kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қысқы серуен» (ауа райын бақылап, сипаттап, әңгіме құрастыру)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сурет бойынша әңгімелету, ауа -райы туралды әңгімелесу, сұрақ-жауап арқылы балалардың тілін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қысқы серуен» (ауа райын бақылап, сипаттап, әңгіме құрастыру)»

ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Қысқы серуен» (ауа райын бақылап, сипаттап, әңгіме құрастыру)

Мақсаты: сурет бойынша әңгімелетуді жалғастыру

Міндеттері:

Білімділік: қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету;

Дамытушылық: сөздік қорларын дамытып, сөз тіркестерін дұрыс айта білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: аққала

Үштілдік компоненет: аққала – снеговик – snowman, шана – сани – sleigh, қар – снег – snow

Керекті құрал – жабдықтар: қысқы серуендегі балалардың суреттері.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларды шеңберге шақырады.

Жылулық шеңбері:

Балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын орындайды.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан салайық,

Достық мейірін салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір – бірімізге сыйлайық.

Шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең жолдарын қайталайды.





Ұйымдастыру– іздестіру

Өлең оқиды:

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып, бет домығып,

Сырғанап жастар ойнайды.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

(Ш. Ахметов)

Суретпен жұмыс.

  • Балалар жылдың қай мезгілі суреттелген?

  • Далада не жауып тұр?

  • Балалардың киімдері қандай?

Балаларға өз ойларын айтуға мүмкіндік береді.

  • Қыста балалар немен сырғанайды?


  • Суретте Сәбит Айгүлдің шанасымен сырғанап жүр. Айгүл көңілді ме?

  • Не үшін көңілді?



  • Арман мен Асхат не істеп жатыр?



  • Аққала қандай?



Сергіту сәті:

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан:

жай – жай – жай.

Қозғап барлық денені,

Қаттырақ соқ қолды енді:

сарт – сарт – сарт.

Айтқан кезде өлеңді,

Ақырын бас еденді:

жай – жай – жай.

Сөздік жұмыс:

Аққала - қардан соғылған домалақ қыс кейіпкері.

  • Енді осы сөздерді орысша, ағылшынша да айтып көрейікші.

  • Аққала – снеговик – snowman, шана – сани – sleigh, қар – снег – snow

Дидактикалық ойын: «Қысқы бейне»

Шарты : берілген геометриялық пішіндерден аққала мен шыршаны құрастыру


Өлеңді мұқият тыңдайды.




  • Қыста болады.



  • Қыс мезгілі.


  • Қар жауып тұр.


  • Жылы киінген.


  • Шанамен сырғанайды.

  • Көңілді.


  • Оны ағасы шанамен сүйреп жүр.


  • Аққала соғып жатыр.

  • Аққала үлкен, аппақ, домалақ.



Қимылдарын келтіріп, барлықтары бірге сергіту сәтін орындайды. Қызығушылықтары артады.








Екі тілдегі баламасын да қайталап, есте сақтауға тырысады.


Балалар берілген геометриялық пішіндерден аққала мен шыршаны құрастырады.



Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды:

Дидактикалық ойын: «Қыста не болады?»

Шарты: шеңбер құрып тұрады. Допты бір – біріне лақтырып бере отырып, қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтады.


Балаларды мақтап, мадақтайды. Белсенділік танытқан балаларды атап өтеді.

«Кемпірқосақ» шеңбері

Күн, мен сені сүйемін,

Саған бас иемін.

Жылу бер, бақыт бер,

Мейірiм мен шабыт бер.



Допты бір – біріне лақтырып бере отырып, қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып шығады.





Барлығы бірге қайталайды.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: сұрақтарға толық жауап бере біледі;

Болу керек: қыс мезгілі, қысқы ойындар жайлы туралы түсінік ;

Істей білу керек: сурет бойынша әңгімелеуге берілген тапсырманы.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Қысқы серуен» (ауа райын бақылап, сипаттап, әңгіме құрастыру)

Автор: Оспанова Гульзира Мухаметкаримовна

Дата: 26.11.2019

Номер свидетельства: 528895


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства