Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі болады? Дұрыс айтасыңдар. Көктем мезгілі, күн жылынып, жылы жаққа ұшып кеткен құстар қайтып ұшып келеді. -Балалар бүгін біздер құстар жайында білетін боламыз. Құстар дала құстары және үй құстары болып екіге бөлінеді. -Дала құстары қарға, торғай, сауысқан, аққу, тырна жатады. Ал, үй құстарына қаз, үйрек, тауық, әтеш,күркетауық жатады. Дала құстары ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Ағаштың жайқалып, жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына көмектеседі. Дала құстарынын қанаттары болады. Олар аспанда ұшады. Ал үй құстары адамдардың көмегімен азықтанады. Оларға адамдар қамқорлық жасайды. Арнайы қорап салады, уақытымен жем суларын береді. Үй құстарының адамдарға пайдасы жұмыртқа, ет жүндерінен көрпе-жастық жасайды. Сонымен балалар сендер дала құстары мен үй құстарын ажырата аласыңдар. Сергіту сәті: Қарға біздің қар,қар Сауысқаным саңқ,саңқ Торғайларым шиқ,шиқ Жапалағым ух,ух Ұшады екен желпілдеп Жаайсыңдар! Балалар енді бүгін бізге қонаққа аққу мен әтеш келді. Аққу 30-40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйінсек жылан да аққудың жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Аққу балалар сендерге құр қол келген жоқ,сіздерге жұмбақ әклеген. Ендеше жұмбақтың шешуін табайық. 1, түсі қара мақпалдай Төсі ақ сыр жаққандай Ұшса оқтай зулайды Көктен жұлдыз аққандай 2. Қонып алып жарға Қарқылдайды ..... Жарайсыңдар! Аққу қандай құсқа жатады, дала ма әлде үй құсына ма? -Балалар ал мынау қандай құс? Әтеш қандай құсқа жатады? Әтеш балалар сендерге тапсырма әкеліпті орындаймызба? 1.тапсырма Дала құстары мен үй құстарының айырмашылығы? 2.тапсырма Үй құстарының дауысын салыңдар? 3.тапсырма Дала құстарын атап беріңдер? 4. балалар жарайсыңдар, ендігі тапсырма «Ұшты-ұшты ойыны» -Ұшты,ұшты қарға ұшты, -ұшты,ұшты торғай ұшты. | Қыс мезгілі Көктем Қарлығаш Қарға Дала құсына Әтеш Үй құсына Ия Дала құстары өз беттерімен қоректенеді.ал үй ұүстарына адамдар қамқорлық жасайды. құстарының адамға тигізер пайдасы бар. Дала құстары аспанда ұшады, ал үй құстары ұшпайды.\ Қарға, торғай, сауысқн |