kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«К?рші халы?тар досты?ы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: «?леуметтік орта»

Б?лімі: ?орша?ан ортамен таныстыру

Та?ырыбы: «К?рші халы?тар досты?ы»

Ба?дарламалы? мазм?ны: Балаларды? ?лтты? салт-д?ст?рлер ж?не ?аза? пен орыс халы?тарыны? р?сімдерімен таныстыру. ?р?лтты халы?тар арасында досты? ?арым-?атынас?а ж?не ту?ан жеріні? к?ркеюіне талпыну?а ?йрету.

Тілдерін дамытып, с?здік ?орларын молайту. ?аза? хал?ыны? ?лтты? м?дениеті жайлы білімдерін ке?ейтіп, тере?дету.

Елімізді? ?ткені мен б?гінгісіне ?ызы?ушылы? пен ??рметпен ?арау?а, ?з Отанына с?йіспеншіліктерін, патриотты? сезімдерге ж?не ?лкендерді ??рметтеуге т?рбиелеу.

?остілділік компоненті: Б?пе-младенец, батыр-герой, бесік-калыбель, орыс пеші-русская печка, ?амшы-камча, ?азан-чугунок, ??йма?-блины.

??рал-жабды?тар: Киіз ?й (жабды?тарымен), бесік, екі ?уырша?, айна, тара?, адыраспан ш?бі, орыс пеші, ?азан, ?ыс?ыш, самаурын, бауырса?тар, ??йма?тар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««К?рші халы?тар досты?ы» »

Кудайбергенова Алтынай Амандыковна

Қарағанды қаласы. №23 «Ақниет» балабақшасы


Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Көрші халықтар достығы»

Бағдарламалық мазмұны: Балалардың ұлттық салт-дәстүрлер және қазақ пен орыс халықтарының рәсімдерімен таныстыру. Әрұлтты халықтар арасында достық қарым-қатынасқа және туған жерінің көркеюіне талпынуға үйрету.

Тілдерін дамытып, сөздік қорларын молайту. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті жайлы білімдерін кеңейтіп, тереңдету.

Еліміздің өткені мен бүгінгісіне қызығушылық пен құрметпен қарауға, өз Отанына сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерге және үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Қостілділік компоненті: Бөпе-младенец, батыр-герой, бесік-калыбель, орыс пеші-русская печка, қамшы-камча, қазан-чугунок, құймақ-блины.

Құрал-жабдықтар: Киіз үй (жабдықтарымен), бесік, екі қуыршақ, айна, тарақ, адыраспан шөбі, орыс пеші, қазан, қысқыш, самаурын, бауырсақтар, құймақтар.

ҰОІӘ барысы:

Құрмағазының «Адай» күйі ойнап тұрады. (1 қосымша)

Музыка әуенінің әсеріне бөленген балалар жан-жағын тамашалап қарайды.

Тәрбиеші: Қайырлы күн, балалар! Жан-жақтарыңа қараңдаршы, бүгін айналамыз қандай әдемі, терезеден күн сәулесін шашып тұр.

Ендеше, қане, шеңбер құрап тұра қалып айналамызбен амандасайық.

Шуағын шашты нұрлы күн

Қуантып бізді ерекше

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жарқын күн!

Балалар шеңбер жасап тұрып айналасымен амандасады.

Тәрбиеші:

-Ал, енді, балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Сендер қандай республикада тұратындарыңды білесіңдер ме?

-Дұрыс айтасыңдар.

-Ал, Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

Балалар:

-Қазақстанда көп ұлттар тұрады: орыстар, татарлар, кәрістер, өзбектер, ұйғырлар, немістер т.б.

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

-Біз Қазақстан республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші:

-Өте дұрыс, біздің үлкен жерімізде көп ұлтты халықтар тату-тәтті тұрады. Ал бұл жердің тұрғылықты халқы қазақтар болып табылады. Қазақтар-ертеден келе жатқан ұлт. Олар көптеген жылдар бойы Қазақстанда тұрып келеді және олардың өз мәдениеті, салт-дәстүрлері бар. Оны олар күні бүгінге дейін сақтап келеді.

Аттың шабысы әуені ойнайды. (2 қосымша)

Балалар аттың шабысының дыбысына елең ете қалып, хабаршыға назар аударады.

(Атпен шауып бір бала келеді)

Ат үстіндегі бала: Сүйінші! Біздің ауылда ұл бала дүниеге келді!

«Қазақ вальсі» ойналады. (3 қосымша)

(бөлмеге қолында құндақтаулы бөпесі(4 қосымша)

бар әже кіреді)

Әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар әжені күтіп алып, амандасады.

Тәрбиеші баланы қолына алып, балаларға назар аударады.

-Балалар, енді бұл балаға ат қояйық. Өскенде батыр болсын деген үмітпен баланың атын Батырхан қояйық (баланың құлағына үш рет «сенің атың Батырхан» деп дыбыстайды)

Тәрбиеші: Қараңдаршы, балалар, қандай сүйкімді бала, оны жұмсақ, мейірімді сөздермен жақсы көрейікші.

Балалар сәбиді қолдарына алып әрқайсысы мейірімді сөздерімен жақсы көріп, бір-біріне береді: жаным, сүйкімдім, қандай әдемісің, балапаным, айым, батырым, жұмсағым т.б.

Тәрбиеші: Ал, енді қазір біздің Батырханды әжеміз бесікке салады(5 қосымша).Бұл қазақтың «Бесікке салу» рәсімі деп аталадыБұл рәсімді өз балалары ер жеткен, немерелері бар ауылдың үлкен адамы жасайды. Бесікте жатқан бала ыңғайлы, тыныш ұйықтайды (рәсімдеу барысында әңгімелеп тұрады)

Әже алдымен бесікті адыраспан шөбімен (6 қосымша) аластайды:

Алас, алас,баладан алас,

Иесі келді! Пәлесі көш!

Алас, алас, баладан алас!

Қырық қабырғасынан алас!

-Енді бесікке нелерді қою қажет?

-Маған қамшыны әперші.Қамшыны жын-шайтандарды баладан қусын деп қоямыз. (7 қосымша)

-Енді айна, тарақты әперіңдер, бұл заттарды жастықтың астына қою себебіміз баламыздың әдемі, ұқыпты болсын деген ырымымыз.

( 8қосымша).

-Біз енді бөпеміз жақсы ұйықтау үшін әжеміз «Бесік жырын» айтсын.

Әже бесікті тербетіп отырады, ал тәрбиеші балаларға сергіту сәті ретінде «Шаңырақ» ойынын ұсынады. (9 қосымша)

Тәрбиеші: Ал енді, балалар, сендер білесіңдер әр ұлттың өз салт-дәстүрі бар. Біздің көршіміз-орыс халқы. Біз енді орыс пешімен танысайық. «Орыс пеші-отбасының қамқоршысы» деген орыстың салты бар. (10 қосымша)

«Калинка» әуенімен ортаға орыстың ұлттық киімін киген бала шығады. (11 қосымша)

Добрый день, дорогие друзья!

Мир вам гости дорогие,

Вы явились в добрый час,

Рады видеть вас у печки.

В старину так говарили:

«Печь нам мать родная всем,

На печи все красно лет

У печи и сплю, и ем».

Тәрбиеші пешке алақанын тосып:

-Қандай, жылы!- дейді.

-Балалар, сендер орыс пеші жайында не білесіңдер?

Балалар орыс пеші жайлы шамаларынша не білетіндерін айтады. Сосын тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды. Көрсеткен заттарына, іс-әрекеттеріне назар салып қарайды.

Тәрбиешінің әңгімесі: орыс пеші-әрі үй, онда тамақты да, нанды да пісіреді, квас қайнатады, азық-түлікті, киім-кешекті кептіреді, оның үтінде кішкентай балалар мен қарт адамдар шығып ұйықтайды, өйткені онда жылы. Орыс пешінің өзіне сәйкес ерекше пішіндегі ыдыстары бар. Солардың бірі қазан (чугунок). Оны пештен арнайы қысқышпен түсіреді. (12 қосымша)

Ең қызығы орыс пешінде нағыз моншаны ұйымдастырған. Ия, кішкентай балаларды шомылдырған. Пеште сабанды салып жағып, оның үстіне қазанға су құйып балаларды кезекпен түсірген.

Тәрбиеші пеште барлық рәсімдерді көрсетеді. (13 қосымша)

Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер қазақ және орыс халықтарының ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан рәсімдерімен таныстыңдар.

Тәрбиеші: Мен енді біздің Батырхан үлкен жігіт болып өседі деген үміттемін.

-Балалар, қане тағы қайталап айтайықшы, жаңа көрген қазақтың рәсімі қалай аталады?

Балалар: Біздің көргеніміз, қазақтың «Бесікке салу» рәсімі.

Тәрбиеші: Орыс халқының пешінің де өзіндік қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?

Балалар: Орыс халқының пешінің аумағы үлкен, оның үстінде балалар мен карияларға ұйықтауға болады екен. Бұл пештің өзіне арналған ыдыстары да бар екен.

Тәрбиеші:Біздің кең байтақ жерімізде барлық ұлттар қалай тұрады?

Балалар: Біздің елімізде барлық ұлттар тату тұрады.

Тәрбиеші: Сендер білесіңдер біздің қазақ халқы қашаннан да өте мейірімді, қонақжай халық. Бүгінде осы қонақжайлылығымыз жалғасып келеді.Мынау ұлттық тағамымыздың бір түрі-бауырсақ. Ал, орыс халқының дәстүрлі тағамы-құймақ. Мұны олар қазір өздерің көрген орыс пешінде пісірген. (Табақтағы бауырсақты әже алып шығады, құймақты орыстың ұлттық киімін киген қыз бала алып шығады).

Балалар тәрбиешімен қазақтың қонақжайлығын құптайды. Әженің қолындағы бауырсақты көріп қуанады. Құймақты да көріп таң-тамаша болады.

«Күн шеңбері» әнін қазақ және орыс тілдерінде орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің атауларын. Өздеріне таныс қазақтың ұлттық бұйымдарын.

Қандай түсініктерді игерді: Қазақ және орыс халықтарының рәсімдері туралы және еліміздің бұрынғы мен бүгінгі өмірі, мәдениеті жайлы түсініктерді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Кішілерге мейірімділікпен қарауға, үлкендерді құрметтеп, әртүрлі ұлттар арасында тату қарым-қатынас жасауға және бір-бірін сыйлау, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеу дағдыларын меңгерді.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«К?рші халы?тар досты?ы»

Автор: Кудайбергенова Алтынай Амандыковна

Дата: 05.12.2014

Номер свидетельства: 139861


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства