Балалар жылулық шеңберіне жиналып, өлең жолдарын қайталып айтады.
Балалар өз ойларын айтады.
ІІ. Негізгі бөлім
Балалар, қалай ойлайсыңдар, жылы сөздерді сендерге кімдер айтады?
-Иә, балалар сендерге жылы сөздерді аталарың, әке, әжелерің аналарың айтады екен.
-Ал, осы адамдарды бір сөзбен кімдер деп айтамыз?
-Онда бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз кімдер туралы әңгіме қозғайды екенбіз?Балаларды екі орталыққа бөлемін.
Бірінші орталықтағы балаларға отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып,өздерінің отбасы мүшелерінің қызметтері мен қарым-қатынастары туралы айтып беруді тапсырады.
Екінші орталықтағы балаларға бірнеше қуыршақтарды пайдаланып,отбасы мүшелерін топтастыру және олардың отбасындағы туыстық қарым-қатынасын анықтап айтып беру тапсырылады(әңгімелесу барысында амандасу,қоштасу,алғыс айту секілді әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді пайдаланады)
Сергіту сәті
Иіліп оңға бір, иіліп солға бір,
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Д/о: «Жылулық тілегі»
Ойынның шарты:ойынға қатысушы барлық балалар ата,апа,ана,әке,ағаның,ал допты ұстаған бала баланың рөлін ойнайды.
Бала допты лақтырған кезде,қағып алған бала(ата,әже,әке,ана,аға)допты кері қайтарып теңеу сөз,жылы сөз,лебіз немесе тілек айтады.
ІІІ.Қортынды
Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Балалар шеңбер бойына тұрады.
Допты қағып алған бала жылы сөз немесе тілек, теңеулер айтады. Мысалы:
-Мен сені қатты жақсы көрем.
-Сен менің қошақанымсың.
-Жұлдыздай жарқырай бер.
+
-
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің картасы
Күні:08.11.2017
Білім беру саласы:Әлеуметт
Бөлімі:Қоршаған ортамыен танысу
Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Мақсты:Ортанғы топ: Жемістер мен көкөністер туралы білімдерін кеңейту.
Ересек топ: Жемістер мен көкөністердің пайдасы туралы әңгімелеу.
Міндеттері: Ортанғы топ: Сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру
Көрнекті құралдар: ойын, слайд, суреттер, үлестірмелі материал.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ - жауап , түсіндіру, көрсету, ойын.
І. Кіріспе
Қазір жылдың қай мезгілі? Суретке қарап күзде қандай өзгерістер болады екен? Жапырақтар сарғайды, күн суыта бастайды. Жиі жиі не жауады? Күз туралы кім тақпақ айтып береді. \Аруна, Ақниет, Ақниет\ Жаңбыр. Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуі бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы болмақ. Дайынсыңдар ма?
Балалар енді «Сиқырлы қапшық деген ойын ойнайық. Шарты: Қолына алады, пішінін, дәмін, түсін, қолдануын айтады. Көкөністер мен жемістер туралы тақпақтарын айту. Жемістер бізге мол өнім беру үшін, біз олардың топырағын қопсытуымыз керек, арам шөбін жұлу және суғару керек. Жер ана мейірімді, өйткені көкөністерді өсіреді, күн де мейірімді шуығын төгеді. Көкөністер жылу сүйгіш, суыққа төзімді болып бөлінеді. Шикідей жейтін көкөністерді атайықшы; қызанақ, қызылша, сәбіз. баклажан, картоп. Тағы да ойынға кезек берейік. «Салат» Қимылды ойын. Жарайсыңдар балалар салаттарымыз өз жұптарын тапты. Полингвальді компонент: Жемістер-фрукты-fruit,көкеністер-овощи-vegetables.
Бүгінгі оқу іс әрекетімізді қорыта келе жемістер мен көкөністерді бөлек алып қоюмыз керек. Сонымен бүгін біз не туралы өттік? Жемістер мен көкөністер туралы. Олардың бізге пайдасы бар ма? Дұрыс айтасыңдар.
ІІІ.Қортынды
Құрамында не бар екен. \дәрумендер\ Жемістерді жумай жеуге бола ма? \жоқ, іш ауырады\ Жарайсыңдар балалар барлықтарың дұрыс жауап бердіңдер, ойынды да жақсы ойнадыңдар. Балаларды мақтап мадақтау.