Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше оқу қызметі. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
Көңіл күйіміз қалай? - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілінде неше ай бар?
Көктем мезгілінде қандай ерекшелітер бар.
(құстардың судың дыбысын естірту.)
Қызықты сәт. (Том Джерриды қуып жүріп топқа келеді)
Сәлеметсіңдерме?
Балалар мына тұрған қай мультиктің кейіпкерлері?
Ал сендерге Джерри ұнай ма?
Ол қандай?
Джерриді кім ұстай алмай жүреді?
Сәлеметсіңдер ме? Балалар. Қандай ақылды балаларсыңдар. Жолда келе жатқанда қатты жаңбыр жауды, жаңбырға әбден жаурап қалдық, оның үстіне қолшатырымда тесіліп қалды. Дидактикалық ойын:«Тесік қолшатыр» Балалар, қолшатырын жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін стол жанына жақындайық.
Джерри: Ой балалар біз жолда келе жатып мына бір қорапша тауып алдық ішінде не бар екенін білмейміз.
Қорапшада не бар, көрейік. Мұның ішінде бізге тапсырма берілген екен
Орындаймыз ба?
1 - тапсырма: «Математикалық жұмбақтар» - Үш мысықтың құйрығы нешеу? - Қоянның құйрығы нешеу? - Екі балада неше құлақ бар? - Бес сиырдың басы нешеу?
2 – тапсырма: «Кілт»
Балалар Том мен Джерридің өз үйлері бар?
Үйлерінің есіктерінде қандай айырмашылық бар?
Әр есіктің өз кілті болады, солай ма?
Міне, кілттерін қараңдаршы,қандай деп ойлайсыңдар?
Енді осы кілттер қай есікке сәйкес келеді, кім айтады?
Сендер оны қайдан білдіңдер?
Жақсы, балалар, ендеше Томның үйінің есігін ашып ішке кірейік.
Томның бізге арнаған тапсырмалары бар екен. Дидактикалық ойын «Жаңылмай тап» Мақсаты: Берілген суреттерді санап, цифырмен сәйкестендіреді.(Дәптермен жұмыс)
2 - тапсырма:«Қанша болса, сонша» Мақсаты: цифрларды айыра білу және дұрыс атау машығын бекіту, тура және кері санауға жаттықтыру.
Сергіту сәті:«Менімен бірге қайтала» Қане, достым, аңқайма, Менен кейін қайтала. Барша қимыл үш – үштен: Көзіңді қыз үш рет: 1, 2, 3 Басыңды еңкей үш рет: 1, 2, 3 Иықты көтер үш рет: 1, 2, 3 Солға – оңға иіл үш рет: 1, 2, 3 Орныңда секір үш рет: 1, 2, 3 Ентігімізді басамыз
Орнымызды табамыз.
Ендеше әрі қарай Джерридіңде тапсырмасы бар екен,кәне орындаймызба?
Балалар, қараңдаршы мынау ненің суреті?
Осы екі жол бірдей ме?Айырмашылығы неде?
Қандай жолдар? Ия кең жол,тар жол болып бөлінеді екен.
4 тапсырма: «Суретті боя»
Ендеше кең жолды сары, тар жолды қоңыр түспен бояңдар.
5 тапсырма: «Суреттер сөйлейді»
Шарты : берілген суреттердіжыл мезгіліне сай орналастыр.
Өте жақсы
Көктем
3 ай
Наурыз, сәуір, мамыр.
Том және Джерри
Ия ұнайды. Ол ақылды, ірмішік жегенді ұнатады.
Том
Балалар стол жанына жақындап түрлі - түсті қағаздардан жасалған «қолшатырға»қағаздан 1ден 5 ке дейін сандардың қиындыларын жапсырады.
1,2,3,4,5
Ия
Үшеу
Біреу
Төртеу
Бесеу
Томның үйінің есікі үлкен, ал Джерридікі кіші.
Ия
Томдікі үлкен, Джерридікі кішкентай.
Дидактикалық ойындарды тәрбиешінің көмегімен орындайды.
Сергіту сәті: «Менімен бірге қайтала» Қане, достым, аңқайма, Менен кейін қайтала. Барша қимыл үш – үштен: Көзіңді қыз үш рет: 1, 2, 3 Басыңды еңкей үш рет: 1, 2, 3 Иықты көтер үш рет: 1, 2, 3 Солға – оңға иіл үш рет: 1, 2, 3 Орныңда секір үш рет: 1, 2, 3
Ентігімізді басамыз
Орнымызды табамыз.
Ия
Жолдардың суреті
кең жол,тар жол
тапсырманы орындайды
Рефлекциялық қортындылаушы
Бәрекелді балалар біздер неше тапсырма орындадық, қәне бірге санайықшы.
(1-5 ке дейін санау үш тілде)
Жарайсыңдар балалар. Өте керемет. Балалар Том мен Джерри біз ойлағаннанда ақылды екен. Олар сандарды пішіндерге орналасытрған. Қандай пішіндер?
Керемет, олай болса пішіндердің түстерінін атайықшы.
Міне балалар берілген тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.
Рахмет,балалар сендер қандай ақылды да, білімдісіңдер. Мен сендермен дос болғым келеді. Қазір көктем мезгілі біздер құстарға ұя жасадық. Ұяны сендерге тарту етеміз.
Рахмет Том мен Джерри сыйлықтарың қатты ұнады.Қандай керемет. Біздер оны серуенге шыққанда ағашқа орналастыратын боламыз. Дәндерді шашып құстарға әзірлеп қоямыз.
.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық!
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Заттарды салыстыра алады, «кең», «тар» ұғымдарын ажырата біледі. Баланың меңгеруі: Ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді.Тапсырманы кезеңімен орындау жолдарына үйренеді.
Баланың жасай алуы: Ойлау қабілетін пайдалана отырып, тапсырмаларды орындай алады.Беске дейін санайды.Баланың өзіндік үлестірмелі материалмен жұмыс жасай білуі дамиды.
Сәлеметсіңдер ме? Балалар. Қандай ақылды балаларсыңдар. Жолда келе жатқанда қатты жаңбыр жауды, жаңбырға әбден жаурап қалдық, оның үстіне қолшатырымда тесіліп қалды.
Рахмет,балалар сендер қандай ақылды да, білімдісіңдер. Мен сендермен дос болғым келеді. Қазір көктем мезгілі біздер құстарға ұя жасадық. Ұяны сендерге тарту етеміз.