kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??растыру п?нінен ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картсы

Нажмите, чтобы узнать подробности

№    1   ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы

К?ні           01.09.15

Білім беру саласы:  Таным

Б?лімі: ?МТ?.

Та?ырыбы:  «Бір ж?не к?п, к?п заттарды салыстыру ж?не арасында?ы с?йкестіктерді ортнату. ?лкен ж?не кіші. Ше?бер /?зге фигураларды? арасынан табу/.».

Ма?саты: а)  заттарды санына ?арай салыстыру, бір зат пен к?п затты айыру ?абілетін ны?айту, санауды?д?рыс т?сілдерін ?олдана отырып, заттарды санау /2 саны к?лемінде/, солдан о??а ?арай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен с?йкестендіру, екі топта?ы заттарды бір-бірімен салыстыру, оларды те?естіру, таныс заттарды к?леміне ?арай, /?лкен, кіші/ салыстыру, оларды сол белгілеріне ?арай біріктіру;, ж?мба?ты к?рген м?ліметтер негізінде шешуге ?йрету, ше?бер туралы ?ткенді пысы?тау /оны ?зге геометриялы? фигуралар арасынан табу/, ше?берді? де ?р т?рі болатынын т?сіндіру.

?лестірмелі материалдар:  бос жола?ы бар 2 карточка, ?лкен шаршысы немесе ше?бері бар 3 т?релке, 4 кіші т?релке, жина? полотносы /материал/.

?діс – т?сілі: с?ра?-жауап, к?рнекілік, т?сіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??растыру п?нінен ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картсы»

1 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық карта


Күні: 10.09.15

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Тақырыбы: Көп қабатты үйлер.

Мақсаты: Көп қабатты үйлер мен ғимараттар туралы балалрдың білімдерін кеңейтіп, педагогтің ұсынған шарты бойынша құрастыруға, құрылыс материалын таңдай отырып көп қабатты үй құрастыра білуге үйрету.

Қажетті құрал - жабдықтар: құрылыс материалдарының жиынтығы, ойыншықтар: Қолтырауын Гена және Қалқанқұлақ, ұсақ ойыншықтар – аңдар, олардың достары.

Сөздік жұмыс: пластиналар, үйдің іргетасы, Қолтырауын, Қалқанқұлақ.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалардың қызығушылығын ояту.

Таңдандыру сәті:

  • Балалар, бізге қонаққа Қолтырауын Гена жйне Қалқанқұлақ келді. Олар сендердің еңбекқор екендеріңді бұрыннан біледі екен. Бізге олардың үлкен өтініші бар. Сендердің қос қабаты үй салып бергендеріңді қалайды. өздерің сияқты олардың да көп достары бар. Барлығы бірге сол көп қабатты үйде тұрмақышы. Кәне, біз оларға көмектесейік.


Балалар қонақтармен амандасады.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

  • Балалар, үй құрылысын бастамас бұрын, үй құрылысы қандай бөліктерден тұратынын есімізге түсірейікші: іргетасы, қабырғасы, төбесі, терезесі, есігі, баспалдағы, т.б.

Көп қабатты үйдің үлгісін қарау.

Іргетасы кірпіштен –кірпіштер мен текшелер болып алмасып отырады; бөлмелер пластиналар көмегімен бөлінеді; екінші қабатта – балкон; ең жоғарғы жжағында шатыры.

Бой сергіту жаттығуы:бір саусағым тіпті де

Ұстай алмай жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды,

өнерлі екен он саусақ,

қала салсақ, жол салсақ.


Балалрдың өз бетіндік құрастыру іс-әрекеті. әр бала өздеріне тиісті жұмыстарын үстел үстінде немесе жердегі төсеніш үстінде орындайды.


Дидактикалық ойын: «Тұрғындарды үйге орналастырамыз».

Балалар үйлердің әрбір бөлмесіне аңдарды және олардың достарын лорналастырады. Гена мен Қалқанқұлақ балаларға өз ризашылықтарын білдіріп, өлеңдер оқып, жаңылтпаштар айтады:

Қабат-қабат үй салдық,

Үйлер толы күй сандық.

Күй сандықтан үй салдық,

Күй сандыққа күй сандық.


Үйдің айналасын талдармен, ұсақ ойыншықтармен безендіру.

Өздерінің құрылыс салуға дайын екендіктерін білдіреді.





















Дидактикалық ойын ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Балалар жұмыстарын талдау. Балалардың жасаған жұмыстары мадақталады, қонақтар өз ризашылығын білдірп, олармен қоштасып, шығарып салады.

өздері жасаған құрылыстары жайында әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: көп қабатты үйдің іргетасын, қабырғасын, төбесін, терезесін құрастыруды;

Игереді: көп қабатты үйдің үлгісін қарастыра отырып, оның бөлшектерінің неден жасалатынын және жасалу әдіс-тәсілдерін;

Меңгереді: қарастырған үлгі бойынша кеңістікті құрылыс материалдарын дұрыс орналастыруды.


















Күні 17.09.15

2 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қағазбен жұмыс.

Тақырыбы: Кітапша.

Мақсаты: Кітап туралы білімдерін бекіту, кітаптың пайдасы туралы айту. Кітапша құрастыруда пішінді дұрыс таңдауға үйрету, қағазды қос бүктеу арқылы кітапша жасай білуге үйрету, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар: қатты қағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы және үлгі суреттер.

Сөздік жұмыс: кітаптың мұқабасы, парақ беттері.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Бірнеше суретті кітапшаларды қарау, әңгімелеу. үлгі суретті көрсетіп, кітапшаны қалай жасауға болатынын түсіндіру.

Балалар кітапшаны қарап көреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тіктөртбұрыш қағазды қос бүктеуді көрсету;

  • екінші қағазды алып оны қос бүктеу, біріне-бірін қабаттау;

  • кітаптың парақтары дайын болған соң оның сыртқы бетін безендіру;

  • жолақ қағаздар қиып алып, оны кітапшаның шетіне жапсыру,

  • кіьапшаның сыртына әртүрлі қиылған құстарды, аңдарды, өсімдіктерді т.б. балалар қалауы бойынша қиып алып безендіру,

  • кітаптың сыртқы бетін «мұқаба» деп атайтынын түсіндіру;

  • балаларға жеке нұсқаулар беру;

  • безендіруде және қайшымен жұмыс жасауда көмектесу.

Тіктөртбұрыш қағаздарды қос бүктейді; екі парақты бір-біріне қабаттайды.



Ұсақ суреттерді қиып алып оны кітапшаның сыртына жапсрады.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Балалардың жасаған кітапшаларын қарап, сапасына мән беріп, өздерінің шығармашылықпен безендірулеріне бағыт беріп, жақсы жұмыстарды мадақтайды.

Балалар өздерінің жасаған жұмыстарынан ең жақсы «кітапшаны» таңдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қағаздан кітапша жасауды үйренеді;

Игереді: кітап туралы түсініктері қалыптасады және оны күтіп ұстау туралы түсініктерді игереді;

Меңгереді: қағаздың пішініне, түсіне қарай құрастыра алуға дағдыланады.




Күні 01.10.15

3 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қажетсіз заттардан құрастыру.

Тақырыбы: Қанқыз.

Мақсаты: жәндіктер туралы білімдерін толықтыру, қанқыз жайлы мағлұмат беру, қалдық материалдармен қолдана отырып, қанқызды жасау жолдарын үйрету, балаларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар: бөтелкенің қақпақтары, ұсақ «малта тастар» ермексаз, гуашь бояу.

Сөздік жұмыс: қанқыз, малта тастар.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Үлгі суретті көрсетіп, балаларға «қанқыз» қоңызы туралы әңгімелеп беру.

Балалар үлгіні қарап көреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Қанқызды жасау үшін бөтелкенің қақпақтары керек болады. Пішіндері домалақ қақпақты аламыз, оның үстіне түрлі түсті бояумен дене бөліктерін жасаймыз: қанаты, басы, көзі, т.б. Үлкен қақпақ – қанқыздың денесі, ал басын ермексаздан жасаймыз. Ермексазды пайдалана отырып, басы мен денесін біріктіріп, ермексаздан аяғын жасаймыз.

Қара түсті гуашь бояумен ортасынан түзу сызық сызып, оны сәл толықтырып қанаттарын жасап, қара дақтар түсіреміз. Қаңқыз дайын болған соң оны орналастыратын жерге әртүрлі ұсақ тастарды пайдаланып, жасыл түсті қағаздан шөптерді қиып жапсырамыз. Қаңқызды ұсақ «малта тастардан» жасап, оны қызыл гуашьпен бояп, қара түсті бояумен дене бөліктерін жасауға да болады. Балалардың қызығушылығы мен таңдауына б/ты тәрбиеші шығармашылықпен іс-әрекетті ұйымдастырады.

Қақпақтармен танысады, оны қалай орналастыру керектігіне мән береді.



Балалар қақпақты бояп дене мүшелерін жасайды және шөптерді қиып жапсырады. Ұсақ тастарды қағаз бетіне дұрыс орналастырып, көрініс береді.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Балалар жұмыстарын қарап, қаңқыздың дене бөліктерінің дұрыс жасалғанын қадағалайды, тастарды қалай бояғанына мән береді және оны қалай орналастырғандарын атап өтеді, жақсы жасалған жұмыстарды мадақтайды. Мақтайды, қоштасады.

Балалар өздері жасаған жұмыстарын салыстырып, жақсы жұмысты таңдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қаңқыздың бөліктерін, жасалу жолдарын;

Игереді: «қаңқыз» туралы жаңа мәліметтерді;

Меңгереді: қажетсіз заттарды пайдаланып, қанқыз жасай білуді.

4 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы 08.10.15

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Табиғи материалдардан құрастыру.

Тақырыбы: Жапырақтардан жасалған балықтар.

Мақсаты: Су асты патшалығы жайлы білімдерін кеңейту, су жәндіктерін жапырақтан жасалу жолдарын көрсете отырып, балықтың бөліктерімен таныстыру. Балаларды табиғи материалдарды дұрыс пайдаланып, балықты құрастыра білуге үйрету, ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құрал - жабдықтар: көгілдір түсті қағаздар, кепкен жапырақтар, үлгі суреттер, желім, ұсақ бұтақтар.

Сөздік жұмыс: су асты патшалығы, кепкен жапырақтар, қарақұмық, бұршақ.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балықтардың түрлерін сурет бойынша көрсетіп әңгімелеу, және аквариумдағы балықтар туралы өз ойларын айтқызу. Балалрға үлгі сурет бойынша талдау жасату.

Балалар балықтардың аттарын атап, аквариумдағы балықтар туралы әңгімелейді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Суда жүзген балықты кепкен жапырақтардан жасау оңай әрі ыңғайлы. Ол үшін бізге көк немесе көгілдір қатты қағаз керек болады. А4 формат ты. Сонымен қатар бірнеше әртүрлі пішіндес кепкен жапырақтар қажет. /бұл жұмысқа лавр жапырқтарын да қолдануға болады/, қарақұмық, бұршақ, скотрч, түрлі түсті қағаз және фломастер.

- Таңдап алған көк түсті қатты қағаздың астыңғы жағын ПВА желімімен желімдеп, үстіне қарақұмық пен бұршақты араластырып себеміз. Кепкен жапырақты қағаздың ортасына көлденең жапсырамыз, балықтың құйрығын жасау үшін бір ұзын, бір кішірек жапырақты таңдап аламыз да, оны бір-біріне жартылай беттестіріп жапсырамыз. /балықтың денесіне теректің немесе қайыңның жапырақтарын, ал құйрығына емен немесе үйеңкінің жапырақтарын алуға болады/, ал балықтың қанаттарына кішірек жапырақтар таңдалады. Балықтың көзін қара фломастермен жасаймыз. Су астының өсімдіктерін, ағаштың ұсақ бұтақтарын желіммен жапсырамыз.

Балалар кепкен жапырақтарды балықтың пішініне ұқсата отырып, тәрбиешінің көрсеткен үлгісі бойынша құрастырып қойып алады да оны ретімен желімдейді. Кепкен жапырақтармен ұқыпты жұмыс жасауға көңіл бөлуі керек.

Балықтардың дене бөліктерін жапырақтарды таңдай отырып өздері үйлестіріп, құрастырады.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Балалар жұмыстарына педагог басшылық жасай отырып, әр баланың табиғи материалды қалай пайдаланатынына көңіл бөледі, жақсы жасалған жұмыстарды мадақтап қорытындылайды.

Балалар өздері жасаған балықтардан басқа балалардың жұмыстарымен салыстырады, қалай жасағанын айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балықтардың түрлері және оны табиғи материалдардан жасауға болатынын;

Игереді: балықты кепкен жапырақтардан жасауды;

Меңгереді: табиғи материалдармен жұмыс жасауды.






Күні 15.10.15

5 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Құрастыру.

Тақырыбы: Машиналар.

Мақсаты: Машинаның түрлерін қайталай отырып, бөліктері жайлы білімдерін толықтыру. Машинаны оригами әдісі бойынша құрастыру жолдарымен таныстыру.

Қажетті құрал - жабдықтар: түрлі түсті қағаздар және үлгі суреттер.

Сөздік жұмыс: оригами, шеткі беттерін ішке қарай бүктеу, ортасына тигізіп бүктеу, т.б.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Машинаның түрлерін сурет бойынша әңгімелеу. Өздері қандай машиналарды білетіндерін сұрау. Үлгі бойынша машинаны жасау жолдарын көрсетіп, түсіндіру.

Балалар үлгіні қарап көреді. Педагогтің көрсетуімен бірге қағазды бүктеп отырады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

  1. Оригами арқылы бүктеп жасалған машина үлгісін көрсету;

  2. Тіктөртбұрышты ортасынан бүктеу;

  3. Шеткі беттерін ішке қарай, ортасына тигізіп бүктеу;

  4. Сыртқа қарай қайтарып тағы да бүктеу;

  5. Ортасынан ішіне қарай бүктеу;

  6. Машинаның қорабын /кузовын/ жасау үшін екі бұрыштарын ішке қарай бүктеу;

  7. «Дөңгелекті» жасау үшін төменгі бөлігіндегі үшбұрышты ішіне қарай бүктеу;

  8. шеткі бөліктерінің бұрыштарын ішіне қарай бүктеу;

  9. Фарын жасау үшін оның бұрыштарын ішке қарай бүктеу;

  10. Фардың бұрыштарын түзетіп, тегістеп, әдемілеп қою керек;

  11. Оригами әдісімен жасалған машина дайын болды.

Тіктөртбұрыштә дәл ортасынан бұрыштары, қабырғаларын теңестіріп бүктейді, оны саусақпен сындырады. Қос бүктелген қағазды тағы да ортасына қарай қайтарып бүктейді. Екінші рет қайтадан ішке қарай қайтарып бүктейді. Ортасынан ішіне қарай бүктейді. Машинаның қорабын /кузовын/ жасау үшін екі бұрыштарын ішке қарай бүктейді. «Дөңгелекті» жасау үшін төменгі бөлігіегі үшбұрышты ішіне қарай бүктейді. Фарын жасау үшін оның бұрыштарын ішке қарай бүктейді.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Балалардың қағазбен жұмыс жасау барысына бақылау жасалады, жасалған жұмыстарды салыстырып көреді, жақсы жасалған машиналар таңдалады, мадақталады.

Балалар өздерінің машиналарымен ойнайды, салыстырып көреді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: бүктеу, бүктеу сызығы, бүктеудің түрлері: қос бүктеу, қабаттап бүктеу, ішке қарай бүктеу т.б. ұғымдарды;

Игереді: оригами өнері жайында қарапайым түсініктерді;

Меңгереді: қағазбен бүктеу арқылы машина жасай білуді.

































Күні 22.10.15


6 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қағазбен жұмыс.

Тақырыбы: Жүзім.

Мақсаты: қағазбен жұмыс жасауға үйрету, қағазды умаждау арқыл жүзімді жасай алуға дағдыландыру және ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, ПВА желімі, қылқалам, үлгі суреттер мен таратып беретін бұтақтардың суреттері.

Сөздік жұмыс: жүзімнің сабағы, жүзімнің жапырағы, қағазды умаждау.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Үлгі арқылы жүзімнің жасалу жолдарын түсіндіреді. Балаларға жүзімнің жапырақтарымен салынған суреті таратылады.

Жұмсақ қол сүртетін қағаздарды алып оны бірнеше бөліктерге бөледі. Қағазды бөліп алады, умаждап жаттығу жасап көрсетеді.

Балалар алдарындағы суретке қарай отырып жүзімнің бейнесін қалай жасауға болатынын ойланады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Қағаздың түсін балалармен бірге таңдайды, қағазды алақан арасына салып, умаждауды көрсетіп, түсіндіреді. Оның жұмсақ болуын, домалақ пішінге келтіруге болатынын көрсетеді.

«Домалақ» жүзімдер дайын болған соң, оны алдарындағы жүзімнің суреті салынған қағазға орналастырады, жүзімнің сабағына, жапырақтарына назар аударады, оның әдемі болып жасалуына бағыт береді, басшылық жасайды.

«Жемістер» дүкені ойынымен жалғасады.

Балалар қағаздарды бірнеше бөлікке бөліп алып, оны алақан арасына салып, умаждайды. Дайын болған жүзімдерді белгіленген орындарға орналастырады.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Балалардың жұмыстарына талдау жасалады, ең жақсы жұмыстар таңдалады.

Балалар өздерінің жасаған жұмыстарын бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қағазды бірнеше бөліктерге бөліп, оны умаждау арқылы жүзім жасауды;

Игереді: жүзім туралы түсініктерді;

Меңгереді: қағазбен жұмыс жасауды.





7 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні 29.10.15

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қалдық материалдардан құрастыру..

Тақырыбы: Теледидар.

Мақсаты: тұрмыстық заттарды қайталай отырып, теледидар жайлы білімдерін толықтыру, сіріңке қораптарын қолданып, теледидарға керекті пішіндерді дұрыс таңдап алуға үйрету.

Қажетті құрал - жабдықтар: сіріңке қораптары, түрлі түсті қағаздар, желім, қылқалам, сүлгі, үлгі суреттер.

Сөздік жұмыс: қалдық материалдар, сіріңке қорабы.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларға үлгі суреттерді көрсете отырып, әңгіме жүргізу, талдау. Теледидарды сіріңке қорабынан қалай жасалатынын көрсетіп түсіндіреді.

Балалар үлгіні қарап, көреді, сіріңке қораптарын қалай пайдалануға болатынын ойланады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Теледидар туралы педагогтың шығармашылық әңгімесі: пайдасы және зияны.

  • сіріңке қораптарын алып, оның сыртын түрлі түсті қағазбен жапсыру;

  • бетіне әртүрлі суреттерді қиып жапсыруға болатынын көрсету;

  • сым темір мен ермексаздан антеннасын жасауға болады;

  • оның ішіне қиылған бейнелерді орналастырамыз,

Педагог сіріңке қораптарымен жұмыс жасауда баларағ көмек көрсетеді, қағазды қиюда, желімдеуде бағыт береді.

Сіріңке қораптарын түрлі түсті қағзадың түстерін таңдай отырып оны қорапқа жапсырады. Бетіне түрлі қиылған суреттерді жапсрыады. Антеннасын сым темірлерден ермексазды пайдалана отырып жасап, оны теледидардың үстіңгі бөлігіне орналастырады.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Дайын болған барлық теледидарларды педагог қарап көріп, дұрыс емес жерлерін түзетуге балаларға көмектеседі, еңбек нәтижелеріне талдау жасалады.

Балалардың жасаған теледидарларын қарап көріп, бірінің жұмыстарын бірі бағалайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: теледидарды сіріңке қорабынан жасауға болатынын;

Игереді: теледидар туралы жаңа мәліметтерді;

Меңгереді: қажетсіз заттармен жұмыс жасай алуды.
















Күні 05.11.15

8 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні 22.10.15

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Табиғи материалдардан құрастыру..

Тақырыбы: Кірпі (жаңғақ, шемішке, ермексаз).

Мақсаты: орман аңдары туралы білімдерін бекіту, өз беттерінше түстерді дұрыс әрі нақты пайдалануға дағдыландыру, ермексазды тиімді пайдалануға және кірпіні ұқыпты жасай білуге үйрету.

Қажетті құрал - жабдықтар: ермексаз, шемішке дәндері, үлгі көрнекіліктер.

Сөздік жұмыс: шемішке дәндері, табиғи материалдар.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларға жұмбақ жасыру:

Кірпі туралы ертегілерді естеріне түсіреді. Үлгі сурет бойынша талдау жасайды, бүгінгі жасайтын кірпінің ерекшелігі туралы айтады.

Балалар жұмбақтың шешуін табады. Ертегілерді естеріне түсіреді. Үлгіні қарап көреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кірпіні табиғи материалдардан жасау жолдары:

  • кірпі жасау үшін қара шекілдеуік, ақ ермексаз, жүгеріні таңдап аламыз;

  • ақ ермексазды қолданып кірпінің денесін жасаймыз;

  • жасалған кірпінің денесінің үстінен шемішке дәндерін қадаймыз;

  • кірпінің көзі мен тұмсығына жүгері қолданамыз.


Кірпі жасау үшін өздеріне қажетті заттарды таңдап алады, оларды үлгі бойынша ретімен орналастырып, кірпіні жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Дайын болған кірпілердің ішінен ең әдемі жасалған кірпіні орманға жіберуге таңдап аламыз деп балалардың қызығушылығын арттырады. Үстел үстінде орман декорациясы жасалады, бірнеше кірпілер орналастырылады.

Әр бала қай кірпіні орманға жіберуге болатынын ойланады, таңдауға көмектеседі.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: әртүрлі заттарды пайдаланып, кірпіні жасауға болатынын;

Игереді: кірпінің тіршілігі жайында жаңа мәліметтерді;

Меңгереді: кірпіні жасағанда ұқыптылық қажет кеенін.






9 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні 12.11.15


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:

Тақырыбы: Біздің қаладағы көше.

Мақсаты: Балалардың қала көшелері туралы білімдерін бекіту, құрылыс материалдарынан қала көшелерін құрастыра білуге үйрету және өзінің тұратын қаласы жайлы мағлұмат беру. Қала көшелерін құрастыруға қажетті заттарды дұрыс қолдануға және жол ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар: құрастыру материалдары, үлгі суреттер, ұсақ ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: қала көшесі, адам жүретін жолдар – тротуар, көлік жүретін жолдар.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Қала көшелері туралы үлгі суретті көрсетіп, талдау жасалады. Көшелердің ерекшелігіне, ағаштардың қалай орналасқанына, көліктер жүретін жолдарға, адамдар жүретін жолдарға балалардың назарын аударады. Қала көшелерін құрастыру үшін қандай құрылыс материалдарын пайдалануға болатынын таңдап алады.

Балалар суреттерді қарап, құрылыс материалдарын іріктейді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Алдымен көшені шетінен бастап, бір және көп қабатты үйлерді құрастырып, олардың арасына ағаштарды орналастырамыз. Енді адамдар жүретін жолды – кірпіштерді көлденең қою арқылы ұзын жол жасап аламыз. Ортасынан ашық көлік жүретін жер қалдырып, жолдың екінші жақ бөлігіндегі адамдар жүретін жолды «тротуар» жасау үшін кірпіштерді көлденең қойып тіземіз. Бұдан кейін қайтадан үйлерді, ағаштарды, шөптерді үлгіге қарай отырып орналастырайық. Ұсақ ойыншық машиналарды көлік жүретін бөліктергі, «адамдарды» адамдар жүретін жолдарға орналастырса – қала көшесі дайын болатынын көрсете отырып түсіндіреді. Көшеде жүргенде жол ережесін сақтау керектігін түсіндіріп өтеді. Кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріледі, жеке көмек көрсетіледі.

Балалардың әрқайсысы өз алдарындағы таңдап алған құрылыс материалдарымен қала көшелерін құрастыруға кіріседі, құрылыс материалдарын дұрыс пайдалануға, қала көшесінің үлгіге сәйкес келуіне қарай отырып құрастырады.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Қала көшесінің мазмұнына, балалардың құрылыс материалдарын дұрыс пайдаланғанын ескере отырып, дайын болған құрылыстың сапасына қарай мадақтаулар жасалады.

Әр бала өздері жасаған құрылыстары жайында әңгімелеп береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қала көшесінің құрылысы жайында және оның ерекшелігін;

Игереді: құрылыс материалдарын құрастыру іс-әрекетіне сәйкес дұрыс пайдалануды;

Меңгереді: қала көшелерінің ерекшеліктеріне сай құрастыруды.







10 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні 19.11.15


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:

Тақырыбы: Қошақан.

Мақсаты: Үй жануарлары жайлы білімдерін толықтыру, қошақанды жолақ қағаздарымен жасауға, ұқыпты жұмыс істей білуге үйрету.

Қажетті құрал - жабдықтар: үлестірмелі суреттер, ойыншық қошақан, әр балаға жолақ қағаздарды орайтын қарындаштар, жолақ қағаздар, т.б.

Сөздік жұмыс: бұйра жүнді қошақан, орау, ширату, т.б.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларға қошақандар туралы өлең оқып беру. Қошақандарды қайдан көргендерін сұрау. Ойыншық қошақан қонаққа келеді, ол бір өзіне көңілсіз болып жүргенін айтып балалардан: «Сендер басқа қошақандарды көрдіңдер ме?» - деп сұрайды. Біз қошақанға басқа қошақандарды тауып беруге көмектесейік, ол үшін біз оларды өзіміз жасап көрейік деп, үлгі суретті көрсетеді. Оның жасалу жолдарын түсіндіреді.

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Қошақандар туралы білетіндерін әңгімелеп береді. Көмектесуге келіседі.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

  • алдымен қошақандардың суреті салынған қағаздар таратылады, оны қарап көру ұсынылады, не жетіспейді,

  • қошақанның бұйра жүндерін жасау қажеттігі келісіледі;

  • ол үшін жолақ қағаздарды алып, қарындашқа орап, ширатып алады, оны қошақанның суретіндегі орынға желімдейді;

  • осылайша қошақанның барлық бұйра жүндерін жасап, шөптер, гүлдермен толықтырып әшекейлейді;

  • балаларға жолақ қағазды қарындашқа орауға көмектеседі, оны желімдеуге бағыт береді;

  • дайын болған қошақандарға шөп беріп, су беріп, оған қалай қамқорлық жасайтындарын сұрап қорытындылайды.

  • жолақ қағаздар қияды;

  • қиылған қағаздарды қарындашқа орайды, оны суретке белгіленген жеріне жапсырады.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Қошақандардың жасалған суреттеріне қарап, балалардың жұмыстарын бағалайды, қорытындылайды. Қошақан балалрға ризашылығын білдіріп, рақмет айтады.

Балалалр өздері қошақанды қалай жасалғанын айтып береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қошақандар жайында қарапайым түсініктермен танысады;

Игереді: бұйра жүнді қошақандарды жасаудың әдіс-тәсідерін;

Меңгереді: жолақ қағаздарды қиюды және оны қарындашқа орауды.







11 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні 26.11.15


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:

Тақырыбы: Жүк машинасы.

Мақсаты: көлік және оның түрлері туралы түсініктерін бекіту; құрылыс материалдарын пайдаланып, жүк машинасын құрастыра білуге үйрету, өз беттерінше құрастырудың жеке жолдарын ойлап табу дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құрал - жабдықтар: құрылыс материалдары, үлгі суреттер.

Сөздік жұмыс: қорабы, кабинасы, дөңгелегі.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларға бірнеше көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп, қандай машиналар не үшін пайдаланатынын әңгімелеу. осылардың ішінде жүк машинасына ерекше тоқталып, жеке бөліктерін талдау жасайды. Қандай көліктері бар?

Қорабы, кабинасы, дөңгелегі қандай? Сызба үлгі арқылы суретті сипаттап айтқызып, әліппе дәптердегі суретті реті бойынша қалай құрастыру қажеттігіне тоқталады. Ұсынылған тапсырмаларды орындауға бағыт беріледі.

«Ұшады, жүреді» дидактикалық ойыны.

Тәрбиеші көліктің түрлері туралы айтады. Ал балалар қимыл-қозғалыспен көрсетеді. Ол ұша ма, жүре ме, жүзе ме. Балалар бізге Дымбілмес қонаққа келді. Ол күн сәулелі қаланың тұрғындарына үй салып беруге аттанды. Оған сол жерден өте қажет жүк машинасын жасауды үйрену керек.

Суреттегі машиналарды қарап, балалардың таң- тамаша болады. Жүк машинасына ерекше қызығушылық танытады.


Бөліктері жайында бір-біріне айтып көрсетуде.



Ойынға қызыға қатысады.

-Сәлеметсіз бе, Дымбілмес. Қош келдіңіз, біздің балабақшаға.

Біз сізге қандай көмегімізді тигізе аламыз.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Үлгіні қарайық. Негізгі бөліктерін атаңдар. Мұқият қарап, машинаның әр бөлігіне неше қорап керек екенін айтыңдар.

Орындалу барсын көрсету:

  • алдымен екі дөңгелек қойылады;

  • дөңгелектің үстіне пластина орналастырамыз /жұқа тақтайша/;

  • кабинасы төрт бірдей қысқа кірпіштен жасалып, үшеуі қатар қойылады да, біреуі ортадағы кірпіштің үстіне орналастырылады;

  • ол кірпіштердің үстіне шетін ала тігінен екі кірпіш,, олардың үстіне көлденең екі кірпіш қойылады;

  • жүк таситын қорабы екі ұзын кірпіш, бір қысқа кірпіштен құралады.

Өз бетінше жұмысты орындау барысында тәрбиеші құрастыру жұмысының дұрыс орындалуын бақылып отырады, керек жерінде көмек беріп отырады.

Балалар машина бөліктерін қарастырады.





Балалар тәрбиешінің айтуы бойынша дөңгелектерді, тақтайшаларды, кірпіштерді, қораптарды орындарына қойып жұмыс жасайды.




Келмей жатқан жерлерін қайтадан жасап шыдамдылық көрсетуде.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Балалар жұмысын қорытындылау. «Біздің автопоезд күн сәулелі қалаға барады» атты дидактикалық жаттығуы арқылы балалар жұмысына талдау жасалады.

Ең жақсы жаслаған жүк машинасы мадақталады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: көлік түрлері туралы түсініктерді қалыптастыруды;

Игереді: көлік түрлерін бір-бірінен ажыртауды;

Меңгереді: көлік түрлерін өз беттерінше жасай білуді.



ШЫҒАРЫЛҒАН ЖОҚ



12 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні 03.12.2015


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар.

Мақсаты: саңырауқұлақ жайлы білімдерін бекіту; саңырауқұлақты табиғи материалдардан жасай білуге және оны жасауда пішіндерді дұрыс қолдана білуге үйрету, табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар: жасыл түсті қағаз, ақ түсті ермексаз, грек жаңғағы.

Сөздік жұмыс: грек жаңғағы, көк шалған.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларға саңырауқұлақ туралы жұмбақ жасыру.

Саңырауқұлақтың түрлері жайында, тағамға пайдаланатын түрлері болатынын айтып, суреттерін көрсетеді. Олар жұмбақтың шешуін тапқаннан соң, үлгіні көрсетіп талдау жасайды. Ормандағы саңырауқұлақтарды біз бүгін табиғи материалдардан жасап үйренеміз деп, жасалу жолдарын түсіндіреді.

Балалар жұмбақты шешіп, саңырауқұлақтың суреттерін тамашалайды.


Табиғи материалдардан қалай жасалатынын қарап, үйренеді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ол үшін алдымен үлгіге қарап алыңдар, саңыракқұлақтың қалпағы грек жаңғағынан, сабағы ақ түсті ермексаздан жасалған. Алдымен ермексазды алақандарымыздың арасына салып, тегістеп, есіп аламыз, сопақша пішінге келтіреміз. Одан кейін грек жаңғағының жарты бөлігін оның жоғарғы жағына кигіземіз, сонда саңырауқұлақ дайын болады. Енді осы жасыл түсті қағазға орналастырамыз. Балалардың еңбек нәтижесіне жетуіне, жұмысты соңына дейін аяқтап, шығуына бағыт беріледі.

Олар алдымен сабағын ермексаздан жасайды, қалпағын жаңғақты жапсырып, жасыл түсті «шалғынға» орналастырады. Іс-әрекет барсында балалардың қимыл-қозғалысы, қалпағын дұрыс орнатуға мән беріледі.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Барлық саңырауқұлақтарды «жасыл түсті шалғынға орналастырып, ең әдемі саңырауқұлақты таңдауды ұсынады, ол несімен ұнағаны туралы балалар айтып беруін өтінеді.

Балалар өздерінің жасаған саңырауқұлақтарын қарап, таңдауға көмектеседі.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: саңырауқұлақтарды табиғи материалдан жасауды;

Игереді: саңырауқұлақтар туралы жаңа мәліметтерді;

Меңгереді: саңырауқұлақтың сабағын, қалпағын бір-біріне берік бекітуді.













13 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні 10.12.2015

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:

Тақырыбы: Жиһаз.

Мақсаты: жиһаз жайлы білімдерін бекіту, жиһаздың түрлерімен, оның пайдасы туралы мағлұмат беру. Жиһаз құрастыруда құрылыс материалдарын пішіндері мен түстеріне сәйкес дұрыс таңдап, пайдалана білуге үйрету, үй жиһаздарын ұқыпты ұстай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар: үлгі суреттер, құрылыс материалдары.

Сөздік жұмыс: жиһаз, жиһаз түрлері.

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларға үлгі суреттерді көрсете отырып, талдай жасау. Жиһаздардың ерекшеліктеріне тоқталу. Балалардың қандай жиһаз жасағысы келетінін сұрау. Жиһаз құрастыру жолдарын естеріне түсеру.

Балалар суреттерді көреді, үстел, орындық, диван, төсек, т.б. жасағысы келетінін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Әр бала өздеріне берілген құрылыс материалдарымен жұмыс жасау үшін ойлануды және не жасағысы келетінін, оған қандай құрылыс материалдарын пайдаланатынына бағыт беріледі;

  • диван немесе төсекті құрастыру үшін кірпіштерді, текшелерді қалай орналастыру керектігін естеріне түсіреді;

  • үстел, орындықтарды қалай құрастыру керектігін түсіндіреді;

  • өздері құрастырған жиһазды үлгідегімен салыстырып көруіне және оларды топтап,, бірнеше баланың ұжымдық жұмысы ретінде орналастырып қоюына мүмкіндік жасайды;

  • бірнеше шағын топтың ұжымдық жұмыстарының нәтижесін көрсететіндей етіп, ұйымдастырылады;

  • балалардың құрылыс материалдарын дұрыс пайдалануына баса көңіл бөліп, іс-әрекетті бекітеді.

Балалар өз еріктерімен өздеріне ұнаған жиһазды құрастырады, оны шағын топтарға біріге отырып орналастырады. Құрылыс материалдарынан жиһаз құрастыруда оны кеңістікте қалай қою керек, қалай орналастыру қажеттігін естеріне түсіреді, құрылыстың беріктігне, сапасына және орналасуына мән береді.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Ұжымдық жұмытарды балалармен бірге талдау жасайды, жиһаздардың жасалу жолдарына сапасына қарай мадақталып, қорытынды жасалады.

Қай топтың жиһаздары әдемі болғанын бірлесе отырып таңдайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: құрылыс материалдарынан жиһаздар жасауды;

Игереді: жиһаздардың үй мүліктері екенін және оны қалай орналастыруға болатыны туралы түсініктерді;

Меңгереді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасай білуді.







14 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні 24.12.2015

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:

Тақырыбы: Мерекелік ашықхаттар.

Мақсаты: балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру; қағазды қос бүктеу, пішініне сәйкес әшекейлей білуге және аналарына сыйлық жасау арқылы анаға құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар: үлгі көрнекіліктер, түрлі түсті қатты және жұқа қағаздар, пішіндері әртүрлі: тіктөртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш, желім, қайшы.

Сөздік жұмыс: ашықхат, қос бүктеу, «саусақпен сындыру».

Әдіс – тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалардан аналар мерекесі қарсаңында аналарына қандай сыйлықтар жасағысы келетінін сұрау, үлгі суреттерді көрсетіп, кім қандай түсті, қандай пішінді таңдағысы келетінін сұрау.

Балалар өздеріне ұнаған түсті қағаздар мен пішіндерді таңдап алады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балаларға аналарына арнап ашықхаттар жасаудың жолдарын түсіндіру. өздері таңдап алған қағаздарды ортасынан қос бүктеп, оны саусақпен бастырып, сындырып алуды ұсынады. Бүктелген тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелектерді алдын ала дайындап, қиылған әртүрлі өрнектермен әшекейлейді. Оны жолақ қағаздармен безендіруге болады. өрнектердің түстерін балалар өздерінің қалауы бойынша таңдайды және өздігнен дербес әшекейлейді.

Балалар қағаздарды бүктейді, ою өрнектерді таңдайды, жіңішке жолақтар қиып алады, оны ашықхаттың бүктелген түп жағына тігінен жапсырады.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Балалардың жасаған ашықхаттарын қарап көріп, әдемі жасалғандарын мадақтайды. Кейбіреулеріне жақсырақ жасау мақсатында кеңес береді.

Әр бала өзінің ашықхатын көрсетіп, қалай безендіргенін айтып береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ата-ананы сыйлауды, құрметтеуді үйренеді;

Игереді: ашық хат жасаудың бірнеше түрлерімен танысады;

Меңгереді: қағазбен құрастыру дағдыларын.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
??растыру п?нінен ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картсы

Автор: Арынова Бота Еренгалиевна

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 319125


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства