kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Маңғыстау-аспан астындағы мұражай»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Маңғыстау туралы ашық сабақ, технологиялық карта, балабақша

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Маңғыстау-аспан астындағы мұражай»»

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің “№35 «Балдырған» бөбекжайы”

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




«Бекітемін»

35 «Балдырған» бөбекжай директоры

____________ М.М.Кабдрахманова

«____»__________2016жыл







«Маңғыстау-аспан астындағы мұражай»

атты қорытынды есеп беру ұйымдастырылған оқу қызметі

(ересек тобы)






Дайындаған: №6 ересек тобының

тәрбиешісі Кощанова А.У.

Өткізген: №6 ересек тобының

тәрбиешісі Кощанова А.У.












Ақтау қаласы

2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Маңғыстау-аспан астындағы мұражай»


Білім беру салалары: «Коммуникация», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Таным», «Әлеумет»

Мақсаты: Маңғыстау өлкесінің табиғаты туралы түсінік беру.

Білімділігі: Туған жерінің әдемі жерлерін атай білу.Туған жерінің табиғат құбылыстарын білу.

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Көрнекі – бейнелік есте сақтау қабілетін дамыту. Эстетикалық талғамын дамыту. (табиғат әсемдігін сезіне білу) Ойлау, үлгі құру, ауыстыру іс-әрекеттеріне қатыстыру арқылы балалардың ізденіс танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдары: Үлестірмелі құралдар–құстар, өсімдіктер, жануарлардың суреттері, арқар суреті, слайд, бейнетаспа, сулық, желім, қима қағаздар. Кітаптар.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Жаңа технология: Денсаулық технологиясы-М.Монтессорий технологиясы.



Іс-әрекеткезеңдері



Тәрбиешініңіс-әрекеті



Балалардың

іс-әрекеті



Мотивациялық-қозғаушылық



















Ұйымдастыру-іздестіру

























































































































































Рефлексивті - коррекциялаушы



-Балалар, бүгін ерекше күн. бүгін бізге қонақтар келіп отыр. олай болса, қонақтармен сәлемдесейік.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

-Жарайсыңдар, балалар.

«Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» әнінің әуенімен, ортаға шаттық шеңберін жасап тұрады.

Шаттық шеңбері:

Көк күмбез зерен- аспаның.

Көгілдір мәрмәр тастарың.

Көңілде жүрген дастаным,

Маңғыстау-Жұмақ мекенім.

Маңғыстау-Мәңгі дастаным.

-Балалар, тамаша жырларыңа мың алғыс. Орындарыңа отыра қойыңыздар.

Не замандар өтсе-дағы бұлағай,

Көк түріктің туы қалды құламай.

Маңғыстауым-тұнып тұрған тарихым,

Ашық аспан астындағы мұражай,-демекші, кең-байтақ қазақ даласында осы бір қасиетті өлкенің тарихы ерекше. Табиғаты таңғажайып, тау-тасы түртіп қалсаң сөйлеп кеткелі тұрған ғажап өлке.

Маңғыстау өңірі-Қазақстанның оңтүстік-батысында орнласқан. облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий тенізі бар. Манғыстау облысы 1973жылы 20наурызда құрылды. орталығы Ақтау қаласы.

-Балалар, ендеше Маңғыстау туралы бейнетаспаға назар аударайық.

Бейнетаспа көрсету.

-Бейнетаспадан көріп отырғандарыңыздай Маңғыстау десе аузымызға Бекет ата мен 362 әулие түседі. Отпан-тау тарихи-мәдени кешен кесенесі бар, ерекше Шерқала тауы бар, Саура деп аталатын таулы аймақ бар, Ақтау қаламызды қоршап тұрған Каспий теңізі бар. Жер бедері әртүрлі: жазық жерлер, таулы жерлер де кездеседі. Топырағы сортаң, ылғалы аз, шөлді өлке болғандықтан ащылы бұталы өсімдіктер көп кездеседі.Көктемі ұзақ, жазы аптап ыстық, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық, ызғарлы, болып келеді.


-Балалар, Маңғыстау туралы қандай тақпақтар білесіздер? Ендеше орнымыздан тұрып білетін тақпақтарымызды айтып берейік.













-Рахмет балалар. Шаршаған шығарсыздар. Ендеше сергіту сәтін орындайық.

Сергіту сәті:

Қане, достым, аңқайма,

Меннен кейін қайтала.

Барша қимыл үш-үштен,

Көзіңді қыс үш рет: 1,2,3.

Басыңды еңкейт үш рет: 1,2,3.

Иықты көтер үш рет: 1,2,3.

Солға, оңға иіл үш рет: 1,2,3.

Орныңда секір үш рет: 1,2,3.

-Жарайсыңдар, балалар. Орнымызға жайғасайық.

Маңғыстау бұрышына саяхат:

-Балалар, тобымыздағы Маңғыстау бұрышына саяхатқа шыққыларың келе ме? Ендеше орындарымыздан тұрып дайындалайық.

-Балалар сіздерге маңғыстау бұрышымен экскурсовод апай таныстырады.

-Сәлеметсіздер ме, балалар. Қош келдіңіздер. Мен сендерді Маңғыстау өлкесінің жануарларымен, өсімдіктерімен, құстарымен, табиғатымен таныстырамын.

-Балалар, Маңғыстау өлкесі жайында білетін тақпақтарыңды айта қойыңдар.













-Ендеше, балалар, Маңғыстау бұрышына саяхатымызды осымен аяқтаймыз. Орындарымызға барып жайғасайық.

Дидактикалық ойын: «Суреттерді ретімен орналастыр»

Шарты: өлкеміздің жануарлары, құстары, өсімдіктерінің суреттері тігінен, көлденеңінен орналастырғанда қайталанбауы керек.

Жұмбақ жасыру.

Жақпар тастың өркешіне,

Секіреді құламай.

Қия құздың өр төсіне,

Орғып шығар оп-оңай.


-Дұрыс айтасыңдар. Маңғыстау киелі түбегінде жануарлар мен өсімдіктер сан алуан. мұнда арқар, киік, қарақұйрық т.б. жануарлар мекендейді. біздің жерімізде арқардың көп түрі кездеседі. мысалы: мүйізі биік, аяғы төзімді арқарлар тауда тіршілік етеді. Қазіргі кезде осы арқарларымыз азайып барады.

-Біз бүгін әдемі арқарды құрастырып көрейік.

Жеке жұмыс:

-Жақсы, балалар. Тақтадағы үлгі суретке назар аударайық. Енді алдарыңыздағы тұрған қоңыр қима қағаздардан арқар бейнесін желімдейік. Арқардың көзі мен мүйізін қарындашпен саламыз.



-Арқардың түсі қандай?

-Арқардың мүйізі неге ұқсайды?

-Арқардың құйрығы қандай?

-Аяқтары қандай?

-Жұмыстарың өте әдемі болып шығыпты.

-Жарайсыңдар, балалар.


Саусақ жаттығу:

-Балалар, қолымыз шаршаған шығар, қолымызға жаттығулар жасайық.

-Допты екі алақанымыздың ортасына салып, допты домалатамыз, содан кейін екі алақанымызбен кезек-кезек допты қысамыз.

-Жарайсыңдар, балалар.


-Бейнетаспадан Маңғыстаудың қандай әдемі жерлерін көрдіңдер?


-Балалар, бүгінгі оқу қызметімізде нелер туралы айттық?



-Біз қандай жануарды жапсырдық?

-Жарайсыңдар, балалар, осымен біздің бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Барлығыңыз жақсы қатыстыңдар, рахмет.

(Балалар арқардың суреттерімен бағаланады.)



Қонақтармен амандасады.







Әуенмен шаттық шеңберін жасап тұрады.


Бәрі бірге айтады.





Орындарына жайғасады.


Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.


















Назарлары бейнетаспада

Тәрбиешінің сөзін мұқият тыңдайды.















Амина:

Маңғыстау-талай жақсы өткен жері

Мәңгілік ата-қоныс тепкен жері

Сырт дұшпан көзін салмай кеткен жері.

Қанат:

Маңғыстау-көне тарих куәгері

Білмейміз қанша ғасыр, жыл ілгері

Бабалар басын құрап қоныс қылған

Шамасы жылдар өткен тым ілгері.





Тәрбиешімен бірге қайталайды.







Орындарына жайғасады.



-Иә

Дайындалады.

-Саяхатқа шығады.




-Сәлеметсіз бе.


Экскурсовод апайды мұият тыңдайды.





Ерсін:

Мәңгілік боп ұраны,

Жоғалмайды нұр-әрі

Мавзолейлер, мазарлар

Айдалада тұр әлі.

Жұлдызай:

Маңғыстау-ошақ орны-жер киелі

Қызыл нар қоңыраулатып жүгін артып

Әжелер көш бастаған ақ түйелі.



Орындарына барып отырады.




Дидактикалық ойынды ойнайды.








-Арқар.


Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.












Үлгі суретке назар аударады.



Жұмыстарын желімдеуге кіріседі.

Жұмыстарын көрсетеді.

-Қоңыр.

-Оюға.

-Құйрығы қысқа.

-Аяқтары ұзын.






Тәрбиешімен бірге саусақ жаттығуын қайталайды.








-Отпан-тау, Саура, Шерқала, Бекет ата тауын.

-Маңғыстау өлкесінің жануарлары, өсімдіктері, құстары жайында айттық.

-Арқарды.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Қонақтармен қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: Жануарлардың атын атай білуі керек.

Нені игереді: Арқардың суретін қима қағаздардан жапсыруды игереді.

Нені білді: Маңғыстау өлкесінің көрікті жерлерін білді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Маңғыстау-аспан астындағы мұражай»

Автор: Кощанова Алия Ундашбаевна

Дата: 29.11.2016

Номер свидетельства: 363739


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства