kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Күз сыйы" ертеңгілік сцариі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Күз сыйы" ертеңгілігінің сцариі мақсаты балаларға кү мезгілінің ерекешеліктерін түсіндіру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Күз сыйы" ертеңгілік сцариі»


Тақырыбы: «Күз сыйы»

Жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Күз сыйы» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

Вальс

«Бәйтерек» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.Жарайсыңдар балалар, орындарымызға жайғасайық.Олай болса ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Ән: «Күз тамаша»

Али мен Ая келеді.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе – сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ

Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.

Жүргізуші:Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Күзгі жапырақтар»

Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар.

1-сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (Ерте Күз, алтын Күз, қара Күз)

2-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )

Жүргізуші :Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.

1-бала: (Қыркүйек)

Бірінші қыркүйек

Білімге бастады.

Мал мен аң жүр билеп,

Құс шарлап аспанды.

2-бала: (Қазан)

Жаңартқан ғаламды

Жаңбырлы ғажап ай

Осынау заманды

Орнатқан қазан ай.

3-бала: (Қараша)

Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық.

Қарашы, өрледі

Қараша ән салып.

Өлең шумақтар:

4-бала: (Бұршақ)

Кішкене түймедеймін мен

Ұнаймын мен бәріне

Дәмді тағамдарымен

Сый жасаймын бәріңе!

5-бала: (Қызылша)

Мен де бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды

Винегрет те үстелде.

6-бала: (Орамжапырақ)

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана.

7-бала: (Сәбіз)

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

8-бала: (Қызанақ)

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбей,

Томат шырын ішпеген?

9-бала: (Картоп)

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Би: «Қолшатыр»


Жүргізуші:Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.

Ойын: «Қай дыбыстан басталады?»

Мақсаты: Берілген суреттердегі сөздің қай дыбыстан басталатынын атау.Буынға бөлу.

Ән: «Күзгі жаңбыр»

Абат Айзере

Ойын: «Ұйқасын тап»

1. Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты-(шабдалы)

2. Кіп-кішкене болса да,

Ағаштың басын иеді.

Жемістерін айырып,

Танисың ба...?(шиені)

3. Жапырақты тасалап,

Өсетін жері- бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты....(таңқұрай)

Өлең шумақтары:

10-бала: (Алмұрт)

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттын.

11-бала: (Алма)

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.

12-бала: (Анар)

Бұтақтан үзілген

Жарылса анармын

Моншақтай тізілген,

Дәндерін аламын.

13-бала: (Жүзім)

Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

14-бала: (Өрік)

Өрікпін, мен өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін

Баптап мені күткен соң,

Талды бойлап өріппін.

Ән: «Күз жомарт»

Жүргізуші:-Енді,Күз ханшайымның үшінші тапсырмасын орындайық. «Мақал-

мәтелді жалғастыр»

1.Еңбек түбі--------------------

2.Еңбек етсең ерінбей--------------------

3.Адам жере нәр береді,Жер адамға----------------

Би: «Жапырақтар»

15-бала: (Арпа)

Күміс мұртты арпамын,

Ырыс-құтты арпамын.

Еңбек етіп баптаған,

Еліме сый тартамын.

16-бала: (Күріш)

Күнді сүйген күрішпін,

Күллі жұртқа ырыспын.

Алсын деп ел мол өнім,

Ала жаздай су іштім.

Ән: «Осень очень хорошо

Батырханова Ардақ

Жүргізуші Дақылдар, сендерге көп рахмет!

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.

Жүргізуші Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.

Қош бол,Күз ханшайымы.

Міне, балалар осымен ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.























Мұнайлы ауданы, Дәулет селосы, №10 «Ақбота» балабақшасы









«Күз сыйы»

«Бәйтерек» мектепалды даярлық тобының ертеңгілік сценариі




















Бекітілді әдіскер:_________Кащиева А.Б.

Тәрбиешілер:Жупбанова А.

Тлеш А.

Күні:1.11.2017






Ақтау-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Күз сыйы" ертеңгілік сцариі

Автор: Жупбанова АсемДүйсенбайқызы

Дата: 27.03.2018

Номер свидетельства: 463819


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства