kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М. Төрежанов «Шие тергенде»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Коммуникация» білім беру саласының драма ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Тақырыбы: М. Төрежанов «Шие тергенде»

Мақсаты: : Балаларды әңгімені тыңдауға, байланыстырып сөйлеуге және  мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға және жұмбақтардың шешуін таба білуге үйрету.  Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға үйрету.  Диалог түрінде сөйлесу дағдыларын дамыту. Шыншылдыққа, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс және оқу қызметіне дайындық:Күз мезгілі туралы әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: Шие, ар ұят

Дидактикалық құралдар: ата-әже,  суреттер,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М. Төрежанов «Шие тергенде»»

«Коммуникация» білім беру саласының драма ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Тақырыбы: М. Төрежанов «Шие тергенде»

Мақсаты: : Балаларды әңгімені тыңдауға, байланыстырып сөйлеуге және  мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға және жұмбақтардың шешуін таба білуге үйрету. Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға үйрету. Диалог түрінде сөйлесу дағдыларын дамыту. Шыншылдыққа, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс және оқу қызметіне дайындық:Күз мезгілі туралы әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: Шие, ар ұят

Дидактикалық құралдар: ата-әже, суреттер,


Іс –әрекет кезеңі

Тәрбиешінің басқарымдық

қызметі

Балалардың іс-әрекеті

І кезең

Мотивациялық-қозғаушы

Қонаққа ауылдан ата-әже келді..

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде қандай өзгерістер болады?

-Күзде қандай жеміс-жидектер піседі?


«Шие тергенде» М. Төрежановтың әңгімесің оқитының айту


Ата-әжесімен амандасады. Оларды көргендеріне қатты қуанады.

-Қазір күз мезгілі.

-Күзде күн суыта бастайды, жеміс -жидектер, көкөністер піседі.

-Алма, алмұрт, банан, өрік, шие піседі


ІІ кезең Ұйымдастырушылық-ізденушілік

«Шие» сөзіне түсінік беру.

Әңгімені 3 – 4 рет оқып, балалар түсінгенше мазмұнын айтып беру.

Шие тергенде
Әмина әже немерелері Жанат пен Қанатты ертіп, шие теруге орманға келді. Көп ұзамай қалың шиеге кезікті. Жанат терген шиесін қолындағы ыдысқа салса, Қанат шиесін тойғанша жеп, сонан соң өз бетімен ойнап кетті. Таза ауада әрі жақсы демалып, әрі шиеге тойып, олар үйлеріне көңілді оралды. Жанат ыдыстағы шиесін атасына ұсынып жатып:
Ата, мына шиені әдейі сіз жесін деп, орманнан теріп әкелдім, — деді.
Көп жаса, Жанатжан, — деді атасы бір шиені алып, аузына салып.
Өскенде сен мені асырайды екенсің.
Өзің де же, Жанатжан, — деді ол бір кезде.
Ата, біз шиені орманда тойғанша жедік
«Ас иесімен тәтті» — дейді халық. Сен көмектеспесең, мен жалғыз өзім тауыса алатын емеспін.
Қанатжан, сен неге отырмайсың, — деді атасы, босаға жаққа тұрып қалған Қанатты көріп, — Жанаттың шиесін же
Қатты ұялған Қанат көзі жасаурап, сыртқа ата жөнелді.



Сергіту сәті:

Көтереміз қолымызды

Созыламыз жоғары.

Бір,екі,үш,төрт

Дененді оңға және солға бұр.

Беліңді шынықтыр


«Шие» туралы тақпақ жаттатқызу:

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін,

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Аз /қ ойын «Шие жинау»

Шартың түсіндіру.

Балалар әңгімені мұқият тыңдайды.












































Балалар барлығы бирге қимылдар жасап сергіту сәттін жасайды.







Балаларға шие туралы тақпақ жаттады.

Балалар төрт жолды өлеңді жаттап алып, сұрақтарға жауап береді.


Ойынға белсене қатысады


ІІІ кезең

Рефлексивті-

түзеуші

Сұрақ-жауап .

-не теруге, қайда барды?

- отбасы дегеніміз не?

- шие теру әнгімеден не түсіндіңдер?

-Қанаттың қылығына қалай қарайсыңдар?

-Ондай қылықтарға баруға бола ма?


Балаларды мақтап, бағалау. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!


Отбасымызбен шие теруге бардық.,

Отбасы ол әке-шешем, аға інім мен барлығымыз бақытты жанұямыз деп жауап берді.

Жанат атасына шие жинап алады да, ал Қанат болса өзі жеп тойып алып, ойнауға кетеді.

-Қанаттың қылығы өте нашар

-Ондай жаман қылықтарға баруға болмайды



Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады : Отбасы туралы түсінеді

Түсінеді: Мазмұның айта білу

Қолданады: Әңгімеде болған жаман қылықтарды,өмірде қайталамауға тырысады.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
М. Төрежанов «Шие тергенде»

Автор: Байкишева Айгуль Умербековна

Дата: 22.05.2018

Номер свидетельства: 470609


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства