-Балалар, қолдарынды жүрек тусына бір сәт қойып,өз жүректерінің дүрсілін тыңдап көріндерші.
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті тұрамыз,
Айнала бар адамға,
Тек мейрім сылаймыз!
-Балалар,сендердің жүректерің мейрімге,махаббатқа,жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейрім жүректен шығады.
Әңгімелесу.
-Мейрімділікті қалай көрсетуге болады?
-Өздеріне мейрімділікті көрсеткенде қандай сезімге бөлендіндер?
-Жақсы көретін жан-жануарларын бар ма?
-Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерін болды ма?
Тыныштық сәті:
-Балалар,мейрімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық.
Денелерімізді түзу ұстаймыз,бастарымызды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырамыз.Барлық тіршілік иесі сендерді аялап,қоршап,қамқор болып жатқанын сезініндер.Тұла бойларына махаббат,жақсылық сезімі толып жатыр,соны сезінеміз.
Мәтінмен жұмыс.
Күздің бір күні сары тауық балапандарың ертіп,ауылдан ұзап шықты.Аяқ астында жаңбыр құйып кетті.Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өткені,балапандарың жылы жүні әлі шықпаған,балғын жас еді.
Сары тауық қатты састы.Шөжелерін қос қанатының астына алып,баурына басты.Бір балапаны сыймай сырта қалды.Ана айла жасап,балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап,тоңа бастаған кезде баурына алып отырады.Кезек ең кенжесіне келгенде, ана оны сыртқа шығармады.
-Оны неге шығармайсыз?-деп сұрады бір ақ балапан.
-Ол тым жас.
-Жас болғанда қайтеді?Кезегі келгенде ол да шықсын.
-Сырқаттанып қалады.кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне ,мұның орнына кім шығады?-деп сұрады анасы.
-Мен,-деді тұңғышы.
-Мен барайын!-деді тетелесі.
-Кезекті маған берініз!-деді ең кішісі.
-Мен қаламын ба,сонда?-деді алғашқы қарсылық білдерге балапан.
-Қатесін түсінген сен барғаның жөн.!-деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.
Сары тауық үстінен су өтіп қатты жаурады.Бірақ балапандарын тондырған жоқ.Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып,ана жүрегіндей жадырады.
Сұрақ қою.
-Сары тауық өз ана мейрімін қалай көрсете білді?
-«Күн ашылып,ана жүрегіндей жадырады» деген сөздерді қалай түсінесіндер?
-Сендер мейрімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіндер?
Дәйексөз.
-Балалар,осы әңгіме мазмұны бойынша не түсінуге болады?
Ана-жаратушы.Адамды дүниеге әкелуші – Ана.Ананың кіршіксіз мейрінен берілген мейрімділігін адамның сақтап қалуы өз қолында.
«Мейрімді жүрек» ойыны.
Ойының шарты:Балалар үлкен шеңбер шеңбер құрып,жүрек үлгісін алып бір-біріне жылы лебіз білдіреді.
Тапсымалармар:
-Сендер достарымен серуенде ойнап жүргенде,бір қыз бала аяғы тайғанап,құлап қалды.Сендер не истер едің?
-Үлкен кісіге мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болады?
Мақалдар айту.
-Қазақ халқында мейрімділік,қамқорлық,жақсылық туралы көптеген мақалдар бар.
«Мейрімділік-асыл қасиет»
«Жақсыдан-үйрен,
Жаманан-жирен»
Барлық адам бір-біріне қамқор,жанашыр болу керек.
Жүректен –жүрекке.
Күлімдеген-күн мейрімді,
Таза мөлдір-су мейрімді,
Аяулы -анам мейрімді,
Қәдірлі -әкем мейрімді,
Әлпештеген -әжем мейрімді,
Еркелеткен-атам мейрімді,
Тату тәтті-достарым мейрімді,
Қамқоршы-апам,ағам мейрімді!
-Ал енді сабағымызды ең мейрімді жан туралы әнмен аяқтап.
Және мына жүректермізді бір-бірімізге сыйға ұсынайық.