Просмотр содержимого документа
«Мектепалды сынып м??алімі «5 саны ж?не цифры» »
0 саны және цифры
Шалқып жатқан көл болды,
Аққу – қазы мол болды.
Дауыл тұрды, жел болды,
Құс қалмады – нөл болды.
Шалқып жатқан көл болды,
Көктемде су мол болды.
Жазда кеуіп, шөл болды,
Шөл болған соң нөл болды.
4 саны және цифры
Арбаларда жөн бөлек,
Оларда төрт дөңгелек.
Туралап тарт,бұлтарма,
Төрт тұяқ бар тұлпарда.
Төрт бұрышты орамал
Төрт қабырға қоралар.
Бір жылда төрт маусым бар,
Бәрінде де саусыңдар.
Төрт түлік мал – дәулетің,
Бәрін шешіп тәмамдар.
6 саны және цифры
Күллі әлемнің түрлі халқы.
Тұратын жер құрлығы алты,
Бір туысқан алаш – алты.
Алтау ала болмау салты.
10 саны және цифры
Сиыр саусақ, қой саусақ,
Дайын тұрар он саусақ.
Саусақ тұрмақ, қол тұрмақ,
Он башпайда – он тырнақ.
Бір дегенде – тартылу, көтерілу,
Екі дегенде – иілу, жазылу,
Үшке – үш шапалақ соғу,
Және бір рет бас изеу.
Төрт дегенде – қол созу,
Бес санына – қол бұлғау,
7 саны және цифры
Бір аптада жеті күн,
Тап әр күннің тетігін.
Жеті ішекті жетіген,
Соны тарт деп өтінем
Көкте жеті қарақшы,
Жұртты өзіңе қаратшы.
Түскен карта бетіне,
Жетісу мен жетікөл.
Өзгелерге күлме сен,
Жеті атаңды білмесең!
8 саны және цифры
Дарындар бар не бізде,
Сегіз қырлы дегізген.
Жақсы жауап берсеңіз,
Екі «төрттік» - бір сегіз.
Басталатын сегізде,
Сабағымнан мені ізде.
9 саны және цифры
Дейтұғын «Тоғыз құмалақ»,
Қазақта ұлттық ойын бар.
Үлкендерден сұрап ал,
Ойнауға ден қойындар.
Тоғыз қала болады.
Айтысқа түсіп жеңгендер,
Сыйлыққа «Тоғыз»алады.
1 - оқушы: Ең бірінші бақытым - халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын, Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
2 - оқушы: Ал екінші бақытым - тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей - кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім.
3 - оқушы: Бақытым бар үшінші – Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
4 - оқушы: Үш бірдей бақытым бар алақанда, Мені мұндай бақытты жаратар ма?! Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!! 5 - оқушы: Ана тілім - ұраным, Ана тілім - құралым. Ана тілім болмаса, Болмас еді жыр - әнім.
6 - оқушы: Ана тілім - елдігім, Ана тілім - ерлігім. Ана тілім болмаса, Бүтінделмес кемдігім.
7 - оқушы: Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім. Туған тілім - далам тілі - өз тілім, Туған тілім - адам тілі - өз тілім.
8 - оқушы: Ана тілің - ертегің, Ана тілің - өркенің, Ана тілің - ертеңің. Қадірле ана тіліңді - Жүрегіңнің бөлшегін.
9 - оқушы: Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем, Тілсіз нені білдіре алам, не білем?! Тілім барда ғана мынау ғаламның Кілтін табар саналысы сезінем. О, адамдар, қадіріне жетіңдер, Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!