Просмотр содержимого документа
«"Мама Папа и Я спортивная семья"»
22.08.2018жыл
Тақырыбы:«Біз жас спортшылар»
Мақсаты: Спорттық ойындарға қызығушылықты арттыру. Спортқа деген сүйспеншіліктерін нығайту. Ептілікке,шапшаңдыққа жаттығу. Көрнекі құралдар:Спорт зал доп,доғал, гимнастикалық орындық,түсті конустар,шеңберлер.себеттер Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,құрметті балабақша тәрбиешілері, қонақтар. «Салтанат»балабақшасында өткелі отырған «Біз жас спортшылар» атты спорттық ойын-сауыққа қош келдіңіздер.Біздің қатысушыларымызды қошеметтеп отырыңыздар.
Спорт деген азанда, Алады да тұрғызып. Еріншектік аз онда, Бастайды ойын бір қызық. Аязда да тоңбайсың, Ыстыққа да күймейсің, Сергектікті қолдайсың, Жалқаулықты сүймейсің, Бақыт сенен қашпайды, Өнер білген пайдалы, Спорт соның айғағы дей тұрып, ойнымызды бастаймыз.
Барлық топтарды музыкамен қарсы алу.
1. «Бөбек» тобы 2. «Қарлығаш тобы
3. «Ақ ерке» тобы
4«Айналайын тобы»
5. «Балдырған»тобы
Балаларды сапқа тұрғызып бүгінгі болатын іс шарамен таныстырып өту Музыкамен дене жаттығуларын өткізу.
1.Жарыс: «Жорғалау»
«Бөбек» тобы және «Қарлығаш» тобы
Екі топ мәре сызығына келіп сапқа тұрып жарысты бастайды
Ойын ережесі гимнастикалық орындық үстімен еңбектеп кері доға астымен еңбектеу
Қайсы топ бірінші жарысты бітірсе сол топ жеңіске жетеді.
2.Жарыс: «Допты себетке дәлдеп лақтыру»
Жарыс шарты: Балалар екі топ болып алдарында 2м қашықтықта тұрған себеттерге кезекпен доп лақтыру қайсы топ неғұрлым көп түсірсе сол топ жеңіске жетеді
3. Жарыс: «Қашықтыққа секіру»
«Ақ ерке» «Айналайын» Балдырған топтары қатысады.
Жарыс шарты:Бұл ойын үшке бөлінеді балалар үш топқа бөлініп үш баладан ойынға қатысады сапқа тұрады қатысушылар белгіленген межеге келіп алдындағы жүргізушінің белгісімен 1,40м қашықтықтан үш сызықтын біріншісіне қос аяқтап секіреді егер жете алмаса екі мүмкіндік берледі шартты орындайалмаған балалар ойыннан шығады ,соңында қалған бала жеңіске жетеді.
Бірінші ойында жеңіске жеткендер екінші ойынға көшеді бұл ойында жоғарыдағыдай жалғасады тек қашықтық 1,60тан 1,80метыргедейін ұзарады түбінде ойын шартын толықтай орындаған балалар жеңіске жетеді. 4. «Допты ал»
Ойын шарты:«Ақ ерке» «Айналайын» екі топ бір-бірлеріне қарама-қарсы сапқа тұрады
Ортағабір доптан қойылады жүргізушінің айтуымен (мысалы мұрын ,көз,құлақ дей отырып доп дегенде балалар дереу допты жерден көтеріп алып жоғары көтеру керек)ойын 2,3 мәрте қайталанады.
Келесі «Балдырған» тобы осылай ойынды жалғастырады.
Қортынды:қоштасу.Құрметті бүгінгі сайысымыздың қонақтары мен балалар Сіздерге сайысымызға келгендеріңе көп-көп рахмет!
Осымен балабақшамызда «Салтанат» балалар бақшасындағы балалар арасында өткен«Біз жас спортшылар»атты ойынымыз жарысымыз аяқталды.
балалар саппен жүріп залдан(алаңнан) шығып кетеді.