kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мерекелік гирляндылар (Қағаздан)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жасы:  (5-6 жас)  «Балбөбек» тобы

Тәрбиеші:Абенова М.К.

Тақырыбы: Мерекелік гирляндылар (Қағаздан)

Білім беру саласы: «Таным»

Кіші сала:  Құрастыру

Мақсаты: Балалардың шырша шырақтарын  қағаздан жасай алу дағдыларын қалыптастыру. Дайын трафарет, шаблон арқылы қиып жапсыруға үйрету. Балалардың ойлау қабілетін  дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: жұмбақ жасыру

Сөздік жұмыс: шырша, мереке,жаңа жыл

Дидактикалық материал:  Суреттер, дәптермен жұмыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мерекелік гирляндылар (Қағаздан)»


Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы


Жасы: (5-6 жас) «Балбөбек» тобы

Тәрбиеші:Абенова М.К.

Тақырыбы: Мерекелік гирляндылар (Қағаздан)

Білім беру саласы: «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Мақсаты: Балалардың шырша шырақтарын қағаздан жасай алу дағдыларын қалыптастыру. Дайын трафарет, шаблон арқылы қиып жапсыруға үйрету. Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: жұмбақ жасыру

Сөздік жұмыс: шырша, мереке,жаңа жыл

Дидактикалық материал: Суреттер, дәптермен жұмыс

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтың басқарымдық

қызметі

Балалардың әрекеттері

І кезең-

мотивациялық қозғаушы

Жыл мезгілі туралы жұмбақ жасырамын:

Ақ сақалды атаны-ай,

Мінезінің шатағы-ай!


Жаңа жыл туралы кім тақпақ біледі?


Қыс туралы әңгімелеп,жақында жаңа жыл мерекесін қарсы алатындарын,

ортада жасыл шырша тұратынын,әсем безендірілетінін еске түсіремін.Онда сансыз көп шырақтар болатынын,оны қолдан,қағаздан да қиып жасайтындарын айтамын.





-қыс мезгілі


Айым:

Жаңа жыл,жаңа жыл!

Жаңа жылда жаңа жыр!

Жасыл шырша жаңында,
Билеп барлық бала жүр!


Балалар әңгімеге белсенді қатысып отырады.

Ол үлкен мереке Жаңа жыл.



ІІ кезең-ұйымдастырушы-

лық-

ізденушілік

Балалар бізде бірнеше күннен соң үлкен мереке жаңа жыл мерекесі болады. Бізге мерекеге арнап тобымызды безендіруіміз керек. Ол үшін бізге ұзын мерекелік шырақтар керек.Біз бүгін шырақ жасаймыз, сендер маған көмектесулерің қажет.

Ол үшін бізге түрлі-түсті қағаздан қиылған жолақтар, желім, қайшы керек. Алдымен бір жолақшаның шетіне желім жағып, жабыстырамыз, дайын болған сақинаға келесі жолақты кіргізіп оны да осылай жабыстырамыз, шырағымыз ұзын болғанша жабыстыра береміз.

Сергіту сәті:

Аю отыр партада

Екі қолы қалтада

А деді,б-деді

Р-ға тілі келмеді


-түрлі-түсті қағазды таңдап алу

-түрлі- түсті қағазды бір-біріне біріктіріп желімдеуді көрсетіп,түсіндіру.

-қағаз түстерінің үйлесімді болуына,бағыт беру.

Ал балалар жаңа жылдық герляндыларды жасаймыз ба?

Жаңа жылдық гирляндыларды балалар өз беттерімен жасай басатайды.

Балалардың сыртынан бақылап тұрамын. Көмек сұраған балаға жәрдем көрсетемін.


Мұқият тындап отырып,өз ойларын бөіседі.















Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.


Еңбек іс-әрекетімен танысады.






Ия жасаймыз.

Әр-бір бала өзіне ұнаған түсті алып герлянданы жасауға кіреседі.

Балалар өз жұмыстарын қызығушылықпен орындайды. Тәрбиешінің іс-әрекетіне назарларын аударады және мұқият тындайды.

ІІІ кезең-

рефлексивті-түзеуші.

Балалардың жұмыстары дайын болған соң барлығын бір-бірімен жалғап топты безендіріп іліп қояды, сабақты қорытындылаймын.

Балалар сонымен бүгін біз не жасадық?

Гирляндалармен нені безендреміз?


Қандай үлкен мереке келе жатыр?

Жаңа жыл мерекесі сендерге ұнайды ма?

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.



Гирляндылар.

Гирляндылармен шыршаны, топты безендіреміз.

Жаңа жыл мерекесі.

Ия, өте ұнайды.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: шырша шырақтарын қағаздан жасау дағдылары

Түсінеді: іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Қолданады: ұқыптылыққа,әсемдікке баулу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мерекелік гирляндылар (Қағаздан)

Автор: Абенова Мирамкуль Каппасовна

Дата: 23.10.2018

Номер свидетельства: 481811


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства