Ізденіс ұйымдастырушы | Біз бүгін достық туралы «Екі дос» деген әңгіме оқимыз. Бұл әңгімені орыс жазушысы Лев Толстой жазған. Жазушының суретін көрсету, қысқаша мағлұмат беріп өту. Лев Николаевич Толстой орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы. Ол көптеген әңгімелерді, шығармаларды жазған. Әңгімені бейнетаспадан қарайды, мазмұны бойынша сұрақтар қою. Әңгімеде кімдер туралы? Неліктен достардың біреуі ағаш басына шығып кетті? Қалай ойлайсыңдар, ол дұрыс істеді ме? Оның орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер? Досыңа қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен дұрыс па? Достық дегенді қалай түсінесіңдер? Достар қандай болады? Доссыз өмір қызықты болады ма? Ойын: «Достық неден басталады?» Шарты: Сендерге бірнеше сұрақтар қоямын. Егер оған келіссеңдер «Ия» деп жауап беріп, қолдарыңды шапалақтайсыңдар. Келіспесеңдер, «Жоқ» деп жауап беріп, қолдарыңды шапалақтамайсыңдар. Достық татулықтан басталады ма? Достық төбелестен басталады ма? Достыққа мейірімділік жараса ма? Достық ренжуден бастала ма? Достыққа адалдық жараса ма? Достық мазақтағаннан бастала ма? Достыққы қамқорлық жараса ма? Достыққа сүйіспеншілік жараса ма? Жағдаяттарды талдау. 1.Сырым мен Жанар дос болатын.Бірде Сырымның лақтырған добы Жанардың басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді. Сырым жасағанын дұрыс деп айтуға болады ма? 2.Сендер ролик теуіп жүрсіңдер,ал досың қарап тұр. Сендердің әрекеттерің? 3.Жолда әже келе жатты қолында сөмкесі бар, байқамай қағып кеттің. Сендер не істейсіңдер? Сергіту сәті. «Көңілді күн» Карточкамен жұмыс. Табиғатта өзін дұрыс ұстау ережесін бұзған баланың суретін белгілеп көрсету. Ойын: «Өрмек» Бір-біріне тілек айту. Орама жіппен. Ойын: «Жақсы, жаман» Ойын: «Досыма сыйлық» Достарына өздері таңдаған сыйлықты сыйлайды. Шығармашылық жұмыс. «Көңілді отшашу» Бояу, қылқалам, ақ қағаз алып әр түрлі бояуларды ақ қағазға тамызыңдар. Сосын трубочкамен үрлеңдер. Саусақ жаттығулары. Бала, бала, балақан, Қане қайсы алақан. Саусақтарың әйбат, Былай былай ойнат. Достық туралы мақал-мәтел сұрау. *Адал дос алтыннан да қымбат. *Достық бірлікте. Бірлік түбі - береке *Досы көпті жау алмайды. *Дос болсаң, берік бол, Досыңа серік бол! *Адам достығымен күшті. *Досы көпті жау алмайды. *Бірліксіз ел тозады, Бірлікті ел озады. Ойын: «Достық үйі» Шығармашылық жұмыс. Күнді салу Үрленген сары шарға күннің суретін салу. Дос туралы тақпақ айтып бір-біріне сурет салынған шарды сыйлайды. | Тәрбиешіні тыңдайды. Жазушының суретіне қарап, атын қайталап айтады. Бейнетаспадан қарайды. Сұрақтарға жауап береді. Екі дос туралы Алдарынан аю шықты. Қорқып ағаш басына шығып кеті. Ол баланы қайырымсыз досқа жатқызамыз. Өз ойларын айтады. Жоқ олай жасауға болмайды. Досыңа көмектесу керек. Адал, қамқор, тату ойнайтын балаларды айтамыз. Шынайы достық қуаныш әкеледі.Адал достар бір-біріне үнемі көмекке дайын болады. Доссыз қызық емес, көңілсіз, ешкіммен ойнамайсың. Ойынды қызыға ойнайды. Сұрақтарға түсініп жауап береді. Иә. Жоқ. Иә. Жоқ. Иә. Жоқ. Ия. Ия. Жағдаятты талдап өз ойын айтады. Өз ойларын еркін жеткізуге тырысады. Сергіту сәтін қимылмен жасайды. Тапсырманы орындайды. Табиғатта өзін дұрыс ұстау ережесін бұзған баланың суретін көк бояумен белгілеу. Ойынды қызыға ойнайды бір-біріне жылы тілектерін айтады. Жақсы, жаман іс-әрекеттерді талдап айтады. Мынау-менің досым. Досыма өзімнің добымды сыйлағым келеді. Көңілді отшашуды жасайды. Саусақ жаттығулары жас-ды. Бала, бала, балақан, Қане қайсы алақан. Саусақтарың әйбат, Былай былай ойнат. Мақал-мәтелдерді айтады. *Адал дос алтыннан да қымбат. *Достық бірлікте. Бірлік түбі береке *Досы көпті жау алмайды. *Дос болсаң, берік бол, Досыңа серік бол! *Адам достығымен күшті. *Досы көпті жау алмайды. *Бірліксіз ел тозады, Бірлікті ел озады. Ойынды қызыға ойнайды. Тапсырманы орындайды. Дос туралы тақпақ айтып бір-біріне күн салынған шарларын сыйлайды. |