Мотивациялық қозғаушы Іздену, ұйымдастыру. Рефлексивтік коррекциялау. | Шаттық шеңбері: Жарбырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз. Біз талантты жас ұлан Үлгі аламыз жақсыдан. Топқа жүгіріп Қоян келеді,амандасады:Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен қайда келдім? Тәрбиеші:Сәлеметсің бе Қоян! Жоғары шық,сен біздің Ақбота тобына келдің.Міне мына отырған балалар осы Ақбота тобының тәрбиеленушілері. Қоян:Керемет!Қандай жақсы балалар,топтарың кандай!Балалар менде балабақшаға барғым келеді,мен орманда ойнап жүріп мына суреттерді тауып алдым.Бірақ бұл нені білдіреді,не істеу керек екенін білмеймін.Сендер маған көмектесесіңдер ме? Қоянның әкелген суреттерін тақтаға іліп қарастырады:өлшемдер. 1.Ағаштар(жуан-жіңішке) 2.Үлкен-кіші(ойыншықтар) 3.Жалпақ-жіңішке(қылқаламдар) 4.Биік-аласа(үйлер) Қоян:Менде тағы да бар суреттер-деп сандарды алып шығады. 1,2 цифры мен сандары. Тәрбиеші:Біздің балалар бұлардың не екенін біледі.Кәне балалар үстелге жақындайықшы.Бұл жерде үлестірмелі заттармен жұмыс жүргізіледі.Жолақшаларды пайдалана отырып,бір,екі санын қайталатады,көп сандардың ішінен 1,2 цифрын алып көрсетулерін сұрайды,қанша болса,сонша ұғымдарын қайталап,пысықтайды.Тәрбиеші:Балалар қазір біз ойын ойнаймыз ойынның аты Сиқырлы шеңбер:Көріп отырсаңдар,алдарында дөңгелектер жатыр,оның бетінде суреттер бар,сендер қазір осы суреттердің ішінен 1 санына тең суретті тауып,1саны бар кір қыстырғышты саның тұсына қыстырып қоюларын керек.Мұқият болыңдар!Ойнау алдында саусақтарымыды шынықтырып алайық!Ал іздейміз 1санына байланысты бар ма екен?Ал енді 2 санына байланысты суреттерді іздейміз!Әр баладан сұрап пысықтап отырады.Жарайсындар балалар,Қоян саға ұнады ма ойын?Ал енді бәріміз орынымыздан ұрып,басқа ойын ойнайықшы.Бұл ойынға бізге доп керек,мен ортада тұрамын ал Қоян,сендер балалар мені қоршап,шеңберге тұрасыңдар.Мен мысалы:биік деймін,ал сен маған қарсы аласа дейсін.Ал бастаймыз.Антонимдер айтылады.Ойынды ойнатады.Қоян:Қандай жақсы ойын,маған ұнады.Мен көп нәрсені үйрендім!Ал енді балалар мына суретке қарандаршы неге мына аяқ киім аяғына үлкен болып тұр,ал мына аяқ киім симай жатыр?Өйткені үлен аяқ кең екен,ал кішкентай аяқ киім тар екен.Қоян кең-тар аяқ киімдерді киіп көрсетеді.Енді мына жолдарға қарандаршы,жалпақ жолда екі машина қатар жүре алады екен,ал мына жіңішке жолда тек адамдар жүре алады екен.Неге?Өйткені мына жалпақ жол кең,ал жіңішке жол тар.Тар жолмен машина жүруге бола ма?Кең-тар сөздерін тағы қайталайды.Қоян:Балалар менде сендер сияқты кең-тар деген сөздердің мағынасын түсініп,жаттап алдым.Ал балалар мен енді үйге қайтуым керек,рахмет сендерге,мен сендерден көп нәрсе үйрендім.Ормандағы достарыма барып айтамын сендер туралы,оларды ертіп келемін.Сау болыңдар!Ал жарайды Қоян үйіне оралды.Ал біз үстелге жақындап тағы бір тапсырма орындайық.Мына қағаз бетінде геометриялық пішіндер орналасқан,ал енді сендер жоғарыдағы үшбұрыштың астына төменгі бұрышқа өртбұрыш қойындар,ал оң жақ жоғары бұрышқа сопақша қойыңдар деп кағаз бетінде кеңістікті бағдарлау жұмысын өткізеді.Жарайсыңдар балалар,тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Балалар бүгін бізге қонаққа біреу келді ме?Оған біз не үйреттік?Мына жолдар туралы не білдік?Жарайсыңдар балалар!Ал енді мына жерде сурет бар:Біреуінде көңілді қыз тұр,біреуінде көңілсіз қыз бейнесін көріп тұрмыз.Егерде бүгінгі сабақ сендерге ұнаса мына көңілді қыз бейнесінің жанына барыңдар,ал егер көңілдерін жоқ болса,сабақта бір нәрсе ұнамаса мына көңілсіз қыздың бейнесінің жанына барып тұрасыңдар. Сабақты қортындылап аяқтайды. | Балалар қимыл-қозғалыспен көрсетіп, айтады. Шеңберге тұрып қимыл қозғалыспен орындайды. Балалар амандасады. Әрине көмектесеміз Балалар өлшемдерді еске түсіріп,қайталап отырады. Балалар үстелге отырады. Сауса гимнастикасын жасап алады.Күн,шарбақ,тас. Балалар тауып қыстырып қояды.(прищепка) Қоян ұнағанын айтады. Балалар шеңберге бойына тұрады. Биік-аласа,ұзын-қысқа,жуан-жіңішке,ыстық-суық,ауыр-жеңіл. Тақтадағы суретке қарап,ойларын айтады. Жаңа сөздерді қайталайды:кең,тар. Болмайды,онымен тек адамдар жүреді. Балалар қоянмен қоштасады. Қоян келді,сандар,ойын үйреттік.Кең,тар, Балалар көңіл-күйге байланысты таңдап,орындарына тұрады,себебін түсіндіреді. |