kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қуыршаққа арналған керуерт"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға арналған ойыншықтардың бойымен бірдей құрлыс жасауға үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қуыршаққа арналған керуерт"»

Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Қуыршаққа арналған керует» (құрылыс материалдарынан)

Мақсаты:Балаларға ойыншықтардың бойымен бірдей құрылыс жасауға үйрету. Құрылыс материалдарын ажыратып, атауға үйрету. Дайын үлгі бойынша жұмыс жасауға үйрету.

Көрнекі құралдар: құрылыс материалдары жиынтығы, ойыншықтар.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Тосын сәт:

Бүгін бізге қуыршақ Айгүл қонаққа келді.

- Қәне, балалар амандасайық. Айгүл бізге жақсы хабар алып келіпті, ол жаңа үйге кіргенін айтады. Айгүлдің үйінде жиһаздар жоқ екен.

- Сендер қандай жиһаздарды білесіңдер, атаңдаршы

- Енді балалар жұмбақ шешейік:

Арқасында

Шалжиясың,

Түнейсіңде, әл жиясың.




Амандасады.

(Жауабы)






(Кереует)

Іздену - ұйымдастырушы







Біз Айгүлдің қуанышына ортақтаса отырып, сыйлық жасайық, ол үшін кереует жасап берейік Кереует жасау үшін кірпіштер мен пластиналарды көрсетеді.Тәрбиеші кереует үлгісін көрсетеді.

- Керуеттің арқасы неден жасалған?

- Неше кірпіштен т.т

Сергіту сәті:

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.

Жұмыстарын бақылап, балалардың құрылыс материалдарын дұрыс таңдауын қадағалайды. Қуыршақ Айгүл балаларға риза болып рахмет айтып қоштасады.





(кірпіштен)

(екі)


Сергіту сәтін қимыл жасау арқылы орындайды.





Әрі қарай төсекті өздері құрастырады.


Қуыршақ Айгүлмен қоштасады.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Ең ұқыпты таза ұқыпты жасалған жұмысты атап өту. Құралдардыөзорнынаорналастырабілгенбаланымадақтау.Қалғанбалаларданталапету


Жасаған жұмыстарын аяқтап, құралдарды өз орнына орналастырады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Құрылыс материалдарын ажыратып, атай білуі керек.

Болуы керек:Балалар ойыншықтардың бойымен бірдей құрылыс жасауды игереді.

Қолынан келуі керек:Дайын үлгі бойынша жұмыс жасай білді.






















Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Қошақан»

Мақсаты:Балалардың саусақ бұлшықеттерін жетілдіру, умаждау әдісі арқылы қошақан жасай білуге үйрету, төлдерге деген қамқорлық сезімін арттыру.

Кажетти куралдар: улестирмели суреттер, ойыншык кошакан, ар балага жолак кагаздарды орайтын карындаштар, жолак кагаздар т.б.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

-Төрт түлік мал туралы сұрайды. Олардың дыбыстарын салып қайталайды.

Жұмбақ жасыру.

Момындай өзі жұп-жуас,

Үстіне киген тоны бар.

Төрт түлік туралы білгендерін айтып береді. Олардың дыбыстарын салып тәрбиешімен бірге қайталайды.

(Қой)


Іздену - ұйымдастырушы







Қошақан туралы өлең оқып береді. Қошақандарды қайдан көргендерін сұрайды. Ойыншық қошақан қонаққа келеді.

-Балалар, мен жалғыз өзім жүріп көңілсіз болып тұрмын. Сендер басқа қошақандарды көрдіңдер ме?

-Біз қошақанға басқа қошақандарды тауып беруге көмектесейік, ол үшін біз оларды өзіміз жасап көрейік (жасалу жолдарын түсіндіреді).

Алдымен қошақандардың суреті салынған қағаздар таратылады.

-Балалар, суретте не жетіспейді?

Ол үшін жолақ қағаздарды алып қарындашқа орап, ширатып алады, оны қошақанның суретіндегі орынға желімдейді. Осылайша қошақанның барлық бұйра жүндерін жасап, шөптер, гүлдермен толықтырып әшекейлейді.

Сергіту сәті.

Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Тұрсақ егер шеңберге

Алақанды ұрайық.

Сол жақтағы балаға,

Оң жақтағы балаға.

Шапалақта, шапалақта,

Шапалақта, шапалақта.

Балаларға жолақ қағазды қарындашқа орауға көмектеседі. Дайын болған қошақандарға шөп беріп, су беріп, оған қалай қамқорлық жасайтындарын сұрап қорытындылайды.

Қошақан балаларға ризашылығын білдіріп, рахмет айтады.


Қошақан туралы өлеңді мұқият тыңдайды. Қошақан туралы білгендерін айтып береді.







-Қошақанның бұйра жүндері.





Сергіту сәтін орындайды.








Өз бетімен жұмыстары.





Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Жасаған қошақандарын талдайды,мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді. Жасаған қошақандарын тәрбиешіге көрсетеді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Төрт түлік атауларын білуі керек.

Болуы керек:Умаждау әдісі арқылы қошақанды жасауды игереді.

Қолынан келуі керек:Төрт түлік дыбысын сала білді.









Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Ақтау– ару қалам» (қағаздан)

Мақсаты: Балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Қағаздың бұрыштарын теңестіріп бүктеуге жаттықтыру. Негізгі бетке бөлшектерін салу. Туған қаласына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекі құралдар: Ақтау суреттері, үлгі сурет, әр балаға сурет дәптердің парағы, желім, түрлі- түсті қағаздар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз.

- Қайырлы таң, балалар!


Шаттық шеңберіне тұрады.

Іздену - ұйымдастырушы







- Балалар, сендер қандай қалада тұрасындар?

Сурет бойынша әңгіме. Ақтау- ару қалам.

- Ақтау Қазақстанның батысында орналасқан. Қала теңіз және әуе порты. Бұрын Украин ақыны Тарас Шевченко атымен Шевченко қаласы деп аталды. 1991 жылдан бастап Ақтау қаласы болып өзгертілді. Облыс мұнай мен газ өндіреді. Ақтау қаласында көп ұлтты халық тұрады. Ақтау теңіз жағасында

орналасқан әдемі қала, мұнда көп қабатты ғимараттар, тұрғын үйлер, демалыс орындары бар.

Сергіту сәті:

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.


- Балалар, көп қабатты үйді бұрын біз кірпіштерден құрастырып жүрдік. Бүгін біз Ақтау қаласының үйлерін қағаздан құрастырамыз.Үй құрастыру жолдарын көрсетіп, түсіндіреді.Қағаздың бұрыштарын, қабырғаларын теңестіре отырып бүктеу. Бүктеу сызығын теңестіру. Төрт бұрышты дайын пішіндерді (терезелерді), бүктелген қағаздың екі бетіне бірдейлестіріп орналастыру, желімдеу.

Жіңішке, ұзын қағазды беттестіре бүктеу. Оны төбесіне орналастыру (шатыры).

Мақал- мәтелдер оқу:

Туған жер- алтын бесік.

Туған жердей жер болмас.

Туған елдей ел болмас.


- Ақтау қаласында тұрамыз.

Суретке назар аударып, тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.








Сергіту сәтін орындайды.




Өз бетінше жұмыстары.









Мақал-мәтелдерді тыңдайды.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Балалар жұмысын талдайды. Жақсы орындаған балаларды мадақтайды.


Жасаған жұмыстарын тәрбиешіге көрсетеді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын білу керек.

Болуы керек:Қағаздың бұрыштарын теңестіріп бүктеуді игереді.

Қолынан келуі керек:Ақтау қаласы туралы білді.











Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Гараж»

Мақсаты: Балаларға ойыншықтың өлшеміне сәйкес құрылысты үлкен және кіші құрылыс материалдарынан жасауға үйрету. «Ұзын, алдында, жанынан, он және сол жақтарынан» сөздерін қолданып, бір- біріне қатысты құрылыстың негізгі бөліктерін кеңістікте орналыстыра білуін дамыту.

Көрнекі құралдар: құрылыс материалдары, көлік


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Тақпақ оқиды«Үйің қайда?» (Т.Волжина).

Қарға шатыр астында тұрады.

Тышқан тұрар-інінде

Бақаның үйі балшықта

Көбік үйі бақшада.

- Әй, балапан үйің қайда?

- Ол анамның қанатында.


Тәрбиешінің өлеңін мұқият тыңдайды.

Іздену - ұйымдастырушы












- Балалар, аңдардың ғана үйі емес, сонымен қатар әр заттың үйі болады.

- Қуыршақтың үйі қайда?

- Кітаптар қайда болуы керек?

- Қарандаштар, бөлме өсімдіктері, ыдыстар қайда тұрады?

Жолда жүрмеген кезде көліктер қайда болуы тиіс?

- Дұрыс балалар, көліктер де демалады, оларда да үй тұрақ бар.

Гараж үлгісін қарауды ұсынады.

- Гаражда не бар?

- Керегелер ұзын ба қысқа ма? Артқы кереге неден

құрастырылған?

- Қапталдағы керегелері неден құрастырылған?

- Олар қалай орналасқан?

- Керегедегі кірпіштер қалай тұр?


- Мынау гараждың несі?

- Төбесі неден құрастырылған?

- Пластиндер қалай орналасқан?

- Төбе немен әсемделген?

- Гараж мықты және сапалы болуы керек.

Сергіту сәті

«Оң жақ, сол жақ»

Оңға бір,

Солға бір,

Бұрылып жолдары,

Жолаушы жүредi.

Соңынан жүгiрiп,

Балалар келеді.

Тұрақты құрастыру тәсілдерін көрсетеді. Көрсету кезінде балаларға сұрақ қою арқылы ынталандыру, мысалы: «гаражды неден бастап құрастыру керек?», балаларға тапсырманы орындату (көрсету, құрылысқа арналған жабдықтарды таңдау және т.б.). Әрқайсысына өздерінің көліктеріне гараж құрастыру ұсынылады.




-Ойыншықтар бұрышында.

-Сөреде.

-Бөлмеде.


-Гаражда.



-Кереге.



-Кірпіштен.

-Кірпіштен.

-Бір-біріне қарама-қарсы.

-Қысқа, бір-біріне

-Тығыздалған.

-Төбесі.

-Пластин.


-Призмамен.



(оң жаққа қарайды)

(сол жаққа қарайды)

(бір орында тұрып жүреді)

(бірінен кейін бірі жүгіреді)








Гараж құрастырады.

Соңында ойыншық машиналармен өздері құрастырған гаражға қойып, ойын ойнайды.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Сергіту сәтін қимылмен жасауды білуі керек.

Болуы керек:Құрылыстың негізгі бөліктерін кеңістікте орналыстыруды игереді.

Қолынан келуі керек:Ойыншықтың өлшеміне сәйкес гараж құрастыра білді.



Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Маңғыстау жануарлары. Арқар» (қағаздан)

Мақсаты: Қағазды жырту арқылы дайын пішінге орналастырып бейне құрастыру, көздер, мүйіздерін суреттеп сала білуін дамыту. Туған жер жануарларын қамқорлық сезімдерін дамыту.

Көрнекі құралдар: үлгі сурет, түрлі түсті қиындылар, суреттер желім


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Шаттық шеңбер:

Сәлем саған алтын күн,

Сәлем саған көк аспан.

Сәлем саған жер ана!

Сәләматсың ба, достарым!


Тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрады.

Іздену - ұйымдастырушы












- Балалар, сендер Маңғыстауда өмір сүретін қандай жабайы жануарларды білесіңдер?

Неліктен жабайы жануарлар дейміз?

- Мен енді сендерге таулы жерлерде ғана өмір сүретін бір жануар туралы әңгімелегім келіп тұр.

Жұмбақ шешу.

Жақпар тастың өркешіне

Секіреді құламай,

Қия құздың өр төсіне

Орғып шығар оп-оңай.

- Маңғыстау киелі түбегінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі сан алуан. Мұнда арқар, киік, қарақұйрық, аққу т.б. аң-құстар мекендейді. Арқар- ірі аң. Біздің жерімізде арқардың көп түрі бар. Мүйізі биік, аязға төзімді арқарлар тауда тіршілік етеді. Бұлар Бозашы түбегінде, Үстірт тауларында болады. Қазір экологиялық жағдайға байланысты арқарлар саны азайып кетті. Арқар бағалы кәсіптік аң болғандықтан, оны аулауға тиым салынған. Сондықтан арқар қызыл кітапқа енгізілген

жануарлардың бірі. Оның еті дәмді болады, ал мүйізінен дәрілік шөптер жасайды.

Сергіту сәті

Көп отырып, шаршадық,

Қозғалуды аңсадық.

Жүгiргiмiз келедi

Әдемiлеп ән салып,

Топ-топ басайық,

Жаттығулар жасайық.

Қайырымды жан болып,

Жамандықтан қашайық.

- Біз бүгін әдемі арқарды құрастырып үйренеміз (үлгі көрсетеді). Алдымыздағы дайын арқар пішініне қоңыр қағазды жыртып, желімдейміз, жұмыс соңында арқардың көзі мен мүйізін қарандашпен саламыз.

Балалар жұмысын қорытындылап, еңбек

нәтижесі мадақталады.

Қоршаған орта табиғат,

Жануар, өсімдік, адамзат

Сүю, қорғау- парасат

Білейік оны жамағат.


- Қасқыр, арқар, түлкі, қоян, киік, қарақұйрық т.б.

Аңдар олар өз беттерінше далада жабайы өмір сүреді. Сондықтан жабайы жануарлар дейміз.





-Арқар

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.













Сергіту сәтін орындайды.








Жұмысқа кіріседі.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Жұмбақты шеше білуі керек.

Болуы керек:Тәрбиешіні мұқият тыңдауды игереді

Қолынан келуі керек:Арқар туралы білді


Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Тышқан»(табиғи материалдан)

Мақсаты: Тышқанның дене бөліктеріне тоқтала отырып, оны құрастыра білуге үйрету, ұқыпты жұмыс жасай білуге үйрету.

Қажетті құралдар: жанғақ, емен жанғағы, ермексаз, шөп.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Тосын сәт:

-Балалар, бірге қонаққа Джерри (тышқан) келді. Ол сендердің бір-біріңмен дос әрі еңбекқор екендіктеріңді бұрыннан біледі екен. Бізге оның үлкен өтініші бар. Ол жалғыз ойнағаннан жалығып кетіпті. Сендердің оған мына заттардан (ермексаз, жаңғақ, шөптен) өзі сияқты тышқан жасап берулеріңізді сұрайды. Өздерің сияқты оның да көп достары болса екен деп армандайды. Кәне, біз оған көмектесейік.



Джерриді қарсы алады.

Іздену - ұйымдастырушы







-Балалар, тышқанды құрастыруды бастамас бұрын, тышқанның қандай дене бөліктерінен тұратынын есімізге түсірейікші. (тышқанның үлгісін қарау)

-Тышқанның денесін қай заттан жасаған дұрыс болады?

-Келесі тышқанның құлағын жасап көрейік, оған қай затымыз дұрыс келеді?

-Енді тышқан құйрығын жасайық. Міне, Джерриге дос дайын болып қалды. Бірақ тышқанымыздың көзі мен мұртын әрі аяғын жасауымыз керек. Ол үшін қай заттарды қолданамыз?

Сергіту сәті.



Тышқанның дене бөліктерін атайды.



-Грек жаңғағы.


-Емен жаңғағы.

-Көзі, аяғын қара ермексаздан, ал мұртына шөптерді ермексазға қадап, оны грек жаңғағына жапсырамыз.

Сергіту сәтін орындайды.

Өзіндік жұмысы.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Жасалынған тышқандардан көрме жасау. Джерри енді өзіне дос таңдайды. Ең әдемі жасалынған таңдап алсын. Джерриге барлық балалардың жұмысы ұнап, балаларға ризашылығын білдіреді.


Жұмыстарын Джерриге көрсетеді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Тышқанды сипаттай білуі керек.

Болуы керек:Тышқанды құрастыруды игереді

Қолынан келуі керек:Сергіту сәтін орындай білді.

























Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Жүзім»(қағаздан)

Мақсаты: Қағазбен жұмыс жасай білуге үйрету, қағазды умаждау арқылы жүзімді жасай алуға дағдыландыру, ұқыптылыққа баулу.

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар,, ПВА желімі, қылқалам, үлгі суреттермен таратып беретін бұтактардың суреті.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.


Тәрбиешіні мұқият тыңдап, суретке назар аударады.

Іздену - ұйымдастырушы








-Балалар, күзгі бақта дәмді жүзім пісіп, адамдар жинап алған екен. Жүзімнің әр дәні қандай пішінге ұқсас болады? Ендеше бүгін біз жұмсақ қол сүртетін қағаздан жүзім жасаймыз.

-Қағазды алақан арасына салып, умаждаймыз. Қағаз жұмсақ болғандықтан, домалақ пішінге келтіруге болады. «Домалақ» жүзімдер дайын болған соң, оны алдарындағы жүзімнің суреті салынған қағазға орналастырамыз.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер,

Үлкен болып өседі.



-Шеңберге.

Өз бетімен жұмыстары.








Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Жеке көмек көрсетіп, басшылық жасайды. «Жемістер» дүкені ойынымен жалғасады.


Жұмыстарын аяқтайды. Ойын ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Жүзім туралы білуі керек.

Болуы керек:Қағазды умаждауды игереді

Қолынан келуі керек:Қағазбен жұмыс істей білді.

































Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Қоянның үйшігі» (құрылыс материалдарынан)

Мақсаты: Балалардың үй туралы түсінігін кеңейту, олар әр түрлі, балаларды биік құрылыстар сала білуге үйрету. Көркемдік талғамын дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Құрылыс материалдар жиынтығы, ұсақ ойыншықтар, ағаш мүсін.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Тосын сәт:

Есік соғылып қоян кіреді, ол жылап тұр.

Не болды, айтшы бізге?


Қоянға назар аударады.


Іздену - ұйымдастырушы












Қоян:

- Сендер үйшік ертегісін білесіңдер ме?

- Үйшікте кім тұрды?

Ертегі қалай аяқталды?

- Дұрыс аю шатырға мініп, шатырды құлатты. Ол жаңа үй салуға көмектесем деген, өкінішке қарай ол әжесіне кетіп қалып, оралмады. Ал бізге тұратын жер жоқ. Бізге көмектесесіңдер ме?

- Әрине, көмектесеміз.

- Мен ұйымдастырушы боламын, ал сендер құрылысшылар боласыңдар. Егер қиындық болса, мен көмектесемін.

Сергіту сәті:

Орманның бiз емшiсiмiз

Тоқ, тоқ, тоқ

Құрт бiткендi жоқ етемiз

Жоқ, жоқ, жоқ,

Тоқ, тоқ, тоқ,

Жоқ, жоқ, жоқ.



-Ия.

-Қоян.





-Ия.

Құрылыс материалдарынан.






(Партаны үш рет ұрады)

(Қимыл көрсетедi)


Жұмысқа кіріседі

Рефлексті - Коррекцялаушы

Соңында барлық құрастырылған үйлерден

көрме ұйымдастырылып, ең жақсы үйге «Ең үздік құрылысшы» атағы беріледі. Қоян балаларды мадақтап, өз достарын шақыруға кетеді.


Оқу қызметін соңында «Үйшік» ертегісіне театрландырылған

көрініс көрсетеді


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Үйдің не екенін білуі керек.

Болуы керек:Биік құрылыстар сала білуді игереді.

Қолынан келуі керек:Ұқыпты бола білді.






















Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Теңіздегі қайықтар»

Мақсаты: Жаңа заманның конструкторларымен, оның бөлшектерін байланыстыру әдістерімен таныстыру, құрылысты нұсқа бойынша байланыстыруға және сонымен ойнауға үйрету, көлік түрлерін ойын арқылы ажыратуға жаттықтыру.

Көрнекі құралдар: Түрлі-түсті леголар, үлгілер


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Қара достым, жан-жаққа,

Дайынсың ба, сабаққа?

Орнында ма, қараңдар,

Біздің барлық балалар.


Шаттық шеңберін орындайды.

Іздену - ұйымдастырушы












Балаларға интерактивті тақтадан Ақтау қаласының әдемі жерлерін көрсетеді. Қай қалада тұратынын, біздің теңізіміз қалай аталатынын сұрайды, балалармен сурет бойынша әңгіме жүргізеді.

Жұмбақ

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүретін жолы жоқ.

Мініп алсаң зулайды,

Бірақ, ізі қалмайды.

Тақтадан суда жүзетін көлік түрлерін көрсетеді. Суда жүзетін көлік туралы әңгімелейді.

- Қазіргі заманда суда жүзетін көліктердің түрлері өте көп. Кемелер су астында және су бетінде жүзетін болып екіге бөлінеді.

- Қайық- кеменің кішкентай түрі. Желкенді қайық, ескекті қайық, болады. Желкенді қайық- желкенді жел бағытына бұру арқылы жүзеді. Ескекті қайық- ескек арқылы жүзеді. Сүңгуір қайық су астында да жүзеді.

- Қайық не үшін керек? Балық аулауға, демалуға пайдаланады.

- Қазіргі кезде қайық көбіне спорттық және кәсіптік үшін пайдаланылады.

Тақпақ оқу.

Кіп-кішкен кеме,

Тұп–тұнық көлде,

Барады жүзіп,

Желменен бірге.

Сергіту сәті:

Теңіздің толқыны

Тербейді қайықты,

Сулардың ағысы

Әкетті жүздіріп қайықты

Ал біздер жағада

Құмменнен ойнаймыз.

Біздің құм мұнара

Жеткіземіз аспанға.

- Балалар бүгін біз алдарыңыздағы легодан қайық

құрастырамыз. Легодан қайықтың дайын үлгісін көрсетеді. Балаларды кеме құрастыруға шақырады.


Суретке мұқият назар аударады.








(Қайық)

Тәрбиешінін мұқият тыңдайды.



















Сергіту сәтін орындайды.









Өз бетінше жұмыстары.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Жұмыс соңында балалардың жұмысын талданып, балалар мадақталады.

Өз еріктерімен қайықтармен ойнайды


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Көлік түрлерін білуі керек.

Болуы керек:Конструкторларымен, оның бөлшектерін байланыстыра білуді игереді.

Қолынан келуі керек:Су көлік түрлерін білді.




Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Жапырақтан жасалған балықтар» (табиғи материалдардан)

Мақсаты: Жаңа заманның конструкторларымен, оның бөлшектерін байланыстыру әдістерімен таныстыру, құрылысты нұсқа бойынша байланыстыруға және сонымен ойнауға үйрету, көлік түрлерін ойын арқылы ажыратуға жаттықтыру.

Қажетті құралдар: Әр түрлі кепкен жапырақтар, желім, көгілдір түсті қағаз, теніз асты балықтар суреті.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Қара достым, жан-жаққа,

Дайынсың ба, сабаққа?

Орнында ма, қараңдар,

Біздің барлық балалар.


Шаттық шеңберін орындайды.

Іздену - ұйымдастырушы












Балаларға интерактивті тақтадан Ақтау қаласының әдемі жерлерін көрсетеді. Қай қалада тұратынын, біздің теңізіміз қалай аталатынын сұрайды, балалармен сурет бойынша әңгіме жүргізеді.

Жұмбақ

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүретін жолы жоқ.

Мініп алсаң зулайды,

Бірақ, ізі қалмайды.

Тақтадан суда жүзетін көлік түрлерін көрсетеді. Суда жүзетін көлік туралы әңгімелейді.

- Қазіргі заманда суда жүзетін көліктердің түрлері өте көп. Кемелер су астында және су бетінде жүзетін болып екіге бөлінеді.

- Қайық- кеменің кішкентай түрі. Желкенді қайық, ескекті қайық, болады. Желкенді қайық- желкенді жел бағытына бұру арқылы жүзеді. Ескекті қайық- ескек арқылы жүзеді. Сүңгуір қайық су астында да жүзеді.

- Қайық не үшін керек? Балық аулауға, демалуға пайдаланады.

- Қазіргі кезде қайық көбіне спорттық және кәсіптік үшін пайдаланылады.

Тақпақ оқу.

Кіп-кішкен кеме,

Тұп–тұнық көлде,

Барады жүзіп,

Желменен бірге.

Сергіту сәті:

Теңіздің толқыны

Тербейді қайықты,

Сулардың ағысы

Әкетті жүздіріп қайықты

Ал біздер жағада

Құмменнен ойнаймыз.

Біздің құм мұнара

Жеткіземіз аспанға.

- Балалар бүгін біз алдарыңыздағы легодан қайық

құрастырамыз. Легодан қайықтың дайын үлгісін көрсетеді. Балаларды кеме құрастыруға шақырады.


Суретке мұқият назар аударады.








(Қайық)

Тәрбиешінін мұқият тыңдайды.



















Сергіту сәтін орындайды.









Өз бетінше жұмыстары.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Жұмыс соңында балалардың жұмысын талданып, балалар мадақталады.

Өз еріктерімен қайықтармен ойнайды


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Көлік түрлерін білуі керек.

Болуы керек:Конструкторларымен, оның бөлшектерін байланыстыра білуді игереді.

Қолынан келуі керек:Су көлік түрлерін білді.




Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Ағаштар» (қағаздан)

Мақсаты: Жаңа заманның конструкторларымен, оның бөлшектерін байланыстыру әдістерімен таныстыру, құрылысты нұсқа бойынша байланыстыруға және сонымен ойнауға үйрету, көлік түрлерін ойын арқылы ажыратуға жаттықтыру.

Қажетті құралдар: қарағай, қайың, терек, қағаз, желім, қайшы, бұйымнын үлгісі, ағаш суреттері.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Қара достым, жан-жаққа,

Дайынсың ба, сабаққа?

Орнында ма, қараңдар,

Біздің барлық балалар.


Шаттық шеңберін орындайды.

Іздену - ұйымдастырушы












Балаларға интерактивті тақтадан Ақтау қаласының әдемі жерлерін көрсетеді. Қай қалада тұратынын, біздің теңізіміз қалай аталатынын сұрайды, балалармен сурет бойынша әңгіме жүргізеді.

Жұмбақ

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүретін жолы жоқ.

Мініп алсаң зулайды,

Бірақ, ізі қалмайды.

Тақтадан суда жүзетін көлік түрлерін көрсетеді. Суда жүзетін көлік туралы әңгімелейді.

- Қазіргі заманда суда жүзетін көліктердің түрлері өте көп. Кемелер су астында және су бетінде жүзетін болып екіге бөлінеді.

- Қайық- кеменің кішкентай түрі. Желкенді қайық, ескекті қайық, болады. Желкенді қайық- желкенді жел бағытына бұру арқылы жүзеді. Ескекті қайық- ескек арқылы жүзеді. Сүңгуір қайық су астында да жүзеді.

- Қайық не үшін керек? Балық аулауға, демалуға пайдаланады.

- Қазіргі кезде қайық көбіне спорттық және кәсіптік үшін пайдаланылады.

Тақпақ оқу.

Кіп-кішкен кеме,

Тұп–тұнық көлде,

Барады жүзіп,

Желменен бірге.

Сергіту сәті:

Теңіздің толқыны

Тербейді қайықты,

Сулардың ағысы

Әкетті жүздіріп қайықты

Ал біздер жағада

Құмменнен ойнаймыз.

Біздің құм мұнара

Жеткіземіз аспанға.

- Балалар бүгін біз алдарыңыздағы легодан қайық

құрастырамыз. Легодан қайықтың дайын үлгісін көрсетеді. Балаларды кеме құрастыруға шақырады.


Суретке мұқият назар аударады.








(Қайық)

Тәрбиешінін мұқият тыңдайды.



















Сергіту сәтін орындайды.









Өз бетінше жұмыстары.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Жұмыс соңында балалардың жұмысын талданып, балалар мадақталады.

Өз еріктерімен қайықтармен ойнайды


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Көлік түрлерін білуі керек.

Болуы керек: Конструкторларымен, оның бөлшектерін байланыстыра білуді игереді.

Қолынан келуі керек:Су көлік түрлерін білді.





Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Біздің қаланың автобустары» (қағаздан)

Мақсаты: Балаларды қолдан бұйымдар жасауды үйрету, қағазбен жұмыстарын шыңдау. Балалардың қағаз ортасынан бірдей етіп бүктеуді, қыры мен жағын қоса білу білімдерін бекіту. Желіммен жұмыс кезінде желімді ұқыпты ұстай білу. Тәртіптілікке, әдептілікке үйрету.

Көрнекі құралдар: төртбұрыш қағаздар, бөлшекке арналған түрлі– түсті қағаздар, автобус үлгісі


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Балаларға көлік туралы жұмбақтар шешуді ұсынады.

Көкте жылдам ұшады

Ғажайып құс сияқты

Ішінде отыр ұшқыш

Бұл қандай құс?


Қос аяқпен тебемін

Алысқа жылдам жетемін


Жолаушылар көлігі

Қаламызда жүреді

Аялдама аралап

Жеткізіп сені салады.







(Ұшақ)




(Велосипед)





(Автобус)

Іздену - ұйымдастырушы







Балалар автобус не үшін керек?

- Ал, енді біздер автобуста өзімізді қалай ұстауымыз керек?

Сергіту сәті:

Бақшамызға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемдесем міне мен,

Доспын, енді сенімен.

- Жарайсыңдар! Дем алып қалдық. Енді бүгінгі сабақпен

танысайық. Бүгін біз автобус құрастырамыз. Автобус үлгісі

көрсетіледі.

- Ал автобус құрастыру үшін төртбұрыш қағазды алып, тең

қылып бүктейміз.

- Бұл автобус қорабы болады.

- Енді аяқтарын құрастырамыз

- Аяқтарының пішіні қандай?

- Енді автобусқа терезе, есік, орналастырамыз. Олар қандай

пішіннен құрастырылады?

- Міне, автобусымыз дайын бізді күтуде.


(Жауабы)

(Жауабы)


Сергіту сәтін орындайды.











(Дөңгелек)


(Төртбұрыштар, шаршы)

Өзіндік жұмысы

Рефлексті - Коррекцялаушы

Ең ұқыпты таза ұқыпты жасалған жұмысты атап өту. Құралдарды өз орнына орналастыра білген баланы мадақтау.Қалған балалардан талап ету


Жасаған жұмыстарын аяқтап, құралдарды өз орнына орналастырады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Пішіндерді атай білуі керек.

Болуы керек:Қағазды ортасынан бірдей етіп бүктеу әдісін игереді.

Қолынан келуі керек:Автобусты жасай білді.










Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Үш аюға жиһаздар» (құрылыс материалдарынан)

Мақсаты: Құрылыс материалдарынан жиһаз құрастыру. Құрастыруға деген қызығушылығын арттыру. Құрылыс бөлшектері мен құрылыс көлемінің (үлкен,кішірек, кішкентай) аттарын дұрыс атауға үйрету.

Көрнекі құралдар: құрылыс материалдары жиынтығы, үш аю, жиһаздар үлгісі, жиһаздар суреті жиынтығы.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Жұмбақ жасырады.

Дөңгелек айналасы, үсті тегіс,

Табылар тарапынан түрлі жеміс.

Төртеуі ағайынды тату екен,

Олардан аулақ жүрер ұрыс– керіс


Адам жоқ салмақ салмаған,

Орыны жоқ кезіп бармаған

Тізе бүкпей әлі тұр,

Сондада таяғы талмаған.


Жұмбақты мұқият тыңдайды.




(үстел)





(Орындық)


Іздену - ұйымдастырушы












Дидактикалық ойын: «Жиһаз»

Шарты:Жинақталған суреттерден балалар жиһаздарды таңдап, атын атайды.

- Балалар біз кеше қандай ертегі айттық?

- Біз бүгін үш аюға үстел мен орындық құрастырамыз. Үлкен аюдың жиһазы қандай? Ал анасына қандай орындық пен үстел құрастырамыз? Қонжықтың жиһазы қандай болады?

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.

Жиһаз қалай құрастырылатынын көрсетіп, айтады.



Суреттерден бір жиһазды алып атын атайды.

- «Үш аю ертегісі»




- Үлкен, кішірек, кішкентай.


Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.



Үлгі бойынша құрастырады. Жасаған жиһаздарымен сюжетті

рөлді ойын «Жанұя» ойнайды


Рефлексті - Коррекцялаушы

Жұмыс соңында балалардың жұмысын талданып, балалар мадақталады.


Өзінің жұмыстарын көрсетеді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:«Үлкен», «кіші» ұғымдарын білуі керек,

Болуы керек:Құрылыс материалдарынан жиһаз құрастыруды игереді.

Қолынан келуі керек:Жиһаздарды атай білді.




















Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Сылдырмақ»

Мақсаты: Музыкалық аспаптар жайлы білімдерін бекіту, қалдық материалдармен ұқыпты жасай білуге үйрету. Балаларға қолдан бұйымдар жасауға үйрету. Желіммен жұмыс кезінде желімді дұрыс пайдалануға, ұқыпты ұстай білуге үйрету.

Көрнекі құралдар: құнсыз қалдық материалдар, түрлі түсті қағаз, желім.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қара досым жан-жаққа

Дайынсың ба сабаққа?

Орнында ма қараңдар?

Біздің барлық балалар?

Шаттық шеңберіне тұрады.




Іздену - ұйымдастырушы







Ойыншық сылдырмақ туралы әңгімелейді.

Балаларға сұрақ қойып сабаққа ынталандырады.

-осындай аспатарды жасау үшін, бізге әрқайсысымызға осындай бөтелкелер қажет болады.аспап жасау үшін бізге екі түрлі заттар: біреуі ұсақ түймелер, екіншісі әр түрлі дәндер керек. Осы түймелер мен дәндерді бөтелкенің ішіне салып, оның қақапағын жауып қоямыз.

Ал енді түрлі түсті қағаздардан әр түрлі пішіндерді қиып алып, аспаптарды безендіреміз.

Сергіту сәті:

Сәлем, сәлем, басым,

Сәлем, сәлем, көзім.

Сәлем, сәлем достар,

Сәлем, сәлем, апайлар.


Жетіспей жатқан балаларға көмектеседі.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.









Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен орындайды.




Жұмысқа кіріседі.

Құнсыз материалдардан сылдырмақты құрастырады.

Сылдырмақты әр түрлі әшекей материалдармен құрастырады.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Ең ұқыпты таза ұқыпты жасалған жұмысты атап өту. Құралдарды өз орнына орналастыра білген баланы мадақтау.Қалған балалардан талап ету


Жасаған жұмыстарын аяқтап, құралдарды өз орнына орналастырады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Музыкалық аспаптар туралы білуі керек.

Болуы керек:Сылдырмақ жасауды игереді.

Қолынан келуі керек:Сылдырмақ жайында білді.























Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Жаңа жылдық ойыншықтар»

Мақсаты: Қалдық заттарды пайдаланып, жаңа жылдық ойыншықтарды жасауды үйрету, оны әдемі көркем безендіру арқылы көркемдік талғамын дамыту, еңбексүйгіштікке баулу.

Көрнекі құралдар: жарамсыз дискілер,жіптер, кір қыстырғыштар, түрлі түсті қағаздар мен қайшы, желім.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Тосын сәт:

Топқа сиқыршы кіреді.

-Ой, балалар бұл кім болды екен? Сендер танисыңдар ма?



-Ия, бұл сиқыршы!



Іздену - ұйымдастырушы







-Мен сиқыршымын.

Балалар, мен қысқы ағаштарды безендіріп жүрмін. Қараңдаршы. (слайд бойынша әдемі ойыншықтар ілінген шыршаны көрсетеді.

-Бірақ мына шыршаны безендіре алмадым, сендер көмектесесіңдер ме?)

Алдымен ескі дискалардың бетіне түрлі түсті қағаздан суреттер жапсырады. Шеттеріне айналдыра кір қыстырғыш қыстырамыз да, ортасынан жіпті өткізіп ілгек жасаймыз, әр түрлі пішіндермен безендіреміз. Ойыншықты шыршаға іледі.


Сиқыршыршыға назар аударады.




-Ия, көмектесеміз.


Сиқыршымен бірге ойыншықтарды жасауға кіріселі.

Шыршаға ойыншықтарды мұрсатта іледі.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Жасаған жұмыстарын аяқтап болған соң, шыршаны айналып, әндетіп, тақпақтарын айтады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Жаңа жыл мерекесі туралы білуі керек.

Болуы керек:Шыршаны безендіруді игереді.

Қолынан келуі керек:Жаңа жылдық ойыншықтарды жасай білді.

































Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Теңіздегі аққулар» (қарағай бүршігінен)

Мақсаты:Табиғи заттардан құрастыру әдісін үйрету. Қарағай бүршігін ермек сазбен біріктіру арқылы аққудың қажетті бөліктерін жасауды үйрету. Туған жердің киелі құсы аққу жайында бала түсінігін дамыту.

Көрнекі құралдар: аққу құсы жайында слайд, қарағай бүршігі, ермексаз, көк түсті қағаз, қауырсын.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Жұмбақ жасырады.

Көк шалғынды орады,

Көк орайға қонады.

Қанаттарын қағады,

Көлде рахат табады.






(Аққу)


Іздену - ұйымдастырушы







Маңғыстау жеріндегі қыстың бір ерекшелігі аққулардың келуі.

Аққулар қарт Каспий теңізінің иесіне айналған. Мойны ұзын,

денесі созылынқы, тұмсығы тік сұлу аққу тіршілігін суда

өткізеді, жақсы жұзеді, бірақ сүңги алмайды, құрылыққа сирек

шығады.

- Балалар, естеріңде ме, біздің аққуға саяхат жасағанымыз. Олай болса соны тамашалап көрейік (интерактивтік тақтадан

көрсету).

- Аққулар не үшін Каспий теңізіне келеді деп ойлайсыңдар?

- Олар немен қоректенеді?

- Қанша әдемі сөз айтсақта осының бәрі аққуға сыйып жатыр.

Аққудың сұлулығынан, әсемдігінен, кербездігінен ләззат алып

шабыттанып керемет сезімге бөленеді.

- Міне осындай сезімнен кейін күйшілер аққу жайында күй

шығарады, бишілер би, әншілер ән, мүсіншілер мүсін, ақындар

өлең жазады. Мен ақу жайында өлең оқып берейін

«Аққу»

Қос қанатын дүр сілкіп,

Жан- жағына қаранып.

Сылан қағып таранып,

Қайта-қайта саңқылдап.

Қанаттарын қақты аққу

Айдын көлде жалтылдап,

Жүзгендей бір аппақ ту.

С. Мауленов

Сергіту сәті:

Орнымыздан түрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көлде жүзген аққудай,

Мойның түрсын созылып.

Кеудең түрсын керіліп,

Көтер қанат оң жақтан

Көтер қанат сол жақтан.

Шаршады ма аққулар.

Сәл тынығып алайық,

Жұп болып сән құрайық.

Балаларға аққу үлгісін көрсетеді, жеке бөліктеріне назар

аударады. Аққудың денесі қарағай бүршігінен, ал басы мен ұзын мойыны ермексаздан, қанаты қауырсыннан жасалғанын айтады.

(Балалар жұмыс жасап жатқанда назды әуен қосылып тұрады).

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.







(теңіз суы ащы, қыста қатпайды)

(су өсімдіктерімен, тамырлармен, су

жәндіктерімен)








Өлеңді мұқият тыңдайды.









Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен орындайды.












Балалар жұмысқа кіріседі, жұмыс соңында көк қағазға аққуды орналастырады.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Ең ұқыпты таза ұқыпты жасалған жұмысты атап өту. Құралдардыөзорнынаорналастырабілгенбаланымадақтау.Қалғанбалаларданталапету


Жасаған жұмыстарын аяқтап, құралдарды өз орнына орналастырады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Аққу туралы білуі керек.

Болуы керек:Табиғи заттардан аққуды құрастыру әдісін игереді.

Қолынан келуі керек:Туған жердің киелі құсы аққу жайында білді.





























































Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Үлкен-кіші ұшақтар» (лего)

Мақсаты: Әр түрлі леголардан ұшақ құрастыру. Ұшақтар ойынын ұйымдастыру. Леголарды үйлесімді пайдалануға, бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізе білуге үйрету.

Көрнекі құралдар: түрлі-түсті леголар, құрастырылған ұшақтар, ұшақтың суреті.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Тосын сәт: Қорапша әкеліп, үстел үстіне қояды.

- Бұл бізге келген сәлемдеме, бұл қорапшада не бар екенін білу

үшін жұмбақ шешуіміз керек.

Жұмбақ:

Құс сияқты, құс емес,

Самғап ұшқан биікке.

Қақпайды бір қанатын,

Жүрсе де тым биікте.









(Ұшақ)


Іздену - ұйымдастырушы







Ұшақты қорапшадан алып, балалардың назарын ұшаққа

аударады.

- Ұшақ қандай бөліктерден тұрады?

- Ұшақ не үшін керек?

Қимылды ойын: «Ұшақ»

Ойынның шарты: Орынымыздан қолымызды екі қапталға тіке

ұстаймыз. Ұшақтың дыбысымен жәй орнымыздан тұрып, ұша

жүгіреміз. Жәй бір-бірімізге кедергі жасамай ұшамыз. Жәй ұшып әуежайға қонамыз, жерге не орнымызға отырамыз. Ойынды 2-3 рет қайталаймыз.

Енді балалар демалып болсақ, жұмысқа кірісейік. Алдарымыздағы леголардан ұшақ құрастырамыз. Дайын үлгісін көрсетеді.


Ұшаққа назар аударады.


- Пропеллер, қанаты, аяқ т.т

- Жолаушыларды, хаттарды, жүктерді тасу үшін керек.

Ұшақ сияқты ұшады.





Леголардан ұшақ құрастырады.


Үлгіге қарай отырып жұмысқа кіріседі.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Ең ұқыпты таза ұқыпты жасалған жұмысты атап өту. Құралдарды өз орнына орналастыра білген баланы мадақтау.Қалған балалардан талап ету


Жасаған жұмыстарын аяқтап, құралдарды өз орнына орналастырады. Ұшақпен ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Жұмбақты шеше білуі керек.

Болуы керек:Леголардан ұшақ құрастыру әдісін игереді.

Қолынан келуі керек:Ұшақ болып ойнай білді.






















Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Қар мен аққала» (қағаздан)

Мақсаты: Қағазды умаждау арқылы аққаланы жасай білуге үйрету, кеңістікте бейнені дұрыс орналастыра білуге үйрету, ұқыпты жұмыс жасай білуге үйрету.

Көрнекіліктер: көрсету, әнгімелеу, түсіндіру, түрлі-түсті қағаздар желім.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Өткен сабақтарды қайталап еске түсіреді



Іздену - ұйымдастырушы







-Балалар мына суретке назар аударайық?

Аққаланың суретін қарап, талдау. Бүгін осы аққаланы құрастырамыз.

Қағаздың астыңғы жак бөлігіне қар кесектерін орналастырамыз.

Аққаланы жасау үшін ақ қағазды үш бөлікке: үлкен, кіші, одан кіші бөліктерге бөлеміз. Оларды ретіменалып алақан арасына салып умаждаймыз.

Дайын болған бөліктерді қағаздың төменгі бөлігіне орналастырып, желімдейміз.

Бас киімін, көздерін, қолын т.б. бөлшектерін фломастермен толықтырып әшекейлейміз.

Ұсақ қиындылардан қар жауып тұрған тәрізді етіп орналастыруға болады.

Сергіту сәті.


Суретке назар аударады.



Жұмыстарына кіріседі.











Сергіту сәтін орындайды.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Балалардың жұмыстарына қарай отырып бағалайды. Құралдарды өз орнына орналастыра білген баланы мадақтау.Қалған балалардан талап ету


Жасаған жұмыстарын аяқтап, құралдарды өз орнына орналастырады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Қағазды умаждай білуі керек.

Болуы керек:Қағазды умаждау арқылы аққаланы жасауды игереді.

Қолынан келуі керек:Кеңісікте бейнені дұрыс орналастыра білді.































Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Ертегі» (қағаздан, йогурт қораптарынан)

Мақсаты: Қағаздан, йогурт қораптарынан ертегі мазмұнына қарай ертегі кейіпкерлерін құрастыра білуге үйрету, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: қалдық қағаз, ертегі кейіпкерлерінің қиындысы, желім.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

-Балалар, сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

Білетін ертегілерін атайды. Ертегі кейіпкерлерінің қайсысы жағымды, жағымсыз екенін айтады.

Іздену - ұйымдастырушы





Мына йогурттың құтыларына біз бүгін өзіміз білетін ертегілердің кейіпкерлерін жасаймыз.

Ол үшін көздеріңді жұмып, елестетіңдер.

Енді алдарыңдағы суреттерден өздерің таңдаған ертегі кейіпкерлерін таңдап алып, қайшымен шетінен айналдыра қиып алады. Қиылған кейіпкердің бейнесін йогурт құтысына жапсырады.

Сергіту жаттығуы:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.




Көздерін жұмып, елестетеді.

Ертегі кейіпкерлерінің біреуін таңдап алады.Оны айналдыра қиып, йогурт құтысына жапсырады.



Сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Ең ұқыпты таза ұқыпты жасалған жұмысты атап өту. Құралдарды өз орнына орналастыра білген баланы мадақтау.Қалған балалардан талап ету


Жасаған жұмыстарын аяқтап, құралдарды өз орнына орналастырады.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Ертегі білуі керек.

Болуы керек:Қайшымен айналдыра қиюды игереді.

Қолынан келуі керек:Жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді атай білді.

































Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Әсем шыршалар» (қағаздан)

Мақсаты: Шаршы қағаздан қақ ортасынан бүктеу, қағаз парақтарын өзгерте білуін бекіту. Жұмыста дербестікті, қағазбен жұмыс жасағанда ұқыптылықты дамыту, қол моторикасын дамыту.

Көрнекі құралдар: Әр түрлі өлшемдегі жасыл түсті шаршы қағаз, үлгі, аққала


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Тосын сәт:

- Қараңдаршы, бізге қонаққа кім келген?


- Бұл- аққала


Іздену - ұйымдастырушы







Аққала аңдарға шырша апара жатыр екен.

- Шырша қандай ?

- Шырша қанша бөліктен тұрады?

- Аққаланың шыршасы әдемі, ол- жалғыз. Аққала шыршаның

ормандағы аңдарға жетпейтіндігін, оларды ренжіткісі

келмейтіндігін айтады.

- Аққалаға қалай көмектесуге болады?

Сергіту сәті:

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Шыршаны жасау үлгісін көрсетеді.

- Ең үлкен шаршыны аламыз, бұл ең төменгі бөлігі. Шаршының бұрышын өздеріңе қаратып үстелге қоямыз.

- Диагонал бойынша бүктеп, бұрыштарын сәйкестендіреміз.

- Қайтадан шаршыны ашып, екінші бұрышын диогналі

бойынша бүктейміз.

- Қабырғасын өзімізге қарата отырып, ортасынан бүктеп

бұрыштарын біріктіреміз.

- Бүктеген жерімізді жоғары қаратып, бұрыштарын ішке

қарай кіргіземіз.

- Дайын болған үшбұрышты аздап орнына келтіріп үстел үстіне қоямыз. Қалған шаршыларды да солай жасаймыз. Барлық дайын болған бөліктерді бірінің үстіне бірін қойып, орналастырамыз.

Аққала:

- Қандай әдемі шыршалар, шыршалар енді барлық аңдарға

ететін болды. Рахмет сендерге, балалар!



- Жасыл, тікенекті, мамық.

- Төменгі бөлігі кең, ал жоғары беті жіңішке, шырша бөліктері көп болған сайын шырша биік болады.

Аққалаға шырша құрастырып көмектесетінін айтады.


Сергіту сәтін орындайды.





















Жұмыстарына кіріседі.


Дайын болған шыршаларды аққалаға сыйға тартады.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Ең ұқыпты таза ұқыпты жасалған жұмысты атап өту. Құралдарды өз орнына орналастыра білген баланы мадақтау.Қалған балалардан талап ету


Жасаған жұмыстарын аяқтап, құралдарды өз орнына орналастырады.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Қыс мезгілі туралыбілуі керек.

Болуы керек:Қағаз парақтарын өзгертудіигереді.

Қолынан келуі керек:Шаршы қағазды қақ ортасынан бүктеуді білді.









Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы:«Көпір» (құрылыс материалдарынан)

Мақсаты:Дайын геометриялық пішіндерден балаларды құрастыруға үйретуді жалғастыру (кірпіштен,кубтардан,призмнан,цилиндрден). Негізгі бөлшек-термен бөліктерді құрастыра білу. Құрылысты нұсқасына қарап, құрылыс қандай материалдан жасалғанын аңықтай отырып, бөлімдерін айқындап саралау және қажетті материалдар санын және олардың орналасу орнын анықтай білуін дамыту.

Көрнекі құралдар: Көк түсті ұзындығы, ені әр түрлі жолақтар, құрылыс материалдар жиынтығы, әр түрлі ойыншық көліктер.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Армысың, Жарық күн,

Армысың, абзал Адам!

Шаттық шеңберін құрайық,

Таңғы шеңбер

Күлімдеп тұр күн бізге

Күлімдейді күнімде

Қайырлы таң балалар.


Шаттық шеңберіне тұрады.

Іздену - ұйымдастырушы







Дидактикалық ойын: «Ғажайып қалта»

Мақсаты: Құрылыс материалдарын дұрыс атауға, түсін, көлемін атауға үйрету.

- Балалар есімізге түсірейікші, біз көпірлердің әр түрін көрдік.

Көпір не үшін керектігін, қайда құрастыру керек екендігін айтады.

- Көпір өзеннен өту үшін, ал үлкен қалаларда жолдан өту үшін салынады. Олар әр түрлі, ұзын– қысқа, кең– тар болады.

Сергіту сәті:

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз,

Түлкi болып қашамыз, қашамыз.

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз.

- Көпірлерді мықты, берік етіп жасау керек, себебі адамдар, ауыр жүк көліктері өтеді.

Көпірді құрастыру үлгісін көрсетеді

- Біз бүгін өзеннен өту үшін көпір құрастырамыз.

- Қараңдаршы, мына өзен қандай? Кең бе, тар ма?

- Дұрыс, кең болғандықтан қандай көпір құрастыру керек?

- Бұл өзен терең, қандай тірек болу керек?



Қалта ішінен құрылыс бөлшегін алып атайды.

Көпір адамдар үшін жүруге, көліктер үшін өтуге қажет.





Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.







-Кең.



Өздігінен жұмыстары.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекеті соңында балалар жұмысын бағалап,

көліктермен ойнауды ұсынады.


Көліктерімен ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Геометриялық пішіндерден құрастырабілуі керек.

Болуы керек:Негізгі бөлшектермен бөліктерді құрастыруды игереді.

Қолынан келуі керек:Көпір құрастыра білді.













Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Теледидар» (шырын қораптарынан)

Мақсаты: Тұрмыстық заттарды қайталай отырып, теледидар жайлы білімдерін кеңейту, шырын қораптарын қолданып, теледидарға керекті пішіндерді дұрыс таңдай білуге үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: көк түсті ұзындығы, ені әр түрлі жолақтар, құрылыс материалдар жиынтығы, әр түрлі ойыншық көліктер.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Балалар мен қазір жұмбақ жасырамын:

Түрлі түсті өнерлі,

Жыбырлайды өнері.

Сөйлейді ол тұрмай

Терезедей көлемі.

-Дұрыс айтасыңдар.

Кімнің үйінде теледидар бар?






Теледидар.


Жауаптары.

Іздену - ұйымдастырушы







Балалар олай болса біз бәріміз шырын қораптарынан кішкене теледидар жасап үйренеміз

Балаларға теледидардың қалай жасалу керектігін көрсетеді.

Қорапты екіге бөледі. Ортасын төртбұрышты етіп ойып аламыз. Сыртын, жиегін түрлі-түсті қағазбен жапсырамыз. Төбесіне сыммен (антена) жасаймыз.

Теледидардың ішіне қиылған бейнелердіорналастыруға болады.

Көмектеседі.




Қолдарынан келгенше жұмыстарын жасайды.






Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Сұрақтарға жауап береді. Жасаған жұмыстарын тәрбиешіге көрсетеді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Теледидар туралыбілуі керек.

Болуы керек:Шырын қорабынан теледидар жасауды игереді.

Қолынан келуі керек:Жұмбақты шеше білді.































Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Пингвиндер» (табиғи материалдан)

Мақсаты: Табиғи материалдарын пайдаланып, пингвиндерді жасай білуге үйрету, оларды мазмұн бере орналастыру. Ой-қиялын дамыту. Табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: әртүрлі көлемдегі шырша бүрлер, ақ және қара ермексаз, көк және қызыл түсті қағаз, пенопласт.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан әр күнде


Шаттық шеңберінде тұрып, көңіл күйін көтеріп, бір-біріне жақсы тілек білдіреді.

Іздену - ұйымдастырушы







Балаларға пингвиндер туралы айтылған әңгіме, мультфильмдерді естеріне түсіреді.

Пингвиннің үлгісін көрсетеді, жеке бөліктеріне назар аударады. Пингвинді табиғи материалдардан жасаймыз.

Пингвиннің денесі шыршаның бүршігінен жасалады.

Басын ақ және қара түсті ермексаздан алақан арасына салып домалақтау арқылы жасаймыз.

Қанаттарын ұсақ жапырақтардан ермексазбан бекіту арқылы жасаймыз.

Аяқтарын емен жаңғақтарының «қалпақшаларынан» жасаймыз.

Қызыл түсті қағаздан тұмсығын қиып алып орналастырамыз. Көк түсті қағаздың үстіне ақ қағаздан немесе пенопластан мұздарды қиып алып, дайын болған пингвиндерді орналастырамыз.




Үлгіге назар аударады.











Жұмыстарына кіріседі.




Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді. Жасаған жұмыстарын тәрбиешіге көрсетеді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Пингвин туралы әңгіме, мультфильм білуі керек.

Болуы керек:Табиғи материалдардан пингвинді жасауды игереді.

Қолынан келуі керек:Пингвин жайында әңгіме айтып бере білді.





























Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Анамызға құттықтау қағазы» (қағаздан)

Мақсаты: Балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету. Төртбұрышты қағаздың бұрыштары мен беттерін сәйкестендіріп, бірдей бүктей білуін дамыту. Дайын пішінді әшекейлей білуге үйрету. Аналарды құрметтеп, сыйлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Құттықтау қағазы үлгісі, түсті картон, дайын пішіндер, желім, салфетка.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Өлең оқиды. «Аман болсын аналар» Ә.Табылдиев.

Пайдаланса уақытты,

Біздің қыздар бақытты.

Арманға жетер балалар,

Аман болсын аналар

Ана - біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.


Өлеңді мұқият тыңдайды.

Іздену - ұйымдастырушы







Балалармен 8 наурыз аналар мерекесі туралы әңгімелеседі.

Анамызды қандай жылы сөздермен атауға болады?

- Ал сендер аналарыңа сыйлық дайындадыңдар ма?

- Ана үшін ең қымбат сыйлық, балаларының өз қолымен

жасаған жұмыстары.

Сергіту сәті:

Шынығамыз жастай біз,

Жаттығуды бастаймыз

Бір- екі- үш ,бір– екі– үш

Бойымызға жинап күш

Шынығамыз, жастай біз,

Жаттығуды бастаймыз.

- Балалар, аналарымызға қандай сыйлық жасаймыз?

- Мен сендерге құттықтау қағазын сыйлауды ұсынамын.

Құттықтау қағазын қалай жасаудың үлгісін көрсетеді. (түсті

картонды алып, бұрыштары мен беттерін сәйкестендіріп, бірдей бүктейді, дайын болған қағаздың сыртын гүлмен әшекейлейді).



(анашым, ақ әже т.т).

-Ия.




Сергіту сәтін жасайды.






Мұқият қарайды.

Жұмыстарына кіріседі..

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Аналарына арнап мерекелік құттықтау сөздерін айтады. Дайын болған жұмысты мерекелік ертеңгілікте аналарына сыйлайды.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Қағазбен жұмыс жасайбілуі керек.

Болуы керек:Тіктөртбұрыш қағазды бүктеуді игереді.

Қолынан келуі керек:Құттықтау қағазын жасай білді.
















Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Маңғыстау тасбақасы» (грек жаңғағы)

Мақсаты: Маңғыстаудың жануарлар әлемімен таныстыру, соның ішінде тасбақамен.Табиғи заттардан құрастыру әдісін үйрету. Жаңғақты ермексазбен біріктіру арқылы тасбақаның қажетті бөліктерін жасауды үйрету.

Көрнекі құралдар: слайд, грек жаңғағы, тақтайша, қоңыр ермексаз, жасыл қағаз, ойыншық тасбақа


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Тұрсақ, егер шеңберге

Алақанды ұрайық.

Сол жақтағы балаға,

Оң жақтағы балаға.

Шапалақта, шапалақ,

Шапалақта шапалақ.


Шаттық шеңберін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.

Іздену - ұйымдастырушы







Балаларға слайдтан Маңғыстау жануарлар әлемін көрсете

отырып, әңгімелеседі.

- Балалар айтыңдаршы, қандай Маңғыстау жануарларын

білесіңдер?

- Олар Республикасының кітабына енгізілген. Жануарлар таулар мен жазықтарда мекендейді.

Слайдтан соңғы суретке назар аударуларын сұрайды.

Маңғыстау аумағында тасбақаның каспийлік және батпақты түрлері болады. Қазіргі кезде олардың саны азайып жатыр. Оларды қамқорлап, қорғай білуіміз керек.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қос бүйірді сығамыз.

Оңға– солға бұрылып,

Бір айналып шығамыз.

Бір- екі- үш, төрт, бес

Қолды қолға ұрамыз.

- Біз бүгін осы тасбақаларды грек жаңғағымен құрастырып

үйренеміз.

Үлгі көрсетеді.

- Қараңдаршы, тасбақа неше бөліктен тұрады?

- Басы, аяқтары, құйрығы неден жасалған?

- Ал денесі, яғни тасбақаның қабығы неден жасалған?

- Балалар, Маңғыстау даласына көптеген тасбақаларды жасап,

серуендеуге жіберейік.

Асықпаған тасбақа,

Күлдіреді бәрінде.

Асығып оған не керек,

Үстінде үйі болса егер.


Слайдқа назар аударады.


(қарақұйрық, ақбөкен, арқар, ұзын инелі кірпі, сілеусін, қасқыр, түлкі, тасбақа т.т)








Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.







(төрт аяғы, басы, қысқа құйрығы, тасқабығы.)

(ермексаздан)

(грек жаңғағынан)


Жұмыстарына кірісейік.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Дайын болған жұмыстарын бағалайды.

Тасбақаларын құмды планшетке жібереді.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Маңғыстау жануарларын атай білуі керек.

Болуы керек:Жаңғақ пен ермексаздан тасбақа жасауды игереді.

Қолынан келуі керек:Сұрақтарға жауап бере білді.






Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Қанқыз» (қажетсіз заттардан)

Мақсаты: Балалардың жәндіктер туралы түсінігін кеңейту. Ермексазбен құнсыз материалдарды бірге пайдалана отырып, қанқызын ұқыпты жасай білуге үйрету.

Қажетті құралдар: бөтелкенін қақпактары, ұсақ, «малта тастар», ермексаз, гуашь, бояу.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қара достым, жан-жаққа,

Дайынсың ба, сабаққа?

Орнында ма, қараңдар,

Біздің барлық балалар.

Балалар, біздің шеңберіміз неге ұқсайды?


Шаттық шеңберіне тұрады.





-Күнге.


Іздену - ұйымдастырушы







Жәндіктердің суреттерін көрсетіп, «қанқыз» қоңызы туралы әңгімелеп береді.

Бүгін біз сабағымызда қанқызды жасаймыз.

Қанқызды жасау үшін бөтелкенің қақпақтары керек болады. Пішіндері домалақ қақпақты аламыз, оның үстіне түрлі-түсті бояумен дене бөліктерін жасаймыз: қанаты, басы, көзі т.б.

Үлкен қақпақ – қанқыздың денесі, ал басын ермексаздан жасаймыз.

Ермексазды пайдалана отырып басы мен денесін біріктіріп, ермексаздан аяғын жасаймыз.

Қара түсті гуашь бояумен ортасынан түзу сызық сызып, оны сәл толықтырып қанаттарын жасап, қара дақтар түсіреміз. Қанқыз дайын болған соң, оны ұсақ тастар мен қағаздан шөптерді қиып жапсырылған жерге орналастырамыз.


Мұқият тыңдайды.



Тәрбиешіге назар аударады.










Жұмыстарына кіріседі.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Жақсы жасалған жұмыстар мадақталады.


Сұраққа жауап береді. Жұмыстарын тәрбиешіге көрсетеді.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Пішіндерді білуі керек.

Болуы керек:Қажетсіз заттардан қанқыз жасауды игереді.

Қолынан келуі керек:Қанқыз сипаттай білді.


























Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы:«Хайуанаттар бағы» (құрылыс материалдарынан)

Мақсаты:Құрылыс материалдарын пайдалана отырып, хайуанаттарға қоршау құрастыра білуге үйрету, хайуанаттар туралы білімдерін бекіту.

Қажетті құралдар: құрылыс материалдары, аңдардың ұсақ ойыншыктары, ағаштардың бейнелері және үлгі суреттер.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Балалардан хайуанаттар бағына барғандары жайында сұрайды.

Онда қандай аңдар көргендерін әңгімелетеді.


Көргендерін әңгімелеп береді.



Іздену - ұйымдастырушы







Үлгіге талдау жасап, хайуанаттар бағын құрастырудың жолдарын түсіндіреді.

Ол үшін балаларды шағын топтарға бөледі. Өздеріне ұсақ аңдарды таңдатады.

Ұзын керікке кірпіштерді тігінен қоямыз, себебі оның мойыны ұзын, түлкіге жалпақ кірпіштерді көлденең қойып, төбесін жауып үйшік жасаймыз.



Шағын топтарға бөлінеді.

Ұсақ аңдарды таңдайды.

Бірнеше хайуанаттар бағының бөлімдерін құрастырады.

Өзара келісіп қандай аңдарға не жасағысы келетінін анықтап алады, құрылыс жасауда үлгіге қарай отырып үйшіктер құрастырады.

Қоршаулардың дұрыс орналасуына мән береді.

Таңдап алған ойыншықтарын жайғастырып ойнайды.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.


Сұраққа жауап береді. Жұмыстарын тәрбиешіге көрсетеді.

Қалай жасағандарын айтып, әңгімелейді.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Хайуанаттар туралыбілуі керек.

Болуы керек:Құрылыс материалдарынан қоршау жасауды игереді.

Қолынан келуі керек:Биік, аласа ұғымдарын білді.
































Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Жүк көлігі» (сіріңке қорапшаларынан)

Мақсаты: Құнсыз материалдан құрылыс сала білуін бекіту. Сіріңке қорапшаларын түсті қағаз жолақтарымен жапсыруға, қораптың екі бөліктерін біріктіруге, қосымша бөлшектермен безендіруге, ойынды жеңуге үйрету.

Көрнекі құралдар: Сіріңке қорапшалары, қара картоннан дөңгелектер, түсті қағаздар, желім, қайшы.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Жұмбақ жасырады.

Аңда емес, құста емес, көшемен зулайды,

Жүреді, ызыңдайды,моторы шулайды.

Төрт дөңгелегі, кабинасы, кузовы бар,

Ауыр жүкті әкеледі.






(жүк көлігі)

Іздену - ұйымдастырушы







Бірнеше көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп, қандай

көліктер, не үшін пайдаланылатынын әңгімелейді

Ойын-жаттығу: «Ұшады, жүзеді, жүреді»

Тәрбиеші көлік түрлерін айтады, балалар қимылмен көрсетеді.

Тәрбиеші балаларды жүк көлігіне назар аударып, жеке бөліктеріне талдау жасайды.

- Қандай бөліктері бар?

- Қорабы, кабинасы, дөңгелегі қандай?

Қимылды ойын «Бағдаршам»

(жеңіл көлік, автобус, сүт таситын көлік).



Көліктерді қимылмен көрсетіп, олардың бөліктерін атайды.

(қорабы, кабинасы, дөңгелегі)

(Жауабы)

Үлгісіне қарай отырып, балалар жұмысқа кіріседі.

Қимылды ойынды ойнайды.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Сұраққа жауап береді. Жұмыстарын тәрбиешіге көрсетеді.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Көлік түрлерін атай білуі керек.

Болуы керек:Сіріңке қорапшаларынан көлік жасауды игереді.

Қолынан келуі керек:Көлік түрін қимылмен көрсете білді.






























Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Құстарға арналған ұялар» (құнсыз материалдар мен қағаздан)

Мақсаты: Балаларға қағаздан құрылыс салуға үйретуді жалғастыру. Балалардың ой- қиялын дамыту. Құстарды қамқорлай білуге үйрету.

Көрнекі құралдар: Жыл құстары суреті, үлгі, сүт қорапшалары.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Балалар, келіңдер шеңберге тұрайық. Қараңдаршы,

біздің шеңберіміз қандай үлкен болып шықты. Біздің шеңберіміз неге

ұқсайды?

- Балалар, білесіңдер ме, қазір жылдың қай мезгілі?

Бәріміз терезеге қарайық, көктем мезгілінің қандай

өзгерістерін байқадыңдар?

- Қәне, бәріміз бірге күнмен амандасайық

Күн күлімдеп әлемде,

Күлімдейді әдемі.

Төбемізде қарлығаш,

Айналады әдемі.

Әніміз осындай,

Сәніміз осындай


Шаттық шеңберіне тұрады.


-Күнге.


- Көктем мезгілі.

(жауаптары)


(амандасады).


Іздену - ұйымдастырушы







«Көрікті көктем»

Күн нұрын сеуіп,

Жер жылып кеңіп,

Тал тбүршік төгіп,

Көңілді көктем.

Жібектей леппен,

Алмадай беттен,

Біздерді өпкен

Көрікті көктем.

Ә.Ахметов

- Қыста құстар жылы жаққа ұшып кетеді, ал көктемде қайтып

келеді, біздерді құстар әнімен қуантады. Сендер қандай жыл

құстарын білесіңдер? (құстар суреттерін көрсетед).

- Қәне, бәріміз жыл құстары сияқты ұшайық (ұшады, қонады,

жем шоқиды)

Тоқтайды, мысық ойыншықты көрсетеді.

Қимылды ойын: «Мысық пен қараторғайлар»

- Ой, бұл не екен, не істейміз, құстар қайда тығылады?

- Біздің құстарымыз қауіпсіз болуы үшін біз оларға ұя

салып берейік.

- Неден құрастырамыз?

- Біз құстарға сүт қорапшаларымен ұя құрастырамыз. Қорапты алып жұмысқа кірісейік

Үлгіні көрсетіп, түсіндіріп, балаларға көмектеседі.

- Қараңдаршы біз құстарға әдемі ұялар жасадық, біз ағаштарға

ілеміз. Құстар ұшып келіп, қасымызда болсын, біз оларды

қамқорлаймыз.

Балаларға құстарды әрқашан қамқорлап, табиғатпен дос

болуға шақырады.


Өлеңді тыңдайды.










Құстарды атайды.







(жауап береді).




(үстелге отырып, жұмысқа кіріседі)


Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Сұраққа жауап береді. Жұмыстарын тәрбиешіге көрсетеді.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Көктем мезгілі туралы білуі керек.

Болуы керек:Қағаздан ұя жасауды игереді.

Қолынан келуі керек:Құстарға қамқор көрсету керек екенін білді.

Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Көбелектер» (табиғи материалдардан)

Мақсаты: Көбелектерді табиғи материалдардан құрастыра білуге үйрету, ой-қиялын дамыту, құыпты жұмыс жасауға үйрету.

Көрнекті құралдар: көбелектін суреті, ұлу қауашақтары, шемішкі дәндері, желім.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Балалар келіңдер шеңберге тұрайық.

Қараңдаршы, біздің шеңберіміз қандай үлкен болып шықты.

Біздің шеңберіміз неге ұқсайды?

-Балалар білесіңдер ме? Қазір жылдың қай мезгілі?

Бәріміз терезеге қарайық, көктем мезгілінің қандай өзгерістерін байқадыңдар?

-Қане, бәріміз күнмен бірге амандасайық.


Күн күлімдеп Әлемде,

Күлімдейді Әлемде,

Төбемізде қарлығаш,

Айналады Әлемді.

Әніміз осындай,

Сәніміз осындай.


Шеңберге тұрады.


-Күнге.

-Көктем мезгілі.


Жауабы.

Амандасады.

Іздену - ұйымдастырушы







Көктем мезгілі келді, көбелектер пайда болды.

-Көбелектер қайда қонады?

Балалар біз әдемі көбелектерді шемішке дәндері, ұлу қауашақтарынан құрастырамыз.

Балаларға көбелектің суреті бар парақтар таратып береді.

Алдымен көбелектердің шеткі сызықтары бойынша желім дағып алып, оның үстіне өздерің таңдаған: шемішке дәндері немесе ұлу қауашақтарын қатарластырып ораналастырамыз. Көбелектердің бейнесін жасаймыз, мұрты, өрнектерін қарындашпен бояп жасаймыз.

Гүлдерді шөптерді түрлі-түсті қағаздан қиып жапсырамыз.

-Қараңдаршы, біз гүлдерге қонатын көбелектерді құрастырдық, қане көбелектерді гүлдерге ұшырып жіберейік.

Табиғатпен дос болайық.



-Гүлге.









Үстелге отырып, жұмысқа кіріседі.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді. Аяқтаған жұмыстарын тәрбиешіге көрсетеді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білуі керек.

Болуы керек:Табиғи материалдардан көбелек құрастыруды игереді.

Қолынан келуі керек:Көбелекті сипаттай білді.

















Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: «Балықтар»

Мақсаты: Каспий теңізінде мекендейтін балықтар туралы білімдерін тиянақтау. Табиғи материалдардан балықты құрастыра отырып, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру.

Көрнекті құралдар: ұлу қабыршағы, ермексаз, картон.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Сәлем саған, Алтын күн!

Сәлем саған, Күн аспан!

Сәлем саған, Жер ана!

Сәлеметсің бе, достарым!


Шаттық шеңберіне тұрады.

Іздену - ұйымдастырушы







-Балалар, сендер Каспий теңізіндегі өмір сүретін балықтарды білесіңдер ме? Олар қандай болады?


Мен сендерге балықтар туралы әңгімелегім келіп тұр.

-Біздің Ақтау қаламыздың өте үлкен Каспий теңізі бар.

Каспий теңізінде өте көп балықтар, су тасбақасы, үлкен кіші балықтар, шаяндар тіршілік етеді.

Теңізде де өсімдіктер тіршілік етеді.

Сол өсімдіктермен балықтар қоректенеді.

Сергіту сәті:

Көп отырып шаршадық

Қозғалуды аңсадық

Жүгіргіміз келеді

Әңгімелеп ән салып

Топ-топ басайық

Жаттығулар жасайық

Қайырымды жан болып

Жамандықтан қашайық.

Біз бүгін әдемі балықты құрастырып үйренеміз. (үлгі көрсетеді) алдымыздағы ұлу қабыршақтарын алып үлгі етіп қойған балыққа жапсырамыз.

Ермексазбен көзін жасаймыз.


-Қызыл балық, шортан, судак, сазан т.б. балықтар өзбетінше теңізде өмір сүреді. Балықтар әр түрлі болады.

Мұқият тыңдайды.







Сергіту сәтін орындайды.








Жұмысқа кіріседі.



Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Сұраққа жауап береді. Аяқтаған жұмыстарын көрсетеді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Каспий теңізі туралы білуі керек.

Болуы керек:Балық құрастыруды игереді.

Қолынан келуі керек:Каспий теңізіндегі балықтар туралы білді.





















Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы:«Темір жол вокзалы» (құрылыс материалдарынан)

Мақсаты: Құрылыс материалдарын дұрыс атай білуге үйрету, жеке құрал түрлерімен таныстыру. Өз тілдерінде осы сөздерді пайдалана білуге жаттықтыру. Құралдарды жоғары биіктікте орналастыру дағдыларын дамыту.

Көрнекі құралдар: Үлкен құрылыс материалдары жиынтығы, мамық көжек, балалар санына қарай ұсақ ойыншықтар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Тосын сәт:

- Бізге қонаққа ескі танысымыз Мамық көжек келді.

Мамық көжекке назар аударады.

Іздену - ұйымдастырушы







Мамық көжек өзіне поездбен алыстан достары келетінін айтып отыр. Поезд жасыл алаңға келіп тоқтайды. Сондықтан Мамық көжек біздерден ормандағы достарына арнап, вокзал салып

беруімізді өтінеді.

- Көмектесеміз бе? Алдымен алдарыңдағы құрастыру

құралдарына назар аударыңыздар. Вокзал құрылысына қандай

құрылыс материалдарын пайдаланамыз?

Сергіту сәті:

Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Тұрсақ, егер шеңберге

Алақанды ұрайық.

Сол жақтағы балаға,

Оң жақтағы балаға.

Шапалақта, шапалақ,

Шапалақта шапалақ.

Өзі әзірлеген вокзал үлгісін көрсетеді, балалармен вокзалдың үлкен болатындығы жөнінде айтады.

Балаларда туындаған қиындықтарға көмек көрсетеді.

Мамық көжек екеуі балалардың құрылыстарын тексеріп,

мадақтау сөздер айтады.






-Көмектесеміз.


(кірпіш, призма, цилиндр, пластина)

Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.








Өздеріне қажет құрастырғыштарды іріктеп алады.

Өз ой жобалары жөнінде әңгімелеп, жұмысқа кіріседі.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекеті соңында Мамық көжек былай дейді:

- Сіздердің білімпаздықтарыңа үлкен рахмет.

Вокзал алдын жас шыбықтармен безендіруді ұсынады.


Ұсақ ойыншықтарды алып «Вокзалға саяхат» ойынын ұйымдастырады.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Құрылыс материалдарын дұрыс атай білуі керек.

Болуы керек:Құрылыс материалдарынан вокзал құрастыруды игереді.

Қолынан келуі керек:«Вокзал»ұғымын білді.




















Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы:«Балапандар алаңда» (қағаздан)

Мақсаты: Сары түсті дымқыл қағазды шеңбер көлемді пішіндерге умаждау, негізгі бөлшектерді (тұмсығы, көздері, қанаттары) жабыстарына білуін дамыту.

Көрнекі құралдар: ойыншық балапан, үй құстары суреттері, жасыл қағаз, сары салфетка, желім, фломастер


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Балалар бір- біріне жақсы тілектерін айтады:

Аспаның ашық болсын!

Туымыз биік болсын!

Денің сау болсын!


Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы тілектерін айтады.

Іздену - ұйымдастырушы







Дидактикалық ойын: «Не, қалай дыбыстайды?»

Шарты: Балалар шеңберге тұрады, тәрбиеші допты лақтырып үй құстарын атайды, ал балалар олардың дыбыстарын дұрыс салып береді.

Ойыншық балапанды көрсетіп сұрақ қояды.

- Мынау не?

- Түсі қандай?

- Балапанның басы мен денесі қандай пішінге ұқсайды?

- Көзі неге ұқсайды?

- Жүні қандай?

Тақпақ оқиды. «Сары балапан» Б. Жақып.

Жем бергенде, жем жейді,

«Кел!» дегенде, келмейді.

Балапаным сары үрпек.

Әрі қорқақ, әрі үркек.

Дұрыс емес келмеген,

Алақаннан жем берем.

Қорықпаймын мен сенен,

Қорықпашы сен менен.

Сергіту сәті:

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Балалардан сұрайды:

- Балапандар қайда қыдырғанды ұнатады?

- Қараңдаршы, біздің алаңымыз бос, қәне біз балапандарды

серуендеуге жіберейік. Барлық жасаған жұмыстарды жинап үлкен балапандар алаңын жасайды.

Қимылды ойын «Күрке тауық пен балапандар».



Шеңберге тұрып, құстардың дыбыстарын салып береді.



(Балапан)

(Сары)

(Дөңгелек)

(ілгек, ұсақ бұршақ т.т)

(Мамық)


Тақпақты тыңдайды.









Сергіту сәтін орындайды.









(алаңда)

Сары қағазды умаждау арқылы балапан жасап, жасыл қағазға жапсырады. Дайын болған балапанның көзін, тұмсығын, аяғын фламастермен бояп, салады.

Қимылды ойынды ойнайды.


Рефлексті - Коррекцялаушы


Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Балапанды сипаттай білуі керек.

Болуы керек:Дымқыл қағазды умаждауды игереді.

Қолынан келуі керек:Негізгі бөлшектерді (тұмсығы, көздері, қанаттары) жабыстарына білді.







Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы:«Инеліктер» (ермексаз, табиғи материалдардан)

Мақсаты: Инелікті табиғи материалдардан дұрыс құрастыра білуге үйрету, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру.

Қажетті құралдар: ермексаз, жемістін тұқымы, шыбық, жапырақ.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Ойнамақ болып еркелеп,

Әдейілеп, ерте кеп.

Гүлге қонды қалықтап,

Кіп-кішкентай тікұшақ

-Ол не екен?

-Дұрыс айтасыңдар, ал инелік деген не?

-Ол неге ұқсайды?





-Инелік.

-Жәндік.

-Тікұшақ.


Іздену - ұйымдастырушы







Балаларға инеліктің суретін көрсетіп, қандай жәндік екенін түсіндіреді.

-Бүгін біз инелік құрастырамыз. Инелік үлгісін көрсетеді.

-Ал ермексазды аламыз, оны тең бөліп қолымызбен умаждап сопақша етеміз.

-Сопақша ермексаздың қасына таяқшаны қосамыз.

-Инелікке басын жасаум үшін, қоңыр ермексазды, ал көзіне қара ермексазды қолданамыз.

-Инеліктің қанатын жапырақтардан ермексазға жабыстырамыз.

-Міне, инелігіміз дайын, оны ұшыруға болады.

Сергіту сәті:

Бақшамызға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемдесем міне мен,

Доспын енді сенімен.

Жарайсыңдар, балалар! Дем алып қалдық.


Суретке назар аударады.











Сергіту сәтін орындайды.




Жұмыстарына кіріседі.

Дайын болған жұмыстарын көрмеге қояды.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.



Сұрақтарға жауап береді. Жұмыстарын көрсетеді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Жәндіктерді атай білуі керек.

Болуы керек:Инелікті табиғи материалдан жасауды игереді.

Қолынан келуі керек:Инелікті сипаттай білді.





















Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы:«Кірпі»

Мақсаты: Кірпі туралы білімдерін тиянақтау, табиғи материалдарын пайдалана отырып, ұқыпты жұмыс жасай білуге үйрету.

Көрнекті құралдар: ермексаз, шемішке дәндері, үлгі көрнекіліктер.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Жұмбақ:

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,

Тағыпты арқасына мың таяқты.


-Кірпі.



Іздену - ұйымдастырушы







Кірпінің ойыншығын көрсетіп әңгімелеу.

-Балалар кірпінің үстінде не бар?

-Дұрыс, кірпі неге ұқсайды?

-Бүгін кірпіні мына қара шекілдеуік пен қара ермексаздан құрастырамыз.

Ермексазды сопақша етіп жасап аламыз. Бір ұшын үшкірлету. Шемішке дәндерін ермексаз үстіне шаншиды. Бірнешеуін қадап, көзін және мұрнын қара ермексазбен жасайды.

Сергіту сәті

Жұмысты көрсетеді.

Балаларға көмектеседі.



-Көптеген инелер.

-Тышқанға.

Тәрбиешіге назар аударады.





Сергіту сәтін орындайды.

Өз беттерінше жұмыстанады.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді. Жұмыстарын көрсетеді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Кірпі туралы білуі керек.

Болуы керек:Кірпіні жасауды игереді.

Қолынан келуі керек:Кірпіні сипаттай білді.






























Күні:

Білім беру салалары: «таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Құрастыру

Тақырыбы: «Желкенді қайық»

Мақсаты: Қалдық материалдардан балаларға желкенді қайықты құрастыруға үйрету. Шыдамдылыққа, нәтижеге жете білуге үйрету.

Қажетті құралдар: қақпақтар, тіс тазалағыш таяқшалар, ермексаз, ақ қағаз



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

Күлімдеп күн шықты.

Жылы нұрын септі,

Табиғат гүлге оранды,

Балалар күлім қақты.


Шаттық шеңберіне тұрады.






Іздену - ұйымдастырушы

























Жұмбақ жасыру:

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүретін жолы жоқ.

Мініп алсақ зулайды,

Бірақ ізі қалмайды.


Тақтаға суда жүзетін көліктер түрлерін көрсетіп, таныстырады.

-Қайық кеменің кішкентай түрі. Қайық не үшін керек?



-Балалар, біз бүгін желкенді қайық құрастырамыз.

Көгілдір түсті қағаз таңдаймыз. Оның үстіне қақпақ қойып, қақпақ ішіне ермексаз қойып аламыз. Қайықтың желкенін, шаршы ақ қағазды ортасынан дәл екіге бүктеп, бүктеу сызығы арқылы қиып аламызда, жіңішке ағашқа желімдейміз. Оны ермексазға орналастырамыз. Желкенді қайық дайын.


Сергіту сәті.


Ыдысқа су құйып ойнауға болады.



Жұмбақ шешуін табадыү

-қайық


-демалуға, балық аулауға









Өзіндік жұмыстары









Сергіту сәтін орындайды.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекеті бойынша сұрақтар қою.

Жұмыстарына баға беру. Талдау.

Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Сұраққа жауап береді.

Жұмыстарын көрсетеді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Желім мен қайшымен жұмыс жасап білуі керек.

Болу керек:Қызығушылығы болу керек.

Қолына келуі керек:Жұмысты ұқыпты орындап үйрену керек.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Қуыршаққа арналған керуерт"

Автор: Қайырбай Амангүл Бекболатқызы

Дата: 14.03.2019

Номер свидетельства: 503053

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Қуыршаққа арналған керуерт"
    ["seo_title"] => string(33) "k_uyrshak_k_a_arnalg_an_kieruiert"
    ["file_id"] => string(6) "434974"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509126279"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства