kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"МДББҰ - да Деньеш блогтарын қолдану"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ттттттттттттттттттттттттттттттттттттттцццццццццццццццццццццццццццццццддддддддддддддддддддддддддддддчччччччччччччччч

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"МДББҰ - да Деньеш блогтарын қолдану"»



ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРЛЕР ЖИНАҒЫ 1.Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым.



2.Қайырлы күн! Әрқашан күн сөнбесін

Күн нұрындай жылуы төге берсін

Күндей жарық, көңілді күй кешейік

Бәріміз тату дос болып бөлесейік.



Жаңбыр, жаңбыр жауасың,

Жанымызға дауасың

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасын ауасын.



Біз кішкентай балдырған,

Сескенбейбіз жаңбырдан.

Төбемізде қолшатыр,

Алдымызда жол жатыр.



8.Жарқырап күнде ашылды

Айнала гүл шашылды.

Біз – нәзік қыздармыз!

Біз – ер жүрек ұлдармыз!

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

Қыз қолында гүл жүрсін,

Ұл қолында ту жүрсін.

Қайырлы күн, достарым!

Қайырлы күн, қонақтар!



3.Армысыз, қайырымды аспан ата!

Армысыз, мейірімді жер ана!

Армысыз, шұғылалы алтын күн»

Қайырлы таң! Қайырлы күн!



4.Алақанды ашамыз

Күннің жылуын саламыз,

Жүрек жылуын саламыз,

Таза ауадан саламыз,

Жиналған жасы шуақты

Қонақтарға шашамыз.



7.Қане, қане, басың?

Міне, міне басым.

Қане, қане, шашың?

Міне, міне шашым.

Қане, қане, қолың?

Міне, міне қолым.

Қане, қане, көзің?

Міне, міне көзім.

Қане, қане, мұрның?

Міне, міне мұрным.

Қане, қане, аузың?

Міне, міне аузым.



5.Өзімді өзім жақтаймын

Денсаулықты сақтаймын.

Жүректен жылы соншама,

Тілейміз саулық баршаға.



6.Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда тірлік бар, деген бабам,

Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз.



7.Кел, балалар, ортаға,

Үлкен шеңбер құрайық

Қол ұстасып бәріміз,

Әрқашан дос болайық.



8.Әдепті де өнерлі,

Еңбек сүйгіш боламыз.

Жаңа істің шебері

Жасаушысы боламыз.


9.Салауатты өмір салтын қолдайық!

Ата – ана ел үмітін ақтайық

Өмірдегі басты байлық дейтұғын,

Бірінші байлық – денсаулықты сақтайық.



10.Білімді аяма,

Ата – анамдай аяла.

Мектеп – ана болмаса,

Бала құшақ жал ма?!



11.Алтын сәулем арайлы

Бақшамызға тарайды

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық арайды

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, достарым!



12.Достарымды көргенде,

Қуанамын әрдайым

Қолымыздан ұстасып,

Жылулықты алайық!



13.Ашық аспан астында,

Жайнай берсін бұл өмір.

Ақ тілектер самғасын,

Бар балалар шаттансын.


14.Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды

Бәрі осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.



15.Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз.

Қайырлы таң, деп айтымыз

Қош келіпсіз бәрініз.

16.Біздің топта ұл, қыздар,

Тату тәтті ойнаймыз.

Сыйластықпен өмір сүріп

Тек жақсылықты жасаймыз.



17.Амансын ба, алтын күн

Амансын ба, көк аспан

Амансын ба, достарым

Сендерді көрсем қуанам.

18.Қайырлы таң, аспан!

Қайырлы таң, күн!

Қайырлы таң, достар!

Барлық жақсылық бізге.



Бар адамға бақыт тілек

Жарып шыққан жүректен

Сөздің бәрі ақ тілек.



19.«Әрқашан күн сөнбесін».

Күн әлемі, көк әлемі

Бұл суреті жас баланың.

Ақ қағазға салған ізі,

Қалдырған бұл сөзі:

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұлт төнбесін!

Қасымда болсын мамам.

Болайын менде аман.



«Азамат өсіп келеді».

Сөзі: Ертай Ашықбаев.

Көрсетіп көмек кішіге,

Үлкенге сәлем береді.

Ұқыпты барлық ісіне

Азамат өсіп келеді.



«Не үшін».

Сөзі: Қадыр Мырзалиев.

Балалар айтыңдаршы

-Екі көзің не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін.

-Екі қолың не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Құлақ не үшін керек?

-Ақыл, кеңес тыңдау үшін.

-Жүрек не үшін керек?

-Жауларымнан қорықпау үшін.

-Тіл мен жағың не үшін керек?

-Ақиқатты айту үшін.

-Ал ағын не үшін?

-Шетте жүрсем туған жерге қайту үшін.



22.Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап

Жүрейінші жараса

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн.

Аман – есен болайық

Бейбітшілікті қалайық.



Біз орманға барайық,

Жан-жағымызға қарайық.

Аю шықты қорбаңдап,

Қасқыр шықты ырылдап

Р-р-р-р

Түлкі шықты майысып,

Қоян шықты секіріп,

Қорықпаңдар балалар,

Қарап-қарап алыңдар.



Ыс-ыс-ыс келді қыс,

Ан-ан-ан соқты боран,

Ар-ар-ар үлпілдек қар,

Ты-ты-ты аяз қатты.



Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Құрсақ енді шеңберді,

Алақанды ұрайық.

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға,

Шапалақта-шапалақ.



Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, қонақтар.



Біз аяқпен топылдаймыз,

Біз қолмен шапалақтаймыз.

Баспен біз шайқаймыз,

Қолды жоғары көтереміз,

Одан кейін түсіреміз,

Одан кейін ақырын,

Орнымызға жүгіреміз.



Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық.

Күн шуағын апайларға сыйлайық!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"МДББҰ - да Деньеш блогтарын қолдану"

Автор: Ботаева Загира Жандайевна

Дата: 25.01.2018

Номер свидетельства: 452510


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства