Просмотр содержимого документа
«Mемлекеттік р?міздер таным саба?»
Кулагино орта мектебі
Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»
Мектепке дейінгі шағын топ тәрбиешісі: Кадиркулова.Л
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»
Мақсаты: Рәміздер туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері:елтаңба,ту,әнұран туралы білімдерін қалыптастыру.Мемлекеттік рәміздерді құрметтей білуге,Отанын сүюге тәрбелеу.Балаларды Мемлекеттік рәміздерді сипаттай білуге үйрету.
Шеңберге шығып бір-біріне әдемі тілектерін айтады. Балалар:
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнай түсті даламыз, Қайырлы таң балалар! -Балалар,біз ,қай елде тұрамыз? -Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. -Қазақстан қандай ел? -Қазақстан егеменді ел. -Қазақстан қандай мемлекет? -Қазақстан тәуелсіз мемлекет. -Қазақстан көп ұлтты мемлекет. -Қазақстанның Елордасы қай қала? -Елордамыз- Астана - Елбасымыз кім? -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Әрбір мемлекеттің мемлекет екендігін білдіретін өздерінің Әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз қазір тұрып ән тыңдайық.Ол-Республикамыздың Әнұраны,Әнұранды салтанатты жағдайларда орындайды,оны орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз.(Әнұран тыңдалады.) -Енді балалар, орнымызға отырамыз. -Ән сендерге ұнадыма?( Балалардың жауабы.) -Мына суретке қараймыз.Бұл Қазақстан Республикасының туы. -Тудың түсі қандай?( Балалардың жауабы.) -Мемлекеттік ту- көгілдір түсті.Ортасында- алтын күн орналасқан.Күн астында- қалықтаған қыран құс бейнеленген,шетінде ұлттық өрнек бар.Бұл- Қазақстанда тұратын барлық ұлттың халықтарының өмірі күндей жарқырап,қыран бүркіттей ұша берсін дегені. -Балалар,мынау Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы.Елтаңбада не бейнеленген қарайық?
- Балалар елтаңбада нелер бейнеленген? - Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап,уықтар шаншылған.Оны аңыз әңгімелердегі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр.Төменгі жағында Қазақстан деген жазу бар.Жоғарыда-бес бұрышты жұлдыз бар. (Елтаңба толықтай түсіндіріледі.) Сергіту сәті Жоғары қарап,күн көрдім, Төмен қарап ,жер көрдім, Оңға,солға,бұрылып, Егеменді ел көрдім. (балалар қимылмен көрсетеді.) Балалар мемлекеттік рәміздердің суретін салады. Балалар осы елтаңба,ту,әнұран Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.Үлкен мерекелерде,салтанатты жиындарда туымыз көтеріліп,әнұран орындалады.Туды ең сыйлы адам ұстайды.Әнұран орындалғанда орнымыздын тұруымыз керек.Оны әрбір адам жатқа білуі керек.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауымыз керек.