Бүгін мен сыйқырлы қалаға менімен баратын болдыңдар ма? Ол қала жәй қала емес, құмдар қаласы.Оған тек ұшып қана бара аламыз. Олай болса кілемшеге отырып, көзімізді жем аламыз..Міне, бәріміз құм қаласындамыз.. Балалар сендер құм қаласынан не көріп тұрсыңдар? Балалар сендерге бір айта кететін жағдай: құмды ыдыстан шашуға, адамға қарай шашуға, құмды ұстаған соң қолды ауызға салуға және жеуге болмайды. Канекей балалар атамызбен қоштасайық. Ата: рахмет сау болыңыз! Жаттығу жасайық Бірнеше рет иықтарымызды көтеріп түсіреміз, одан соң қатып қалған иықтарымызды қозғаймыз.1ші оң қолымызбен 2 ші сол қолымызбен, содан соң екі қолымызбен. Құм терапиясымен жұмыс. Балалар құмды алақандарыңмен ұстаңдаршы. 1Қатты ма? Жұмсақ па? 2 Құрғақ құм ба, сулы құм ба? 3 Балалар қолдарыңмен құмды уыстап алыңдар да, ақырындап тырс-тырс деп жаңбырша жаудырыңдаршы. Балалар қайықпен жұмыс. Қайықтар астынан құмнан толқын жасайды.Суда жүзіп жүрген қайықты көреміз.
Балалар көбелекпен жұмыс жасайық Көбелектер беріледі. Көбелектің шетінен құмнан жапырақтың суретін салады ,ортасына толқынның суретін салады.Балалар сонда ненің суретін көріп тұрсыңдар.(көбелектің) Әр түрлі пішіндермен жұмыс Пішіндер беріледі құмның көмегімен пішіндер шығады. Аққала жасаймыз Балалар сендердің аққалаларыңда неше дөңгелек бар. Гүлмен жұмыс жасайық. Гүл таратамын , гүлдің астына құмыра салу керек. |