kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандарты: жаңа мақсаттан-жаңа нәтижеге" баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Мектепке дейінгі жастағы балаларды дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, бойында басқа да игі қасиеттері бар, қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.  Мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастырып, еңбек сүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- Мәңгілік ел идеясы.

Президент 2014 жылы қаңтар айындағы «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Тәуелсіз жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді.

Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандарты: жаңа мақсаттан-жаңа нәтижеге" баяндама»

БАЯНДАМА


Мәңгілік ел болашағы- білімді ұрпақ,саналы жастар! Ендігі ұрпақ- Мәңгілік Қазақтың перзенті. Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы- Мәңгілік Ел!...

Н.Ә. Назарбаев

Мектепке дейінгі жастағы балаларды дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, бойында басқа да игі қасиеттері бар, қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастырып, еңбек сүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- Мәңгілік ел идеясы.

Президент 2014 жылы қаңтар айындағы «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Тәуелсіз жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді.

Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!

Бір болашақ – бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі!

Қазақ халқының шолпан жұлдыздарының бірі Мағжан Жұмабаевтың «Тәрбиеден мақсат – баланың тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару. Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі» дегеніндей ақпараттық технологиялар заманында жоғары білімді ұлт болуымыз үшін жас ұрпақты ұлттық құндылықта тәрбиелеудің маңызы өте зор.

2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығында балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды.



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын, мектепке дейінгі ұйымдардағы пәндік-дамытушы ортаның мазмұнын анықтайды; 2) тәрбиеленушілер мен білім алушылардың оқу жҥктемесінің ең жоғары көлеміне, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагогтеріне, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды анықтайды.

Стандарт талаптары:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті, олар мыналарға бөлінеді: негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі (базалық, вариативті); баланың қызығушылығы мен бейімділігін іске асыруға бағытталған қосымша;

2) ведомстволық бағыныстылығына, меншік нысанына, типіне және түріне қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру кезінде міндетті;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары ҥшін дидактикалық оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеу кезінде міндетті;

4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының және педагогтердің қызметін мемлекеттік аттестаттау кезінде міндетті.

Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балалардың ӛмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті физикалық, тҧлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға, негізгі қҧзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту:

1) баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды, толыққанды физикалық дамуын, Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері негізінде салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыруды;

2) мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуының толыққанды кеңістігін құруды және кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуді;

3) тілді және ана тілін, қатынас мәдениетін дамытуды, сауаттылық негіздерін меңгеруге дайындауды;

4) мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік, құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, мінез-құлық нормалары мен ережелері, қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлгісінде қалыптастыруды; 5) Өз Отанына, туған өлкесіне сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне деген ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеуді;

6) балада қоршаған ортаның тұтас бейнесі, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруды;

7) баланың танымын дамытуды, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруды, білуге құштарлықты дамытуды;

8) баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мынадай бес білім беру саласын қамтиды: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

Білім беру салаларының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, балалардың өзіндік іс-әрекеті және ересек адам мен баланың бірлескен іс-әрекеті арқылы іске асырылады.

«Денсаулық» білім беру саласы Мақсаты: өз денсаулығына саналы қарауды, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсінуді тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық сапаларын қалыптастыру. «Денсаулық» білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:

1) дене шынықтыру;

2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология.

«Коммуникация» білім беру саласы Мақсаты: ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағы ортамен ауызша және ауызша емес құралдардың көмегімен қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі кӛптілді тұлғаны тәрбиелеу. «Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

1) тіл дамыту;

2) көркем әдебиет;

3) сауат ашу және жазу негіздері;

4) мемлекеттік, орыс және басқа тілдер.

«Таным» білім беру саласы

Мақсаты: танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды проблемаларды шешуде қолдануға қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

1) сенсорика;

2) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

3) құрастыру;

4) экология негіздері;

5) қоршаған ортамен таныстыру.

«Шығармашылық» білім беру саласы Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік-эмоционалдық саласы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен қиялын дамыту.

«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

1) сурет салу;

2) мүсіндеу;

3) жапсыру;

4) музыка.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы Мақсаты: әлеуметтік ортадағы жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасқа қабілетті әлеуметтік-бейімделген, шығармашылық тҧлғаны тәрбиелеу, Отанға деген сҥйіспеншілікке, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

1) Өзін-өзі тану;

2) қоршаған ортамен таныстыру;

3) экология;

4) көркем әдебиет. Мемлекеттік тілде оқытатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен топтарында «Қазақ тілі» пәні ұйымның қалауымен басқа пәндерге ауыстырылады

Қазіргі қоғамда білім берудің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі дамыту болып табылады. Мектепке дейінгі жас – әрбір адамның өміріндегі ең жарқын қайталанбайтын шақ, жеке тұлғаның алғашқы қалыптасу кезеңі, баланың өзіндік тануы мен даралағының қалыптасу кезі.

Нақты осы кезде баланың адамдар әлемімен, табиғатпен, заттармен байланысы басталады. Адами құндылықтарға, мәдениетке тартылуы байқала бастайды. Денсаулығының іргетасы қаланады.

Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. 

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар қалыптасады.

Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді. Осы мақсатта өз тобымызда балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыруда өз бетінше жасайтын жеке жұмыстарына көбірек назар аударамыз. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» деп айтқандай, мен өзімнің іс –тәжрибемде балаларға мүмкіндігінше ертегілерді оқып беріп, түсіндіріп сахналатамын. Өйткені ертегі бойында жақсылық пен жамандық, батырлық, жауыздық, қорқыныш пен әділетсіздік қатар жүреді. Ертегілерді сахналауда балалар кейіпкерлердің мінез-құлықтарын көрсете отырып, әр бір кейіпкердің жақсы жағын үйренуге, жаман жағынан жиренуге талпынады.

Мәселен, «Жеті лақ» ертегісі арқылы үлкеннің, яғни әке-шешенің айтқанын екі етпей тыңдауға, және де бөтен адамдарға есікті ашпауды үйренсе, ал «Шалқан» ертегісін сахналау арқылы шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкердің қарапайым өзара қарым-қатынасын бағалауға, кейбір адамгершілік қасиеттерді, бір-біріне деген қамқорлық жасауға, көмектесуге үйренеді. Сондай-ақ балалармен ертегі кейіпкерлері сомдауда оларға әсері мол болды.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы эқсперимент ретінде жүргізіліп келеді.

«Өзін-өзі тану» пәні — баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.

Сабақтардың негізгі құрылымдары «Амандасу рәсімі», «Шаттық шеңбері», «Көңіл күйді көтеру» сабақтың негізгі мазмұны «Сергіту сәті», «Тыныштық сәті», «Ойын», «Дәйексөз», «Шығармашылық тапсырма» ұжымдық жұмыс, дәптермен жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады.

Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынамыз.

Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша

қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің балабақшада ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Топ ата-аналарымен бірге әр түрлі спорттық іс шаралар, ұжымдық жұмыстар өткізу мысал бола алады.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы —салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу— біздің міндетіміз.

Біз болашаққа қол созып, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Аманиязова Акзер Айтбайкызы

Дата: 29.03.2017

Номер свидетельства: 404689


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства