Іздену-ұйымдастырушы | Қазір балалар жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде неше ай бар? Кім айларды айтып береді? Бүгін аптаның қай күні? Бір аптада неше күн бар? Аптасына неше күн балабақшаға келеміз? Неше күн демаламыз? Қазір тәуліктің қай мезгілі? Онда біз сабағымызды бастаймыз. Бүгін бізде ерекше математика сабағы болады. Алдымызда көптеген кедергілер кездесуі мүмкін. Одан ойласып, қиналмай өтуге тырысқанда, әр бала өз мақсатына жетеді. Серуенге барамыз Жолды біз табамыз 1,2,3 жолға түс. (Әуен құстардың үні) (Әуен ойналып шымылдық ашылады). Тосын сый: Түлкі. Түлкі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Балалар түлкімен орманға саяхатқа аттанады. 1 – тапсырма: 1 ден 10 ға дейін тура, кері санау. «Кірпіге көмек көрсету». Шыршаның жанында кірпі алмаларын шашып алыпты. Енді, әр қайсымыз алманы алып жанында тұрған себеттерге жинап салып береміз. Балалар,бір алмадан алып себетке саласыңдар. Барлығы неше алманы себетке жинадыңдар? Нешеуден алдыңдар? Қай себетте алма көп? Енді кірпіні орманға жіберуміз керек. Алдымызда жол жатыр. Неше жолды көріп тұрсыңдар? Жолдардың айырмашылығы бар ма? Қандай айырмашылығы бар? Балалар, көктемде бірінші қандай гүл шығады? Әр қызғалдақ гүл сиқырлы. Енді әрқайсыларың бір – бір гүлден алыңдар. Гүлдің сиқырлығы неде екенін көрейік. Балалар, не көріп тұрсыңдар? Дұрыс. Балалар, сендер нешеге дейін санау білесіңдер? Онда балалар рет – ретімен тұра қалыңдар. Мен естідім, сендер ағылшынша да санай аласындар деп. Енді кім маған ағылшынша санап береді? Енді кім кері санап береді? Енді кірпіні осы жолдың басына қоямыз өзі жол табады. Ал, сендер гүдеріңді мына себетке салып қойыңдар. Саяхатымызды жалғастырамыз. 2 тапсырма: Геометриялық пішіндерді дұрыс тауып ата. Мына, тапсырмны орындауымыз керек. Балалар, мына үстел қандай гүлге ұқсайды? Онда түймедаққтың жан – жағына отырыңдар. Мына суреттен нені көріп отырсыңдар? Дұрыс. Онда нелер салынған? Кім тақтаға келіп тапсырманы орындайды? Балалар тақтада жұмыс жасайды. Ал, қалғанымыз алдарындағы ағаштарды емдеуіміз керек. Рахмет сендерге, балалар. Енді, орнымыздан тұрып бойымызды бір сергітіп алайық. Сергіту сәті. 1 дегенде тұрайық, 2,3,4 – алақанды соғайық. Оң жаққа бұрылып, Сол жаққа бұрылып, Бір отырып, бір тұрып Біз жүгіріп алайық. Бес дегенде асықпай Орнымызды табайық.(музыка) жалғастырайық. 3 – тапсырма. Көрші санды тап. Балалар, мына жерде нелер шашылып жатыр? Дұрыс айтасыңдар. Ненің жапырақтары ? Түсі қандай? Балалар сендер жапырақты жинап алыңдар. Жапырақта не көріп тұрсыңдар? Балалар, жапырақтарыңды алып мына үстелге жайғасыңдар. Енді тапсырманы мұқият тыңдаңдар. Сандардың көршісін тап. Жақсы. Тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Саяхатымызды жалғастырамыз. 4 тапсырма. Кеңістікті бағдарлау. Балалар, алдымызда жап – жасыл алқап жатыр.Енді мені мұқият тыңдаңдар. Жасыл алқаптың жоғарғы сол жақ бұрышына үш дөңгелекті қойыңдар. Енді, жоғарғы оң жақ бұрышына екі үшбұрышты қойыңдар. Жасыл алқаптың астыңғы оң жақ бұрышына екі тікбұрышты қойыңдар. Енді, астыңғы сол жақ бұрышына екі сопақшаны қойыңдар. Жақсы, тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Енді орнымыздан тұрып саяхатымызды жалғастырайық. -
5 тапсырма. Логикалық ойындар. Балалар, орманда нелер мекендейді? Дұрыс айтасыңдар. Кім жабайы аңдарды атап айтып береді? Балалар, екі қонжық болса неше табаны болады? Үш қоянда неше құлақ болады? Екі құста неше қанаты болады? Жақсы, дұрыс жауап бердіңдер. Балалар, біз саяхатта көп жүріп қалдық. Балалар, күн батып барады қандай тәулік мезгілі болды? Онда балабақшаға қайтайық. | Наурыз, сәуір, мамыр. Жұма Жеті күн Бес күн Екі күн Таңертен Сәлеметсіз бе, Түлкі. Он алма Біреуден Екі себетте тең
Мөлдір дұрыс санадың. Арай дұрыс санады. Түймедаққа Ағаштың діңін Геометриялық пішіндер. Дана, Мұрат Балалар тапсырманы орындайды. Жапырақтар. Еменнің Жасыл. Балалар жапырақ жинайды. Сандарды. Балалардың жұмысы. Балалардың жұмысы Жабайы аңдар Қоян, аю, түлкі, тиын, қасқыр. 8 табаны болады. 6 құлақ болады. 4 қанат болады. Кеш болды. |