Балалар қараңдаршы бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Амандасайық.Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар. Балалар сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер? Дұрыс айтасыңдар. Міне,тағы да таң атып күн шықты.Олай болса бүгінгі кезекті сабағымызды шаттық шеңберден бастайық. Шаттық шеңбер Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге. Осы кезде есік қағылып, топқа қоян кіреді. -Сәлеметсизбе Қоян сізге не болды? Қоян: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қонаққа асығып келе жатып жолда қатты құлап аяғымды ауыртып алдым. -Балалар,қоянға қалай көмектесеміз? -Қоянды кім емдеп жазады? Олай болса балалар тездетіп жедел жәрдем көмегіне қоңырау шалайық. -Балалар жедел жәрдем көмегінің номері қандай? Телефоннан 103 номерін тереміз. Балалар біздің ортамызға дәрігер келді қоянды қарасын. Дереу дәрігер келіп қояннын аяғын қарап кішкене жарақатын танып,орап береді. Дәрігерге рахмет айтып шығарып саламыз. Қоян- дәрігердің кеңесін міндетті түрде Тыңдау керек.Сен енді отырып аздап демалып ал. Қоян: балалар қазір сендерде қандай сабақ болып жатыр сендерге кедергі жасамаймынба? Жоқ қоян кедергі болмайсын,бізбен бірге қал,білмегеніңді балалардан үйрен. -Балалар қараңдаршы қоян аяғын ауыртып алып ауырсынып отыр,қоянның көңіл-күйін жақсарту үшін қане,бір-бірімізге жұмбақ жасырайық. -Балалар менде мұнда жұмбақтар бар.Кімге оқытсам екен? Қане Амир шығып бізге оқып бере ғой. 1. Өміріңді күзеткен Ысқырығы күшті адам.Ол кім? Келеси жұмбақты Әлия оқып берсін 2. Алып жатқан жан-жақты, Үйлерді кім тұрғызды. Бізде соңғы бір жұмбақ қалыпты оны бізге Милана оқып берсін 3. Өскен шашты жаратпайтын Қайшысы бар жалаңдайтын. |