kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепалды даярлы? тобына арнал?ан саба? та?ырыбы: Жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:Таным

Б?лімні? аты: ?орша?ан орта           

Та?ырыбы: Жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі. 

Ма?саты:

  1. Білімділік: Орманда?ы а?дарды? ?ыс?ы тіршілігі, оларды? ?ыс?ы таби?ат?а бейімделуі туралы т?сінік беру.
  2. Дамытушылы?:  Балаларды а?дарды сипаттау?а, салыстыра білуге жатты?тыру.
  3. Т?рбиелік:Балалар?а жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі жайында т?сінік беру.Олар ?ысты? суы?ынан ?алай ?ор?анатынын сырт?ы бейнелері неліктен ?згеретінін,?ыста жануарлар?а ?ам?орлы? ?ажет екенін айтып т?сіндіру.?ам?орлы? сезімдерін т?рбиелеу.

Керекті ??ралдар:жануарларды?  суретімен плакат.?ысты? суреті,балаларыны? суреті

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлы? тобына арнал?ан саба? та?ырыбы: Жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі»

Білім беру саласы:Таным

Бөлімнің аты: Қоршаған орта

Тақырыбы: Жануарлардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты:

          1. Білімділік: Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру.

          2. Дамытушылық: Балаларды аңдарды сипаттауға, салыстыра білуге жаттықтыру.

          3. Тәрбиелік:Балаларға жануарлардың қысқы тіршілігі жайында түсінік беру.Олар қыстың суығынан қалай қорғанатынын сыртқы бейнелері неліктен өзгеретінін ,қыста жануарларға қамқорлық қажет екенін айтып түсіндіру.Қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Керекті құралдар:жануарлардың суретімен плакат.қыстың суреті,балаларының суреті

Сөздік жұмыс: Үлпілдек,мамық, түбіт, апан,ін

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Психологиялық дайындық

Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді.

Күндей жадырап ,Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен.

Бүгінгі сабағымызды бастайық.(оқушылар орындарынан тұрып)Мейірімді жүрекпен

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық ,

Бір жадырап қалайық.(Сәлеметсіздерме) ,

Балалар бізде бүгін ерекше сабақ ,бізге қонақтар келген.

Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, амандасады

Ізденістер. Ұйымдас

тыру

Сабақбарысы:
.Ойын: «Жануарларды топтастырайық ( Оқушыларға жануарлардың суреттері таратылып беріледі.)
- Балалар, мен сендердің алдарыңа жануарлардың суретін таратып қойдым. Суреттерді мұқият қарап алыңдар.
- Қане кімде үй жануарларының суреттері бар екен?
- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Қой. Біз қойдың етін жейміз. Жүнінен көрпе жасайды, шұлық тоқиды терісінен тон жасайды.
Сиыр. Сиырды сауамыз. Сүтін ішеміз. Сүтінен май, қаймақ, айран, құрт, ірімшік жасаймыз. Сойып етін жейміз
Жылқы. Жылқыны көлік ретінде пайдаланамыз. Бәйгеге шабамыз, етін жейміз. Етінен қазы, қартажасаймыз.Сүтінен қымыз жасаймыз.

Қымыз денсаулыққа өте пайдалы.
Түйе. Түйемен жүк тасиды. Бұрын адамдар түйемен көшкен. Түйе шөк десе жатады.
- Балалар, көрдіңдер ме, үй жануарлары бізге пайдалы екен. Сондықтанда біз оларды үйде асырайды екенбіз.
1Балалар қараңдаршы бізге орманнан қонақтар келіпті,қане айтыңдаршы мынау не?

Балалар: Тиін.

Мұғалім:Ал мынау не?

Балалар :Қоян.

Мұғалім:Балалар мен қазір сендерге осы қоян мен тиін жайлы бір оқиға айтып берейін,мұқият тыңдап отырыңдар.Орманда қоян мен тиін өмір сүріпті,екеуі дос болыпты.Жазда олар алаңқайда асыр салып секіріп алаңсыз ойнапты.Күн суытып күз түседі.,тиін өзіне ағаштың жіңішке бұталарынан кәрзеңке тоқып отырады,қоян келіп;

-Бұл не? -деп сұрайды?

-Кәрзеңке-деп жауап береді тиін.

–Оны қайтесің –дейді қоян таңғалып.

–Бұл жай кәрзеңке емес,бұл менің нағыз көмекшім.-деп жауап беріпті тиін.

–Сонда қалай,кәрзеңке қалайкөмекші болады-деп қоян иығын бір көтеріп ,ештеңе түсінбей ,өзінің ұяластарымен әрі қарай ойнап кете береді.

Мұғалім:Балалар айтыңдаршы тиінге кәрзеңке қалай көмекші болады,тиін онымен не істейді?

Балалар Тиін оған жаңғақ ,бүршік, саңырауқұлақтар салады.

Мұғалім:Дұрыс айтасыңдар күз түсіп,қыс келе бастағанда тиін өзінің ағаш қуысындағы үйіне жаңғақ ,бүршік тасып,қысқа мол қылып азық жинайды.Өйткені қыста жердің бетін аппақ қар басып қалады да, жаңғақта саңырауқұлақта табылмайды.

Мұғалім:-Балалар айтыңдаршы қоян мен тиін үй жануары ма,әлде жабайы жануарлар ма?

-Олар қайда тұрады?

Балалар : Жабайы жануарлар ,орманда тұрады.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, олай болса жабайы жануарлардың қыста қалай тіршілік ететінін білгілерің келе ме?
Балалар: Иә.
Мұғалім: Ендеше менің мынандай сиқырлы сандығым бар. Оның ішінде бізге қажетті заттар бар. Бірақ бұл жай ашылмайды, оны тек сиқырлы сөзбен ашуға болады, қане маған көмектесіңдерші.
Ғажайып сандық,
Сыр сандық.
Кілтіңді алайық,
Құлпыңа салайық.
Қақпағыңды ашшы,
Құпияңды шашшы.
Сандықтың қақпағы ашылып ішінен тиіннің суретін алып шығып ол туралы әңгімелеу

Мұғалім Балалар мынау өзімізге таныс тиін ғой, тек жүнінің түсі басқаша екен бағана қызғылт еді, ал суретте сұр? Балалар тиіннің түсі неге өзгерді екен?
Балалар: қорғану үшін.
Мұғалім:Дұрыс айтасыңдар,күзде тиін түлейді,қызғылт жүні түсіп орнына сұ түсті жылы жүн өсіп шығады.Сұр түс оған ағаш басында жыртқыш аңдарға көрінбей өмір сүруге керек,ал үлпілдеген жылы тон қыста суықтан қорғайды:Тиін өзінің ағаш діңіне салған үйіне кіріп жылы мамық құйрығын жамылып қысқа жинаған азығын жеп қыстан аман есен шығады.Енді тиін туралы тақпақ кім біледі?

Қыста жылы киіндім,

Қоймам толы жаңғаққа

Іші жылы үйімнің.

Мұғалім:Енді келесі жануармен танысайық.Ол үшін бірінші жұмбақ шешіңдер.

Үсті толы ине

Бірақ та іс тігіп

Қадамайды түйме (Кірпі)

Дұрыс бұл кірпі, кірпі бір түрлі ашулы сияқты.Ой балалар біз оны оятып жіберіппіз.Күздің соңында кірпі өзінің шөп төсеген інінде домаланып алып ұйқыға кетеді.Ол қыстай ұйықтайтындықтан оған тиін сияқты қысқа азық жинаудың қажеті жоқ.Тек күзде ұйқыға жатарда жақсылап тамақтанып , терісінің астына көп май жинап алады. Сондықтан оның қыстай қарны ашпайды.Кірпі қыс кетіп көктем туып , күн жылынғанда бір-ақ оянады.Ал енді қазір кірпінің ашуын басу үшін ол туралы саусақ ойынын ойнайық.

Мен ашулы кірпімін

Көрінгенге түрпімін

Үстім толы ине

Есің болса тиме

Келсе егер түлкі

Түйреп алам түрпі

Балалар,кірпі сияқты қай аң қыс бойы ұйықтайды. Аю

Мұғалім: -Ал ол қайда ұйықтайды.?:

Балалар:Апанда.

Мұалім:: Дұрыс айтасыңдар балалар аю күз бойы көп тамақ жеп денесіне көп май жинайды.,қыста көктем келгенше ұйықтайды. Аю туралы қандай тақпақ білеміз.

Тәтті көрсе бас салар

Аумайды жас баладан

Үп –үлкен боп жасқанар

Кіп –кішкентай арадан

Мұалім::Ал енді мына жұмбақ қай жануар туралы екен тыңдаңдар.

Өзі айлакер

Өзі қу

Жүрген жері айқай шу (түлкі)

Дұрыс айтасыңдар түлкі де қысқа дайындалады оның жүндері қалыңдап өсіп жылы тонға айналады.Ал сендер қалай ойлайсыңдар,түлкі жүнінің түсін өзгертеме? Жоқ.

Мұғалім: Иә түлкі түсін өзгертпейді,өйткені оған ешкімнен тығылудың қажеті жоқ , ол өзі жыртқыш аң:Ал түлкінің үйі қалай аталады? Ін Иә түлкі інде тұрады Сол жерде демалып ұйықтайды.Сосын қоян, тышқан аулауға шығады. Ой балалар біздің қоян тағы келіпті. Олсендерге жаттығу жасауды ұсынады.

3.Сергіту сәті.

Балалар айтыңдаршы қоян қысқа қалай дайындалады.

Түсін өзгертеді. Иә балалар ол өзінің сұр тонын ,жылы да аппақ тонға ауыстырады. Сосын жыртқыш аңдардан қорғанып қардың түбінде құлағын жымырайтып көзін жұмып апқардан аумай отыра қалады.Ал қоян қысқа азық жинай ма? Жоқ. Иә қояндар қысқа азық жинамайды.Олар ағаштардың бұтасын,тамырын кеміріп қоректенеді.Сол себепті бағана қоян тиіннің кәрзеңкесіне таңғалған еді.

Қасқыр, - жыртқыш аңдар.

Олар өздерінен әлсіз жануарларды

ұстап қоректенеді.

«Дауысынан таны» дидактикалық

ойыны. Шарты: аудио таспадан әртүрлі

жануарлардың дауыстарын тыңдатып,

олардың атын атату.

Жануарлар тіршілігі» дидактикалық

ойыны. Мұғалім балалардың

жауаптарын толықтырып тұрады.


Балалар тыңдайды. Түсінбегендерін сұрайды.

Суретке қарап әңгіме құрастырады.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта

алған білімдерін қорытындылайды.

1. Жабайы аңдарды ата.

2. Қоян қыста түсін қандай түске

өзгертеді?

3.Қандай жануар қысқы азығын жинамайды?

4.Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы не білдік?

Балалар

жануарлардың

қысқы тіршілігі

туралы

әңгімелейді.

Тыңдайды.

Түсінбегендерін

сұрайды.

Би қимылдарын

орындайды.

Үлгі жауап:

Аю апанында

қысқы ұйқыға

кетеді...

Балалар жабайы

аңдар мен үй

жануарларын

салыстырып

айтады.

33


Күтілетін нәтиже: ормандағы андардың қысқы тіршілігі туралы біледі

Білуі тиіс: қорғаныш реңі туралы біледі.

Түсінігі: жабайы жануарлар мен үй жануарларының айырмашылығын салыстырады

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгімелеу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектепалды даярлы? тобына арнал?ан саба? та?ырыбы: Жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі

Автор: Маматирзаева Лаззат ДЖулдасбаевна

Дата: 21.04.2016

Номер свидетельства: 321057


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства