kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

: «Қоржынды зергерлік бұйымдармен әшекейлеу»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл ашық сабақтың мақсаты балаларға өз ұлтының салт дәстүрін білуге тәрбиелеу. Отан сүюге деген сезімдерін оятау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«: «Қоржынды зергерлік бұйымдармен әшекейлеу»»

Сабақтың тақырыбы: «Қоржынды зергерлік бұйымдармен әшекейлеу»

Білім беру саласы: Коммуникация, Таным, Шығармашылық.

Мақсаты:Тақырып бойынша ортаға ортақ бір проблема ұсынылып,осы ұсынылған проблеманы шешу үшін балаларға жоғары психологиялық көңіл-күй туғызу.

Міндеттері:Балалардың санау,апта күндерін атау,логикалық ойындарды ойнау, үй жануарларының төлдерін табуға, геометриялық пішіндерді қолданып, моншақ құрастыруға үйрету.

Зергерлік бұйымдар,қоржын туралы ұғындыру,ой-өрісін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Қызықты тапсырмалар,ойындар арқылы балаларды тапқырлыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.

Әжеге көмектесе отырып,адамгершілікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру ,әңгімелеу ,сұрақ-жауап ,жұмбақ,слайд.

Сөздік жұмыс: қоржын, зергер, бұйым, білезік.

Билингвальді компонент: зергер-ювелир, білезік-браслет, бұйым-изделие.

Ұйымдастырылған оқу-қызметінің барысы:

Тәрбиеші: Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты,

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң балалар!

Балалар жартылай шеңбер жасайық.

Біз талапты баламыз,

Оқып білім аламыз.

Қонақтарды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Сәлеметсіздер ме?

Шаттық шеңбері;

Жақсылыққа бақытқа,

Талпынған әр уақытта,

Бала біт.кен дос бауыр,

Болмасын еш тосқауыл

Ақпыз,қара,сарымыз,

Ағайынбіз бәріміз.

Балалар отырады.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінің неше айы бар?

Күз айларын атап шығайық.

Қазір қандай ай?

Өте жақсы жауап бердіңдер.

Музыка әуенімен есікті қағып, әже келеді.

Амансыңдар ма балаларым ?!

Балалар: Сәлеметсізбе әже?!

Тәрбиеші:Қош келдіңіз әже! Төрлетіңіз! Неге көңілсізсіз?

Әже:Мен балалардан мына қоржынды зергерлік бұйымдармен әшекейлеп берулерін өтінемін.Тойға шашу қоржынын апарайын деп едім.Көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Әжелер шілдехана,тұсау кесер,сүндет той т.б.тойларға шашуға қоржын жасап апарады.Қоржынның ішіне шашуға мата, тәттілерін салса, ал сыртына тарату үшін зергерлік бұйымдарын, әшекейлерді қоржынға тағады.Балалар әжемізге көмектесеміз бе? Сізге арнап балалар тақпақ оқып береді

Еркелетіп күнде сен,

Ертек айтып бересің.

Құлыным деп бір иіскеп,

Еркелетіп келесің.

Тойға барсақ болғаны,

Есіңе мені аласың.

Тәтті-тәтті заттарды,

Маған арнап қоясың.

Сабақ барысы: -Әже сіз отырыңыз. Балалар сізге көмектеседі.

Слайд көрсету. Сұрақ-жауап.

Балалар мына конверттердің ішінде зергерлік бұйымдар бар ,оларды алу ушін ішіндегі тапсырмаларды орындауымыз керек.

1-ші конвертті ашамын,ішінен сырға шығады.

«Жұмбақтар әлемі»

1.Жем шөптен бір тартынбайды,

Сабасы еш сарқылмайды. (Сиыр)

2.Көк ала шапан киемін,

Күннің көзін сүйемін. (Қарбыз)

3. Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.(Түйе)

4.Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.(Кітап)

Тапсырманы дұрыс орындадыңдар,енді сырғаны қоржынға тағайық.

2-ші конвертті ашамын жүзік шығады.

Ойын: «Апта күндері» Ойынды өте жақсы ойнадыңдар.

Тапсырманы дұрыс орындадыңдар,енді жүзікті қоржынға тағайық.

Енді сәл сергіп алайық.Сергіту сәті«Саусақтар»

3-ші конвертті ашамын ,білезік шығады

Ойын: «Төліңді тап»

Өте жақсы ойнадыңдар, білезікті қоржынға ілейік.

Сергіту сәті «Қамшы»

Қамшыны қолға алайық,

Атқа мініп шабайық,

Оң жаққа бір сермеп,

Сол жаққа бір сермеп,

Асыр салып шабайық.

4-ші конверт ашамын, конверттен моншақ шығады.

«Кім шапшаң» ойыны

1.Мынау қандай пішін?

2.Түсі қандай? Неге үшбұрыш деп аталады?

1.Мынау қандай пішін?

2.Оның бұрыштары жоқ.

Тақтадағы геометриялық пішіндерден моншақ құрастырайық.

Моншақты қоржынға тағамыз.

5-ші конверт «Көз моншақ»

Сандық таңбасын тауып, затпен теңестіру.

Өте жақсы моншақты қоржынға тағамыз.

6-шы конверт «Түйреуіш»

Тәрбиеші: Ал енді сендермен уақытты бағдарлауға арналған жұмбақтар шешейік.

1.Ұйқымыздан оянамыз,

Бетімізді жуамыз.

Анамызға ереміз,

Балабақшаға келеміз (Таң)

2.Қолымызды жуамыз,

Түскі асты ішеміз.

Түскі үйқыға жатамыз,

Бұл қай уақыт деп айтамыз? (Түс)

3.Серуенде жүреміз,

Анамызды күтеміз

Тәрбиешіге «Сау болыңыз!» деп,

Үйімізге кетеміз. (Кеш)

4.Үйлерде шам жанады,

Маңас тастай қараңғы,

Ертегіні тыңдап алып,

Тәтті ұйқыға батамыз. (Түн)

Дұрыс жауап бердіңдер .Енді түйреуішті қоржынға тағайық.

7-ші конверт «Шашбау»

Ойын: «Артық затты тап»

1.Сырға, моншақ, сақина, білезік, алма

2.Бұзау, лақ, қозы, жүзік

Балалар өте жақсы тапсырманы орындадыңдар.

Тәрбиеші: Әже сіздің қоржыныңыз дайын болды.

Әже: Балаларым сендерге көп рахмет! Мен енді тойға барайын. Көмектескендерің үшін алғысым шексіз. Өмір жастарың ұзақ болсын! Менің сендерге тәттілерім бар, ала қойыңдар.

Айару:

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз,

Балалар:сау болыңыз әже!

Тәрбиеші: әже сау болыңыз, көмек керек болса біздің балаларға келіңіз.Сау болыңыз.

Әже шығып кетеді.

Тәрбиеші:Балалар бізге кім көмек сұрап келді?Әже не әкелді? Әшекей бұйымдарға нелер жатады? Қандай тапсырмалар орындадыңдар?Қай тапсырма сендерге ұнады?Қандай тапсырма қиың болды?

Егер сендерге сабақ ұнаса өз ойларыңды белгі бойынша көрсетіңдер.

Қорытынды:сұрақ-жауап



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
: «Қоржынды зергерлік бұйымдармен әшекейлеу»

Автор: Нурлиева Гульжайна Тасполатовна

Дата: 09.12.2018

Номер свидетельства: 489772


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства