?леміме! Сендер ?р?айсысын ерекше баласы?дар. Ерекшеліктері? сондай, ?олдары?нан б?рі келеді. Осы м?мкіндіктерінді тек жа?сылы? жасау ?шін ?ана ?олданындар. ?сіресе бір – бірі?е ?олдау к?рсетіп, жа?сылы? жасай білі?дер! Ба?ытты болы?дар
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тәрбиеші балаларды төмендегі өлең жолдарымен шеңберге тұрғызады.
Кел балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік
Тәрбиеші:
Балалар біз барлығымыз шеңберге тұрдық, біздің шеңберіміз қандай тамаша! Бізді достық пен сүйіспеншілікке шақыратындай.
Армысың досым,
Кел, маған қосыл
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық.
Балалар, барлығымыз жайғасып отырайық. Бүгін мен сиқыршымын. Қазір біз ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Мен сиқырлы таяқшаммен белгі берген кезде, біздің сапарымыз басталады.Бір, екі, үш (жағымды әуен жүреді де махаббат періштесінің дауысы үнтаспадан естіледі).
Махаббат періштесі:
Армысыңдар балалар! Қош келіпсіндер менің әлеміме! Сендер әрқайсысын ерекше баласыңдар. Ерекшеліктерің сондай, қолдарыңнан бәрі келеді. Осы мүмкіндіктерінді тек жақсылық жасау үшін ғана қолданындар. Әсіресе бір – біріңе қолдау көрсетіп, жақсылық жасай біліңдер! Бақытты болыңдар!
Тәрбиеші:
Балалар, менің белгіммен біз өз елімізге ораламыз. Бір,екі, үш. Біз оралдық. Саяхат сендерге ұнады ма? Махаббат періштесі сендерге не деп айтты?
Балалар:
Сендер ерекше баласындар.
Сеңдердің қолдарыңнан бәрі келеді.
Жақсылық жасаңдар.
Бақытты болыңдар.
Тәрбиеші:
Өте тамаша! Сендер жақсылық жасауды білесіңдер ме? Қандай жақсылықтар жасап көрдіңдер?
Балалар:
Мен анама үй жинауға көмектестім.
Мен әжеме қаз бағуға көмектестім.
Мен әкем жұмсағанда барамын.
Мен кішкентай қарындасымды қараймын.
Мен досыма ойыншығымды сыйладым.
Тәрбиеші:
Жақсы сендер жақсылық жасауды біледі екенсіндер. Ал, бақыт, бақытты болу дегенді қалай түсінесіндер? Бақытты сәттер туралы не айтасындар?
Балалар:
Бақытты болу дегеніміз – ол қуану.
Бақытты болу дегеніміз – арманыңның орындалуы.
Бақыт дегеніміз – бейбітшілік.
Бақытты болу дегеніміз – әке – шешең қасында болғаны.
Бақыт дегеніміз – достарын көп болғаны.
Тәрбиеші:
Рахмет балалар, енді мен сендерді үстел басына шақырамын.
Шығармашылық жұмыс.
Тәрбиеші:
Балалар қазір біз сендермен «Бақытты мекен »жұмысын орындаймыз. Сендер өздеріңді бақытты сезіну үшін қастарында кімдер және нелер болғанын қалайсындар, сол суреттерді мына алдарындағы қима суреттердің ішінен таңдап алып қағазға жапсырыңдар. (Дайын сурет тақтаға ілінеді
Тәрбиеші:
Тамаша балалар ! енді мен сендерді ортаға шақырамын.
«Ойын»
Тәрбиеші:
Қазір біз сондай бір қызықты ойын ойнаймыз. Ойын «Сенемін – сенбеймін» деп аталады. Мен сендерге бір оқиға айтамын егер сендер сенсендер «сенеміз» деп қол шапалақтайсындар. Сенбесендер «сенбейміз» деп аяқтарыңмен топылдатасындар.
Далада гүлдер көп.
Піл аспанда ұшып жүр.
Атам ұршық иірді.
Мен балабақшаға бардым.
Менің достарым көп.
Балық орманда жүр.
Мен бақытты боламын.
Тәрбиеші.
Жақсы, енді бәріміз орындарымызға отырамыз. Сендердің алдарыңда ақ парақтар жатыр. Мен сендерге екі минут уақыт берем, осы уақыт ішінде сендер бақытты бала портретін саласыңдар. Барлық балалар суреттерін салып болғаннан кейін бақытты бейнелер көрмесі ұйымдастырылады.
Қорытынды
Балалар , бүгін біз сендермен не жайлы әңгімелестік ? сабақ сендерге ұнады ма?Балалардың жауаптары тыңдалады.
Мен сендерді ортаға «Жүректен жүрекке» шеңберіне шақырамын.
«Жүректен жүрекке» шеңбері:
Тәрбиеші:
Мен сендерге мына кішкентай жүрекшелерді сыйлағым келіп тұр. Сендер жаңа өздеріңнің жақындарыңның жақсы тілектерін тыңдадыңдар. Ал, енді сендер өз жақындарыңа , достарыңа ақ тілектеріңді айтып, жүрекшелерді мына сиқырлы сандықшаға салындар.
Балалар:
Менің ата – анам әр қашан бақытты болсын!
Менің достарым көп болсын!рр
Достарым ауырмасын!
Ата мен әжем ұзақ өмір сүрсін!
Тәрбиеші:
Өте жақсы тілектер айтылды. Осы тілектер орындалу үшін, сиқырлы сөздерімізді айтайық.
Сандығым менің ашылар,
Қуаныш ішінен шашылар.
Тілегіміз біздердің,
Бар әлемге таралар.
Міне балалар, мына ғажайып шарлар біздің тілектерімізді аспанға алып ұшты. Демек, тілегіміз орындалды. Бәріңе рахмет!