Просмотр содержимого документа
«мектепалды даярлы? тобына арнал?ан саба? жоспарлары»
Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күн:19.11.15
Топ:мектепалды даярлық
Тәрбиеші:Ибрагимова С.Х
Білім беру бөлімі:қатнас
Бөлім:сауат ашу
Тақырыбы: Н әріпі
Мақсаты: Н н дыбысын таныстыру. Н дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. Өткен дыбыстарды қайталау. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Жұмысқа дайындық:оқушыларды түгендеу
Іс –әрекет кезеңдері
Педагогтің басқару іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы
Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Балалар шаттық шеңберінде «Ойлан тап»ойынын ойнап жіберейік. Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, мен қолындағы допты қай балаға лақтырсам, сол бала менің қойған сұрағыма тез жауап беріп, допты кері лақтыру керек.
Сәлеметсіз бе!
Шаттық шеңбер жасайды
Іздену –ұйымдастырушы
Суретпен жұмыс. Қарғаның суретін көрсете отырып, сипаттау. - Мынау ненің суреті балалар? - Енді осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап көрейікші: - Демек біз бүгін Н дыбысымен және әрпімен таныс боламыз.
Жазуға дайындық сәті: Бір, екі, үш, Жинап алып күш. Қолға қалам аламыз, Әдемі етіп жазамыз. а) Ауаға жазып көру. ә ) Тақтаға жазып көрсету. б) Оқушыға жазып байқату. в) Әліппе дәптердегі жолақты толтыру.
Сұрақтарға жауап береді.
Тыңдайды
Сергіту сәтін жасайды
Рефлексивтік-коррекциялаушы.
- Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар. Сендер – Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарысыңдар. Келешекте біздің Қазақстан еліміздің белгілі жұлдыздары болыңдар, сондықтан мен сендерге мынадай жұлдызша сыйлаймын.
Тыңдайды
Н дыбысымен танысады, оны таза әрі көркем жазуға үйренеді . өткен дыбыстарды есіне түсіреді
Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күн:19.11.15
Топ:мектепалды даярлық
Тәрбиеші:Ибрагимова С.Х
Білім беру бөлімі:шығармашылық
Бөлім:жапсыру
Тақырыбы: «әжеме арналған қамзол»
Мақсаты: қамзол туралы түсініктерін кеңейтіп, шығармашылықтарын дамыту
Жұмысқа дайындық:оқушыларды түгендеу
Іс –әрекет кезеңдері
Педагогтің басқару іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы
Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Қара достым жан - жаққа, Дайынсың ба сабаққа? Орнында ма қараңдар, Кітап - дәптер қаламдар.
Сәлеметсіз бе!
Тыңдайды
Іздену –ұйымдастырушы
Балалар, қамзол дегеніміз не?
Қамзолды кімдер киеді?
Мына суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?
Оның түсі қандай?
Қамзол немен әшекейленген?
Балалар қазірбіз сендермен әжелеріңе арнап қамзол жасаймыз.
Сергіту сәті: Биік болып өсеміз, Жапырақтай жайқала. Табиғатты сүйеміз, Денемізді тік ұстап Билеп, билеп аламыз.
Сұрақтарға жауап береді
Сергіту сәтін жасайды
Рефлексивтік-коррекциялаушы.
балалардың өздігінен жұмысын бақылап, кемшіліктерін айтып,жақсы шыққан жұмыстарын мадақтау
Тыңдайды
Өздігінен жұмыс істеуді желтілдіреді.
Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күн:19.11.15
Топ:мектепалдыдаярлық
Тәрбиеші:Ибрагимова С.Х
Білім беру бөлімі:шығармашылық
Бөлім:музыка
Тақырыбы: ән салу: Ә.Бейсеуов «Біздің ту»
Мақсаты: музыкасымен таныстыру
Жұмысқа дайындық:оқушыларды түгендеу
Іс –әрекет кезеңдері
Педагогтің басқару іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы
Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Психологиялық дайындық.
Шеңберге тұрып бір- біріне жылы сөздер айту.
Балалар біз өткен сабақта не өттік?
Сәлеметсіз бе!
Психологиялық дайындық жасайды
Сұрақтарға жауап береді
Іздену –ұйымдастырушы
Қазір мен сендерге бір ән айтам, сендер сол ән сендерге таныс па,жоқ па екенін айтасыңдар.
Бұл қандай ән?
Қалай айтылады?
Оны қандай белгімен белгілейміз?
Сергіту сәті
Оқулықпен жұмыс
Сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәтін жасайды
Оулықпен жұмыс жасайды.
Рефлексивтік-коррекциялаушы.
Не үйрендік?
Не үйренгілерің келеді?
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сұрақтарға жауап береді
Музыкалық шығармащылықтарын дамытып, қызығушылықтары артады.
Күні:19.11.2015ж.
Сынып: 4 «а»
Пән: дене шынықтыру
Сабақтың тақырыбы: доппен қозғалып келіп қарсы келген ойыншыға доп беру. (қарама- қарсы эстафета)
Мақсаты:Білімділік: 1. бір орында және қозғалыста допты аяқпен тебе қозғалуды үйрену,
Дамытушылық: 1. Шапшандықты дамыту
Тәрбиелік: 1. Топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі:әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Қажетті құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырғыш, өлшегіш
Сабақтың барысы:
Бөлімі
Сабақтың мазмұны
Уақыт
Әдістемелік нұсқаулар
I
Кіріспе бөлім 13-14 мин
1
2
3
4
5
6
7
Сап түзеу. Сәлемдесу.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
Саптық жаттығулар:
«Оң-ға!»
«Сол-ға!»
«Арт-қа бұрыл!»
«Сол-ға!»
Спорттық жүріс.
Жай жүріс.
Жүріс
ЖДЖ.
Тыныс алуды қалпына келтіруге бағытталған ЖДЖ.
1 мин
1 мин
1 мин
3 мин
1 мин
4-5 мин
2 мин
Дененің тік ұсталуын қадағалау.
1-ші, 2-ші санағын орындау. «Оң-ға!» бұйрығында – оң иықпен, «Сол-ға!» бұйрығында – сол иықпен бұрылулар.
Денені тік ұстау.
Тыныс алуды қадағалау, қалпына келтіру.
Жеке ескертулер.
Тыныс алуды қалпына келтіру.
II
Негізгі бөлім 25-26 мин
1
«допты аяқпен тебе қозғалу» ойын шартымен таныстыру
«Күзетшілер» ойыны.
Бұл ойынға оқушы саны шектеусіз қатыса алады. Екі ойыншы қақпаның күзетшілері болады. Екеуінің көзі орамалмен байланады да, өзара бір адымдай қашықтықта қолдарын айқастыра ұстап, қарама-қарсы «көпір» жасап тұрады. Басқа оқушылар бір-бірлеп күзетшілер тұрған қақпадан білдірмей өтіп кетулері тиіс.кұзетшілердің сыртынан айналып өтуге болмайды. Егер күзетшілердің бірі көпірден біреудің өтіп бара жатқанын сезіп қойса, оған қолын тигізеді, сол ойыншы күзетшілікке тұрады. Қақпадан үш реет білдірмей өткен ойыншыға бәйге беріледі.
10 мин
15-16 мин
Дұрыс тыныс алуды қадағалау, қалпына келтіру.
Ұсталған оқушылар екі аяққа отырып-тұрады.
III
Қорытынды бөлім
1
2
Сапқа тұру.
«Минуттық» ойыны.
Команда берілгеннен екйін әр оқушы ішінен 60-қа дейін санайды. (1 мин 60 сек). Өз есебі бойынша 1 минут өткенде алға 1 адым жасайды.
Сабақты қорытындылау.
1 мин
2 мин
1 мин
Мұғалім бірінші және соңғы шыққан оқушыны, сонымен бірге дәл бір минута шыққан оқушыны атап өтеді.