Просмотр содержимого документа
«"Қыс ғажайып мезгіл"»
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средный группе
Өткізу күні/Дата проведения: 05.12.2019
Тәрбиеші/ Воспитатель: Смағұл П.А
Білім беру саласы/Образовательная область:Әлеуметтік орта
Пән/Предмет: Қоршаған ортамен таныстыру
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Сәлем қыс»
Тақырыбы/Тема: «Қыс ғажайып мезгіл»
Мақсаттары/Цели:
Тәрбиелік - воспитательная:Қыс мезгілінің ерекшеліктері,қыс мезгіліндегі табиғаттағы тіршілік туралы білімдерін кенейту
Дамытушылық – развивающая: Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы қыс мезгілінің айырмашылықтарын айқындау. Қыс мезгілін толық сөздермен сипаттауға үйрету.
Оқытушылық - обучающая :Балаларды сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөздік қорын байыту, қойылған сұрақтарға нақты жауап беру және бірін тындай білу қабілеттерін қалыптастыру.
Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: Денсаулық технологиясы, ойын әдісі
Ресурстармен қамтамасыз ету /Ресурсное обеспечение:қыс туралы суретті әңгімелеу, өлең-тақпақтар жаттау, жұмбақта шешу, қарды бақылап зерттеу, халық болжамдарымен таныстыру.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент:қыс – зима, қар -снег
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең/организационный момент:
Балалар,бүгін біз не туралы әңгімелейтінімізді
жұмбақ шешу арқылы білетін боламыз.
Жұмбақ:
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы,коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Дұрыс, балалар, біз бүгін ғажайып жыл мезгілі туралы әңгімелесеміз
«Қыс туралы не білесің?» - Қыс қандай болады?
Символдарды рет-ретімен қойып шығыңдар. Қыс қандай болады екенін айтып беріңдер.
- Мен топқа бір нәрсе әкелдім, оны білу үшін сендер сендер жұмбақты шешіп алу керексіңдер.
Мнеможұмбақты шешу
1. мнемокестені қарау
Мамықтай жұмсақ.. Мұздай суық. Ауада ұшып біздің бас киімімізге қолғабымызға, тонымызға қонады . Ол жауғанда айналаның бәрі аппақ түске боянады.
- Сабақтың соңында, осы қар туралы бір қызықты нәрсе көреміз.
Мнемоалаша бойынша «Қармен не болады?» деген сұраққа жауап беру
Сергіту сәті:
Боран гулеп соғады,
Айналаны орады.
Баста – тымақ,
Үстімде – тон.
Аяғымда – саптама,
Өзіме дәл,шақ қана.
Мнемо таблицамен әңгіме құрау
Балалар, қараңдаршы, бағанағы ақ, жұмсақ, таза қармен не болды?
Жауап береді: Қар еріді, суға айналды.
Қардың суы таза ма?
Су лас, кір.
Сондықтан, қарды ауызға алуға болмайды, себебі қар ақ болса да, ол лас екен, оны бала жесе ауырады.