Мотивациялық- танымдық Ұйымдастырушы лық-ізденушілік Рефлекстік- үйлесімділік | -Сәлеметсіңдер ме балалар! -Балалар, бізге бүгін сабаққа қонақтар келіп қалыпты. Балалар енді келген қонақтармен амандасайық. Сабаққа барлығымыз қатысып, өз білімімізді көрсетейік. Шаттық шеңбері. Топ-топ етіп басайық Жалаудан күн жасайық Жаса-жаса жарқын күн Жаса-жаса алтын күн. Баруырсақ адасып кетіпті, оның апасы мен атасына жетуіне көмегімізді тигіземіз бе? - Келе жатыр Бауырсақ ағаштарды аралап, алдынан қу түлкі шығады. Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ: жемеші мені түлкі, мен ағаштар арасында адасып кеттім, одан да тілегіңді орындайын. Түлкі: жарайды Бауырсақ, менің қарным тоқ, сен маған мына балапандарды санап, сәйкес цифрін бастырып жаз да жүре бер дейді. (балапандарын ұсынады.) 1 тапсырма орындалады - Келе жатыр Бауырсақ ағаштарды аралап, алдынан Қоян шығады. Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ: жемеші мені қоян, мен ағаштар арасында адасып кеттім, одан да тілегіңді орындайын. Қоян: мына суреттегі гүлдерді санап, цифрлерді тиісті карточкалармен қос дейді. 2 – тапсырма орындалады - Шаршаған жоқсыңдар ма? Бір серігіп алайық дейді. Сергіту сәті. 1,2,3,4 секіреміз бәріміз. 1,2,3,4 жиналамыз бәріміз. 1,2,3,4 отырамыз бәріміз. 1,2,3,4 орнымызды табамыз. - Келе жатыр Бауырсақ ағаштарды аралап, алдынан Қонжық шығады. Қонжық: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ: жемеші мені қонжық, мен ағаштар арасында адасып кеттім, одан да тілегіңді орындайын. Атам мен апама барайын. Қонжық: жарайды Бауырсақ, маған сенің көмегің қажет. Мына пішіндердің үйінділерінен мен апаныма кіре алмай тұрмын, ол үшін атауларын білу керек. (төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш, сопақша пішіндердің атауларын атау керек) Конжық: мәреге жететін жеңімпаз бен кең және тар жолды боя. 3-тапсырма орындалады - Ауылына енді жақындап еді, алдынан Қасқыр шығады. Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ: жемеші мені Қасеке, мен ағаштар арасында адасып кеттім, одан да тілегіңді орындайын. Қасқыр: дегенің болсын, маған мына суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? - оң жақтан жаз мезгіліне сәйкес суреттерді анықтап, бояңдар. Атап өтіңдер. - ал қай суреттердің қажеті жоқ? - Жарайсыңдар балалар, Бауырсақ атасы мен апасына қосылып, балаларға рахметін айтады. Сыйлығын береді. Балалар , сендерге көп рахмет. Бүгінгі сабаққа бәрін жақсы қатыстыңдар. Келген қонақтарғада рахмет. Қазір, келген қонақтармен, орнымыздан тұрып, қоштасайық. Бәрі хормен «Сау болыңыздар» деп айтады. Сабақ аяқталады. | Амандасады. Бірге қайталайды. Қимылдар жасайды. Балалар таңданады. - Бауырсақ - Иә - балапандар саны 4 5 цифрін 5 Гүлдің суреті бар карточкалармен, 4 цифрін 4көбелегі бар карточкалармен қостық. Қимылдар жасайды. - төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш, сопақша. Мәреге жететін жылқы мен, кең жолды сары, тар жолды қоңыр түспен бояйды. Жаз мезгілі бейнеленген. Көбелек пен гүлдің суретін бояймыз. Ағаштар мен аққаланың суреті артық. |