kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыз еркем, кестксімен к?ркем

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рашбек Динара тимур?ызы 1996 жылы Орта ж?з А?бота Керей ша?ыра?ында, Тор?ай облысы Ар?алы? ?аласында д?ниеге келдім. Акем Елпанов Тимур Т?раш?лы 21 тамыз к?ні д?ниеге келген. Анам Сериева С?уле Абдулда?ызы 19 мамыр к?ні д?ниеге келген. Жал?ыз сі?ілім Т?раш Меруерт Тимур?ызы 198 жылы 8 а?панда д?ниеге келген. 2002 жылы ?ызылорда облысы ?арма?шы ауданында?ы № 183 ?.К.Томанов атында?ы орта мектепке ?абылданып, жан?я жа?дайымыз?а байланысты 6 сыныптан бастап №26 Ш.Уалиханов атында?ы мектепке ауысып, осы атал?ан мектептен 9 сыныбын бітірді деген аттестат алып. Алматы ?аласында?ы КУПС колледжіне т?сіп, осы атал?ан колледжден программист маманды?ын алып шы?тым. ?азіргі та?да ?ызылорда ?аласында мектепке дейінгі маманды? бойынша д?ріс алып келемін

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыз еркем, кестксімен к?ркем»

Сайыстың тақырыбы: «Қыз еркем кестесімен көркем!»



Сайыстың мақсаты: Сайысты өткізе отырып. Қыздарымыздың ізеттілігін

инабаттылығын бағалау. Жас ұрпақ бойындағы жан

сұлулығы мен қатар салт-дәстүріміздің қалыптасуына.

Заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу.

Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын

қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-

дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа,

ізеттілікке тірбиелеу. Танымдық қабілетін арттыру.



Көрнекеілігі: Сайыс тақырыбы, нақыл сөздер, гүлдер, шарлар.



Сайыстың өтілу барысы:



І. Кіріспе бөлім.

а) Ұйымдастыру кезеңі.

б) Қазылар алқасын сайлау



ІІ. Негізгі бөлім.

а) Сайысқа қатысушы келіндер мен қайын сіңілермен танысу

б) Сайыс шарттарымен таныстыру.

1. «Кәне, таныс болайық» /Таныстыру/

2. «Өнерпаз болсаң әрқалан» /өнер көрсету/

3. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман» /Ою қиып жапсыру/

4. «Ана көрген тон пішер» /Үй тапсырмасы, ас мәзірі/

5. «Кім тапқыр!» /берілген сұрақтың жауабын табу/



ІІІ. Қорытынды бөлім.

а) Сайысқа жеңімпаздарын марапаттау

б) Сайысты қортындылау





Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Армысыңдар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі өткелі отырған «Қыз еркем, кестесімен көркем» сайысыны хош келдіңіздер!

Сонымен бүгінгі сайысымыздың мақсаты: Сайысты өткізе отырып. Қыздарымыздың ізеттілігін инабаттылығын бағалау. Жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығы мен қатар салт-дәстүріміздің қалыптасуына.Заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу. Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт- дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу. Танымдық қабілетін арттыру


Сайыс, сайыс, көңіл шіркін тасысын,

Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын

Өнерлерін аямайтын біздерден

Сайыскерлер ортамызға кеп енсін, - дей отырып бүгінгі сайысқа қатысушы жеңгесі мен қайынсіңілілерді қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.





Ал ендігі кезекте сіздерге сайысымызға өз ой пікі, тұжырымдарын білдіретін сарапшыларымызбен таныстырып өтейін:

1. ______________________________________________________________________ 2. ______________________________________________________________________ 3. ______________________________________________________________________

Көп сөйлеп, жөн жобадан біз аспайық

Қандай сайыс болса да біз қашпайық

Ал, ендеше рұқсат болса.

Үйірмеаралық «Қыз еркем, кестесімен көркем» сайысын біз бастайық!- деп алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

Сайыс шарттарымен таныстыру.

б) Сайыс шарттарымен таныстыру.

1. «Кәне, таныс болайық» /Таныстыру/

2. «Өнерпаз болсаң әрқалан» /өнер көрсету/

3. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман» /Ою қиып жапсыру/

4. «Ана көрген тон пішер» /Үй тапсырмасы, ас мәзірі/

5. «Кім тапқыр!» /берілген сұрақтың жауабын табу/





1 шартымыз.

Армысыздар, айналайын дана халқым.

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Ата-баба шежіресін жіктеп,

Таныстыру парызы әрбір жастың,

Өнерлерін паш етер отбасылар,

Сәтте келіп қалғандай танысатын дей келе алғашқы шартымыз бойынша

«Кәне, таныс болайық!» таныстыру кезеңі. Ортаға 1 санымыз бойынша біртіндеп сайыскерлерімізді шақырайық .



2 шартымыз.

Сымбатына өнері жарасатын.

Аспандағы айменен таласатын.

Өздеріне сай келіп тұрған жоқ па,

Сайыскерлерге қызығып қарасаң шын - дей келе бұл шартымызда «Өнерпаз болсаң әрқалан» аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. Бұл кезекте тапқырлығы мен ой ұшқырлығын байқаймыз.



3. шартымыз.

Шеберлердің өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз көрейік таланттының өнерін – деп бұл шартымызда сайыскерлеріміз «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман» салт дәстүрге байланысты ою-өрнек қиып, оны жақсылап жапсырамыз, арулардың пайдаланатын заттарына шектеу қойылмайды.



4. шартымыз.

Біле білген өнерді зерек дейміз

Өнерлінің ел-жұрттан ерек дейміз

Бәсекеге қабілетті жас болғанға

Оқу-білім, өнер қуған керек дейміз дей келе бұл шарт бойынша «Кім тапқыр!» кезеңінде берілген с9ра0тарымыздан жауап алайық.


5. шартымыз.

Көңілін халқыңның таптың бүгін

Емес қой мынау бізге жат күн бүгін.

Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық.

Байқайық арулардың тапқырлығын - дей келе бұл шартымыз бойынша аруларымызды ортаға шақырып «Кім тапқыр!» деп берілген сұраққа жауап аламыз.









ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ СҰРАҚ

1.Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді.

(4, жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).

5. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
6. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)

7. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
8. Қолдан тоқылған суретті-кілем (гобелен)
9. Шыт, атлас, жібек, бархыт, левисон (мата)

10. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
11. Әр түрлі аспаптарды ойнайтын музыканттардың үлкен тобы /Оркестр/

12. 12 жылда қайталанатын жас /Мүшел/

13. Төртінші мүшел неше жас /49 жас/

14. 22 қыркүйек қандай мереке /тіл мерекесі/

15. Қобызды ойлап тапқан /Қорқыт/

16. Қазақтың батыр қызы /Әлия мен Мәншүк/

17. «Әке мен бала» кімнің әңгімесі? /Ыбырай Алтынсарин/

18. Жеңіс күні қашан? /9 мамыр/

19. Жеті күн ? /апта/

20. Ұлыстың Ұлы күні /22 наурыз/



Қорытынды:

Енді қазылар алқасы___________________________________________ сөз берейік. 
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс-шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?ыз еркем, кестксімен к?ркем

Автор: Т?рашбек Динара Тимур?ызы

Дата: 23.01.2016

Номер свидетельства: 281718


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства